Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 10:12, курсовая работа
Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.
Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын
көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата,
іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық
бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея
бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар
жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі
салалары — мақта-мата, зығыр, жүн,
Электр қуатын үнемдеу XXI ғасырдың ең маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздің экономикалық қатынастарда дамыған елдердің қатарындағы орны және азаматтардың тұрмыс деңгейі осы мәселені шешудің нәтижесіне байланысты.
Экономика үнемді (экономды) болуы керек. Дамыған социализм дәуірінің осы қанатты сөзі біздің кезеңімізде де өзекті болып қала береді. Әсіресе, бұл электроэнергетика саласына тиісті айтылса керек.
Өсіп келе жатқан экономикада электр қуатын ұтымды пайдалану және үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселені шешу үшін электр қуатын үнемдеу бойынша салалық Бағдарлама жасалынған. Осы бағдарламаға сәйкес елде өнеркәсіптік өндіріс пен тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылықтың электр сыйымдылығы жылдам төмендетілуі керек. Яғни, электр үнемдегіш технологияларды қолдану және мөлшерден тыс жоғалуларды қысқарта отырып электр қуатын ұтымды пайдалану керек.
Сондықтан да қазіргі кезде электр үнемдегіш технологияларды қолдану жолымен электр қуатын ұтымды пайдалану өзектілене түсуде. Соңғы кездері электр қуатын үнемдеу тіпті керек, өйткені оған желілердің ескіруінен болған әртүрлі жоғалулармен қатар, электр ресурстарына бағаның күннен күнге өсуі келіп қосылды.
Сонда қалай электр шығындарын қысқартуға болады? Оның жауабы бұрыннан дайын – немесе оны ұтымды және үнемді пайдалану керек, не болмаса арзан сатып алу керек. Бірақ, арзан сатып алудың сәті түспейді, өйткені электр ресурстарына баға барған сайын өсуде. Яғни, электр қуатын үнемдегіш құралдарды енгізудің есебінен электр қуатын үнемдеу ғана мүмкін болады.
Мүмкін электр ресурстарының құнының барған сайын өсуі, оларды тиімді пайдаланудың қажеттігін түсінуге әкеліп соғатын кез туған шығар.
Электр қуатына тарифтің тұрақты өсуі ұзақ сақталуы әбден мүмкін. Сондықтан қолда бар электр ресурстарын тұтынушылардың өздері тиімді үнемдеуі өзекті болып қала береді.
Ал, еліміздегі электр қолданысына сараптама жасаған білгір мамандар кейінгі жылдары электр қуаты бей-берекет жұмсалып жатқанын тілге тиек етуде. Кейбір дерек көздерінің айтуынша, электр қуатын ысырап етуде Қазақстан алдыңғы қатарда екен. Мәселен, елімізде ішкі жалпы өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 кВт/сағ. шығындалса, Жапонияда – 0,22, Ұлыбританияда – 0,23, Германияда – 0,27, АҚШ-та – 0,30, Түркияда – 0,56, Қытайда 1,22 кВт/сағ. кетеді. Яғни, дамыған елдердің көрсеткіші бізден бірнеше есе төмен. Тағы бір мәліметке көз жүгіртсек, 2010 жылы Қазақстанда 68,13 млрд. кВт/сағ. электр қуаты тұтынылса, 2011 жылы 71,7 млрд. кВт/сағ тұтынылыпты. Осы қарқынмен жалғаса беретін болса, 2020 жылы ел бойынша 117 млрд. кВт/сағ. электр қуаты қажет болмақ. Ал, еліміздегі қазіргі электр стансаларының осынша қажеттілікті өтеуге қабілеті жетпейді екен. Сондықтан да, ел Үкіметі жаңа электр стансаларын салып, қуат көзін үнемдеуге барынша мән бере бастады. Десек те, жаңа электр стансасын салуға қыруар қаражат қажеттігі анық. Сол себепті бүгінде электр қуатын үнемдеу күн тәртібіндегі басты талап, бүгінгі таңда елімізде өткір тұрған мәселелердің бірі.
