Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.
Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:
Іс-әрекеттер:
Қолдарға қан тигенде жүргізілетін өңдеу.
Оларды 2 минут ішінде антисептикалық ерітінділер мен мол дымқылданған тампонмен өңдеу керек.
А) 0,1 % дезоксон ерітіндісі
Б) 70 °С спиртке және 5 минуттан кейін ағынды сумен шаю.
Медициналық қалдық кластары. Медициналық қалдықтарды класына
байланысты жинау, зиянсыздандыру және сақтау ережелері
«Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық – эпидемиологиялық нормалары мен ережесі ҚР № 533 23. 07. 2010 бұйрығымен бекітілген
Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар ережесі мен нормалары
Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:
Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз түстері бар:
А класы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы – радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.
Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба қолданылады.
Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға; қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.
Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу, зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.
А класының қалдықтары – қауіпсіз - әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.
Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) - операциялық, реанимациялық және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме, әжетханаларда болады.
В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында, 1-2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық қалдықтар.
Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып, қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады. Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды. Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц, ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады, жоюға жіберіледі.
Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар - диагностикалық, химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық лабораторияларда болады: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар, вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік класына сай жүргізіледі.
Д класы қалдықтары - радиоактивтік медициналық қалдықтар - құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.
Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек, тасымалдауды арнайы дайындалған қызметкер орындайды.
Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
+ 5˚С-тан
аспайтын температурада
Емдеу бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі
Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртіледі. Осыған орай бөлімшенің жұмыс бөлмесінде дезинфекциялық ерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет.
Төсекке камералы зарарсыздандырудан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр кабылдағыш, жылытқыш, т.б.
Науқас жазылып шыкқаннан кейін жеке колданылынған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен бірге гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық биттен арылу үшін қайта тазалаудан өтеді.
Рұқсатпен әр ауру өз бөлімшесінде гигиеналық душ (7-10 күнде 1 рет) қабылдай алады. Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ кабылдағаннан кейін және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімшенің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады. Жамылғылар ауыстырылғаннан кейін палатадагы заттар дезинфекциялық ерітіндіде дымқылданған шүберекпен сүртіледі.
Пайдаланған жамылғыларды іріктеу мен сараптауға арналған бөлме ауасы таза, еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялуы қажет.
Жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап болу қажет. Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезинфекциялық ерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап зарарсыздандырылады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған ыдыс пен шүберек бөлінеді, олар жинаудан кейін зарарсыздандырылады.
Науқастар күнде таңертең және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Сондықтан бөлімшеде белгі соғылған ыдыстар болуы керек (шәйнек, леген т.б. ыдыстар пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылады).
Науқастарға палатадағы көрші төсекке отыруына тиым салынады, сонымен қатар келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек.
Палатаның ауасы күніне кем дегенде 4 рет тазартылуы қажет. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық наукастар мен аурухана қызметкерлері үшін қатаң қадағалану керек.
Ауруханалардың бөлімшелерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталу керек. Науқастар мен медицина қызметкерлері бәлімшеде дауыстап сөйлемеуі қажет, бөлмелерді таңертең ерте және кешке кешігіп жинамау қадағалануы керек.
Наукастарға басқа бөлімшелерге баруға рұқсат етілмейді. Қолданыста болған аяқ киімдер науқас ауруханадан шыққаннан кейін зарарсыздандырылады.
Бөлімшелерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет 2% ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе 2% ыстық cинтетикалық жуу ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.
Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімшенің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.
Белгі соғылған тазалау мүліктері катаң белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсатты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін мүліктері мен шүберекті жинап зарарсыздандырылады және тиісті жерде сақтайды.
Бөлімшедегі қызметкерлерді медициналық бақылау мен тексеру