Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа
Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.
Адвокаттар заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді. Көмек сұрап келген адам оған заң көмегін тегін көрсету үшін, сондай-ақ тағайындалған (осы Заңның 6-бабы) жағдайларды қоспағанда, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде адвокат таңдауда еркін. Қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу мөлшері және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.
Шарт жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға беріледі. Мыналар:
1) қорғаушы не өкіл ретінде тапсырмаларды орындауға қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын (ол болғанда) көрсету;
2) адвокаттық қызмет ұйымының нысанын және өзі мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасын көрсету;
3) тапсырмалардың нысаны;
4) адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі;
5) шартты бұзу тәртібі мен жағдайлары шарттың маңызды талаптары болып табылады.
Олар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларды білдіретін тараптардың мүліктік даулары туралы істер бойынша шарттарды қоспағанда, адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бір бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді. Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына тиісті қаржы құжатынсыз жол берілмейді.
Заңнамада көзделген жағдайларда, адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу, іссапар, көлік және оның басқа да шығыстары анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және соттардың ұйғарымы бойынша бюджет қаражатынан жүргізіледі. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және басқа жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Адвокаттар мыналарға:
1) асыраушысының қайтыс
болуына, жұмыспен байланысты
мертігуіне немесе
2) егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) алименттер өндіріп алу, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері жөнінде азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны және төлеуге жататын сома туралы мәліметтер болуға тиіс.
Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке айналысатын адвокатта жұмыс iстеуі мүмкін. Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқауы бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы. Жоғары заң бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушiсі бола алады. Тағылымдамадан өтудің мақсаты адвокаттық қызметтің кәсіптік білімдері мен практикалық дағдыларын игеру болып табылады. Заңның 7-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келетін және тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің бұйрығымен бекiтілетiн Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеде тізбесі белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгiнедi. Адвокаттар алқасының төралқасы өтінішті қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) тағылымдамадан өтуге жіберу туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жіберуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлері санының көп жинақталуы себебiмен тағылымдамадан өтуге жiберуден бас тартуға жол берiлмейдi. Тағылымдама кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейінгі мерзімді құрайды. Бір адвокатта тағылымдамадан бір мезгілде екіден көп емес тағылымдамадан өтуші өте алады. Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi. Тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыруды Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс және оған сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Тағылымдамадан өтпеген адам жалпы негіздерде тағылымдамаға қайта жіберіледі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді. Адвокаттың көмекшісі мен тағылымдамадан өтушісінің адвокаттық қызметпен дербес айналысуға құқығы жоқ.
Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың адвокаттар алқаларының төралқалары айқындайтын үш адвокаттан тұрады. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның жеке құрамы және олардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен бекітіледі. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы
Біліктілік комиссиясында білік
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үміткерлерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау
жөніндегі комиссияның
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларда айқындалады. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, тұрғылықты жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға жібереді. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, өтінішті үміткерге ұсынылған құжаттармен бірге қарамастан қайтарады. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия материалдарды қарау қорытындылары бойынша аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады. Егер үміткер Заңда белгіленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады. Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге жібереді. Аттестаттауға жіберуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оны өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді. Аттестаттау қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Аттестаттау мынадай екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының
заңнамасын білуден
2) үміткердің білімін
емтихан билеттері бойынша
Үміткер өз таңдауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы. Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелді шешім шығарады. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Аттестатталғаны туралы шешім ол шығарылған кезден бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады. Аттестаттаудан өтпеген үміткер кемінде бір жылдан кейін қайта аттестаттауға жіберіледі. Аттестаттаудан өткен кезде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия үміткерді аттестаттаудан шеттетеді. Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады. Үміткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары оған тапсырылған құжаттармен бірге қайтарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беру болып табылады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттармен тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялардың электрондық тізілімін жүргізеді, тізілім мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерін интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етеді.
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасы
Парламенті депутатының, өз
3) мерзімді әскери қызметті өткерген;
4) ол Заңның 31-бабы 1-тармағының
4) және 7) тармақшаларында көзделген
негіздер бойынша адвокаттар
алқасының мүшелігінен
5) заңды тұлғаны тіркемей кәсіптік қызметін жеке жүзеге асыратын адвокаттың іс жүзінде қызметтік үй-жайы болмаған;
6) оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтi қоспағанда, адвокат кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;
7) тоқтата тұру мерзімі көрсетілетін өзінің өтініші негізінде адвокат өз өкілеттіктерін орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады.
Көрсетiлген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын лицензиар адвокаттар алқасы төралқасының ұсынымы немесе аумақтық әділет органының ұсынысы негізінде не адвокаттың өтініші негізінде тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру адвокаттық қызметпен оның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде айналысуға тыйым салуға әкеп соғады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта жалғастырудан бас тарту туралы шешiмге адвокат сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Адвокаттық қызметпен
айналысуға арналған лицензиядан айыру
Қазақстан Республикасының