Елімізде өркениеті озық елдердегі энергия үнемдеуге бағытталған алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер енгізіліп, кеңінен насихатталуда. Соның бір әдісі - дифференциалды тариф енгізу. Қазақстанда электр қуатына дифференциалды тарифтер енгізудің арқасында бір жылда 248 млн. кВт/сағ. үнемделіпті. Экономикалық өрісті кеңейткен бұл жоба біздің қаламызда да жүзеге аса бастады.
2012 жылдың 1 қыркүйегінен бері “Балқашэнерго” ҚМК электр энергиясы тарифы көтеріліп, қуат құнын айқындауда жаңашыл әдістерге жүгінетіндіктерін көпшілікке хабарлаған еді. Сол кезге дейін “Балқашэнерго” басшысы Ш.Исатаевтың айтуынша, қаладағы электр энергиясының құны республика бойынша ең төменгі бағалардың бірі болып келіпті. Бірақ, бүгінгі күні тариф құны жыл санап өсуде. Энергетиктер электр құнының өсуін бірнеше себеппен байланыстырды. Басты себеп – сатып алынатын энергия бағасының көтерілуі мен оны жеткізу құнының артуы. Біріншіден, “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС сатып алатын электрдің 1 кВт/сағ. 2,60 теңгеден 3,50 теңгеге көтерілді. Екіншіден, “Kegoc” АҚ желісі бойынша 1 кВт/сағ. тасымалдау құны 0,5031 теңгеден 0,94 теңгеге өссе, “ЖРЭК” АҚ желісі бойынша 0,654 теңгеден 1,0 теңгеге өсті. Үшіншіден, өндірісті ұйымдастыру және тұтыну қызметі үшін 1 кВт/сағ. 0,032 теңгеге өсті. Нәтижесінде сатып алынатын 1 кВт/сағ. энергия құны қосымша құн салығынсыз 4,154 теңге тең болды. Бұған күн санап өсіп келе жатқан өндірістік шығындар, шикізат, жанар-жағармай, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, жұмыскерлердің еңбекақысы, әлеуметтік салық, коммуналдық төлемдер, байланыс, ғимарат жалға алу, еңбек қауіпсіздігі және тағы басқа шығындарды қосыңыз. Және сол шақтан бастап дифференциалды тарифтар енгізілді. Яғни, көпсатылы құралдар арқылы тұрғындар тәуліктің әр мезгілі үшін әртүрлі баға төлейді. Төлемдер мөлшері күндізгі, кешкі және түнгі тұтыныс аймақтары бойынша белгіленеді.
Сонымен қатар, заманауи санауыш құралдары да электрді үнемдеуге жол ашып отыр. Сондықтан бұл мәселені шешудің тағы бір жолы электр қуатын автоматты түрде есепке алу және ол үшін есептесудің алдын-ала төлем түрін пайдалану болып табылады.
Енгізуден болатын эффект:
– объект үшін электрэнергия шығындарын көрнекті бақылау, үнемдеудің қуатты ынталандырушысы;
– муниципалды білім үшін электрді пайдалануға жүз пайыз есептесу, электр қуатын ұрлаудың болмауы, электр желілерінде қызмет көрсету шығындарының қысқаруы.
Электр қуатын автоматты есепке алу жүйелерi және алдын ала төлем түрiнiң негізінде жеке электр санауышы жатыр, ол төленген қарыз сомасына ғана электр энергиясын жiберуге қабiлеттi. Мұндай жүйелер бүкiл әлемде кең таралған және өзара есептесу негiздерiн құрайды.
Жаппай өндіріске енгізу кезінде энергия тиімділігін көтеру нәтижесі. Электр қуатына төлемеу кейбір аудандарда жіберілген электр энергиясының көлемінің 30%-ына дейін жетеді. Бұл шығындар мемлекеттің мойнына барып түседі, ол өз кезегінде тарифті көтеруге мәжбүрлейді, бұл ең соңында төлемін уақытылы жасап отыратын ұятты азаматтарға да әсерін тигізеді. Абонентік төлемдерді уақытында төлеп отырғанның өзінде электр қуатын пайдалану мен оған төлем арасындағы үзіліс 1-ден 3 айға дейінгі уақытты құрайды. Жоғарыда аталған жүйені енгізу арқылы бұл мәселе автоматты түрде жойылады. Осылайша өзара есептесудің басты мәселесі шешіледі. Электрмен қамтамасыздандырушы ұйымдар жөндеу және жаңа, заманауи электрмен қамтамасыз ету объектілерін құру үшін нақты ақша алады. Азаматтар болса не үшін, қанша төлеу керек екендігін нақты түсіне алады және өз бюджетін жоспарлауға мүмкіндік алады. Төлемеушілер ресурстарды ешқандай айыптаусыз ұрлау мүмкіндігінен айырылады
Бүкіл ел деңгейінде электр үнемдеу жұмыстарын ұйымдастыру – аса күрделі мәселе. Қазақстанда үкіметтің қатаң қадағалауынсыз мұндай маңызды жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі жоқ. Ал, энергия үнемдеу кең таралған ұраннан керекті қажеттілікке айналғалы қашан.
Бұл процеске үкіметтің барлық органдары, барлық ұйымдары мен азаматтары тартылуы керек. Энергия үнемдеу Бағдарламасының мәртебесі коммуналдық инфрақұрылымды дамыту Бағдарламасынан да жоғары тұруы керек, өйткені коммуналдық жүйелерді дамыту жаңа қуаттарды қалыптастыру, энергия үнемдеу жолымен және бірмезгілде жүзеге асырылады. Электр ресурстарын пайдалануды төмендету және электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қуатын арттыру – бұл өзара байланысты процестер және энергетикалық жоспарлауда бірге қарастырылуы керек.
Мына кеңестерді пайдалана отырып, Сіз тұрмыстық жағдайларда электр энергиясын біраз үнемдей аласыз:
Электр энергиясын үнемдеудің ең қарапайым және тиімді тәсілі – өзіңізден кейін әрқашан жарықты сөндіруді ұмытпаңыз.
Үйіңізден ұзақ уақытқа шығар алдында (немесе ұйықтар алдында) жарықты ғана сөндіріп қоймай, standby (күту режимі) режиміндегі теледидар, музыкалық орталық, DVD құралы сияқты электр приборларын сөндіруді ұмытпаңыз. Бұл шара сондай-ақ Сіздің үйіңіздің өрт қауіпсіздігін арттырады.
Қарапайым лампалардың орнына энергия үнемдеуші лампаларды қолданыңыз. Энергия үнемдеуші лампалар қарапайым лампаларға қарағанда электр қуатын 5-6 есеге аз тұтынып, бірдей жарық береді. Сонымен қатар, энергия үнемдеуші лампалардың пайдалану мерзімі қарапайым лампалармен салыстырғанда сегіз есеге артық. Энергия үнемдеуші лампалар электр қуатын 80 % жуық үнемдейді.
Теледидарды жарық тең түсетін жерге қойыңыз, бұл теледидар көрсететін бейнелерді реттеу режимін біршама төмен деңгейге орнатуға мүмкіндік береді. Бұл компьютердің мониторына да қатысты. Бұл шара электр қуатын 5 % дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда шығарылып жатқан компьютерлердің барлығында энергия үнемдеуші режимдер қарастырылған. Бұл режимді дұрыстап баптасаңыз электр энергиясын 50 % дейін үнемдеуге болады.
Ұялы телефонның, фотоаппараттың, плеердің, ноутбуктың және т.с.с. арналған зарядтаушы құрылғыны розеткаға қосылған күйінде бос қалдырмаңыз. Мұнда зарядтаушы құрылғы электр энергиясын тұтынады, бірақ электр энергиясы зарядтауға емес, аппараттың қызып тұруына жұмсалады.
Шаңосрғыш тиімді түрде жұмыс істеуі үшін оның шаң жинағышын уақытында тазартып немесе ауыстырып отыру қажет. Шаң жинағыш пен сүзгілер де шаңға толып қалса ол шаңсорғыштың жұмысын қиындатады, ауаны тарту функциясын төмендетіп, шаңсорғыштың энергия тұтыну қуатын арттырады.
Ас әзірлеуге арналған ыдыстарды таңдағанда ол электр плитасының комфоркаларының өлшемдеріне сәйкес келмейді де, 5-10% энергия жоғалтады. Электр плиталарды қолданғанда электр энергиясын үнемдеу үшін комфорканың диаметріне тең немесе үлкен, түбі қисық емес ыдыстарды қолданыңыз.
Ас әзірлегенде кастрюльдің қақпағын жабыңыз. Су тез буланып шыққанда тағам әзірлеу уақытын 20-30% арттырады да, сәйкесінше ас әзірлеу үшін электр энергиясы соншалықты көбірек шығындалады.
Кір жуғыш машиналардың ұтымды пайдаланудың ең басты шарты – киім жуудың максимум жүктемесінен аспау. Кір жуғыш машинаны толық емес жүктемемен қоспауға тырысыңыз: мұндай жағдайда электр энергиясын шамадан тыс жұмсау 10–15 % құрайды. Жуу бағдарламасын дұрыс пайдаланбағанда электр энергиясының шамадан тыс жұмсалуы – 30 % дейін.
Тоңазытқышты салқын жерге қойыңыз, оны ешқашан пештің жанына қоймаңыз. Егер тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасы 30º C жететін болса, онда электр қуатын тұтынуы екі есеге артады.
Мұздатқышқа мұз толып қалған жағдайда оны уақытында жібітіп отырыңыз. Мұз қалың болса мұздатылған азық-түліктің жібуін қиындатып, электр энергиясын көбірек тұтынады.
Көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жаңа ЖЭС салуға инвестициялар тарту экологиялық проблемалардың тереңдеуін білдіреді. Қайта жаңаратын жергілікті энергия көздері, әсіресе электр энергиясынан тапшылық көретін аудандар үшін, орталықтандырылған экономикалық баламалы энергия үнемдеу болып табылады. Осыған байланысты, Министрлікте «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңының жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы табиғат ресурстарының орынды пайдаланылуы және қоршаған ортаның ластануы, ескірген және «лас» технологиялардың бақылаусыз енуі, қайта жаңаратын қорлардың тиімсіз пайдаланылуы проблемаларын шешу үшін Қазақстан Республикасының тиімді заңнамалық базасын қалыптастыру мақсаты қойылған Жолдауын іске асыруға бағытталады. Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану үлесін көбейту, өндірістің энергия сыйымдылығын және оның экологияға әсерін, соның ішінде көшетхана газдарының тасталуын төмендету «Қайта жаңаратын энергия көздерін қолдау туралы» Заңын қабылдаудың мақсаты болып табылады. Қайта жаңаратын энергия көздерін – күн, су, жел, жер энергиясын пайдалану негізінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу – энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралардың бірі болып табылады. Компрессор жетегінде пайдаланылатын электр энергиясына қарағанда, жылу энергиясын 3-7 есе артық өндіретін және сондықтан жоғары потенциалды барынша тиімді жылу көздері болып саналатын қондырғылар - жылу-сорғы қондырғылары (бұдан әрі – ЖСҚ) ХХ-ХХІ-ғасырлар аралығында әлемнің жетекші елдерінде кеңінен қолданыс тапқан барынша арзан энергияның дәстүрлі емес көздерінің бірі болып табылады. Жылу сорғылары – шағын үнемді және экологиялық таза жылу жүйелері, олар төмен потенциалды көздерден (су түбінің және артезиан сулары, көлдер, теңіздер, су түбінің жылуы, жер қойнауының жылуы, өнеркәсіптік және тазартылған тұрмыстық ағын сулар, технологиялар циклдардың сулары) жылуды шоғырландыру және оны температурасы барынша жоғары жылутаратушыға тасымалдау есебінен коттедждерді ыстық сумен жабдықтау және жылыту үшін жылу алуға мүмкіндік береді. Әр түрлі жылу қуатының жылу сорғыларын пайдалану жылумен жабдықтау проблемасын принципиалды шешудің жаңа жолдары болып табылады және маусымы мен жұмыс жағдайларына байланысты олардың жұмысында максималды тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. ТМД елдерінде ЖСҚ енгізу бастапқы стадияда тұр, мысалы, Ресейде 200-ден аса ЖСҚ бар, ал басқа елдерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында – олар мүлде аз. Қазақстан Республикасында жылу сорғыларын пайдалану тиімділігі: - климат жағдайы қатаң; - жылына 200-ден 250 күнге дейін жететін жылу беру уақытының ұзақтығына байланысты көптеген басқа дамыған елдерге қарағанда барынша жоғары болады. Өнеркәсіпте жылу сорғыларын пайдалану басымдықтары:
• Жылу энергиясының шектелмеген көздерінің болуы, бұл қайта жаңармайтын энергия қорларының (қатты және сұйық отын) үнемделуін білдіреді.
• Зиянды қалдықтардың, соның ішінде көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді және күлдің атмосфераға тасталуын қысқарту жолымен қоршаған ортаны қорғау.
• Тұтынуына қарай жылу сорғылары қуатының кең диапазоны. Төмен потенциалды жылу көздерін пайдаланып, жаңа энергия үнемдеу технологияларын, соның ішінде жылумен жабдықтаудың жылу-сорғы жүйелерін енгізу, мамандардың бағалаулары бойынша: - органикалық отын шығысын 20-25%-ға төмендету, бұл, өз кезегінде, отынның әр түрін жағудың қоршаған ортаға тигізетін әсерін елеулі төмендетуге мүмкіндік береді; - көшетхана әсерін азайтуға, - ел аймақтарында экологиялық ахуалды елеулі жақсартуға мүмкіндік береді. Осы қондырғылардың басымдықтары өте жоғары. Жұмсалған электр энергиясының бір киловаттынан 3-7 киловатт жылу энергиясын аламыз. Мысалы, алаңы 300 шаршы метр ғимаратты жылыту үшін жылу сорғысына өте аз электр энергиясы қажет етіледі, яғни 3,5 киловатт қуат. Жылу-сорғы қондырғыларын қолдану кезінде бірнеше шақырым жылу желілерін төсеу және оларды ұстау мен пайдалануға шығын жұмсау қажеттігі жоқ, бұл ақша қаражаты мен еңбекті үнемдейді. Швециядағы ғимараттардың 50 пайызы жылу сорғыларымен жылытылады. Америкада жыл сайын миллионнан аса жылу сорғылары шығарылады және осындай қондырғыларды пайдалану кезіндегі жағдайлар заңнамада жазылған, мысалы, жылыту үшін органикалық отынды жағуға рұқсат берілмейді. Барлық қайта жаңаратын энергетиканы біріктіру және автономдық экологиялық шағын-станциялар салу дұрыс болар еді. Жел бар болған жағдайда жел энергиясы тұтынылады, жел болмағанда осы уақытта қуат алған аккумуляторлар пайдаланылады. Сонымен қатар артезиан скважинасынан немесе су түбіндегі жылуалмастырғыштан алынған жылу пайдаланылады.
2013 жылдың қазан айының
30 жұлдызында Шығыс-Қазақстан
Тәжірибелі қондырғылардың іске қосылу салтанаты Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Владимир Школьниктің және «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Шахворостовтың қатысуымен өтті. Аталған жоба ШҚО әкімдігі мен «ҮМЗ» АҚ арасындағы меморандум негізінде жүзеге асырылған.
Жылу сорғы машинасы
деп қоршаған ортадан алынған
әлеуеті төмен жылуды жұтып, оны
тұтынушылардың жылумен