Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 22:17, курсовая работа
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
4.1. Қазақстан Республикасының Кокституциясында "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық" сөздері, біріншіден, Конституция нормалары жәй декларациялар емес, тікелей қолданылатынын; екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетін нормативтік қүқықтық актілердің ғана қолданылатын актілер болып танылатынын; үшіншіден, Қазақстанның үлттық актілері тек Республиканың мемлекеттік органдары қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілерден ғана емес, сонымен бірге халықаралық шарттарынан және республиканың өзге де міндеттемелерінен тұратынын атап көрсету үшін қолданылған.
Теорияда "қүқық" сөзі мемлекет белгілеген немесе рүқсат берген кұқықтық нормалардың жиынтығы (жүйесі) ретінде түсініледі. Қазақстан Республикасының Коңституциясында "қолданылатын құқық" Конституция нормаларының және Конституцияға сәйкес мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік қүқықтық актілердің жиынтығы ретінде келтіріледі. "Қолданылатын кұқық" деп келтірудің мейлінше терең заңдық мәні бар сияқты. Біздің пікірімізге, онын, себебі мынада, нормативтік қүқықтық актілер тек қүқық нормаларына ғана емес, сонымен бірге басқа да қүқықтық элементтерден: қүқықтық анықтамалардан, ұғымдардан, принциптерден, идеялардан, декларациялардан, кіріспелерден және тағы басқаларынан түрады. Қүқықтың тек нормалары ғана емес, тұтас нормативтік қүқықтық акт қоғамдық қатынастарды реттеуге (ретке келтіруге) бағытталған. Әрбір құқык, элементінің өз мақсаты, бағыты бар және тиісті рөл атқарады. Демек, нормативтік қүқықтық актілердегі қүқық нормалары ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда нормативтік қүқықтық актілер де қолданылатын қүқықтың қайнар көзі болып табылады.
Осы баптың аталған тармағында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы бар органдардың бәрі бірдей тізілмеген. Конституцияға сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға құқылы субъект - халық, Президент, Парпамент, Үкімет, орталық атқарушы органдар болып табылады. Сонымен бірге 4-баптың 1-тармағында қолданылатын құқыққа Конституцияға сәйкес республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соты жататындығы көрсетілген, Аталған органдардың нормативтік емес актілері қолданылатын қүқық актілері болып табылмайды.
4.2. Қазақстан Республикасының
Конституциясында Ресей
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші конституциялық заңдары сияқты жәй заңдардың да, өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмеуі тиістігін, барлық деңгейдегі мемлекеттік үкімет органдарының, лауазьімды адамдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді. Консти-туцияның жоғары заңдық күші Конституцияға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген құқықтық нормаларының, ережелерінің заңдық күші жоқ деп есептелетінін және олардың күшін жоюға жататындығын білдіреді.
Конституция нормаларын тура қолдану мемлекеттік органдардың олар реттейтін қоғамдық қатынастарға тікелей қолдануын білдіреді. Конституцияның тура қолданылуы оның құқықтық жасампаздық рөлінен де көрінеді. Конституцияда қандай заңдар қабылдау қажеттігі атап керсетілген. Осы заңдар не нақты аталады, не атаусыз нұсқалады. Демек, Конституцияда Конституциялық Кеңестің құзыреті мен қызметі конституциялық заңмен реттелетіні айтылған. Парламенттің заң шығарушыпық қьізметі: меншік режимі, салық салу, сот құрылысы, сот ісін жүргізу және басқалары туралы заңдар шығаратыны жалпылай көрсетіледі.
Конституцияда жоғары мемпекеттік үкімет органдарының норма шығарушылық өкілеттігі белгіленген. Конституцияда көрсетілген шеңберде олар нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
Конституцияның нормалары: а) егер реттелуге жататын қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы нормалар жоқ болса; ә) егер коғамдық қатынастарды реттеу ұшін арнайы нормалар қабылдаудың қажеттігі жоқ болса; б) егер бар нормалар Конституцияның нормаларына қайшы келсе тікелей қол-данылады.
4.З.Дазақстан Республикасы Президентінің, "Қазақстан Рес-публикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою туралы" 1995 жыпғы 12 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығы Республиканың халықаралық шарттарына байланысты мәселелерді реттейді.
Қазақстан Респубпикасының халықаралық шарттары - ол Қазақстан Республикасының шет мемлекет пен (немесе мемпекеттермен) не халықаралық үйымдармен жазбаша түрде жасалған және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше қүжатта бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ оның, нақты атауына тәуелсіз халықаралық қүқық пен
реттелетін келісім.
Қазақстан Республикасының халықаралык, шарттары шет
мемлекеттермен:
Қазақстан Республикасының (мемлекетаралық шарттар);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің (үкіметаралық шарттар);
Қазақстан Республикасының Республика Президентіне тікелей бағынатын және оның алдында есеп беретін министрліктері, мемлекеттік комитеттері және өзге де орталық органдары (ведомствоаралық шарттар) атынан жасалады.
Халықаралық шарттардың бәрі бірдей бекітілмейді .Бекіту -ол үшін халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламенті арқылы бекіту жолымен Республиканың міндеттеме алуға келісуін білдіру әдісі.
Қазақстан Республикасынын, Парламентпен бекітілетін халықаралык, шарттарына:
1) қолданылатын заңдарға өзгерістер енгізілуін немесе жаңа заңдар қабылдануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгеннен өзге ережелер белгілеуді талап ететін;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының өтетіні туралы шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық шекараласуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймақтары мен қүрылықтық шельфінің шекараласуы туралы;
3) қарусыздану немесе
қарулануларға, халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге халықаралық бақылау
4) егер мұндай шарттар
оларға Қазақстан
Уағдаласушы мемлекеттер шарттар жасасу кезінде оны кейін бекітуге келіскен жағдайда Казақстан Республикасының халықаралық шарттары бекітуге жатады.
5) мемлекеттік займдар және Қазақстан Республикасына экономикалық және өзгедей көмек көрсету туралы халықаралық шарттар жатады.
Уағдаласушы мемлекеттер шарттар жасасу кезінде оны кейін бекітуге келіскен жағдайда Казақстан Республикасының халықаралық шарттары бекітуге жатады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттік маңызы бар және мемлекеттің егемендік кұқығына дейінгі көкейкесті мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттары бекітуге жатады.
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының оның заңдарынан басымдығы болады. Егер Конституцияда жай заңдар мен конституциялык, заңдардың шектелгендігін ескерсек, оңда, әрине, Қазақстан Республикасының Парламент бекіткен халықаралық шарттарының тек жәй заң алдында ғана басым екендігі түсінікті болады. Казақстан Республикасының Парләамент бекіткен халықаралық шарттары тікелей қолданылады. Бұл құқықтық нормалары бар мұндай шарттардың тиісті қоғамдық қатынастарды реттейтін, оларға қатысушылардың құқықтарын, міндетіері мен жауап кершіліктерін тудыратынын білдіреді.
Халықаралық шарттарда олардағы нормативтік ережелерді қолдану үшін заң шығарудың қажеттілін керсетілуі мумкін.
Онда халықаралық шарттардың ережелері заң қабылдау арқылы іске асырылады.
Сондықтан бекітілгенге дейін халықаралық шарттардың Қазақстан Респубпикасы Конституциясына сәйкестігі қаралады. Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгінуімен Қазақстан Реслубликасының халықаралық шарттарының Кон-ституцияға сәйкестігін оларды бекіткенге дейін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар бекітілмейді және қолданысқа енгізілмейді.
Мұндай заңның ерекшелігі мынада, біріншіден, оның қайнар көзі халықаралық шарт болып табылады, екіншіден, мұндай заңмен халықаралық; шартқа өзгеріс, толықтыру енгізілмейді; және үшіншіден, оған Казакстан Республикасының заңдарын қабылдау тәртібі қолданылады
4.4. Конституцияға сәйкес,
Республика қатысушы болып
Аталған барлық акілер, сондай-ақ өзге де баспасөз органдарында жариялануы, теледидар, радио арқылы хабарлануы, телеграф арқылы берілуі, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қазақстән Республикасының Заңдары, Парламенттің нормативтік сипаттағы басқа да актілері "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде немесе олардьің ресми қосымшаларында жарияланған күннен кейін он күн өткен соң Республиканың бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді. Заңның күшіне енуінің көрсетілген мерзімі Республика Парламенті актіні қабылдаған кезде оны қолдануға енгізудің басқа мерзімін белгілеген жағдайда қолданылмайды.
Бұл жағдайда әңгіме Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының барлық түрлерінің жариялануы жөнінде болып отыр.Казақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және олардың күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығында оларды жариялау тәртібі көзделген. Парламент бекіткен, Қазәқстан Республикасы үшін күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар Парламенттің ресми басылымдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген, бекітуге жатпайтын мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы, Президенттің келтірілген жарлығы белгілеген тәртіпте жүзеге асырылған үкіметаралық шарттар "Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жинағында" жарияланады. Ведомствоаралык,, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қосылуы Президент жарлығымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылған шарттарды қоса алғанда, Казақстан Республи-касы үшін күшіне енгізілген халықаралық шарттар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, келісімдерінің және жекелеген заң актілерінің Бюллетенінде" жарияланады) Қазақстан Республикасының шетел тілінде мәтіні бірдей жасалған халықаралық шарттары осы тілдердің бірінен қазақ және орыс тілдеріне ресми түрдегі аудармасымен жарияланады.