Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 19:28, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен.
Кіріспе.............................................................................................................................3
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері............................................................................................................................4
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы............................................................................................................................8
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі............................................................................................................................. ...11
ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру..............................16
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру.....20
III.Тәжірбиелік бөлім
3.1. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері…………………………..29
Қорытынды....................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................32
Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «...уы шығып кетер», - деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: «Сыр ағып жатыр ма?» – деп сұрауының өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», - деп атап көрсеткен.
Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Аққуды атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген. Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған: «Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр, Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр, Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына жатыр. Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.
Бүкіл түркі дүниесінің
бабасы Қорқыт Ата «
1.2. Оқушыларға экологиялық білім ментәрбие берудің жағдайы
Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.
«Жалпы білім беретін
мектептерде табиғат қорғау
Адамдар табиғатты
билеп – тың игеру жылдарында
қаншама жерді тілім-тілім
Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған «табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол қойған «ХХ ғасырдағы күн тәртібінде» деп аталатын құжат қабылданды. 1998 жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше 185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мектептерінде экологиялық білім мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы» жаңа заң қабылданып күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді».Ол мынадай тармақтардан тұрады:
1. Республиканың халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асырады.
2. Жалпыға бірдей кешенді және үздік экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді[2].
Ал, 1992 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрды. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау санасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми зерттеулер», - деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» - деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.
Осыған байланысты
Республикаға білім беру
«Атамекен» бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбие ұстанымдарына негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама. Оның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, бүкіл мектептік «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық ойын жобасын жүзеге асыру, әрбір мектепте халықтық ұлттық тарихи-этнографиялық мұражаймен бірігіп, әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады. Оның негізгі міндеті 26 бағыттан тұрады. І-ХІ сынып аралығында қазақ халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу. Оның 15-ші «Заман-ай» бағытында «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруды, қоршаған табиғатты қорғау мәселелері, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады [22].
Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, бала-бақшадан, есейген азаматқа деген экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.
1. Сәбиді табиғат қорғауға
тәрбиелеу әр жанұяда басталып,
оған әр жанұяда қалыптасқан
табиғат қорғау дәстүрі
2. мектепке дейінгі сәбиді
тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие
жұмысының мазмұнына түгелдей
табиғатты аялауға үйрету
3. Түрлі типтегі мектептің
оқу-тәрбие жұмысына табиғатты
қорғау мазмұны тұрақты енуі
тиіс оның ішінде ІХ-Х
4. Арнайы кәсіптік техникалық
оқу орындары мен арнаулы орта
білім беретін оқу орындарына
жоспарлы табиғат қорғауға
5. Жоғары білім беретін
оқу орындарында «Экология
6. Жұртшылыққа табиғат
қорғауды түсіндіріп, мамандар мен
басшылардың білімдерін
Сондықтан, зерттеуге негіз етіп отырған 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Тараз қаласындағы №30 орта мектепте жүргізілді. Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады. Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді. Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.
Мектептегі экологиялық
тәрбие беру ісінің педагогика
теориясы мен мектеп
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыстар экологиялық тәрбие беру үлгісі.
Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.
Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.
Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы