Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 19:55, реферат
Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме. Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша несие саясаты Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. 2. Фискальдық саясат Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. 3. Жалақы мен тарифтер саясаты Жалақыны өсіру. Жалақыны төмендету. 4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. Мақсат: Шаруашылық белсенділігін ынталандыру Шаруашылық белсенділігін тоқтату.
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады
10. Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы.
Түрлері: Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға рқылы реттеледі.
26. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді:
1) Қазақстан Республикасының
2) уәкілетті орган;
3) өзге де орталық және жергілікті атқарушы
органдар осы Кодексте белгіленген құзыреті
шегінде жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
реттеу:1) медициналық, фармацевтикалық
қызметті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау;
2) медициналық және фармацевтикалық қызметті
лицензиялау;
3) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы, адам
денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер
мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу
деректемесіне өзгерістер енгізу;
6) денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
техникалық регламенттерде, стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттарда және
шарттар талаптарында белгіленген талаптарға
сәйкестігін растау;
7) дәрілік заттардың және мемлекеттік
денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін
медициналық қызметтердің бағаларына
мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге
асырылады.
25. макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]
Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің көптеген үлгілері болады.
Ф.Кенэнің (1694—1771 жылдары) «Экономикалық кестесі». Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс процесі мен қоғамдық жиынтық өнім айналымына жалпы талдау жүргізген. Ол барлық қоғамды үш тапқа бөледі: фермерлер табы — бұл өсімтал тап (ауыл шаруашылығына барынша қатынасатындар); иемденуші, меншік иелері табы (дворяндар, дін басшылары, чиновниктер, король өзінің көмекшілерімен); өнімсіз тап (ауыл шаруашылығымен айналыспайтындар, меншік иелеріне жатпайтындар).
Ф.Кенэ саяси экономия тарихында тұңғыш рет жиынтық қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісі мен айналыс процесіне талдау жүргізген.Ол елдегі өндірілген дайын өнім айырбас арқылы қалай бөлінетінін және осының нәтижесінде өндірістің үзілмей қайталап жалғасып жүріп отыруының шарттары қалай жасалатынын көрсетеді.
Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесінің" шарты бойынша ұдайы өндіріс процесі бес актіден тұрады
Информация о работе Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері