Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 19:28, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................3
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері............................................................................................................................4
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы............................................................................................................................8
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі............................................................................................................................. ...11
ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру..............................16
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру.....20
III.Тәжірбиелік бөлім
3.1. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері…………………………..29
Қорытынды....................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................32

Файлы: 1 файл

Курсовой 1.docx

— 108.20 Кб (Скачать файл)

 Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде асады.

Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-шы сынып оқушылары үшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.  Біз, ендігі кезекте оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мақсат, міндеттері, ұстанымдары мен мазмұндарында І тарауда айтқанбыз. Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:

1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді  іріктеп саралай біліп, білім  құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын  ұғыну;

2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат  мәдениеттерін дамытудағы негізгі  көз екендігін білу, оларды пайдаланудың  ғылыми-техникалық немесе ғылыми-экономикалық  технологиясынан хабардар болу;

3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың  жолдарына байланысты қолданбалы  білім, практикалық іскерліктер  мен дағдыларды меңгеру;

4. Қоршаған ортаға саналы  көзқараспен қарап, оның бүгінгі  жағдайы мен болашағы жайлы  бағалай білу, зиянды құбылыстардың  алдын алу, оны жақсартуда дұрыс  шешімдер қабылдап, өндіретін және  қоғамдық еңбектердің әсерлерін  түзету;

5. Табиғи ортаға зиян  келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын  нормаларды саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;

6. Әрбір оқушының табиғатпен  қарым-қатынас жасауға десек рухани  қажеттілік дамыту, оның адам  жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін  қалыптастырудағы ықпалын ұғыну. Жалпы, эколог-ғалымдардың «экологиялық тәрбие беру» ұғымына берген анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен мінезделінеді. Сонымен, 8-шы сынып оқушыларында экологиялық білім мен тәрбие берудегі мазмұна кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы негізделіп құрылды:

1. Экологиялық білім мен  тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;

2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің  өзара байланыстылығы;

3.Оқушылардың экологиялық  дүниетанымдарын қалыптастырудағы  пәнаралық бірлігі;

4. Табиғи ортаны қорғау  жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интелектуальдық  және эволюциялы адамгершілік  негіздегі іс-әрекеттерінің бірлігі. Жоғарыда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсат, міндеттері, оларды іс-жүзіне асыруға ұйымдастырғанда басшылыққа алынатын ұстанымдарды атап шықтық. Енді, мектептегі 8-шы сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілуі керек:

1. Оқушылардың мінез-құлқында  және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде  табиғи ортаға деген жауапкершілік  қатынас нормаларын қажеттілігіне  тәрбиелеу;

2. Қоршаған ортаны қорғау  және жақсарту, табиғат байлығын  ұқыптылықпен пайдалану, ысырапшылық  пен немқұрайлыққа төзбестей  күрес жүргізуге тәрбиелеу. Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті түрде қалыптастыруға жағдай жасайды. Жеке пән «экологиялық» «арнайы» курс 8-шы сынып оқушылары үшін Тараз қаласындағы №30 мектепте жүргізілді. Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды құрылымдық жүйесін жасауға талпындық. Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.  Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді. Үш фактордың өзара байланысы заттардың биохимялық айналым арқылы жүзеге асырылу жаратылыстану ғылымы негізінде экологиялық ұғымдар жүйесі құрылады. Олар: тірі ағза, экологиялық жүйе, факторлар, биосфера және басқалары. Тірі ағза, зат алмасу және тірі материяны сипаттайтын белгілерімен ерекшелінеді. Жер бетіндегі тіршілік жасайтындар биологиялық жүйе биосфера құрайды.

Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды.

Ал, рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады. Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде, соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.

Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар, табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау. Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар арқылы іс-жүзіне асырылады[24,25,26]. Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді.

Ал, экологиялық нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады. Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек: оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;  табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне, нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын шығару;  табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама беру;  оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке алу;  табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;  табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау. Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік, жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік сипаттамалар жасаймыз.

Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа қатынастарында қандай орын алады. Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.  

Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.  Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуан түрлі өзгерістердің бір-бірімен экологиялық факторлар мен себеп-салдар байланысын ашып түсіну.

Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылысының күрделі анықталып, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашады.

Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып келеді.  

Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым болғандықтан ғылыми жағынан да, оның мазмұны, кешені әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді. 

  Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.  Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады.

Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу, табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау. Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатымен әрбір сыныптың қабілетін ескере оқытудың барынша жаңаша әдістері мен тәсілдерін таңдау сабақ арқылы экологиялық тәрбие беру ісін сыныптан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыра оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамушылық міндеттерін шеше отырып, оқытудың нәтижесінде тәрбие берудің адамгершілік эстетикалық сипаты артты.

Экологиялық тәрбие беру ісінің тәрбиенің басқа салаларымен өзара бірлікте және бірін-бірі толықтыру бағытында жүргізілді, әрбір оқушының жеке басы және жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың мектептегі қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің табиғи бірлігінің қамтамасыз етілуі, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасындағы байланыстың сақталуы экологиялық тәрбиеліктің нәтижесін айқындайтын міндетті[29,30]. Шарт болып оқушының табиғатпен қатынасында өз іс-әрекетіне өздері талдай жасай білу дағдысын қалыптастырады.

Жоғарыда айтылғандар зерттеп отырған проблемаларымызды түгелдей қамтымаса да, біздің ойымызша – экологияны оқыту процесінде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмысымыздың тиімділігіне арттырудың басты жолдары болып табылады. Педагог (А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, Е.М. Кудревцева) педагогикалық процесс арқылы табиғатқа жауапкершілік қатынасының қалыптасуы оқушының «табиғат пен орталық элементтік факторлары туралы білім мен оны әсерленушілікке жетелейтін сөзім арқылы қабылдануының және табиғатты жақсарту үшін парктикалық үлес қосуға ұмтылыс тудыруының органикалық бірлігі болған жағдайда ғана іске асады»- деп қортындылайды[20].

Сондықтан, тәрбиенің салаларын зерттеуде қолданылып жүрген дәстүрлі жіктеулер: интеллектілік;  эмоциональдық;  практикалық өлшеулерді негізге ала отырып, жасаған анықтамаларыңызға сүйендік.  Атап айтқанда: интеллектілік өлшем – экологиялық білімнің болуына, оны игеріп, меңгеру арқылы практикада қолдана алуын, өз пікірін қорғап, басқаларға бере білуін анықтайды.  

Эмоционалдық өлшем – экологиялық білімге қызығушылығын, табиғат пен оның әлемдік бейнелеуіндегі үйлесімділікті сақтауды, оны сұлулық заңымен жақсарта түсуі, табиғатты адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан ұғына отырып, қоршаған ортаның қасіретке ұшырауына бірге күйзеліп, оны қорғауға ұмтылысын бағалайды.  

Практикалық өлшем – табиғат қорғауға байланысты практикалық іс-шараларға қатысуын, бұл істі қажетті деп санауын, оған қатысу себепті (мотив) дәлелдерін сөзбен іс бірлігін анықтайды. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының деңгейін анықтап, тексеру мақсатында №30 мектебінде тәжірибелік-эсперимент жүргізілді. Олардың экологиялық деңгейін зерттеу, жекелей және жаппай сауалнамалар, анкеталар, тест әдістер арқылы іске асырылды.  Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының интеллектілік, эмоциональдылық, практикалық өлшемдері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерін зерттей отырып, жасаған тұжырымдаманы пайдаландым. Жоғары деңгей: экологиялық білімді жақсы меңгерген, оның күнделікті өмірде қажеттілігін, сонымен түсінеді, теория жүзінде алған білімін өмірмен ұштастыра алады, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді эмоциональды тұрғыда қабылдайды, табиғи орта қорғауға арналған іс-шараларға белсене араласады, өздігімен ізденеді.  Орта деңгей: экологиядан білімі бар болғанымен оны күнделікті өмірмен байланыстыра бермейді, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді байқаған, эмоциональдық сезіммен тұрақты қабылдай алмайды, табиғи ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысу барысында ішінара белсенділігін көрсетіп отырады.  Төмен деңгей: экология білімін нашар меңгерген, оны өмірде қажеттілігін түсінбейді. Табиғат пен қоғамдағы өзгерістерге мән бермейді. Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі. 

Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы