Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 22:17, курсовая работа
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. (Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Формальдық анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді.
Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атынан жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі – мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. (25 бап) Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (3бап) Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция – құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер – заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.
Сонымен, қорыта келе айтарым, құқықтық норманың түсінігін ашпастан бұрын құқық ұғымын ашу керек екен. Ал құқық ұғымы – бұл ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.
Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.
Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.
Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.
Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.
Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.
1995 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасы Конституциясының 1 бабында
біздің Республика өзін
Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан
– 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан
Орта Азияның Барысына айналуды көздеп
отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты
ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере
отырып, демократияландыру бағытында
алға жылжып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды
6. Г. Адрасулова «Юридическое
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
8. «Қазақстан Республикасының
9. «Қазақстан Республикасының
10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.
12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.
13. Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан өз
дамуындағы жаңа серпіліс
14. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.
15. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.
16. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.
17. Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.
18. «Общая теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.
19 «Общая теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.
20. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
21. С.А. Дьяченко «Сильная власть-
сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.