Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 10:12, курсовая работа
Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.
Батыс аймақ 9 581,6 млн. кВтс немесе 10,9%
Солтүстік аймақ бойынша тұтынудың салыстырмалы өсімі 3,9%,
Оңтүстік аймағы бойынша 11,1%,
Батыс аймағы бойынша 3,4% мөлшерінде болды.
Электр энергиясына айрықша тапшылық республиканың оңтүстік аймақтарында байқалады. Болашақ балансына сәйкес 2015 жылы электр энергиясын 100,5 млрд. кВт·сағ деңгейінде тұтыну күтілуде. Аймақтардағы электр қуатын пайдаланудың осындай өсімі қуат тапшылығына әкеліп соқтырады. Электр қуатының жетіспеушілігі елдің экономикалық өсуі мен өнеркәсіптің дамуын аса қатты тежеуші фактор болып табылады.
Осыған байланысты құрылғылар
мен жүйелерге, ҰЭТ сенімділігі мен тұрақтылығына, энергия
үнемдейтін технологияларды
Электр қуатын үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру – мемлекеттік үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл тақырыпта Үкіметтік деңгейде талай талқылаулар өткізіліп, нақты ұсыныстар жасалуда. Соның нәтижесінде энергия тиімділігін арттырудың кешенді жобасы жасалып, отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың есебінен елдегі энергия тұтынымын 2015 жылға қарай 10 пайызға, 2020 жылға қарай 25 пайызға азайтуға бағытталған заң жобасы әзірленді.
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға болады:
● Тау кен өнеркәсібі;
● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;
● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен
өндіру;
● Өңдеу өнеркәсібі;
● Темекі бұйымдар өндірісі;
● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;
● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және
аяқ киім өндірісі;
● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;
● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру
және қайта өңдеу;
● Химия өнеркәсібі;
● Мұнай айдау;
● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға
жатпайтын өзге де минералдық өнімдер өндірісі;
● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;
● Металлургия өнеркәсібі;
● Түсті металл өндірісі;
● Дайын металл бұйымдарын өндіру;
● Машина жасау.
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады.
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына «астаналық» фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.
Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата орналастыру байқалады.
Кәсіпорындардың орналасуы:
1) аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде;
2) шикізат көзіне, отынға, энергияға, ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді);
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып;
4) еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперативтендірудің, құрамдастырудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің (кешендердің) артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.
Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар:
1) шикізатты өңдеудің
біртіндеп жүргізілетін
2) оларды бірігіп өңдеуді,
3) бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қазір алдыңғы қатарлы өнім шығаратын облыстардың үштігіне Атырау, Маңғыстау және Қарғанды облыстары кіреді.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артылықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорындарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдалынылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізулермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізу мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысу кооперация (ынтымастық) деп атайды. Ол да еңбек өнілімділігін көтереді.Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинат құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар:
1) Шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын
2) Оларды бірігіп өңдеуді
3) Бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамсыз етеді.
Ауыр өнеркәсіп — халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ, көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар енеді.
Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің
дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер
берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген
қоры мол. Олар мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель
мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын мен
күміс, ванадий мен вольфрам
1991 жылға дейін Қазақстанның
ауыр өнеркәсібі КСРО-ның бірыңғай химия
шаруа кешені ретінде дамыды. Мұндай тәуелділіктің
бірнеше зардаптары болды. Біріншіден,
әрі қарай өңдеу үшін жартылай өнім сыртқа
тасылды. Екіншіден, түпкі өнім шығаратын
кәсіпорындар үлесі төменгі деңгейде
қалды. Үшіншіден, түсті және қара металлургия,
басқа ауыр өнеркәсіп салалары түпкі өнімге
бейімделмей, шикізат бағытын ұстанды.
Төртіншіден, экологиялық жағынан таза,
озық технол-ларды өндіріске енгізу ісіне
жете назар аударылмағандықтан әлемдік
технологиялық дамудан кенжелеп қалдық.
Бесіншіден, Қазақстан ауыр өнеркәсіп
өнімдері тек КСРО рыногына бейімделді.
Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70%-і,
темір рудасының 55%-ті, көмірдің 28%-ті, қара
металдың 46%-ті, синтетик. каучуктің 86%-і,
негізгі химия өнімдерінің 54 %-ті сол рынокқа
шығарылды. 1991 — 1996 жылдары еліміз экономикасының
нарықтық қатынастарға көшуіне, бұрынғы
қалыптасқан экономикалық байланыстардың
үзілуіне байланысты отандық ауыр өнеркәсіп
елеулі қиындықтарды басынан өткізді.
Бастапқы жылдардағы еңбекақының өсуі,
айналым қаражаттарының жетіспеуі, ақшаның
құнсыздануы, қаржыландыру тәртібінің
өзгеруі, қажетті ресурстарға бағаның
шексіз өсуі ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын
дағдартып тастады. Қазақстан үкіметі
шұғыл түрде кәсіпорындарды мемлекет
иелігінен алу, жекешелендіру, шетелдік
кәсіпкерлер мен инвесторлар қаржылары
көмегімен оларды қайта жарақтандыру
бағытында экономикалық жобалар тізбегін
жасап ұсынды. 5000 жұмысшысы бар өнеркәсіп
орындарының саны 129 болып, олар жеке жобалар
арқылы жекешелендіруге көшірілді. 1995
— 1996 жылдары түсті және қара металлургия,
тау-кен және химия өнеркәсібінің 50-ге
тарта белді кәсіпорындары шетелдік басқаруға
берілді. Олардың арасында “Айведон интернешнл
ЛТД” (Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіптік
бірлестігі), “Japan chrom corporatіon” (Хром өндірісі
кәсіпорындары), “Самсунг” (Жезқазғанцветмет),“Испат-