- демалыс уақыттарына
ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық
міндеттерді орындаған уақыттары үшін
ақы төлеу;
- кішкентай балалары
бар аналарға жұмыстағы үзілістері
үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге
белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы
төлеу.
28. Жұмыссыздық түсінігі
Анықтама бойынша жұмыссыздық — халықтың
активті бөлігінің жасауға қабілетті
жұмыс таба алмау.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай
келетін адамдардың азаюынан, адамдардың
санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз
ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген,
жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар
айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
• Фрикционды
• Структуралық
• Циклдық
• Сезондық
• Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының
бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан
пайда болады. Бұл экономикада тұрақты
түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық
қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің
структурасы жақсарту арқылы жетуге болады
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс
структурасы мен еңдіріс технологиясы
өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен
жаңа процестер есебінен жұмысшылардың
профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды
түрде төмендеуімен байланысты болады.
Сонда өндірісті аздаған инвестицияның
есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек
ресурстары өте көп.
Жұмыссыздықпен күрес
Қазір көптеген мекемелер әлдекашан ұмытылған
проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне
ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, казір
олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы
төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар
жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ
немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне
қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы
мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер
мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл
мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке
осы секторды басқару үшін белгілі бір
стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен
орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды
шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде
жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді,
себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы
салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын
өйткені ол кедей елдерден имигранттар
келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға
жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы
екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық
реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа
жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы
жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске
алған жөн
27. Банктің мазмұны мен атқарылымы
оның экономикадаы маңызын көрсетеді.
Банктің маңызы оған жүктелген
міндеттермен айқындалады. Банкке
жүктелген міндеттер мыналарды
қамтамасыз етеді:
- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін
қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды,
ресурстарды шоғырландыру;
- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны
рационализациялау болып табылады.
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық
есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде
қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын
тарту, орналастыру және басқа банктік
операцияла жүргізетін мекеме.
Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру
атқарымынан, бір жағынан банк уақытша
бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші
жағынан, оларды басқа уақытша қосымша
қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші
субъектілерге беруші.
Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру,
кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен
айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп
қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін
жеделдетеді«Қазақсатан республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы» республика
Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы
заң күші бар жарлығындағы «Қазақстанда
екі денгейлі банк жүйесі бар» деліген.
Ұлттық банк –мемлекеттің орталық банкі,
ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші денгейіндегі)
банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің
төмегі (екінші) денгейіндегі банктер
делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында
нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік
формасындағы банктер мен несие мекемелері
қызмет істеуде. Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен
құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық
қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей
және порфельдік инвестиция тартумен
шұғылданатын екінші енгейлі банк.
5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған
акцияларының үштен бiрiнен астамы
Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада
“Айырбас орындағы-Айырбас орны” дегендi
бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен
сауда жасалатын алаңдарда құрылады.
Ұлттық Банк мынадай
классикалық қызметтерді атқарады:
ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;
мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
төлем жүйесін ұйымдастыру;
валюталық реттеу
және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
төлем балансын құрастыру.
Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда
аталған қызметтерге қоса төмендегідей
өзге қызметтерді атқару жүктеледі:
Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;
Жинақтаушы зейнетақы
корлары.
Қаржы нарығының
барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.
22. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты
мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын,
яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа
шетел валюталарына қатысты түрактылығын
қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие
саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын,
несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы
банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк
болып табылады. Ал ақша-несие саясатының
Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз
ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-
несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие
саясаты;
Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие
саясаты — екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге
және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие
саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және
сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
30. БҰДЖ негізгі қағидаттары:
медициналық ұйымды және дәрігерді еркін
таңдау;
медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің
айқындылығы;
бәсекеге қабілеттілік;
ақырғы нәтиже үшін ақы төлеу
3. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ)
– 1946 жылы БҰҰ-ның
жанынан құрылған халықаралық медициналық
мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау
Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі
мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың
денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның
жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік
денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік
Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы
— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы.
БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі
бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)[1]
Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.
Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.
Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық
препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік
сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық
стратегиясын талдап-белгілеу.
