Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

  32-бап. Заң консультациясы     

  1. Азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады. 
      2. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.  
      3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.  
      4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады. 
      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-бап. Адвокат кеңсесi      

1. Адвокат кеңсесi мекеме  нысанындағы коммерциялық емес  ұйым болып табылады.  
      2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.  
      3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.  
      Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.  
      4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.  
      Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.  
      Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.  
      5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.     

  33-1-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру     

1. Кәсіби қызметті  жеке-дара жүзеге асыруға шешім  қабылдаған адвокат бұл туралы  адвокаттар алқасын хабардар  етеді. Хабарламада адвокаттың  тегі, аты, әкесінің аты (ол  болғанда), оның тұрақты тұратын  жері көрсетіледі.  
      2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.  
      Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.06.03 N 425 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-2-бап. Республикалық адвокаттар алқасы     

1. Республикалық адвокаттар  алқасы адвокаттар алқаларының  міндетті мүшелігіне негізделген, коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. 
      2. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттық өзін-өзі басқару ұйымы ретінде Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адвокаттар алқалары мен адвокаттардың мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау, адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсететін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 
      3. Республикалық адвокаттар алқасын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы құрады. 
      4. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы қабылдайды. 
      5. Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады. 
      6. Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
      7. Республикалық адвокаттар алқасының және оның органдарының өздерінің құзыреті шегінде қабылданған шешімдері адвокаттар алқалары үшін міндетті. 
      Ескерту. 3-тарау 33-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-3-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы     

1. Республикалық адвокаттар  алқасының жарғысында: 
      1) Республикалық адвокаттар алқасының атауы, қызметінің нысанасы мен мақсаттары; 
      2) Республикалық адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері; 
      3) Республикалық адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарының құрылу тәртібі және құзыреті; 
      4) мүлкін қалыптастыру көздері және оған иелік ету тәртібі; 
      5) адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар мөлшері мен тәртібі; 
      6) Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі көзделуге тиіс. 
      2. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуы мүмкін. 
      Ескерту. 3-тарау 33-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-4-бап. Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық 
                 конференциясы     

1. Адвокаттар алқалары  делегаттарының республикалық конференциясы  Республикалық адвокаттар алқасының  жоғары органы болып табылады, ол кемінде екі жылда бір  рет шақырылады. Егер конференция жұмысына сайланған делегаттар санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, ол заңды деп саналады. 
      2. Конференция Республикалық адвокаттар алқасының кез келген мәселелерін шешуге құқылы. 
      Конференцияның айрықша құзыретіне: 
      1) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын қабылдау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу; 
      2) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының орналасатын жерін айқындау; 
      3) адвокаттар алқаларынан Республикалық конференцияға делегаттардың өкілдік ету нормасын бекіту; 
      4) Адвокаттардың кәсіптік әдебі кодексін әзірлеу мен бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 
      5) Адвокаттардың аттестаттаудан өту тәртібі туралы ережені әзірлеу және бекіту; 
      6) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасын сайлау; 
      7) Республикалық адвокаттар алқасының тексеру комиссиясын сайлау; 
      8) адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасының ортақ қажеттіліктеріне жүзеге асыратын аударымдар мөлшері мен тәртібін айқындау; 
      9) Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту; 
      10) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының есебін, оның ішінде Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасының орындалуы туралы есепті бекіту; 
      11) тексеру комиссиясының Республикалық адвокаттар алқасының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту; 
      12) конференция регламентін бекіту; 
      13) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады. 
      Ескерту. 3-тарау 33-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-5-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы     

1. Республикалық адвокаттар  алқасының төралқасы Республикалық  адвокаттар алқасының алқалы  атқарушы органы болып табылады. 
      2. Төралқаны Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. 
      3. Төралқа мүшелерінің санын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы айқындайды. Төралқаның құрамында әрбір адвокаттар алқасының өкілдігі қамтамасыз етілуге тиіс. 
      4. Төралқа: 
      1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады; 
      2) Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; 
      3) өз құрамынан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық төраға лауазымында бола алмайды; 
      4) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және тексеру комиссиясының осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқасының мүшесінен шығарылған мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдайды; 
      5) Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Республикалық адвокаттар алқасынан өкілдік етеді; 
      6) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіреді; 
      7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін нысан бойынша ұсынады; 
      8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге ұсынымдарды енгізеді; 
      9) адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды және олардың көмекшілерін кәсіптік даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді; 
      10) адвокаттардың әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғайды; 
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға қатысады; 
      12) адвокаттар алқаларының қызметі туралы олардың есептерін тоқсан сайын жинақтап қорытады; 
      13) адвокаттар алқаларының тәртіптік практикасын жинақтап қорытады, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлейді; 
      14) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 
      15) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 
      16) кемінде екі жылда бір рет Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясын шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады; 
      17) сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне иелік етеді; 
      18) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының регламентін бекітеді; 
      19) Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасын бекітеді; 
      20) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      5. Тексеру комиссиясының немесе адвокаттар алқалары жалпы санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы екі ай ішінде кезектен тыс Республикалық конференцияны шақыруға міндетті. 
      6. Төралқаның шешімдері оның отырысына қатысқан мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. 
      Ескерту. 3-тарау 33-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-6-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы     

 Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы: 
      1) мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Республикалық адвокаттар алқасынан өкілдік етеді; 
      2) Республикалық адвокаттар алқасының атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 
      3) сенімхаттар береді; 
      4) Республикалық адвокаттар алқасының атынан мәмілелер жасасады және сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне иелік етеді; 
      5) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының отырыстарын шақырады; 
      6) Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы шешімдерінің және Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 
      Ескерту. 3-тарау 33-6-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-7-бап. Республикалық адвокаттар алқасының тексеру 
                 комиссиясы     

1. Тексеру комиссиясы  Республикалық адвокаттар алқасының  қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі  бақылау функцияларын жүзеге  асыратын оның бақылаушы органы  болып табылады. 
      2. Тексеру комиссиясын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. 
      3. Тексеру комиссиясы өз құрамынан тексеру комиссиясының төрағасын сайлайды. Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды. 
      Ескерту. 3-тарау 33-7-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  33-8-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкі     

1. Республикалық адвокаттар  алқасының мүлкі адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан түсетін гранттар мен қайырымдылық көмек (қайырмалдықтар) есебінен құралады. 
      2. Республикалық адвокаттар алқасының ортақ қажеттіліктеріне арналған шығындарға оны материалдық қамтамасыз етуге, адвокаттарға сыйақы беруге арналған шығыстар және олардың Республикалық адвокаттар алқасының органдарында жұмыс істеуіне байланысты шығыстардың өтемақысы, Республикалық адвокаттар алқасы аппараты қызметкерлерінің жалақысына арналған шығыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Республикалық адвокаттар алқасының сметасында көзделген өзге шығыстар жатады. 
      Ескерту. 3-тарау 33-8-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау.  ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР     

  Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау.  Қорытынды және өтпелі ережелер     

  Ескерту. Заң 5-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.11  N 230-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

  35-бап. Адвокаттар алқалары мүшелерінің кезектен тыс жалпы 
               жиналыстарын (конференцияларын) өткізу     

1. Адвокаттар алқалары  делегаттарының бірінші Республикалық  конференциясының делегаттарын  сайлау үшін адвокаттар алқалары  осы Заң қолданысқа енгізілген  күннен бастап үш ай ішінде  адвокаттар алқалары мүшелерінің  кезектен тыс жалпы жиналыстарын (конференцияларын) өткізуді ұйымдастырады. 
      2. Бірінші Республикалық конференция делегаттарының өкілдік ету нормасы елу адвокаттан біреуді құрайды, бірақ адвокаттар алқасынан үш адвокаттан кем болмайды. 
      3. Адвокаттар алқалары Қазақстан адвокаттар одағымен бірлесіп, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде бірінші Республикалық конференцияны өткізуді ұйымдастырады. 
      4. Бірінші Республикалық конференция, егер оның жұмысына адвокаттар алқалары сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. 
      5. Отырысты жүргізу үшін конференция делегаттары төралқа сайлайды. 
      6. Адвокаттар алқасы делегаттарының бірінші Республикалық конференциясының шешімдері конференцияға қатысқан делегаттардың жай көпшілік даусымен қабылданады. 
      7. Республикалық адвокаттар алқасы органдарының құрамына бірінші Республикалық конференцияның делегаттары болмаған адвокаттар сайлана алады.

 

Адвокаттар алқасы — арнаулы  заңда белгіленген міндеттерді  орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың территориясында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. Адвокаттар алқасы. мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5-желт.) көзделген.

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері