Кадмийді полярографиялық талдау әдісімен анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 10:07, лекция

Описание работы

Жұмысты ППТ-1 полярографта үш электродты ұяшықты қолданып орындайды. Индикаторлы электрод ретінде тамшылы сынап электроды пайдаланады. Екінші электрод ретінде потенциал мәні тұрақты, беттік ауданы үлкен, поляризацияланбайтын электрод, ал салыстырмалы электрод ретінде күміс-хлорлы электрод қолданылады. Деполяризатор иондарының тотықсыздану процесі бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші саты – иондардаң электрод бетіне диффузия нәтижесінде жеткізілуі. Потенциал мәні тотықсыздану потенциалына жеткен кезде электрод бетіндегі кадмийдің концентрациясы кемиді де, ерітіндідегі концентрациядан төмендейді. Ток күші бұл күйде өзінің шекті мәніне жетеді де, потенциал шамасы жоғарласа да тұрақты болып тұрады. Мұндай ток шекті диффузиялық ток деп аталады.

Файлы: 1 файл

Полярография.docx

— 12.87 Кб (Скачать файл)

Кадмийді  полярографиялық талдау әдісімен анықтау

     Жұмысты ППТ-1 полярографта   үш электродты  ұяшықты қолданып  орындайды.  Индикаторлы электрод ретінде  тамшылы сынап электроды пайдаланады.  Екінші электрод ретінде потенциал  мәні тұрақты, беттік ауданы  үлкен, поляризацияланбайтын электрод, ал салыстырмалы электрод ретінде  күміс-хлорлы электрод қолданылады.  Деполяризатор иондарының тотықсыздану  процесі бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші саты – иондардаң электрод  бетіне диффузия нәтижесінде  жеткізілуі. Потенциал мәні тотықсыздану  потенциалына жеткен кезде электрод  бетіндегі кадмийдің концентрациясы  кемиді де, ерітіндідегі концентрациядан  төмендейді. Ток күші бұл күйде  өзінің шекті мәніне жетеді  де, потенциал шамасы жоғарласа  да тұрақты болып тұрады. Мұндай  ток шекті диффузиялық ток  деп аталады. Оның шамасы ерітіндідегі  кадмий иондарының концентрациясына  тәуелді. Содан соң электрод  бетінде электрохимиялық реакция  жүреді. Тотықсызданған бөлшектер  амальгама күйде немесе басқа  түрлі иондар күйінде ерітіндінің  көлеміне ауысады.

     Жұмысты орындау: CdCl2.5H2O  тұзының бастапқы ерітіндісінен (1 мг/мл) стандартты ерітінділерін дайындау керек. Ол үшін пипеткалармен бастапқы ерітіндісінен түрлі көлем алып, 5 өлшеу колбаларда фон ерітіндімен белгісіне дейін келтіру қажет. Колбалардағы ерітінділерді дұрыстап араластырып, әр стандартты ерітіндінің полярографиялық толқынын түсіру керек. Ол үшін полярографиялық ұяшыққа стандартты ерітіндіні құйып, бастапқы кернеу -0,55 В бастап, -1,25 В-қа дейін аралықта полярограмма түсіру қажет. Алынған толқындардың биіктіктері бойынша стандартты ерітінділердің концентрацияларынан тәуелділік тұрғызу керек. Содан соң концентрациясы белгісіз кадмий ерітіндісінің полярограммасын түсіру керек. Алынған мәліметтерді кестеге жазу қажет. Алынған мәліметтер бойынша градуирленген график сызылады ( концентрация – толқын биіктігі координаталарда). Зерттелінетін ерітіндінің концентрациясын екі тәсілмен анықтау қажет:

а) градуирленген графиктен

б) стандартты ерітінділер  тәсілі бойынша.

 

Cd2+ бастапқы

концентрациясы

V алынған көлем

Стандартты ерітінділердің концентрациялары

Полярографиялық толкынның  биіктігі

 

5

   

 

10

   
 

15

   
 

20

   
 

25

   
 

х

   

 


Информация о работе Кадмийді полярографиялық талдау әдісімен анықтау