Мекен-тұрағы — Швейцария,
12. Комитет өз қызметiн
Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен заңдарына, Қазақстан Республикасының
Президентi мен Үкiметiнiң актілерiне, өзге
де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ
осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет
заңнамамен белгіленген тәртіппен өзіне
жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай
функцияларды жүзеге асырады:
әр түрлі бейін мамандарының қатарынан
тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін
қалыптастыру;
көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық
қызметтердiң деңгейi мен сапасына азаматтардың
қанағаттану дәрежесiн айқындау;
медициналық қызмет көрсету саласындағы
мемлекеттік саясатты iске асыру;
денсаулық сақтау саласындағы бірлескен
халықаралық жобаларды іске асыру;
жеке тұлғаларға халықтық медицинамен
(емшілікпен) айналысуға куәлік беру;
медициналық білімі бар мамандар үшін
біліктілік емтихандарын өткізу;
денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу;
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін
бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу
үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың
жергiлiктi органдарының, республикалық
денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының,
сондай-ақ басшылардың орынбасарларының
кәсіби құзыреттiлiгiн аттестаттау;
республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын
жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке
жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық
және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі
медициналық қызметті лицензиялау;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми
ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік
аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
медициналық қызметтердің, сондай-ақ дәрілік
заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың,
емдеудің және медициналық оңалтудың
жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауға
рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық
сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың,
емдеудің және медициналық оңалтудың
жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға
рұқсаттар беру;
денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың,
сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен
айналысу жөніндегі ереженің сақталуын
бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен меншік нысанына
және ведомстволық тиесілігіне қарамастан
денсаулық сақтау субъектілері көрсететін
медициналық көмектің сапасы мен көлемін
бақылау;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық
сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың,
емдеудің және медициналық оңалтудың
жаңа әдістері мен құралдарын қолдануды
бақылау;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
мен дәрілік заттардың сараптамасын қоспағанда,
медициналық сараптама жүргізуді бақылау;
медициналық қызметтің жарнамасын бақылау;
медициналық қызмет саласындағы біліктілік
талаптары мен лицензиялау ережелерінің
сақталуын бақылау;
халықтық медицина (емшілік) қызметін
көрсетуді бақылау;
медициналық көмек көрсетудің барлық
деңгейінде дәрілік заттарды тағайындауды
бақылау;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық
техниканы оңтайлы пайдалануды бақылау;
көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы
мәселелерi бойынша азаматтардың шағымдарын
қарау.
20. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек
нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын
көрсетеді. Ол — экономикалық
динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық
теорияның предметі мәселелерінің екінші
жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың
материалдық және рухани қажеттіктерін
қамтамасыз ету, қоғам
дамуының өнегелік негіздерін күшейту.
Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі,
қабілеті адамдар капиталын
құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы
өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып
табылады.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты
материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып
табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық
табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық
табыстың жан басына шаққанда келетін
өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың
көбею
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін
екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің
(ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық
мүмкіншілігінің молаю шапшандығын
бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір
адамға шаққандағы өсуі. Халықтың
әл-ауқатының дамуын талдағанда,
немесе елдер мен аймақтардағы
тұрмыс дәрежесін салыстырғанда
қолданылады.
Экономикалық өсудің
негізгі екі типі бар: экстенсивтік
және интенсивтік.
Экономикалық
өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер
мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың
тікелей факторларының көпшілін қолдану
арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын,
жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын
және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің
нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға
жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының
арасындағы пропорциялары тұрақты болып
саналады.
Экономикалық өсудің
интенсивтік типікерісінше сипатталады
- өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары
сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогресивтік технологияларды
қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары
еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану
арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің
нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық
шығындардың өзгеру қарқынынан артық
болып отырады.
9. Экономикалық цикл
– бұл дағдарыстар арасындағы
мерзім және осы кезде оның
төрт фазасы ауысады. Дағдарыс
тауарлардың артық өндірілуі, несиенің
азаюы және процентінің жоғарылауы
арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы
азайтады және өндірісті төмендетеді.
Кәсіпорындардың банкрот болуына
әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың
сипаттамасы келесідей: 1. Артық өндіріс
себебінен өндірістің көлемі
қысқарады, банктер мен кәсіпорындар
банкротқа ұшырайды. 2. Жалақы төмендейді,
жұмыссыздық өседі. 3. Бағалы қағаздар
нарығы құлдырайды, акция курстары
төмендейді. 4. Ақшаға сұраныс өседі,
пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл
сатыда өндіріс төмендеуін қояды,
бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының
сипаттамасы: 1. Өндірістің құлдырауы мен
бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында
болады. 2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде
болады. 3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз
мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің
салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы: 1. Дағдарыстан
аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын
жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі.
Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы
жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы
дәрежеге жетеді. 2. Инвестициялар өседі.
3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс
өседі. 4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара
бастайды. 5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз
мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының
сипаттамасы: 1. Өндірістің көлемі дағдарыс
алдындағы дәрежеден артады. 2. Жұмыссыздық
деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3. Тауарлардың
бағасы өседі. 4. Қарыз капиталының ұсынысы
өседі. 5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп
шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам
басады