Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 19:28, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................3
І. Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері............................................................................................................................4
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы............................................................................................................................8
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі............................................................................................................................. ...11
ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру..............................16
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру.....20
III.Тәжірбиелік бөлім
3.1. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері…………………………..29
Қорытынды....................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................32

Файлы: 1 файл

Курсовой 1.docx

— 108.20 Кб (Скачать файл)

Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз – олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ.Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады. Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдік бұзылар. Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т.б. мысалы болады.  Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы.

 

 

ІІ. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы

 
2.1. Оқу процесінде сабақта  экологиялық білім мен тәрбие  беру 
 Егемендік алған республикамыздың келешегі және ұрпақтарды тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны бүгінгі талапқа сай жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге білім байлығын, табиғаттың ерекшелігін терең оқып білу арқылы өз халқының дүние жүзілік мәдени мұраға орны мен үлесін білуін, әр оқушының қабілеттік дамытуға, әрбір ұлттық мектептің ішкі мазмұнының атына сай болуын қамтамасыз ету – қазіргі өмір талабы. 
 Осыған байланысты мектептегі экологиялық білім негізін құрайтын жаңа пән – экология курсы болуы керек. Бұл ғылым жаратылыстану ғылымдарымен қатар әлеуметтік бағыт–бағынқы қамтуы (№1-Сурет). 
Экология курсының алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей: 
     ●оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру; 
     ●экология ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту; 
- табиғат, қоршаған орта, зат аламсу, табиғатындағы қарым-қатынастарға ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі. 
 Экология ғылымының зерттеу облыстары – популяция, биоценоз және экожүйе туралы табиғаттану, география, ботаника, зоология, химия, физика пәндерінен алған білімдері негізінде биосфераның деңгейінде оқып-үйренуге баулу. 
№1-сурет 
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі 
 
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері 
 
 
 
 
Мектептен тыс жұмыстар: танымжорық, наурыз мерекесі 
 
 
Сыныптан тыс жұмыстар (апталық, үйірме және т.б.) 
 
Факультатив 
 
«Этноэкология» 
 
Биологиялық курс 
 
«Экология» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Экологиялық білім және тұлғаның адамгершілік қатынасы: табиғат, қорғау, аялау және т.б. 
 
 
 
 Айтылып отырған мақсат-міндеттерге байланысты экология курсы бойынша әрбір оқушы меңгеруі тиіс оқу материалдары төмендегідей мәселелерді қамтиды: 
- Айналаны қоршаған ортаны кез-келген өзгерістеріне ластануына бақылаужәне оның себеп-салдарын ашып, ғылыми тұрғыда баға беруін дағдыландыру; 
- Табиғатты қоршаған орта, ондағы қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің жүру заңдылықтары; 
- Табиғат ресурстары, тірі организмнің биологиялық және геохимиялық ролі; 
- Экологиялық және антропогендік факторлар, экожүйенің өзгеруі, оны қалпына келтіру жолдары; 
- Биосфера шегіндегі геохимиялық заңдылықтар, оны реттеудің қазіргі заманғы бағыттары; 
- Жергілікті аймақтардың және жер шарындағы экологиялық проблемаларды түсініп, оны шешу  жолдарын өз бетінше іздестіру[27,28]. 
 Жоғарғы тұжырымдарды ескере отырып, биология, химия, география, физика оқу бағдарламаларына анализ жасауға болады. 
 Биология пәнін оқу бағдарламасын зерттеу барысы, экологиялық білімнің мынадай элементтеріне оқушылар биология курсында игеруге тиісті екені анықталды. 
 Биология – адамның денсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Биосфера – тіршілік бар шекарадағы біртұтас деңгейдегі жүйе. Биосферадағы тірі табиғаттың қызметі, биологиялық жүйке, табиғи, антропогендік фактордың әсер етуі табиғи орталық байлығы адам денсаулығының кепілі: практикалық, эстетикалық, танымдық, адамгершіліктің қоршаған табиғи ортаның құндылығы. 
 География пәнінің оқу бағдарламасында зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар география курсында игеруге тиіс екендігі анықтайды. 
 География. Географиялық ортада өмір сүретін орта және адамның қызметі өндірістің территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуының табиғат жағдайларына ықпалы. Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму деңгейі. Табиғи және экономикалық потенциал. Қала экологиясы. Экологиялық мәселелер: глобальды, аймақтық, жергілікті. Табиғатты қорғауда шара қолданудың экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаны бағалау және бақылау. 
 Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс. 
 Химия: ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның химиялық іс-әрекетінің нәтижесін өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортадағы химиялық заттарды нормаға келтіру. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау. 
 Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар физика курсында игеруге тиіс. 
 Физика: адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері, олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау: шудың деңгейінің жоғарылылығы, радиация, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және т.б. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы. 
 Физика, биология, химия, география пәндерінің оқу бағдарламаларының барлық мүмкіндіктерін оқып, зерттеу оқушылардың пәнаралық байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің зерттеуші моделінде комплексті түрде жүзеге асырудың кестесін жасауға мүмкіндік берді.  
 Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым. 
 Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 8-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».  
 Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.  
 Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді. 
 Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.  
 Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда  
 Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).  
 Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді. 
 1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады. 
 2. «Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы және орта сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер қатыса алады. Қалада төмендегідей мекемелер құрылады: 
 1.Ботаникалық бақ. Өсімдіктер туралы викториналар. 
 2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар,суреттер галереясы. 
 3.Табиғат тақырыптарына арналған  карталармен танысу. 
 4.Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі. 
 5.Концерт  залы.Табиғат тақырыбына арналған шумақтар. 
 6.Көркемдік    салоны. Сурет    көрмесі. 
 7.Кітапхана.Табиғат туралы  кітаптаркөрмесі. 
 8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.  
 
 
           2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық  
                                         білім және тәрбие беру  
 Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр. 
 Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді. 
 Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру  болып табылады. 
 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады. 
 Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері: 
 1.Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектеседі. 
 2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген  әдебиеттерді оқуына мүмкіндік берді. 
 3. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде олардың табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.  
 Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың алуан түрлері бар, бірақ олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бола тұрса да, бір мақсаттылыққа жұптасып ортақ    талаптарды іске асырады. 
 1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қалыптастыру тек қана ерікті  болуы тиіс. 
 2.Қандай да жұмыстың түрі болса да, оның қоғамдық және қолданбалы бағыты болуы керек. 
 
 3.Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта-ықыласына, талабына, бейім-қабілеттеріне мен құштарлығына сүйенген жөн. 
 4.Ұйымдастырылған қандай да бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек. 
 5.Балалармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт-бағдар басым болғандығы дұрыс. 
 6. Бұл жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі және айқын белгіленген  кестесі болуы қажет. 
 7. Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгел  қатыстыру жағын ойластыру қажет. 
 8. Экологиялық жұмыс жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктерін, өмір тәжірибелерін, бейім-икемділіктерін  ескеру  қажет. 
 Менің ойымызша экология курсының жүргізілетін экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін арттыруына мынадай жағдайлар әсер етеді:  
 1. Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізді. 
 2. Мектеп бағдарламасында оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында, оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді. 
 Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады. 
 Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив сабақтар мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек. 
 Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген. 
 Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады.  
 Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, этноэкологиялық бағытта дұрыс жолға қойып, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет.  
 
 Сондықтан сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға жете мән беріп, әртүрлі бағдарламалар шығарып, жаңа арна тәсілдер іздестіру қажет, өйткені, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жас жеткіншектерге оның ықпал әсері ерекше болмақ(№1-кесте). 
Биология сабағында оқушылардың білімі мен икемділігіне қоятын талаптар. 
 
№1-кесте

 
Білімі

 

 

 
Кіріспе

 
икемділігіне

 
Табиғатты қорғаудағы халық дәстүрі

 
Табиғаттың сансыз, сыры мен құбылыстарын түсінуге, табиғатты аялаудың қажеттілігі жөніндегі түсінушілік.

 
Қазақ халқының табиғатты қорғауға арналған дәстүрлері

 
Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлерді игере білу.

 
Ауа-райының құбылыстарын бақылауға байланысты халық дәстүрлері

 
Ауа-райының құбылыстарын бақылауға арналған іс-шараларды білу.

 
Су қорғауға байланысты халық дәстүрлері

 
Өзен-көл суларына тиімді пайдалану, ластанудан сақтау

 
Өзен суларының ластану себебін анықтау, су қорын тиімді пайдалануды білу. Өзен туралы мақалдарды есте сақтап, әртүрлі іс-шараларға қатысу, табиғатты қорғау.

 
Пайдалы қазбаларды қорғауға арналған халық дәстүрлері

 
Адамдардың жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеруде және шаруашылық қызметінің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Жер қойнауын пайдаланып, оны қорғаудағы халық дәстүрі

 
Жер қойнауының адам баласы үшін ашылмаған сырларының көптігін білу. Жергілікті жердегі негізгі тау жыныстары мен минералды заттарды ажырата білу.

 
            Топырақты қорғауға байланысты халық дәстүрлері

 
Топырақ эрозиясы, оны бақылауға арналған іс-шаралар, қазақ халқының топырағын аялап қорғау дәстүрлері

 
Қазақ халқының арасында эрозияға ұшыраған топырағын қорғаудың, қалпына келтірудің, құнарлығын арттырудың біреше тәсілдерін ажырата білу.

 
                               Табиғат аясына экскурсия

 
Туған өлке табиғатын тиімді пайдалануға және қорғауға арналған іс-шараны ажырату

 
Табиғаттың ережелерін сақтау, табиғат қорғауға арналған жұмыстарға қатысу.


 

 

Мектеп өміріне кеңінен орын-тепкен сыныптан тыс көп жұмыстың біден-бір түрі үйірме. Үйірменің түрлері көп. 
 1. Пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, физика, математика, химия, биология т.б. 
 2. Драмалық үйірме: көркем саз, би, фотосурет, радио үйірмесі. 
 Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады. Ол мынадай міндеттер: 
 ●сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады; 
 ●оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру; 
 ●оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.   
 Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады. 
 Мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады. 
 
 1. Үйірме отырыстарында күнделікті өмірмен, табиғи ортамен тікелей байланыста жүзеге асыру. 
 
 2. Жерді тиімді пайдаланумен, оның сапасын сақтауға көңіл бөлу. 
 
 3. Ауаның тазалығын сақтауын дағдыландыру. 
 
 4. Жаңадан отырызылған балауса шыбықтарды қорғауға үйрету. 
 
 Оқушыларға табиғат қорғауға баулу жұмыстары ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ. 
 
                       Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек? 
 
 ●жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдерін тиянақтауға; 
 ●табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға; 
 ●табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың,  ●сапалы  қарым-қатынастың қалыптасуына; 
 ●табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.

 
 Қазіргі уақытта біздің елімізде үйірмелер аз емес. Осы үйірмелер оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелер беріп отыр[29,30]. 
 
 Ал, биология пәні бойынша пәндік апталықтар өткізуге болады. Біз «Табиғатым – тағдырым» атты апталық өткізуге тырыстық. 
 
 
Бағдарламасы 
 
«Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары 
 
   №2-кесте

 

 
Күні, уақыты

 
Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

 
1.

 
6.02.06  
 
сағ. 14:00

 
Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері

 
2.

 
7.02.06 
 
сағ. 14:00

 
«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

 
3.

 
8.02.06 
 
сағ. 14:00

 
«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

 
4.

 
9.02.06 
 
сағ. 14:00

 
«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту

 
5.

 
10.02.06 
 
сағ. 14:00

 
«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады 

 
6.

 
11.02.06 
 
сағ. 14:00

 
«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш: 
 
1. Кеш қонақтарының пікірі 
 
2. Озық нөмірлер жеңімпаздары 
 
3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны 
 
4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/


 
 
 1.1. Сахналық көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр. 
 
 Бастаушының сөзі: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар, өзен-көлді суалтып, қу-тақырға, жасыл шалғынды орман-тоғайды күйдіріп, өртеуге, тау мен даланы тескілеп шаңын аспанға шығарып,тірі организмдердің барлығын улап, оның тіршілігін жер бетінен жойып жіберуге әзір тұр. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр. 
 
                  Жолаушы күңіреніп отырған жер анаға кездесті. 
 
 Жолаушы: О, жер ана неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарлайсың? Саған не болған, сенімен бірге бүкіл ғалам түнеріп тұр. 
 
 Жер ана: Мен неге күңіренбеймін, неге мен зарланбаймын? Қарашы мына байтақ даланы не болып жатыр, нені көрмеді, жерімде, елімде жазды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалай шалқақтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр. 
 
 Адамдардың көпшілігі ауруға шалықты. О, Адамзат не ойың бар? 
 
 Жер ана: Иіліп, отырып, қалды. 
 
 Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады. 
 
Көрініс: «Теңіз неге ашулы?» 
 
Автор – Қожатаева Зарина 
 
Дауыл – Жамалбеков Нұрдос 
 
Арал – Момбаева Мөлдір 
 
Күн – Нұрлыбекова Ақерке 
 
Бұлт – Жүсіпов Бақыт 
 
Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.  
 
 Міне, қазір шаршаған, қамыққан күйде сырын шашып сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен. 
 
 Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың? 
 
 Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың. 
 
 Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар. 
 
 Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой. 
 
 Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма. 
 
 Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба? 
 
 Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма! 
 
 Арал: сонда не істе дейсің? 
 
 Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді! 
 
 Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де! 
 
 Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты. 
 
 Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға! 
 
 Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой. 
 
 Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды. 
 
 Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай. 
 
 Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз! 
 
Ән: «Аралдан ұшқан аққулар» 
 
Сөзі: Ш. Сариевтікі  
 
Апталықтың 3 күні:  
 
«Ата-бабам айтқан сөзі 
 
 Бізге келіп жеткен сөзі» атты тақырыпта өтті. Онда 8 –шы сыныптан бір-бір бала шығып, табиғат, туған жер туралы мақал-мәтелдер, қасиетті үлгі боларлық дүниелер сөзін келтіріп, ақын-жазушылар шығармаларынан көрген сөздер оқыды. 
 
Мысалы,  
 
«Жер тоймай, ел тоймайды» 
 
«Жер – ана, ел – бала» деп айтып шықты. 
 
Апталықтың соңғы күні: 
 
1. апталықты қорытындылау: 
 
 Мектептің 8-шы сынып оқушыларымен өткізілген «Табиғатым–тағдырым» деп аталатын экологиялық апталықтың оқушыларға берері мол болды. 
 
 Біріншіден, қазақ халқының бар өмірі, тіршілігі табиғатпен етене байланысты екендігіне көздері жетті. 
 
 Екіншіден, көптеген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, тақпақтар жаттап, жан-жақты білімдерін арттырды. 
 
 Үшіншіден, түрлі көріністер арқылы олардың табиғат алдында деген қамқорлық пейілі мен сүйіспеншілік сенімдері қалыптасты. 
 
 Сондықтан жас өспірімдер арасында жүргізілетін халқымыздың болашақ ұрпақтарын жақсылыққа жетелеп, ел қамын ойлайтын жақсы азамат болып шығуына көмектеседі. 
 
                      ІІ. Табиғи ортадағы жұмыстар (Танымжорық) 
  
 Табиғатқа танымжорық жүргізбей экологиялық білім беру мүмкін емес. Экологиялық танымжорық (лат. еxeurcio – жол түрі мағынасын білдіреді) табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысатын экологиялық білім формасы. 
 
 Белгілі педагог, әдіскер К.Т. Ягодовский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «танымжорықтың негізгі мақсаты – тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға үйрету». 
 
 Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктер береді. 
 
 Педагог-әдіскер мұғалімдер үшін төмендегідей бірнеше бағыт-бағдар ұсынылады: 
 
 1. Табиғатқа танымжорық жасау серуендеу емес, экологиялық білім берудің тиімді түрі екенін есте ұстау. 
 
 2. Танымжорық мәселелерін ертерек анықтау, алдын-ала жергілікті жермен танысып, маршрутын құру. 
 
 3. Танымжорық кезінде көзге көрінетін құбылыстар мен көріністер жөнінде әңгімелесу. 
 
 4. Оқушыларды шамадан тыс жаңа атаулармен таныстырудың қажеті жоқ, олар көпшілік жағдайда ұмытып қалады. 
 
 5. Табиғатта білімгерлердің зейінін табиғи объектілерге аудара білу. 
 
 6.Оқушылардың шаршағанын уақытында байқап, танымжорықты дер кезінде аяқтай білген жөн. 
 
 Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға не көретін және қалай бақылау керек екені түсіндірілді. Оларға жергілікті жерді бағдарлау үшін маршрут жобасын көрсетіп, табиғатта өздерін ұстау, мінез-құлық ережелері жөнінде нұсқа беріледі.  
 
 Мұғалім табиғат жөнінде ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармаларымен жете танысып, оқушылардың ұғым, түсініктерін арттыратын ақпараттық материалын дайындауға тиіс. 
 
 Мысалы, А. Құнанбаевтың «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерінде қазақ табиғаты толық және әсем суреттелген. Ұлы ақын әдеби тілмен табиғаттың өзгерісін, өсімдіктердің әсемдік және жануарлардың мінез-құлқын шебер суреттейді. 
 
 Танымжорықта қазақ сазгерлерінің әндері мен шығармаларын кең пайдалануға болады. Әсем ән мен тәтті күй оқушының түсінігіне жақсы әсер етеді. Әсіресе, Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлерінің мәні, мазмұны ерекше. 
 
 Танымжорықтың барысы оқушылар Талас өзенінің жағасына барып, ондағы өсімдік, жануарлар дүниесімен танысты. Өзен суының лайлану себебіне мән берді. Танымжорық барысына экологиялық түсініктерге сипаттама берілді. 
 
 Өзен жағасына бақылау жасау барысында оқушылар өзен экологиясымен танысты. Өзен жағасындағы адам әрекетінен болған өзгерістерді көріп, оның себептерін түсінді. 
 
 Оқушылар өзен жағасын бақылап, көргендерін айтып, ой өрісінің дамуына мүмкіндік алды және табиғатты сүюге, оның әсемдігін түсінуге үйренді. 
 
Табиғатқа танымжорық – оқушыларға экологиялық білім берудің, тәрбие берудің бірден-бір табиғи жолы. 
 
 Қорыта айтқанда өткізілетін апталықтар мен кештер табиғат байлығын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты – табиғатты қорғаудың басты нұсқасын насихаттау, бұл іске деген оқушылардың ынта-жігерін ояту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау. 
 
                                        III.Тәжірбиелік бөлім

         3.1. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері 
 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабақтарындағы тәжірибелік жұмыс кезеңі бақылаудан өтті. Бұл арнайы жасалған тәжірибелік жұмыс 2005-2006 оқу жылдары аралығында өткізілді.  
 Бұл курстық жұмыс болғандықтан осы тәжірибе жұмысына негізінен Тараз қаласының №30 қазақ орта мектепбінің 8-шы сынып оқушылары қатысты. Биология пән мұғалімі Жұмабекова Ұлтай Жұмабекқызы көмектесті. 
 Бірінші кезеңде 8-шы сыныптарды биология сабақтары арқылы экологиялық білім беру деңгейі сарапталды. Бақылау жұмыстары мен тест алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың күні бүгінге дейін экологиялық мәселелер бойынша практикалық қолданбалы дағдыға үйренбегендіктерін анықтадық. 
 Зерттеу бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін, дағдыларын үш деңгеймен анықтадық. 1.3.бөлімде қарастырылған. Жоғарғы деңгейі: экологиялық білімі берік, теория, сапалы, жүйелі түрде, «табиғат-қоғам» қалыптасу, даму диалектикасын талдай алады, табиғаттың экологиялық жағдайларының себеп-салдарын аша біледі. Табиғатты қорғауға арналған іс-шараға белсене араласып, ұйытқы болады. 
 Орташа деңгей: табиғатқа қамқорлық керек екенін түсінеді, бірақ оны қорғауда барлық уақытта белсенділік   көрсетпейді. 
 Төменгі деңгей: экология білімін нашар меңгерген. Табиғатты қорғау керектігін түсінеді,бірақ оны іске асырмайды. 
 Алған білімдер көмегін тексеріп, қорытындысын таңдаған уақытында тәжірибелік жұмысының бас кезінде 8-шы сыныптарындағы оқушылардың 20,7%-тен аспады, яғни олардың білімі тек түсініктер деңгейінде ғана болды. Оларды табиғаттағы экологиялық апаттардың себептерін, заңдылықтарын түсіндіруде табиғаттанудан, биологиядан, географиядан алған білімдерін қолдана алмады. Бұның себебі бұл пәндердің мазмұнына экологиялық мәселелерді шешуге толық бағытталмаған еді.  
 Тәжірибелік жұмыстарды өткізу барысында 8-шы сыныптардағы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі, жүйесі тексерілді. Сабақты жүргізу арқылы экологиялық білім беру ісін сыныптан тыс жүргізген жұмыстармен тығыз байланыстырдық, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра отырып оқытудың нәтижесінде білімдік, тәрбиелік мәселелерін шешіп соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарлағандығын байқадық. 
 Тәжірибелік – эксперименттік жұмыста оқушыларға анкета таратып, «Бізді қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы арасында қандай өзара байланыс бар деп ойлайсың?»- деген сұраққа бірнеше дәл жауаптар алдық, яғни, оқушылардың 58,4%.Арал, Балқаш, Семей апатымен адамдардың денсаулығы 37,8% зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері жөнінде дұрыс түсініктерін білдірді. Бізде талдау жасауға алынған жауаптарды іріктеуге әрбір тақырыптардан соң жалпы экология бойынша оқушылардың білімдерін талдау үшін тест сұрақтарын пайдаландық. 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Қорытынды

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде биология пәнінің орны ерекше.Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды: - жоғары сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру; мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу; экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау. Жоғары аталған міндеттерді шешу үшін биология пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді: Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.  Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім. Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша  
түсіндірмелері) оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000 
1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997. 
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995- А: Жеті Жарғы, 1998 6бап-8б  
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.А:Білім,1997 
4.  Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А: Ана тілі, 1995.-6б. 
5. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми   баспа орталығы,2001. -555б.  
6. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.-Алматы, 1996.-45с. 
7. Руссо Ж.Ж.  Педагогические сочинение т.2-М.,1977.-465с. 
8. Белинский В.Г, Чернышевский А.И, Добролюбов Педогогические наследие. –М.,1954.-25с. 
10. Герцен А.Н. Диалетизм в науке. Письмо об изучении природы (1842-1846) собр.Сочин в 30-томах.-М.,1954.-24с. 
11.Писарев Д.И. Педагогика–М.,1977.-46с. 
12.Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А: Ер Дәулет, 1994.-84б.  
13.Люблинская А.А. Формирование нравственной позиции начинается в детстве.М: Начальная школа,1982.-85с. 
14.Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі.–Алматы: Қазақстан,1980.-72б. 
15.Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с. 
16.Дарвин Ч. Происхождение видов.- М: Госсельгиз, 1952. -98с. 
17.Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг: соб. 1908 1т.- 274 с 
18.Ушинский К.Д. Собр. Соч. Том 10-М.-Л:1950.-87с. 
19.Сухомлинский В.А. Балаға  жүрек жылуы.А:Рауан,1992.-82б.  
20.Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с. 
21.Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991. 
22.Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.  
23.Балтабаев М, Ұзақбаева С, Қышқышбаев П, Быковский М, Әлмұхамбетов Б, Жолымбетов К, Елім-ай ән-күй пәнінің бағдарламасы. – А: Рауан,1991.-36б. 
24.Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А.,1991. 
25.БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б. 
26.Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б. 
27.Сәтімбекова Р.Табиғат қорғау.А:Рауан,1992.-92б. 
28. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің 
педогогикалық негізі. //Қазақстан   мектебі,1996.-127б.  
29.Жарықбаева Қ.Б. Психология А: Білім, 1993.-69б. 
30. Ильина А.Н. Педогогика А: Мектеп, 1977-175с.

Информация о работе Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы