Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа
Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.
Осыған байланысты заң көмегін қүкық көмегінен ажырата білу керек. Осылайша, Қазақстан Республикасының басқа елдермен жасаған халықаралық шарттарға сәйкес қүқықтық көмек - бүл сот, әділет және тергеу органдарының екі немесе бірнеше мемлекет жасаған шарттар негізінде бір-біріне азаматтық, отбасылык және қылмыстық істерді шешу үшін жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
Қүқықтық көмек туралы шарттардың мақсаты - бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекет аумағындағы жеке мүліктік және мүліктік емес күкықтарды өзара мойындауы мен сақтауын қамтамасыз ету [4].
Өз кезегінде заң көмегі өз мазмүны бойынша қүқықтық көмекке Караганда іс әрекеттердің өзге кең шеңберін қамтиды. Олардың арасында: қажетті нормативтік қүқықтық актіні іздеуге жәрдемдесу; оның мәнін түсіндіру; өтінішті немесе қузаухатты я болмаса өзге күжатты қүрастыруға көмектесу; заң көмегін корсету үшін заттарды, қүжаттар мен мәліметтерді жинау және тапсыру; туындаған мәселені аса тиімді шеше алатын органды анықтау, сотта немесе өзге органда уәкілдік ету; қылмыстық іс бойынша немесе әкімшіліктік жауапкершілікке байланысты қорғауды жүргізу және т.б.
Халықтың білім мен мәдениетінің жалпы деңгейінің артуы, олардың саяси-әлеуметтік тәжірибені алуы, демократияның дамуы және оның принциптерін, атап айтқанда, адам мен азаматтың құқығын және бостаңдығын қорғауды насихаттау және басқа да жәйттардың барлығы адвокатура сияқты маңызды құқықтық институтка талаптың көтерілуін туындатты. Бұл бағытта, практика көрсеткеніндей, тәуелсіз арнайы құрылған, өзін-өзі басқаратын кәсіби заңгерлердің ұйымы - адвокаттар алқасы өз қызметін барынша тиімді және сапалы жүргізеді.
Адвокатура өзінің манызы мен орны бойнша қоғам мен мемлекет тарапынан да басқа мемлекеттік күкық қорғау органдары сияқты өзіне соншалықты назар аударуды талап етеді, өйткені заң адвокаттан өзіне заң көмегін көрсетуді сұраған әрбір адамның конституциялық құқыға мен мүлдесін толық, обьектівті және білікті қорғауды талап етеді. Әңгіме бұл арада адвокаттардың пайдакүнемдік жеке мүлделері туралы емес, қайта өтпелі кезендегі қоғам үшін де, азаматтар үшін де көкейкесті заңдылық пен қүқық тәртібін сақтау мен нығайту мәселелері туралы болып отыр.
Нақ осыған байланысты, демократиялық және қүқықтық мемлекетті қүру жолындағы адвокатураның рөлін ескере отыра, ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстаи халқына жолдауында күкьіқ қорғау механизміндегі адвокатураның рөлін күшейту жөнінде пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін айрықша атап көрсетті.
Сөйтіп, адвокаттар кәсіби қызметінің мазмұны нақ осы заң көмегін көрсету болып табылады. Өз кезегінде адвокат көрсететін заң көмегі консультациялар, түсіндірмелер беру, талап қою арыздарын, шағымдар, кузаухаттар мен қүқық-тық, сипаттаға өзге қүжаттарды жасау және қүкықтық сипаттағы өзге де «қүжаттарды талап ету сот ісінде, сондай-ақ одан тыскары баска іс-әрекеттерді белсенді жасау жолымен азаматтар мен үйымдардың қүқыктары мен мүлдесін қорғаудын барлық заңды күралдары мен әдістерін пайдалану болып табылады.
Адвокатураның үйымдастырылуы мен қызметін жетілдіру - Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған қүкықтық және демократиялық мемлекет күру жольшдағы маңызды міндеттердің бірі. Онда алға қарай даму болашағы бар, өйткені қазіргі қүқықтык жүйе жалпы тиімді күқықтық институттың болуын көздейді. Олардың арасында тәуелсіз адвокатура лайыкты орын алады. Нақ осы адвокатура жеке және заңды түлғалардың қүқыктарын, бостандықтарын және заңды мүлделерін қорғауды жүзеге асыру кезінде білікті заң көмегін көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде „Адвокатура" термині 1) үйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.
Заңи әдебиетте және қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, "Адвокаттық кызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20-бапта тек адвокаттар алқасы үғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра және осы үғымды кеңейте оғара, өз түсінігімізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсететін түлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.
Адвокатураның негізгі үйымдық-құқықтық нысаны нақ осы адвокаттар алқасы болып табылады және сондықтан "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңында адвокаттар алқасының адвокаттардың түбегейлі үйымы екендігі айтылған. Алайда бүл адвокатураның Қазақстан Республикасының Адвокаттар одағы, Адвокаттар халықаралық одағы (достастығы) Қазақ филиалы сияқты өзгеде нысандарының бар екендігін жоққа шығармайды. Ал болашақта белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды алдына крятын басқа да адвокаттар бірлестігінің қүрылуы мүмкін.
Адвокаттар алқасы заңды және жеке түлғаларға білікті заң көмегін көрсету, адвокаттардың қүқықтары мен заңды мүлделерін білдіру және қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген өзге де білдіру міндеттерді аткару үшін қүрылған адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзің-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын үйымы болып табылады.
Занда адвокаттар алқасы қоғамдық, үйым ретінде аталмаған. Алайда оның нақ осы қоғамдық үйымға тән белгілері бар. Бүл:
1. Кәсіби үйымды қүрған түлғалардың тендігіне негізделген, тиісті ретпен ресімделген мүшеліктің болуы. Адвокттар алқасы жоғары заң білімі бар және біліктілік емтиханын тапсырған және адвокаттық кызмет жүргізу қүқығына лицензия алған Қазақстан Рвспублиқасының азаматтары қатарынан күрылады.
Алкаға ерікті мүшелік туралы пайымдау біршама даулы пікірді туғызады, Бір жағынан, алка күрамына ешкім зорлықпен қабылданбайды, екінші жағынан
- онда адвокаттар алқасын тандау қүқығы жоқ, өйткені облыс аумағында бір ғаңа алқа жүмыс істейді. Алайда істің мәні басқада - қолданыстағы зан бойынша алка мүшесі болмай адвокаттық кызметпен шүғылдануға тиым салынады. Әрине, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен тиісті лицензия алуға болады, алайда лицензия алған және адвокаттық қызметпен айналыскысы келген адам адвокаттар алкасыла мүшелікке кіруге және "Адвокаттық кызмет туралы" Заң шегінде кәсіби негізде заң көмегін көрсетуге міндетті.
Алка мүшелігіне қабылдау және одан шығаруды сайланбалы алқа органы
- адвокаттар алкасының төралқасы жүргізеді. Әрбір адвокат алканың толық мүшесі және "Адвокаттық кызмет туралы" Заңның 14 және 15-баптарында қарастырылған қүқықтар мен міндеттемелердің жиынтығына ие болады.
2. Қоғамдық үйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға материалдық қатысуы тек кіру және мүшелік жарна түрінде ғана жүргізілмейді Адвокатурада үйымның мүліктік негізін қүруға арналған каражат, сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома және адвокат кеңселері азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсеткені үшін алған төлемнен қүралады.
Мүлік, сонымен қатар ерікті мүліктік жарналар мен садақалардан; демеушілік және қайырымдылық көмектен; заңда тиым салынбаған өзге түсімдерден қүралады.
3. Алқа мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, алқа бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы - осының барлығы тәуелсіз және өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы қүқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстан заңнамасында ассоциация (одақ) нысаныңдағы мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, заңды тұлғалар бірлестігі сияқты коммерциялық емес ұйымның осындай нысандарының және заңнама актілерінде қарастырылған өзге де нысандардың қызметіне рүқсат етіледі
Қолданыстағы заңнама коммерциялық емес ұйымның басқа да ұйымдық -қүқықтық нысанында құрыла алатындығын анықтайды. Бұл нысанға нотариалдық палаталар, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, пәтер иелерінің кооперативтері және өзге де коммерциялық емес ұйымдар жатады. Адвокаттар алқасының күқықтық жағдайының ерекшелігі "Адвокаттық қызмет туралы" ҚР Заңымен реттеледі.
Алайда бүл, біздіңше, адвокаттар алқасының комхмерциялық емес үйым бола отыра, үйымдық-қүқықтык нысаны бойынша қоғамдық бірлестікке бір табан жақын екендігі туралы қалыптаскан көзқарасты теріске шығара алмайды. Оның үстіне, ҚР Конституциясының 23-бабыйда "Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлестіктерді еркін тандау күқығына ие екендігі, қоғамдык бірлестіктер қызметінің заңмен реттелетіндігі" атап көрсетіледі "Қоғамдык бірлестіктер туралы" ҚР Заңының осы конституциялық кағиданы орындау үшін "Бірлестіктерді еркін тандау қүқығының лдам мен азаматың маңызды конституциялық қүқығының бірі екендігі, оны іске асырудың қоғам мүлдесіне жауап беретіндігі және мемлекеттің қорғауында болатындығы" тікелей көрсетілген.
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" ҚР заңына сәйкес Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып саяси партиялар, кәсіптік одактар және өздері қойған мақсаттарға жету үшін ерікті негізде күрылған, қолданымдағы заңнамаға қайшы емес азаматтардың өзге де бірлестіктері танылады. Бүл маңызды принциптік кағида. 3-бап Заң күшінің діни бірлестіктерді, аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару органдарын және қоғамдық ынталы органдарды қоспағанда, азаматтардың бастамасы бойынша қүрылған барлық қоғамдық бірлестіктерге таратылатындығын белгіледі, алайда саяси партиялар, кәсіподақтар мен қоғамдык бірлестіктердің жеке түрлерін қүруға, қызметіне және таратылуға байланысты ерекшеліктер өзге заңнама актілерімен реттелуі мүмкін. Осы бапка сәйкес, алайда қоғамдық бірлестіктерді қүру және қызметінің негізін жалпы анықтайтын ортак принциптер шегінде адвокатураның үйымдастырылуы мен қызметін реттейтін арнайы қүқықтық норматавтік актіні, яғни "Адвокаттьгқ қызмет туралы" ҚР Заңын қабылдау қисынды болып табылады.
Осы көзқарастың болуына Алматы қалалык сотының Конституциялық Кеңеске "Адвокаттық кызмет туралы" Заңның 20-бабы 3-тармаға екінші абзацының конституциялық еместігін мойындау туралы тапсырған үсынымы айғак болады, онда облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда алқаның осы заңның 7-бабының талаптарына сай келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылатындығы айтылған. Осы қағида азаматтардың бірлестіктерді еркін тандау құқығын шектейді. Алайда Конституциялық Кеңес мыналарға сүйене отырып тапсырылған өтінішпен келіскен жоқ:
біріншіден, адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады, оның үстіне адвокаттар қызметі лицензияландыруға жатады.
екіншіден, мемлекет адвокаттар алқасының мүшелеріне ҚР ҚІЖК-де карастырылған жағдайда қылмыстық процеске іміндетті түрде қатысуды, соңдай-ақ істердің кейбір санаты бойынша тегін заң көмегін көрсетуді жүктейді
үшіншіден, қоғамдық бірлестіктерге қарағаңда адвокаттар алқасына жеке және заңды түлғалар да кіре алады.
Осы түйінді ескере отара, Конституциялық Кеңес адвокаттар алқасының қоғамдық бірлестіктерден ерекшеленетін коммерциялық емес заңды түлғалардың дербес үйымдық-қүкықтық нысаны болып табылатындығы туралы қаулы шығарды. Ал тиісінше "Адвокаттық қызмет туралы" Заңда ешқандай да Конституцияны бүзушылық болған жоқ.
Алайда, түтастай, Конституциялық Кеңестің осы негізгдемесі, біздіңше, қойылған сүрактарға толык жауап бермейді, оның үстіне бір қатар ТМД елдерінде (Ресейде) адвокаттар алқасын қоғамдық, бірлестікке жатқызады.
Ақиқатында, адвокаттар алқасын бірқатар белгілері бойынша қоғамдык бірлестіктерге жатқызуға болады. Қатаң кәсіби принцип бойынша күрыла, ҚР Конституциясы мен заң (ең алдымен "Адвокаттық қызмет туралы,, 1997-жылға 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы, лицензия туралы заңнама және т.б.) негізінде іс-әрекет ете отыра, адвакаттар алқасы заңды түлғалар жүйесінде ерекше орын алады.
Адвокаттар алқасын қоғамдық бірлестік нысанындағы коммерциялык емес үйым ретінде тану облыс, Республикалык маныздаға қала мен астана аумағында бірнепіе алка күруға мүмкіндік берер еді. Ол адвокаттың кызметпен айналысқысы келген кез келген адамға өз тандауымен адвокаттар алқасына әкімшіліктік-аумақтык бөлініске сәйкес кіруге қүқық берер еді. Бірнеше алканың болуы мыналарға мүмкіндік береді:
♦ заң көмегін көрсету сапасын көтеруге;
♦ азаматтар мен үйымдарға нақты алканы өз қалауымен тандауға;
♦ заң көмегі үшін төлем көлемін азайгуға;
♦ халық арасында қүкык білімін насихаттауды кеңейтуге және т.б. Жеке және заңды түлғаларға заң көмегін көрсете, анықтау, алдын ала
тергеу, сот, мемлекеттік және басқа органдар мен үйымдарда және азаматтармен қарым-катынаста өкілдік пен қорғауды жүзеге асыра, сот төрелігін жүзеге асыру процессінде сайысушы тараптардың бірі ретінде қатыса отыра, адвокаттар акы алады, оның бір бөлігін алқа қызметін қолдауға жүмсайды. Яғни, олар атқарған қызмет -коммерциялық әрекет емес.
Сөйтіп, адвокаттар алқасы қүрылу және жүмыс істеу әдісі бойынша мемлекеттік органдарға тәуелсіз өзте үйьшдык-қүқықтык нысандағы кәсіби бірлестікке жатады. Алайда олардың қызметінде кәсіби бірлестікке тән емес
імынадай белгілер де бар. Бұл ең алдымен олардың әділет органдарымен қарым-қатынас сипатына қатысты, атап айтқанда ҚР Әділет министрлігінде азаматтар мен заңды тұлғаларға, оның ішіңде адвокаттар алқасына қызмет көрсетуге байланысты, қылмыстық және азаматтар істерді қарау кезінде өкіл немесе қорғаушы ретіндегі адвокаттың жағ-дайын, адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тартуды және т.б. ұйымдастыру үшін өзара байланыс және жағдай жасау жөніндегі бөлімнің болуы. Сонымен қатар, әділет органдары адвокаттық қызмет-пен шүғылдану қүқыға үшін лицензия беруге тиіс.
Алайда, бүл
адвокаттардың тиісті лауазымдық міндеттемесін
атқаратын қызметшілер екендігі
Біріншіден, адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды (тағайындау, сайлау немесе конкурс бойынша), яғни мемлекеттік қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасымен шарт жасамайды.