Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

Жалпы осы қүкықтық реформаның өзінің рөлін орындағандығын атап көрсеткен жөн. Ол уақытша сипатта болған коғам дамуының белгілі кезеңі болды. Қазір реформалардан гөрі мемлекеттің қүқықтық дамуының түжырым-дамасы туралы көбірек айту керек. Енді қолданыстағы заңға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен кодификациялы қабылданған актілердің кемшіліктері жойылуға тиіс. Атап айтқанда, негізсіз айыптаудан және соттаудан, адам—мен азаматтың қүқыктары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды калайша толығамен камтамасыз ету және сонымен қатар қылмыстық процестің өзін барынша онай, қарапайым және тиімді етуге болады. Соңдықтан ҚР Әділет министрлігінің Қазакстанның күқықтық дамуының түжырымдамасын жүзеге асыру жүмыстарын жалғастыруға тиістілігі әділ айтылған.

Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің бүл жүмысы Қазақстан  Республикасы Президентінің 2002-жылғы 20-қыркүйектегі N949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қүқықтық саясат Түжырымдамасына сәйкес орайластырылған. Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру кажет. Бүл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дәйекті жүзеге асыру болып табылады (басқалардың арасында): сот ісін жүргізуді сотта іс қарауда айыптау функциясын қорғау функциясы мен істі шепгу функциясынан бөлек болатындай етіп қүратын тараптардың бәсекелестігі мен тең күкықтыға, сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген, халықаралық күқықтық нормалармен және Республиканың қылмыстық іс жүргізу заңымен танылған басқа да принциптер негізінде жүзеге асыру. Оның ішінде Түжырымдама қылмыстық сот ісін жүргізудегі қылмыстық саясат ізгілігі үрдісінің көрінісі мыналар болып табылатылдығын белгілейді (басқалардың арасында): жәбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің қүқықтары мен заңды мүлделерін кеңейту іс жүзінде қылмыстық процестің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс. Осы мақсатта адвокаттар мен азаматтардың сот төрелігінің тиісті сатыларына қатысуының нақты тетігін қамтамасыз ететін нормаларды қарастыру қажет.

Адвокаттық  қызметті реттеу үшін ерекше негіз  ретінде азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді шешуге жәрдемдесу бойынша соттар, әділет, прокуратура және тергеу органдарының ынтымақтастық мәселелері жөнінде мемлекеттер жасаған қүқықтық көмек туралы халықаралық шарттарының үлкен маңызы бар.

Мысалы, 1993-жылы 22-қаңтарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 12 мемлекетінің басшылары қол қойған, 1994 жылы 10-желтоқсанда күшіне енген азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша қүқықтық көмек және қүқықтық қатынастар туралы Конвенция, бүған 1997 жылы 28-наурызда Конвенцияға қатысушы мемлекеттер қол қойған Хаттамамен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Конвенцияның IV бөлімінде Конвенцияға қатысушы -мемлекеттер өтініші бойынша қылмыс жасаған адамдарды беру, қылмыстық ізге түсу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша өндіріске байланысты кейбір басқа әрекеттерді жасау туралы келісілген тәртіп белгіленді

Осы көп қырлы конвенция осы тектес екі жақты келісімді жасауға кедергі жасамайды. Олар да адвокаттық қызметті реттеуде қүқықтық негіз болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және кылмыстық істер бойынша өз-ара күқықтық көмек көрсету туралы 1996-жылғы 26-тамызда Шарт жасалған, осы шарттың 37-бабына сәйкес "уағдаласушы тараптардың бірінің өкілдері екінші жақтың келісімімен өзге уағдаласушы тараптың қылмыстық іс бойынша қүқықтық көмек көрсету туралы өттінішін орындау кезінде қатыса алады".

Адвокаттар ролі туралы негізгі ереже БҮҮ Пактісі ерекше орын алады (Нью-Йоркте 1990-жылғы тамызда қылмысты ескерту жөніндегі БҮҮ сегізінші Конгресінде қабылданды). Бүл қүжатта адвокаттар, судьялар, прокурорлар, заң шығарушы және атқарушы билік өкілдері мен жалпы қоғам назарына ілігуге тиіс негізгі тәртіптер мазмүндалған: қатысушы-мемлекеттерге олардың міндеттеріне жәрдемдесу және үлттық заңдарды әзірлеу мен оны қолдану кезінде Үкіметтер сыйлауға және кепілдік беруге тиіс адвокаттың тиісті ролін қамтамасыз етуге. Бүл принциптер сонымен қатар адвокаттың формальды мәртебесін алмай адвокаттық міндеттерді жүзеге асыратын адамдарға да қолданылуға тиіс.

Қазақстан қүкығындағы  жана негіздер, жоғарыда атап өтілгендей, Республиканың Коңституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, олар қолданыстағы заңдардың қолданылуын міндетті түрде түсіндіруді мазмүндайтын актілер болып табылады. Адвокаттық қызмет туралы заңның мазмүнына және оны қолдану практикасына эсер еткен Конституциялық Кеңестің қаулысына, мысалы, "Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабы 1-тармаған, 14-бабы, 1-тармаған, 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасын, 79-бабы  1-тармағын және 83-бабы  1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997-жылға 6-наурыздағы N3 Қаулысын жатқызуға болады.

Атап айтқанда, Конституция 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында занды қолдану кезінде соттар басшылыққа тиіс сот төрелігін іске асырудын негізгі конституциялық принципттерінің бірі мазмүндалған: "өзіне заңмен көзделген сотталығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды". Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ресми түсіндіруге байланысты Конституция 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасының нормасын төмеңгі түрған соттың соттау қүзырын жоғары түрған соттың өз іс жүргізуіне қабылдауы, сондай-ақ сотталықты өзгертуге әкеп соғатын сол денгейдегі басқа сотқа істі тапсыру ісі сотта қаралып жатқан адамның келісімімен ғана ықтимал деп түсіну керектігі туралы қаулы етті. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 2-шілдедегі N12/2 Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы Қаулысын жатқызуға болады. Атап айтқаңда, осы қаулыға сәйқес мына жайттар белгіленді:

- өз атауына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аты қосылатын облыс, республикалық маңыздағы қала мен астана аумағында бір адвокаттар алқасын қүру туралы норма Конституция 39-бабы 1-тармағының нормасына қайшы келмейді, өйткені "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабынын 3-тармағы адам мен азаматтың конституциялық және басқа да күқықтарын шектеуге бағытталмаған. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес оларға білікті және міндетті заң көмегін көрсетуге арналған. Бүл Қазакстан Республикасы Конституциясы 39-бабы 1-тармаға мақсаттарының бірі болып табылады;

- бірлестіктер бостандығана Республика азаматы ретіндегі адвокаттар қүқығын олар өз мүшелерінің заңды мүлделерін ортақ мақсатта қорғау үшін ерікті қүрылған қоғамдық бірлестік (ассоциация)- Қазақстан Адвокаттар одаға нысанында, сондай-ақ адвокаттық кызметке байланысты емес кез келген басқа қоғамдық бірлестікке кіру жолымен жүзеге асырады.

Осыларды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағаның, Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республиқасының Конституциялық Кеңесі каулы етеді; "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы 20-бабының 3-тармағының нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының "Қылмыстық істер жүргізетін органдардың заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген зиян орнын толтыру жөніндегі заңдарды қолдану практикасы туралы", "Денсаулықка келтірілген залалды өтеу жөніндегі заңдарды республика соттары қолдануының кейбір мәселелелері туралы", "Медициналық сиппаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" 1999-жылғы 9-шілдедегі қаулыларын және баскаларын жатқызуға болады.

Атап айтқанда, "Қылмыстық істер жүргізетін органдардың  заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген  зиян орнын толтыру жөніндегі  заңдарды қолдану практиқасы туралы" Жоғары Сот қаулысының 1-тармағы қылмыстық ізге түсу және сот органдарының назарын қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту, іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негізсіз соттау деректерінің заңдылықты өрескел бүзу болып табылатындығына, соның салдарынан адам мен азаматтың заңды қүқықтары мен мүлделерінің қатты зардап шегетіндігіне, оларға және мемлекетке материалдық зиян мен моралдық залал келтіретіндігіне аударуды талап етеді.

2002 ж. 6-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотаның нормативтік "Қорғану қүқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" №26 Қаулысы ерекше назар аудартады. Бүл қаулы қорғану қүқығының кәсіпқой адвокаттың немесе тек арнайы заң білімі және қорғалушыға нактылы білікті заң көмегін көрсетуге қабілетті болған жағдайларда, қорғаушы ретінде жіберілген өзге де адамдардың - сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдерінің катысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекітіп берді. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселені анықтап, егер сезікті, айыпкер, сотталушы, сотталған тандап алған қорғаушы қорғалушының мүлделерін білдіруге қабілетті болмаса, онда іске кәсіпқой адвокатты тарту туралы мәселені талкылауға тиіс. Мүндай жағдайда сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайы, жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдері іске адвокатпен бірге қатыса алады.

Адвокаттың  еңбегіне төлейтін ақының болмауына  байланысты оның қызметінен бас тартуға болмайды. Мүндай бас тарту амалсыздан бас тарту деп танылады және оны қылмыстық істі жүргізуші орган қабылдауға тиіс емес. Сезіктіні, айыпкерді, сотталушыны айғақ беруге, оған тағылған айыпты тануға, заттай дәлелдемелер беруге және оның өзіне карсы куәлік бермеу туралы күқығының бүзылуына үласатын өзге де әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу корғану қүқығын елеулі түрде бүзу деп қарастырылады. Осындай заңсыз тәсілмен алынған дәлелдемемелердің занды күші жоқ деп танылады. Осы шаралар істі жан-жақтылы, толық және объективті зерттеудің, әділ, заңды әрі негізді үкім шығарудың қосьшша кепілі ретінде қызмет етеді.

Мемлекттің  қүқықтық негізін нығайтудағы Республика Конституциялық Кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының ролі мен орнын бағалай отырып олардың колданыстағы заңның мәні мен мазмүнын олар қолданылған кезде алшақтық орын алған жағдайда ғана ашатындығын, сол аркылы түсініктеме берілген заңдарды соттардың, басқа органдар мен лауазымды адандардың дүрыс түсінуіне және бірізді қолдануына ықпал етеді.

Адвокаттық  қызметті реттейтін нормалар қайнарларыла адвокаттар алқасының жоғары органдары қабылдаған қүқықтық қүжаттарды, адвокаттар алқасының Жарғысын және адвокаттардың Кәсіби әдебінің тәртіптерін жатқызуға болады. Алайда бүл қүжаттар заңнаманың қүрамдас бөлігі болып

табылмайды, өйткені  олардың нормативтік құқықтық мәртебесі  жоқ және сондықтан осы тараудың аясында қаралмайды.

 

2. АДВОКАТТАРДЫҢ ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

2.1 Адвокаттардың жұмысын ұйымдастыруы

 

 

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды. Заңда белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі адвокаттық қызмет болып табылады.

Қазақстан Республикасының  адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметi:

1) адвокаттардың өз  қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;

3) заң актiлерiнде тiкелей  көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және  алдын ала тергеу органдары,  басқа мемлекеттiк органдар, өзге  ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

4) кәсiби мiнез-құлық  нормаларын ұстану және адвокаттық  құпияны сақтау принциптерiне  негiзделедi.

Заң көмегін көрсете  отырып, адвокаттар:

1) ауызша және жазбаша нысанда да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар мен анықтамалар береді;

2) арыздар, шағымдар, өтініштер  мен құқықтық сипаттағы басқа  да құжаттарды жасайды;

3) сенім білдірушінің  өкілі ретінде азаматтық сот  ісін жүргізуге қатысады;

4) қорғаушының немесе  сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады;

5) аралық сотта, халықаралық  коммерциялық төрелікте (сотта)  және дауларды шешетін өзге  де органдарда істі қарауға  сенім білдірушінің өкілі ретінде  қатысады;

6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;

7) егер шет мемлекеттердің  заңнамасында, халықаралық сот органдарының  және өзге де халықаралық ұйымдардың  жарғылық құжаттарында немесе  Қазақстан Республикасының халықаралық  шарттарында өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесін білдіреді;

8) сенім білдірушінің  өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады;

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері