Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 07:04, лекция
Кіріспе: Молекулалық биология ақуыздармен нуклеин қышқылдарының құрылысын және қасиеттерін, матрицалдық (қалыптық) синтезді, генетикалық материалдардың құрылымын және қызмет етуін, жасушалардың және олардың органеллаларының құрылысы мен қызмет етуінің молекулалық негіздерін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу құбылыстарын зерттейді.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін және дамуын, оларды анықтау, алдын алу және емдеу мәселелерін де зерттейді.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
Оқу -әдістемелік жұмысы
және
«____»_________________2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы
Пән: Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен
Пән коды: MBOMG 1201
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: 45сағат (1-кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 1 - I
Шымкент -2013
Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 2006 жылғы МЖМБС және 2009 жылғы 051103 «Фармация» мамандығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде талқыланды, хаттама № « » 2013ж.
Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М.
Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.
Төрағасы:
Әдістемелік Кеңесте бекітілді, хаттама № « » 2013 ж.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе: Молекулалық биология ақуыздармен нуклеин қышқылдарының құрылысын және қасиеттерін, матрицалдық (қалыптық) синтезді, генетикалық материалдардың құрылымын және қызмет етуін, жасушалардың және олардың органеллаларының құрылысы мен қызмет етуінің молекулалық негіздерін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу құбылыстарын зерттейді.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін және дамуын, оларды анықтау, алдын алу және емдеу мәселелерін де зерттейді.
Медициналық жоғары оқу орындарындағы білім берудің интеграциялық ұстанымына сәйкес молекулалық биология пәнін оқып үйрену жасушаның құрылысы мен қызмет етуінің, гендердің экспрессиялануының реттеуінің, матрицалық синтез, сигналдарды өткізу тетіктерін түсінудің молекулалық негіздерінің базасын қалыптастырады.
Ал, бұл өз кезегінде, қалыпты тіршілік ету және көптеген аурулардың пайда болу себептері болып табылатын гендік және храмасомалық мутациялардың молекулалық тетіктерін ұғыну үшін қажет.
Осындай түбегейлі дайындық І – курстан бастап студенттерде клиникалық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биология мен медициналық генетика пәнін оқып үйреніп тіршілік процестерінің бұзылуының молекулалық және жасушалық тетіктерінің негіздерін және олардың патологиялық құбылыстардың пайда болуы мен байқалуындағы рольдерін, сол – сияқты қазіргі кездегі молекулалық–генетикалық диагностикалық және алдын алу әдістемелерін ұғынады.
Бұл биологиялық химия, физиология, патологиялық физиология пәндерді оқып – үирену үшін теориялық база қалыптастырады.
2.2 Пәннің мақсаты: Ағзалар тіршілігінің негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктері және оларды клиникалық практикада қолдану туралы студенттердің қазііргі заманға сай білімдерін қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент міндеттері:
Білуге қажет:
Жасай білу қажет:
2.5 Реквизитке дейінгі: орта мектептің жалпы биологиясы мен химиясы.
2.6 Реквизиттен кейінгі: биологиялық химия, токсикологиялық химия, органикалық химия, физикалық және коллоидтық химия, адам анатомиясы негіздерімен берілген физиология.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс)
Дәрістің тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Өткізілу түрі |
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде) |
1 кредит |
1 семестр | ||
1 |
Молекулалық биология және генетикаға кіріспе. Ақуыз және нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Генетикалық ақпараттың берілу жолдары және реттелу механизмдері. |
Дәріс презентация |
1 |
2 |
Өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқым қуалайтын аурулары. |
Дәріс презентация |
1 |
3 |
Мутациялар және олардың адам патологиясындағы рөлі |
Дәріс презентация |
1 |
4 |
Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері және оларды фармацияда, медицинада қолдану. Гендік инженерия. Биотехнология. |
Шолу дәрісі |
1 |
5 |
Жасуша мембраналары мен цитоплазманың функционалдық компоненттері және молекулалық құрылысы. Жасуша бөлінуінің реттелуі. |
Дәріс презентация |
1 |
Барлығы: |
5 |
Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Өткізілу түрі |
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде) |
1 кредит |
1 семестр | ||
1 |
Ақуыз молекуласының кеңістікте орналасу ерекшелігі мен құрылысы. |
Семинар |
1 |
2 |
Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі. ДНҚ |
Семинар |
1 |
3 |
Нуклеин қышқылдарының матрицалық синтездерінің молекулалық механизмдері. ДНҚ репликациясы. ДНҚ транскрипциясы. |
Семинар |
1 |
4 |
Жасушаның генетикалық аппараты.Про- және эукариоттар гендерінің құрылысы. |
Семинар |
1 |
5 |
Биомембрана. Молекулалық құрылысы және қызметтік компоненттері. |
Семинар |
1 |
6 |
Жасуша циклінің реттелуінің молекулалық механизмдері. |
Семинар |
1 |
7 |
Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Дискретті тұқым қуалау. Г.Мендель заңдары. |
Семинар |
1 |
8 |
Мутациялар. Мутагенез.Антимутациялық үдерістер. |
Семинар |
1 |
9 |
Жасушаішілік заттар тасымалдануының молекулалық механизмдері. |
Семинар |
1 |
10 |
Экогенетика және фармакогенетика негіздері. |
Семинар |
1 |
Барлығы: |
10 |
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыбы |
Өткізілу түрі |
Сағат саны |
1 |
Ақуыз фолдингі. Шаперондар. Жасушадағы қызметі. Акуыз биосинтезі. РНҚ траснляциясы. |
Реферат Глоссарий Буклет Тест Презентация Ситуациялық сұрақтар Баяндама |
2 |
2 |
РНҚ түрлері. Құрылысы және қызметі. |
2 | |
3 |
Ақуыз құрылымының өзгеруіне байланысты пайда болатын моногенді аурулар: 1) арналардың иондық аурулары, 2) коллогенопатия, 3) тұқым қуалайтын зат алмасудың аурулары, 4) гемоглобинопатия, 5) үшнуклеотидті қайталану экспансиясы аурулары. (Гентингтон хореясы, Куршман-Штейнперт-Баттеннің миопатиялық дистрофиясы, Мартин-Белл синдромы )
|
2 | |
4 |
Трансгеноз. Трансгенді ағзалар, фармация және медицинада қолдану. Медицина мен фармацияда молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері. |
2 | |
5 |
Қартаюдың молекулалық тетіктері |
2 | |
6 |
Прокариоттар және эукариоттар гендер экспрессиясының молекулалық реттелу механизмдері. |
2 | |
7 |
Аралық бақылау «Молекулалық биология» тақырыбы бойынша |
1 | |
8 |
Гентика және кариотип туралы түсінік. Хромосомалар. Хромосомалардың құрылымдық деңгейлері. Кариотип |
2 | |
9 |
Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Тіркесті тұқым қуалау. Т.Морган заңы. Жыныспен тіркескен тұқым қуалау. |
2 | |
10 |
Адам генетикасын зерттеу әдістері. |
2 | |
11 |
Вирустардың генетикалық аппараты. Нано-биотехнология. Фармацевтикалық биотехнология |
2 | |
12 |
Фармакогенетика. Дәрілік препараттарға қарсы адамның тұқым қуалау аппаратының реакциясы. Дәрі қабылдау негізінде туындайтын аурулар |
2 | |
13 |
Популяциялық генетика негіздері. Харди-Вайнберг заңы. |
2 | |
14 |
Генетикалық полиморфизм. Генетикалық жүк. Тұқым қуалайтын аурулардың геногеографиясы. |
2 | |
15 |
Адамның экогенетикасы. Биотрансформация және биотрансформация кезеңдерінің реттелуі. |
2 | |
16 |
Аралық бақылау «Медициналық генетика» тақырыбы бойынша |
Тест Кеспе сұрақтары |
1 |
Барлығы: |
30 |
Информация о работе Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен