Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

бірі болуға тиіс. Осы мақсатта адвокаттар мен азаматтардың сот төрелігінің тиісті сатыларына қатысуының нақты тетігін қамтамасыз ететін нормаларды қарастыру қажет.

Адвокаттық  қызметті реттеу үшін ерекше негіз  ретінде азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді шешуге жәрдемдесу бойынша соттар, әділет, прокуратура және тергеу органдарының ынтымақтастық мәселелері жөнінде мемлекеттер жасаған қүқықтық көмек туралы халықаралық шарттарының үлкен маңызы бар.

Мысалы, 1993-жылы 22-қаңтарда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 12 мемлекетінің басшылары қол қойған, 1994 жылы 10-желтоқсанда күшіне енген азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша қүқықтық көмек және қүқықтық қатынастар туралы Конвенция, бүған 1997 жылы 28-наурызда Конвенцияға қатысушы мемлекеттер қол қойған Хаттамамен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Конвенцияның IV бөлімінде Конвенцияға қатысушы -мемлекеттер өтініші бойынша қылмыс жасаған адамдарды беру, қылмыстық ізге түсу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша өндіріске байланысты кейбір басқа әрекеттерді жасау туралы келісілген тәртіп белгіленді

Осы көп қырлы конвенция осы тектес екі жақты келісімді жасауға кедергі жасамайды. Олар да адвокаттық қызметті реттеуде қүқықтық негіз болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және кылмыстық істер бойынша өз-ара күқықтық көмек көрсету туралы 1996-жылғы 26-тамызда Шарт жасалған, осы шарттың 37-бабына сәйкес "уағдаласушы тараптардың бірінің өкілдері екінші жақтың келісімімен өзге уағдаласушы тараптың қылмыстық іс бойынша қүқықтық көмек көрсету туралы өттінішін орындау кезінде қатыса алады".

Адвокаттар ролі туралы негізгі ереже БҮҮ Пактісі ерекше орын алады (Нью-Йоркте 1990-жылғы тамызда қылмысты ескерту жөніндегі БҮҮ сегізінші Конгресінде қабылданды). Бүл қүжатта адвокаттар, судьялар, прокурорлар, заң шығарушы және атқарушы билік өкілдері мен жалпы қоғам назарына ілігуге тиіс негізгі тәртіптер мазмүндалған: қатысушы-мемлекеттерге олардың міндеттеріне жәрдемдесу және үлттық заңдарды әзірлеу мен оны қолдану кезінде Үкіметтер сыйлауға және кепілдік беруге тиіс адвокаттың тиісті ролін қамтамасыз етуге. Бүл принциптер сонымен қатар адвокаттың формальды мәртебесін алмай адвокаттық міндеттерді жүзеге асыратын адамдарға да қолданылуға тиіс.

Қазақстан қүкығындағы  жана негіздер, жоғарыда атап өтілгендей, Республиканың Коңституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, олар қолданыстағы заңдардың қолданылуын міндетті түрде түсіндіруді мазмүндайтын актілер болып табылады. Адвокаттық қызмет туралы заңның мазмүнына және оны қолдану практикасына эсер еткен Конституциялық Кеңестің қаулысына, мысалы, "Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабы 1-тармаған, 14-бабы, 1-тармаған, 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасын, 79-бабы  1-тармағын және 83-бабы  1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997-жылға 6-наурыздағы N3 Қаулысын жатқызуға болады.

Атап айтқанда, Конституция 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасында занды қолдану кезінде соттар басшылыққа тиіс сот төрелігін іске асырудын негізгі конституциялық принципттерінің бірі мазмүндалған: "өзіне заңмен көзделген сотталығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды". Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ресми түсіндіруге байланысты Конституция 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасының нормасын төмеңгі түрған соттың соттау қүзырын жоғары түрған соттың өз іс жүргізуіне қабылдауы, сондай-ақ сотталықты өзгертуге әкеп соғатын сол денгейдегі басқа сотқа істі тапсыру ісі сотта қаралып жатқан адамның келісімімен ғана ықтимал деп түсіну керектігі туралы қаулы етті. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 2-шілдедегі N12/2 Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы 20-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы Қаулысын жатқызуға болады. Атап айтқаңда, осы қаулыға сәйқес мына жайттар белгіленді:

- өз атауына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аты қосылатын облыс, республикалық маңыздағы қала мен астана аумағында бір адвокаттар алқасын қүру туралы норма Конституция 39-бабы 1-тармағының нормасына қайшы келмейді, өйткені "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 20-бабынын 3-тармағы адам мен азаматтың конституциялық және басқа да күқықтарын шектеуге бағытталмаған. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес оларға білікті және міндетті заң көмегін көрсетуге арналған. Бүл Қазакстан Республикасы Конституциясы 39-бабы 1-тармаға мақсаттарының бірі болып табылады;

- бірлестіктер бостандығана Республика азаматы ретіндегі адвокаттар қүқығын олар өз мүшелерінің заңды мүлделерін ортақ мақсатта қорғау үшін ерікті қүрылған қоғамдық бірлестік (ассоциация)- Қазақстан Адвокаттар одаға нысанында, сондай-ақ адвокаттық кызметке байланысты емес кез келген басқа қоғамдық бірлестікке кіру жолымен жүзеге асырады.

Осыларды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағаның, Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 37-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республиқасының Конституциялық Кеңесі каулы етеді; "Адвокаттық қызмет туралы" Заңы 20-бабының 3-тармағының нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының "Қылмыстық істер жүргізетін органдардың заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген зиян орнын толтыру жөніндегі заңдарды қолдану практикасы туралы", "Денсаулықка келтірілген залалды өтеу жөніндегі заңдарды республика соттары қолдануының кейбір мәселелелері туралы", "Медициналық сиппаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" 1999-жылғы 9-шілдедегі қаулыларын және баскаларын жатқызуға болады.

Атап айтқанда, "Қылмыстық істер жүргізетін органдардың  заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген  зиян орнын толтыру жөніндегі  заңдарды қолдану практиқасы туралы" Жоғары Сот қаулысының 1-тармағы қылмыстық ізге түсу және сот органдарының назарын қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту, іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негізсіз соттау деректерінің заңдылықты өрескел бүзу болып табылатындығына, соның салдарынан адам мен азаматтың заңды қүқықтары мен мүлделерінің қатты зардап шегетіндігіне, оларға және мемлекетке материалдық зиян мен моралдық залал келтіретіндігіне аударуды талап етеді.

2002 ж. 6-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотаның нормативтік "Қорғану қүқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" №26 Қаулысы ерекше назар аудартады. Бүл қаулы қорғану қүқығының кәсіпқой адвокаттың немесе тек арнайы заң білімі және қорғалушыға нактылы білікті заң көмегін көрсетуге қабілетті болған жағдайларда, қорғаушы ретінде жіберілген өзге де адамдардың - сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдерінің катысуымен жүзеге асырылатыны туралы қағиданы алғаш рет бекітіп берді. Анықтау, тергеу органдары мен соттар осы мәселені анықтап, егер сезікті, айыпкер, сотталушы, сотталған тандап алған қорғаушы қорғалушының мүлделерін білдіруге қабілетті болмаса, онда іске кәсіпқой адвокатты тарту туралы мәселені талкылауға тиіс. Мүндай жағдайда сезіктінің, айыпкердің, сотталушының жүбайы, жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық үйымдардың өкілдері іске адвокатпен бірге қатыса алады.

Адвокаттың  еңбегіне төлейтін ақының болмауына  байланысты оның қызметінен бас тартуға болмайды. Мүндай бас тарту амалсыздан бас тарту деп танылады және оны қылмыстық істі жүргізуші орган қабылдауға тиіс емес. Сезіктіні, айыпкерді, сотталушыны айғақ беруге, оған тағылған айыпты тануға, заттай дәлелдемелер беруге және оның өзіне карсы куәлік бермеу туралы күқығының бүзылуына үласатын өзге де әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу корғану қүқығын елеулі түрде бүзу деп қарастырылады. Осындай заңсыз тәсілмен алынған дәлелдемемелердің занды күші жоқ деп танылады. Осы шаралар істі жан-жақтылы, толық және объективті зерттеудің, әділ, заңды әрі негізді үкім шығарудың қосьшша кепілі ретінде қызмет етеді.

Мемлекттің  қүқықтық негізін нығайтудағы Республика Конституциялық Кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының ролі мен орнын бағалай отырып олардың колданыстағы заңның мәні мен мазмүнын олар қолданылған кезде алшақтық орын алған жағдайда ғана ашатындығын, сол аркылы түсініктеме берілген заңдарды соттардың, басқа органдар мен лауазымды адандардың дүрыс түсінуіне және бірізді қолдануына ықпал етеді.

Адвокаттық  қызметті реттейтін нормалар қайнарларыла адвокаттар алқасының жоғары органдары қабылдаған қүқықтық қүжаттарды, адвокаттар алқасының Жарғысын және адвокаттардың Кәсіби әдебінің тәртіптерін жатқызуға болады. Алайда бүл қүжаттар заңнаманың қүрамдас бөлігі болып табылмайды, өйткені олардың нормативтік құқықтық мәртебесі жоқ және сондықтан осы тараудың аясында қаралмайды.

 

2. АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

 

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы адвокат

 

 

Адам мен азаматтың қүқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға қүқығының бар екендігі -тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі.

Қазірге уақытта  Қазакстанда адам мен азаматтың  құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді  атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған қүқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдык-күкықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандык заңнамада адвокатура ешбір жерде қүқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде қүқық корғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, күқық қорғау қызметі ретінде біз азаматтар мен үйымдардың қүқыған қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес заңдық эсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мүлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.

Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу қүқыған  қамтамасыз етуге тиісті қүкык қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды  орын беріледі Адвокатураның негізгі  үйымдық-қүқықтық нысаны - адвокаттар алқасы -білікті заңгерлердің кәсіби үйымы. Оның міндеті жеке және заңды түлғаларға заң көмегін көрсету, қүқықтар мен заңды мүлделерді, закаылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ зандарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың қүқықтық және әлеуметтік корғалуын камтамасыз етуге көмектеседі.

Жеке адамның  қүқығын қандай да бір қол сүғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.

Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен  міндеттерді қаншалықты тимді атқаратындығы  белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың  ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның күқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.

Әрбір азамат заңға  кайшы емес барлық әдістермен, соның ішінде адвокатқа - заңгерлік білімі және азаматтар мен үйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну күқығын пайдалана отыра, сотта өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға қүқылы.

Адам мен азаматтың қүқығы мен еркіндігін түбегейлі жүзеге асыру олар істі қисынды және жете біле отырып қорғалған жағдайда ғана ықтамал. Мүндай қорғауды екінің бірі жүргізе алмайды. Бүл жағдайда заңдарды жақсы білумен қатар нормативтік қүқықтық актілердің қолданылу практиқасын білу, қүқық қорғау органдарында іс жүргізу тәжрибесі талап етіледі Басқаша айтқанда, тиімді көмекті көрсету үшін білікті маман қажет. Азаматтар әдетте заңнаманың негізгі қағидаларын біледі, ал субъектілік қүқықтарды қорғау үшін терең білім мен зандарды қолдану тәртібін білу талап етіледі. Бүл үшін адвокаттардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Адвокат - ол өзінің заңи білімі мен практиқалық тәжірибесін заң көмегін көрсету кезінде пайдаланатын біліктілігі жоғары кәсіпқой.

Білікті заң көмегін алу қүқығын коноституциялық цринцип деңгейіне көтеру аса маңызды мән-жайдан туындайды. Өйткені, түлғаны заң көмегін алу қүқығынан айыру кемсітушілікке, айтарлықтай шектеуге, ал кейде азамат пен қоғамды орны толмас залалға алып келеді. Конституцияның Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күнгі мен тікелей пәрмені болғандықтан заң көмегін алу қүқығын қосымша баянды ету міндетті емес (қолданыстағы кодифицияланған актілерде бүл қүкык көрсетілген): кез келген мемлекеттік орган, лауазымды түлғалар, адвокаттардың өздері және азаматтар осы конституциялық нормадан туындайтын міндеттер мен өкілеттіктер туралы біледі

Қазіргі қоғамда адвокатура институтының тиімді жүмыс істеуі заңдылықты сақтау мен жеке адамның күқығын қорғауға ықпал етеді. Сондықтан адвокат қызметі нақты азаматттың немесе үйымның мүлдесіне де, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның жария-қүқықтық мүлдесіне сай келеді. Бүны соңға уақытта көпшілік сезінді және адвокатураға қоғамдағы көзқарас баяу болса да өзгеріп келеді. Адвокат мамандығының беделі өсіп келеді.

Адвокаттар  алқасы заң көмегін көрсететін негізгі орган, алайда бірден бір орган емес. Қүқықтық жүйеде азаматтарға заң көмегін көптеген үйымдар мен түлғалар (заң фирмалары, заң кеңесшілері, қүқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілер, ақылы заң көмегін көрсету үшін лицензиясы бар жеке түлғалар және т.б.) маңызды рөл атқарады. Мысалы, заң фирмаларының қызметі азаматтар мен үйымдарға адвокаттық кызметпен байланысты емес ақылы кызметтер көрсету жолымен тиісті лицензия негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері