Денсаулық сақтау
саласындағы ақпараттандырудың
принциптері:
1) басқарудың барлық
деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді
стандарттау мен
ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың
бірыңғай саясатын
әзірлеу мен іске асыру;
2) денсаулық сақтау
және ақпараттандыру саласындағы
халықаралық стандарттарды
кеңінен пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес
қолжетімділігі шектелген
электрондық ақпараттық ресурстарды
қоспағанда, денсаулық
сақтау органдары мен ұйымдарының
қызметі туралы ақпаратты
қамтитын электрондық ақпараттық
ресурстарға еркін
қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жариялы таратылуының
міндетті сипаты белгіленген
электрондық ақпараттық
ресурстарды берудің уақтылығы, оның
объективтілігі,
толықтығы және дәйектілігі;
5) денсаулық сақтаудың
ақпараттық ресурстары деректерінің
сақталуы мен құпиялылығын
қамтамасыз ету;
6) әрбір пациент
туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды
және пациенттің персоналдық ақпаратқа
қол
жеткізуін қамтамасыз
ету;
7) медициналық
ақпараттың пациентпен ілесе
жүруін
қамтамасыз ету принциптеріне
негізделеді.
7. ҰЕЖ - өзара байланыстылықтағы
статистикалық көрсеткіштер жүйесінің
макродеңгейде аяқталатын, нарықтық экономикаға
барабар ұлттық есеп.Ұлттык есепшоттар
- өндірісті, ақтық өнімді және ұлттық
табысты бөлуді, қайта бөлуді пайдалануды
сипаттайтын экономикалық-статистикалық
көрсеткіштердің жиынтық жүйесі. Тарихи
ұлттық есеп жүргізу жүйесінің (ҰЕЖЖ) ізашары
- ұлттық табыс есебі. Мемлекеттің экономикалық
рөлінің белсенділігі туралы Дж. М. Кейнс
идеясының дамуына орай экономистер ұлттық
шаруашылықтағы өзара байланыстылықты
зерттеу қажеттілігін мойындаған болатын.
30-шы жылдары ұлттық табысты есептеп шығару,
оны бөлу, және пайдалану проблемасымен
Дж. Стэмп, А. Боули, К.Кларк, С.Кузнец және
тағы басқа шетелдік ірі ғалымдар шұғылданды.Ұлттық
есеп шот жүйесі тұңғыш рет Голландияда,
Францияда, Германияда, Англияда пайда
болды. Кейнс ілімі шаруашылық процестерді
макродеңгейде зерттеудің статистикалық
тәсілдерінің орнығуы жөнінен көрнекті
орын алды. Бұл ретте Кейнсті "ұлттық
есеп жүргізудің әкесі" деп атайды.
ҰЕЖЖ практикалық талдау жасалынуына
Дж. Р. Хикс, Р.Стоун және басқалар зор үлес
қосты. Ұлттық есеп жүйесінің жасалынуы
экономика теориясында және практикада
төңкеріс болып шықты; ҰЕЖЖ экономистер
мен финансистерге экономиканың қандай
да бір қызмет түрінің қаншалықты "материалдығына"
қарамастан оның құндылық формасын іс
жүзінде түгелдей қарап шығуға мүмкіндік
береді.
15. Әлеуметтік
саясат ұғымы, міндеттері
Әлеуметтік мәселелерді
реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты
қажет етеді. Әлеуметтік
саясат – бұл барлық азаматтардың
жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын
жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған
экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды
бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік
саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін
ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін
арттыруға, еңбек ресурсының білім және
мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш
күштердің ғылыми техникалық деңгейіне,
қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты
анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың
ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп
өндірістегі экономикалық шығындарды
қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке
дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік
салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы
салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі
жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты
— қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени
және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз
ету.
Әлеуметтік саясаттың
негізгі мақсаттары:
Қоғамдық қатынасты
үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
Халықтың материалдық
тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау,
қоғамдық өндіріске қатысу үшін
экономикалық ынталандыру, әлеуметтік
мүдделерді теңестіру.
Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
Қоғамдағы еңбекпен
қамтамасыз етуге ықпал ету.
Қоғамдағы қылмыс
деңгейін төмендету.
Әлеуметтік салаларды
(білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет,
тұрмыстық
үй т.б. ) дамыту.
Еліміздің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
- Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі
бағыттары:
- 1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- — молшылық — жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.
- — қалыпты өмір — адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
- — кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- — жоқшылық — бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
16. Республиканың
қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік,
экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен
сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды.
Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың
мамандандырылу қағидасына сәйкес республика
аймақтарын төрт топқа
бөлуге болады.
шаруашылықтарының
құрылымы экспортқа бағытталған;
Сонымен бірге осы
топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі
тиіс мәселелер
келесідей:
экологиялық дағдарыстың
тереңдеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын
халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи
ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті
ауылдық аймақтардан, кіші және шағын
қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден
республикамыздың басқа аймақтарына орын
ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет
жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық
және гуманитарлық көмектерді тарту және
оларды тиімді пайдалану.
Аймақтағы дағдарыстың
нақты белгілері мынадай:
өндіріс қарқынының төмендеуі;
халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз
тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
демографиялық, экологиялық,
әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы
мәселелердің күшеюі және т.б.
24. Салық және басқа
төлемдер деп заң актілерімен белгіленген
тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің
бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға
міндетті түрде жасайтын жарнамалары
аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы
бола отыра салықтар мына жағдайларда
жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда
болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады.
Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің
дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).
Салық салу - бұл табысты
және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды
толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет
пайда болысымен тарихи салық та пайда
болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді,
соншама экономикалық теория оптималды
салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет
Адам Смит қалыптастырған.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше
қағиданы қолданады:
Ø Жалпылай, яғни табыс
табатын барлық экономикалық тұлғаларды
дамыту;
Ø Тұрақтылық, яғни
уақытында салық мөлшері мен салық түрінің
тұрақтылығы;
Ø Тең күштеу, яғни
салықты салу барлық салық төлеуші үшін
бірдей болуы керек;
Ø Міндеттеме, яғни
салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау,
салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның
дербестілігі;
Ø Әлеуметтік-әділеттілік,
яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін
құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа
аяушылық ықпал жасау;
Салықтар салық салу
объектісіне қарай тікелей және жанама
салықтар болып бөлінеді. Тікелей салықтар
жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе
мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға
мына салықтар жатады:
Заңды және жеке тұлғалардың
табысына салынатын салық;
Мүлік салығы;
Жер салығы;
Бағалы қағаздар
мен жүргізілетін операцияларға салынатын
салық;
Жер қойнауын пайдаланушылардың
арнайы салығы мен төлемі;
Көлік құралдарына
салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жанама салықтарға
салықтар жатады:
Қосылған құн салығы;
Акциздер;
Баж салығы;
Яғни бұлар тікелей,
жанама түрде тауар немесе қызмет құны
арқылы алынады.
Жанама салықты сатушы
емес, сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді.
Тауар немесе қызмет
бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен,
іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен
соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне
қарай салықтар:
1) Жалпы
2)Арнайы болып
бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке
түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатқа
жұмсалады. Бұған жататын салықтар: заңды
және жеке тұлғалардан алынатын табыс
салығы, қосылған құн салығы, акциздер
және т.б.
Арнайы салықтар
бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген
міндеттер бойынша нақтылы шараларға
жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына
салынатын салық. Бұлар жол қорын құруға
жұмсалады.
Салықты алатын және
оған иелік ететін органдардың ерекшелігіне
қарай салықтар 2 бөлінеді:
1) Жалпы мемлекеттік
2) Жергілікті.
5. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік
ауқымдану, глобализация
(ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы)
— жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени
және ақпараттық
тұтастық құрылуының үрдісіҚазіргі уақытта
экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары
бар:
а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының
қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет
етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының
өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер
мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық,
валюталық трансакциялардың жаhандық
желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру
және сауда операцияларын жаhандық желіге
аударылуы;
3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық
құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық
экономикалық және әскери-саяси
одақтар Жаһанданудың барынша
жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді.
Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде
болашақта ұлттық мемлекеттерге
немесе басқа да аумақтық құрылымдарға
бөлінбейтін біртұтас өркениет
құрылуы мүмкін деген болжам
айтылады.
19. Еңбекақы бұл жұмыскеге
оның еңбегі үшін сапасына, санына және
шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес
берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы
қажетті өнімнің құнына тең және оның
ақшалай түрі болып табылады . Еңбекақы
төлеудің ақшалай және заттай нышандары
бар.
Еңбекақы төлеу негізгі
және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай
төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және
кесімді еңбекақы төлеу кезінде
орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері
үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан
ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни
мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға,
мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс
жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз
тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы
үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық
келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда
қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар
үшін төлемдер жатады: