Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 22:17, курсовая работа
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының
2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттік органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;
3) осы нормативтiк құқықтық
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен жылы, күнi, айы;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) нормативтiк құқықтық актiге
қол қоюға уәкiлеттік берiлген
адамның немесе адамдардың
7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн мемлекеттік тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
Нормативтiк құқықтық актiнiң негізгі құрылымдық бөліктері құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлік, тармақша, тармақ және бап болып табылады.
Нормативтік құқықтық актінің бабының, тармағы мен тармақшасының ішінде бөлік - құқықтың қисынды аяқталған, бас әріптен басталатын азат жол арқылы бөлініп көрсетілген жеке нормасы болуы мүмкін.
Мәтіннің мағыналық жағынан тұтас, бірінші жолда азат жол арқылы бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.
Заңнамалық актілер, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлікті, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкін.
Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауы «тармақ» деген сөзбен жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөліктерді, абзацтарды қамтуы мүмкін.
Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау - бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемi үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар және кіші бөлімдер бөлiніп көрсетілуі мүмкiн.
Нормативтік құқықтық актілердегі параграфтар мен кіші бөлімдер тиісінше «параграф» және «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді.
Кодекс, әдетте, «бөлік» деген сөзбен жазылмайтын бөліктерге бөлінетін баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмірленеді.
Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кіші бөлімі және бөлімі араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары, тараулары, бөлімдері және бөліктері тұтастай нөмірленеді. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбір тарауындағы параграфтар және әрбір бөлімдегі кіші бөлімдер дербес нөмірленеді.
Тармақтардағы тармақшалар және баптардағы тармақтар тиісінше дербес нөмірленеді. Тармақтардағы тармақшалардың нөмірленуі жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай түрде белгіленеді: 1), 2), 3) және одан әрі қарай.
Заңды қабылдаудың мақсаттарын және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiм (кіріспе) берiледi.
Кiрiспе бөлiм (кіріспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында жазылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда, онда олардың мәнiн түсiндiретiн бап (тармақ) берiледi. Қазақ тіліндегі нормативтік құқықтық актідегі терминдер мен анықтамалар әліпбилік ретпен орналастырылады. Орыс тіліндегі нормативтiк құқықтық актiдегі терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған ретпен сәйкес келуге тиіс.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі тиісті нұсқауларды нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құқық нормасының мағынасына нұқсан келтірмей жазу мүмкін болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкін.
4.Құқықтық норманың белгілері:
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
Бұл идея тек халық арасында айтылып қалмай, билік тізгінін ұстаған лауазым иелерін ойлантқаны да көңілімізге сенім үмітін ұялатады. Олай дейтініміз, қоғамда орын алған құқық бұзушылық сипаттағы келеңсіз құбылыстарға үн қатып, оған білім беру мекемелері арқылы құқықтық насихат жүргізу іс-шарасы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі тарпынан арнайы қолдау тапты.
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген
жағдайларда “құқық” түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз иелігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдалануда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” (6 бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап).
Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық
құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі” деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттілігі туады. Азаматтарға сан-қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты тараптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық – үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңдегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.» (15 бап).
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы қажет. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы – оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.