Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

 

 

1.2 Адвокаттық қызметті реттейтің зандар

 

 

1995-жылы Қазақстан  Республикасы Конституциясының  қабылдануы барлық қолданыстағы  заңдарды реформалау қажеттігін туғызды, бүған, атап айтқанда, 1997-жылға 5- желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының қабылдануын дәлел ретінде тілге тиек етуге болады.

Адвокатура жағдайы мен адвокаттың қүқықтык мәртебесінің әртүрлі мемлекеттерде бірдей еместігі белгілі. Бүл тек қоғамда, елде және заңнамада қаңдай қүкықтық режим және түлғалардың жағдайы, олардың күкықтары мен бостандықтарының кандай. күйде екендігіне ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің күқықтық жүйесі мен үлттық дәстүрлерге және оның экономикасына да байланысты.

Адвокатура  туралы заңнамада болған өзгерістер адвокатура қызметін жетілдіру мәселелеріне байланысты казіргі жағдайдаға адвокатура кызметіне өзге көзкарасға талап етті; нактырақ айтқанда: адвокаттың сот ісіне катысуы кезінде туындаған мәселелерді толық және жан-жақты зерттеу; ҚР заңнамасына толықтырулар мен өзгерістер еңгізу бойынша даярлық; заң көмегінің төлемі мен республикалык бюджет қаражаты есебінен қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу және т.б.

Қазіргі уақытта адвокатура қызметін тәртіптейтін негізгі заң жоғарыда аталған арнайы заң болып табылады, онда адвокаттақ қызметтің тәртібі мен мазмүнын және осылардан туындайтын қүқык катынастарды реттейтін қүқықтық нормалар біріктіріліп жүйеленген.

Бүл заң ҚР Конституциясы мен қүқықтық реформалардың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қабылданды. Онда Конституция негізінде қабылданған нормативтік қүкықтык актілердің ережелері; бүның алдында жинақтылған практиқалык тәжірибе; жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері ескерілді. Адвокатура қызметінің негігі бағыттары:

  • жеке адамның өз қүқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасы конституциясымен баянды етілген қүқығын жүзуге асыруға жәрдемдесу;
  • қылмыстық істер бойынша қорғауды, азаматық, әкімшілік және өзге істер бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастыру;
  • заңдарда тыйым салынбаған заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету. Осыған сәйкес адвокатура қызметі:

1) адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;

2) адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және қүралдармен жүзеге асыру;

3) заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге үйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;

4) кәсіби мінез-қүлық нормаларын және адвокаттық қүпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Алғаш рет нақты "адвокат" түсінігі беріледі, бүрын қолданылған адвокатура туралы Ереже мен ҚазақССР ҚЖК-да "қорғаушы" терминіне қоғамдық, сондай-ақ кәсіби қорғаушылар катар телінді.

Енгізілді және карастырылды:

- адвокаттың кәсіби мінез-қүлқының нормалары (16 бап);

- адвокаттық қызметтің кепілдіктері (бүрын қолданылған Ережеде тек адвокаттың қүкықтары мен міндеттері ғана карастырылды, ал адвокатқа берілген қүқықтарды қамтамасыз ету механизмі (тегерішгі) болған жоқ, енді 17-бапқа сәйкес бірқатар кепілдіктер карастырылды: мысалы, 2-тармақта адвокатта ол заң көмегін көрсетіп отырған адаммен тендестіруге тыйым салынады, бүрынғы қылмыстық сот ісінде тергеушілер адвокатқа көп жағдайда ол корғайтын адаммен бір қарады, ал 8-тармақ анықтау және алдын ала органдарын қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайларда адвокатпен келісілген мерзімде тергеу және өзге іс жүргізу әрекеттеріне оның қатысуы қажеттігі туралы хабарлауға міндеттейді, бүл болжанған тергеу әрекеттерін жүргізу туралы адвокаттқа кейде тіғаі оның бастардан бір сағат бүрын ғана хабарлайтын жағымсыз практиканы тоқтатты, оның нәтижесінде нақты іс бойынша қорғау және т.б. формалды түрде болатын) адвокаттың тек кана өзі үшін ғана емес, сондай-ақ адвокат көмегін пайдалану мүмкіндігін алған клиент үшін де;

- адвокаттық қүпия (18 бап);

- адвокаттаң өз қызметін заңды түлғаны тіркемей-ақ жеке дара жүзеге асыруы (19 бап) және т.б.

Заң мазмүнын күрайтын бүкіл нормативтік материал 4- тарау мен 34-бапқа (баптар, өз кезегінде, тараудан, тармақ пен тармақшадан түрады, бүл нормативтік қүкықтық актінің қүрылымына сәйкес келеді) мына ретпен жүйеленген:

- жалпы ережелер;

- адвокаттаң мәртебесі;

- адвокаттық кызметті үйымдастыру;

- қорытынды және өтпелі ережелер.

Алайда қолданыстағы Заң өзінің бүкіл маңыздылығына  қарамастан әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Ол тек ұйымдық мәселелерге ғана емес, сондай-ақ жалпы заңдық базаның жетілмеуімен де байланысты, атап айтқанда, адвокаттың анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарымен өзара қатынас тәртібін дәлме-дәл және анық құқықтық реттелуі жоқ. Халықаралық ынымақтастық саласында ҚР Адвокаттары одағының құқықтық мәртебесі мен жағдайы анықталмаған және т.б.

Осылайша, заңда  заң көмегінің түрлері саналмаса да "адвокатура" және "заң көмегі" терминдерінің анықтамасы жоқ. "Адвокаттар алқасының" да дәл үғыны берілмеген.

9-бапқа сәйкес  адвокаттық қызметпен пгүғылданғысы  келгендер аттестациялық комиссияға  біліктілік емтиханын тапсырғаннан  кейін және оның үсынысымен  Қазақстан республикасының Әділет  министрлігі лицензия береді, онда аталған түлғаға адвокаттық қызметпен шүғылдану қүқығы үшін рүқсат етеді Алайда адвокаттақ бірлестік қызметінің негізгі принципін Заң "тәуелсіздік" деп атады. Бүдан осы қүкык, институты дербес немесе мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге (оның үстіне осындай практықа болған) 1991-жылғы 28-маусындағы Заңмен адвокатураға үміткерлерді қабылдауды, адвокаттық қызметпен шүғалдану қүқығына үмтікер түлғаларды аттестациялауды қамтамасыз ету мақсатында халық депутатары Кеңестерінің облыстық атқару комитеттері (оның ішінде Алматы қаласы) әділет басқармалары жанынан біліктілік комиссиялары қүрылды, олардың күрамына адвокаттардың кемінде елу пайызы, заң ғылымының өкілдері және тәжірибелі заңгер-практиктер кірді) адвокаттық қызметпен шүғылдану қүқығына үміткерлерді аттестациялауға тиіс болды.

Мемлекетгің адвокатура мен адвокатура қызметінің қалыпты жүмыс істеуіне және дамуына толық көлемде қажетті жағдай жасамағандығын атап көрсеткен жөн. Азап айтқанда, соңғы уакытта адвокаттык қызметпен шүғылданғысы келген түлғалар санының кысқару бағыш байқалуда. Егер 1996-жылы алқа мүшелері 3000-нан асса, кәзіргі кезде барлығы 2475 адвокаттан түрады. Орта есеппен Қазакстанның ересек халқының 4000 адамына 1 адвокат қана тиесілі, адвокаттардың 40%-тен астамы 50 жастан асқандар. 64 селолық ауданның әр қайсысына бір адвокаттан болса, 49 ауданда адвокат мүлдем жок. Кәсіби қорғаушылардың жетіспеушілігі, сондай-ақ мемлекеттік лицензияны беру тәртібінің жетілмеуіне байланысты, соңғы төрт жылда 600-ден астам адам біліктілік емтиханын сәтті тапсырып лицензия алды, алайда олар бүдан әрі адвокаттық қызметпен айналысқысы келмеді Соның нәтижесінде 2000-жылы 9-адам ғана адвокаттар алкасының мүшесі болды.

Сөйтіп, іс жүзінде  азаматтардың білікті заң көмегін  алудағы күкығының конституциялық принципі камтамасыз етілмейді.

Адвокаттар санының төмендеуі сонымен қатар азаматтар мен заңды түлғаларға қызмет көрсетуге байланысты нарыкта адвокаттық қызметке қатысы жоқ заң қызметі түрлерінің пайда болуымен түсіндірледі. Ақылы заңи көмек көрсету қүкығының лицензиясы, әдеттегідей, формалды - білктілік емтихандарын тапсырусыз беріледі.

Жеке тұлғалар адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң көмегін көрсету  үшін лицензия алуға төмендетілер болған жағдайда өтініш жасауға құқылы:

- жоғары заң білімі туралы Қазақстан Республикасы білім мекемесінің дипломы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында не қатысушысы Қазақстан болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіп пен жағдайларда Қазақстан Республикасында мойындалатын жоғары заң білімі туралы шетел мемлекеті білім мекемесінің дипломы. Бұл жағдайда жоғары заң білімі туралы шетел мемлекеті білім мекемесінің дипломы бар адам диплом берген мемлекеттің заңнамасы бойынша консультация түрінде ақылы заң көмегін көрсетуге құқылы;

- Қазақстан Республикасының аумағында кемінде екі жыл заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі;

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжат.

Осындай кызмет көрсететін түлғалардың (100-ден астам  жеке түлға және 300-ден астам фирма) адвокаттардан жаяғыз айырмашылығы тек олардың қылмыстық сот ісіне қатису қүқығы жоқ. Алайда практикада судьялар мен сот отырысының хатшылары лицензияларды мазмүны мен сыртқы түрін ажырата алмай, оларды қылмыстық процестегі қорғаушы қүкығымен жібере салады, ал бүған мүлдем жол беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы барлық азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін кәсіби қорғау қүқығымен қамтамасыз ету прініңипін баянды етті. "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 4-бабы қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүргізетіндігін ерекше атап көрсетеді.

Процестерді жүргізуші  органдардың тағайындау бойынша адвокаттар көрсететін заң көмегі төлемінің көлемі "Адвокаттық қызмет туралы" Заңмен белгіленгендігі баршамызға аян. Сондықтан да осы мәселені басқаша тәртіптейтін Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға 26-тамыздағы N1247 қаулысы осы Заңға сәйкес келмейді.

"Адвокаттық  қызмет туралы" Заңдың 5-бабы 3-тармағындағы және ҚР ҚІЖК 71, 72-баптарындағы тәртіппен қылмыстык сот ісіне адвокаттардың қатысу төлемі бойынша мемлекет карызы да үлкен мәселе болып отыр. Осылайдға, республикалық бюджет қаражаты тапшылығынан адвокаттар көрсететін заң көмегін төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығындарды өтеу толық көлемде жүргізілмейді Осы мәселеге ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезі айрықша назар аударды. Адвокаттар одағының тексеру комиссиясының төрағасы Рашид Махмутовтың есебінде тек 1998-жылдың өзінде ғана республикалық бюджет адвокаттарға 83837214 тенге, ал 1999-жылдың тоғыз айында тағы да 48 млн. тенгенің қосылғандығы атап өтілді. Ал казіргі уақшта бүл қарыздар, кейбір облыстарды қоспағанда, негізінен төленгендігін атап айту қажет.

Сондықтан да, 1998-жылдан бастап адвокатты тергеу немесе аныктау я болмаса сот тағайындайтын барлық қылмыстық істер бойынша заң көмегі іс жүзінде тегін көрсетіледі Қаражаттың болмауы адвокаттардың кейбір аймақтарында тергеу мен сотқа қатысудан бас тартуына желеу болды, атап айтқанда Алматы қаласы, Онтүстік Қазақстан, Ақтобе және баска облыстар адвокаттар алқасы адвокаттардың тек тұлғалардың жекелеген саннаттарының істері бойынша ғана қатысуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақьпта, кейбір өңірлерді қоспағанда, бұл  карыздардың негізшен төленгендігін  атап өту қажет (адвокаттар алқасының мәліметі бойынша 2003-жылға 1-қақтардаға қарыз көлемі 40 миллион теңге шамасында).

Сондай-ақ, адвокаттың сотқа және алдын ала тергеу сатысына міндетті түрде қатысқандығы үшін еңбегінің тәртібі мен көлемі де жетілдіруді қажет етеді. Бүл үшін "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 5-бабына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу керек, өйткені қазір төлем сағат саны мен соңғы екі айдағы орташа жалақы есептемесі бойынша жүргізіледі.

Осы міндетті шешу жолдарының бірі мемлекет есебінен түрмысы нашарларға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокат қызметіл қаржыландыратын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

1999-ж 26-тамыздағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері" N1247 Қаулысымен түрақты және жеткілікті жалақысы жоқ түрмысы нашар азаматтар білікті заң көмегіне мүқтаж болған кезде ҚР ҚІЖК 71 және АЖІК 114-баптарындағы тәртіппен анықталған адамдар санаты мүддесін қорғау жөніндегі адвокаттар кызметін республикалық бюджеттен қаржыландыру карастарылды. Олар, әдеттегідей, кәмелетке толмағандар, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы және жүкті әйелдер, жүмыссыздар мен өзге де түрмысы нашар азаматтар. [14, 95 б]

Көрсетілген норманы  қолдану практикасына министрлік жүргізген  талдау халықтаң көпшілігінің төлем қабілетінің жоктығына байланысты бір сағат тіліндегі адвокаттың орташа жалакысы 28-50 теңгені күрайтындығын көрсетті. Көрсетілген себеп бойынша бір қылмыстық іс бойынша толем орташа алғанда 200 теңгеге де жоқ, ал кейбір жағдайда бүдан анағүрлым томен болып шыкты. Қаулыда кезек күттірмейтін жағдайларда түнгі уакытта, қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзім аякталатын мереке және жексенбі күндері тергеуші немесе анықтаушы жүргізген сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуға адвокаттардың катысу төлемі де тәртіптелмеген.

Қалыптасқан жағдай соттар мен алдын ала тергеу лоне анықтау органдарының айыпталушылардың қорғану туралы консттуциялық қүқығын, сондай-ақ азаматтардың тетін заң көмегін алу қүқығын қамтамасыз етуге теріс эсер етті.

Аталған мәселені шешу және түрмысы нашарларға заң көмегін корсету жөніндегі адвокаттар қызметін ынталандыру мақсатында ҚР укіметінің 2001-жылға 24-желтоқсанда республикалық қаражат есебінен адвокаттар жалакысының колданыстағы жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қарастыратын N1683 қаулысы қабылданды.

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері