Шарттың жалпы ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі

Содержание работы

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Файлы: 1 файл

курс жумыс.docx

— 97.38 Кб (Скачать файл)

АК-ның 21-бабының 4-тармағы әрбір кезектіліктегі несие берушілердің талаптарын орындаудың ережелері жөнінде заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң актісіне сілтеме жасайды, ондай акті — Банкроттық туралы заң. Банкротгық туралы заңның 76-бабына сәйкес әрбір кезектіліктегі несие берушінің талабы алдыңғы кезектіліктегі несие берушінің талабы орындалғаннан кейін орындалады, ал банкроттың мүлкі тиісті кезектіліктегі несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, онда қанағаттандыру олардың талаптарының сомасына қарай пропорциямен жүргізіледі. Сондықтан бірнеше кепіл ұстаушылардың талаптары болса және оларды толық қанағаттандыру үшін мүлік жеткіліксіз болса, онда, несие ұстаушылар арасында қанағаттандыру қамтамасыз ететін сомаға пропорционалды жүргізіледі. Ал, айта кететін бір жағдай — жеке кәсіпкер банкрот болғанда, кепіл берушінің өзге несие берушілері мен кепіл ұстаушының құқықтарында қиғаштық болмайды, бірақ кепіл құқығы тоқтайды, және несие үстаушы банкроттың белгілі бір кезектіліктегі несие берушісіне айналады. Жеке кәсіпкер банкрот болғаннан бастап кепіл несие берушісі мен банкрот арасындағы қатынастар кепіл туралы нормалармен емес, жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы нормалармен реттелінеді[31].

Мұндай жағдай заңды тұлға банкроттыққа ұшырағанда да болады. АК-ның 55-бабына сәйкес, конкурстық іс жүргізу қозғалғаннан бастап банкротгың барлық міндеттемелері, оның ішінде кепіл шарттары тоқтайды. Конкурстық іс жүргізу қозғалған кезден бастап қабілетсіз борышқордың мүлкін өндіртіп алуға айналдыруға қойылған, оның ішінде АК-ның 299-бабында белгіленген барлық шектеулер алынады. Кепіл шартының тоқтауы, жеке кәсіпкердің банкроттығындағы сияқты, кепіл ұстаушыға кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайларымен сәйкес емес шығыл қалуына байланысты кепілмен қамтамасыз етілген шарттың мерзімнен бұрын орындалуын талап етуге құқық береді.

Бұл ретте АК-ның 51-, 55-бабына жене банкроттық туралы заңнамаға сәйкес занды тұлғаның несие берушілерінде конкурстық іс жүргізу қозғалған кезден бастап өз талаптары бойынша, белгілі бір кезектілікпен, борышкердің конкурстық массасы есебінен қанағат алуға құқық туындайды.

Айта кететін бір жағдай — АК-ның 3-бабының 3-тармағына сәйкес банктердің банкроттығымен және таратылуымен байланысты қатынастар АК-ның банк қызметін реттейтін заң актілеріне — Банктер және банк қызметі туралы Заңға қайшы келмейтін бөлімінде реттеледі. Банктер және банк қызметі туралы Заңның 74-2-бабының 3-тармағында банк банкрот болған жағдайда несие берушілер талабын қанағаттандырудың өз кезекгілігі белгіленген, онда кепіл несие берушілері алтыншы кезекте тұр.

АК-да ақтайтын процедуралар жүргізгенде несие берушілер құқықтарының дауларын шешетін нормалар жоқ. Сондықтан, АК-ның нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы орнын ескерсек, атқарушы процедуралар жүргізген кезде кепіл құқығының және кепіл ұстаушының АК-ның 299-бабының 1-тармағында көзделген құқық артықтығылығының сақталатындығын айта кету керек. Заңды тұлға банкрот болғанда заңды тұлға тарағанға дейін немесе конкурстық іс жүргізу қозғалғанға дейін кепіл ұстаушының құқық артықшылығы АК-ның 299-бабы 1-тармағының, АК-ның өзінде белгіленген алып тасталынатындарды қоспағанда, кепіл мүлкіне қатысты кепіл ұстаушының артықшылығын белгілейтін 1-бөлігінің нормаларына сәйкес күшін сақтайды. Заңды тұлға банкрот болғанда заңды тұлға тарағанға дейін немесе конкурстық іс жүргізу қозғалғанға дейін алып тасталынатындар АК-да көрсетілмеген. Сондықтан, АК-ның 299-бабының 1-тармағы бөлігінің нормасы мүліктің кепіл ұстаушысы болып табылмайтын өзге несие берушілердің ақтайтын процедуралар жүргізу барысында өндіртіп алуды кепіл мүлкіне айналдыруына зандық шектеу болады[44].

Кепілмен қанағаттандырылатын талаптар. Жалпы ереже бойынша, несие берушінің талабы өндіртіп алуды кепіл мүлкіне аударған кезде кепіл нысаны тұратын құннан қанағаттандырылады, ол талаптардың кепіл белгіленген кездегі мөлшеріне байланысты емес. Осылардың құрамына, қамтамасыз етілетін негізгі шарттың сомасынан басқа, кепіл белгіленгеннен кейін туындайтын талаптар: сыйақы төлеуге (қарыз берілген қаражатты пайдаланғандық үшін пайыздық үстеме түрінде, т.б.), ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбына (борышты жабу мерзімін өткізіп алу) қатысты талаптар, орындау мерзімін өткізіп алумен байланысты шығындарды толық мөлшерде өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу (айыппұл, өсім), сондай-ақ кепіл мүлкін сақтауға шыққан шығындар және өндіртіп алуға байланысты барлық шығындарды өтеу (мысалы, сату шығындары және т.б.).

Сонымен қатар өндіртіп алуды кепіл нысанына аудару кезінде несие беруші талаптарын қанағаттандырудың кез келген басқа көлемі белгіленуі мүмкін. Басқа көлем шартта немесе заң актілерінде белгіленуі мүмкін. Несие берушінің талаптарын, ол талаптардың кепіл белгіленген кездегі мөлшеріне қарамастан, өндіртіп алуды кепіл нысанына аудару кезіңде нысан тұратын құннан толық мөлшерде қанағаттандыру туралы жалпы толықтыратын ереже кепіл берушінің құқығын да, кепіл ұстаушының құқығын да қорғайтын күзет шарасы болып табылады. Біріншіден, егер кепіл белгіленгеннен кейін сол кепілмен қамтамасыз етілген шарт бойынша борыш өссе кепіл ұстаушы кепіл мүлкін борыштың жаңа пайда болған бөлігін жабуға да аударуға құқылы. Борыштың алғашқы сомасының өсуі, көбінесе, борышкердің шартты уақтылы орындамауынан болады, нәтижесінде, міндеттеменің шартына байланысты борыштың негізгі сомасына сыйақы (мүдде) есептелуі, кепіл ұстаушыда борышкерден тұрақсыздық айыбын алу құқығының туындауы, сондай-ақ кепіл ұстаушыға келген залалды өндіруге құқық пайда болуы мүмкін.

Екіншіден, кепілмен шартты кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру кезіндегі сол, бар көлемде қанағаттандыру туралы (ереженің, кепілге салынған мүліктің құны сол кепілмен қамтамасыз етілген шарт бойынша борыш сомасынан асып түссе, кепіл беруші үшін едәуір маңыздылығы болады. Себебі, кепіл ұстаушының кепіл мүлкін сатудан түскен сома мен кепіл нысанымен қамтамасыз етілген талап мөлшері арасындағы айырманы кепіл берушіге беруі жөніндегі міндеті дәл осы ережеден туады. Егер кепіл ұстаушының талаптарын жабуға өндіртіп алуды кепіл мүлкінің бір бөлігіне аудару (мысалы, бірнеше кепіл нысандарының біреуіне) жеткілікті болса, кепіл ұстаушы өндіртіп алуды сол мүліктің қалған бөлігіне аударуға құқылы емес.

Несие берушінің талаптарын қанағаттандыру көлемін салынған мүлік құнынан анықтаудың жоғарыда келтірілген тәртібі кепілдің болашақ талаптарды қамтамасыз ететін кепіл сияқты түрлеріне таралмайды, оған қатысты арнайы ереже — қанағаттандыру көлемін кепіл туралы шарт жасалғанда анықтау тәртібі белгіленген.

Жалпы ереже бойынша кепіл арқылы борышкердің сол кезде бар және заңды шарттары қамтамасыз етіледі, себебі кепілге акцессорлық (қосымша) сипат тән. Ерекше жағдайларда кепілмен борышкерге келешекте туындайтын талаптар қанағаттандырылуы мүмкін, бұл ретте міндетті жағдай — мұндай талаптарды кепілмен қамтамасыз ету мөлшері жөнінде тараптар арасында келісім болуы тиіс. Келешекте туындайтын талаптарды кепілмен қамтамасыз ету мөлшерін анықтау үшін тараптардың келісімге жетуі қажет болатындықтан, бұл талап, сөзсіз, кепіл туралы шарттың елеулі жағдайларына, өзінен туындайтын барлық салдарымен, жатады[52].

Кепіл түрлері. Кепілді топтастыру кепілді құқықтық реттеу үшін елеулі маңызы бар әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Негізгі топтастырғыш негіз, ол — кепіл нысаны болып табылатын мүліктің түрі, себебі, әртүрлі құқықтық режимдегі мүлікті пайдалануға байланысты кепілді құқықтық реттеудің кепілді тіркеу туралы қосымша жағдай, кепіл затын кепіл ұстаушыға беру немесе оны кепіл берушіде қалдыру, қауіпті кепіл туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу мүмкіндігі және т.б. түрінде өзіндік ерекшеліктері бар. Осы негіздерге сәйкес заттар кепілі және мүліктік құқық кепілі болып бөлінеді.

Кепілді түрге бөлудің басқа бір негізі — кепіл нысанының шарт бойынша тараптардың біреуінде болуы және рұқсат берілгендігі. Осы негіздер бойынша кепіл мынадай түрлерге бөлінеді: кепілзат, мұнда кепіл нысаны кепіл ұстаушының иелігіне беріледі, және ипотека, мұнда кепіл нысаны, кепіл күшінде тұрған кезде, оны пайдалану құқығымен кепіл берушінің немесе үшінші адамның иелігінде қалады.

Бұл түрлердің әрқайсы, мүлікке, кепіл құқық қатынастарының субъектілеріне немесе оларды қолдануды құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне байланысты тағы да әр түрге бөлінуі мүмкін. Мысалы, кепілзаттың басқа түрлеріне жататындар: ломбардтағы тауарлар кепілі, онда кәсіпкер ретіндегі кепіл ұстаушының айрықша жағдайы кепілді құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне байланысты; тауар қоймасында тұрған тауарлар кепілі — кепілді құқықтық реттеудің жөне оны рәсімдеудің ерекшеліктері кепіл мүлкін сақтаушының — кәсіпкердің құқықтық қатынастарға қатысуында. Кепіл құқық қатынастары айрықша реттелетін ипотеканың басқа бір түрі — айналымдағы тауарлар кепілі, оның ерекшелігі — кепіл нысаны ретінде қолданылатын заттарды, өндеуге, табиғи формасын өзгертуге ұшыраған заттарды не тектік  белгілерімен анықталатын заттарды пайдаланумен байланысты[74].

Бұл ретте заттардың кейбір түрлерін кепілге салу үшін не ипотека, не кепілзат ғана немесе олардың біреуі артықшылықпен пайдаланылуы тиіс. Мысалы, жылжымайтын мүлік кепілі тек ипотека түрінде ғана болады. Қолданыстағы жылжитын заттардың кепілі, негізінен, кепілзат түріңде жүзеге асырылады, себебі, олай болмаған жағдайда, кепіл нысанына өндіртіп алуды аударған кезге дейін оның жойылу, жоғалу не кепіл беруші оны өз қажетіне пайдалану қаупі артады. Сонымен қатар, мұндай заттардың ипотекасы айналымдағы тауарлардың кепілі түрінде  де болуы мүмкін.

Қолданыста емес жылжитын заттар кепілзатқа да, ипотекаға да берілуі мүмкін.

Сақтауға немесе ұстағанға қосымша шығындарды және өзге де жұмсалымды керек ететін жылжымалы заттарды (абайсыз дәу заттар, мысалы) кепілзатқа алудан бас тартылуы мүмкін.

Заттар кепілі — ипотекадан және кепілзаттан басқа болып саналатын кепілге — мүліктік құқық кепіліне заттар кепілінің ережесі қолданылуы мүмкін. Мүлік құқығының кейбір түрлерінің кепілінде (мысалы, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне айрықша құқық) кепілзатын немесе ипотеканы қолдану жөнінде шартты түрде айтуға болады, бірақ ол үшін мүліктік құқық кепілінің конструкциясында тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша тиісті ұқсастық өзге де жағдайлар беру керек. Бәрі бір бүл кепілзат немесе ипотека болмайды, себебі мүліктік құқықтың құқықтық режимі заттар режиміне қарағанда едәуір өзгеше, және мүлік құқығын кепіл нысаны ретінде пайдаланғанда кепілдің айрықша басқа бір түрі — мүліктік құқық кепілі пайда болады[21].

Ақша кепілі кепілдің айрықша бір басқа түрі болып саналады. Ақша кепілінің бір ерекшелігі сонда, ол банкке салынуы, яғни міндетті түрде үшінші жаққа — мамандандырылған банк ұйымына берілуге тиіс. Ақша кепілінде кепіл затының кепіл ұстаушыға берілуі немесе кепіл берушіде қалуы мүмкін емес. Ақша кепілінде кепілзат немесе ипотека конструкциясын қолдануға болмайды. Оны ақшаның мүлік ретінде өте жоғары өтімділігімен, адал иемденушіде жойылып кетпейтшдігімен және занды төлем құралы екендігімен түсіндіруге болады. Кепілзат конструкциясын пайдаланып ақшаны несие ұстаушының иелігіне беру оның меншік иесінің ауысуына әкеп соғады, ол кепіл нысанының кепіл үстаушысы мен меншік иесінің біреу болуына байланысты кепіл бойынша қандай да бір қатынастардың тоқтауына себеп болады.

Ипотека конструкциясын пайдаланып ақшаны кепіл берушінің иелігінде және пайдалануына қалдыру оның пайдаланып кетуіне мүмкіндік тудырады, нәтижесінде кепіл ұстаушының құқығы қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін. Айта кету керек — ақшаның негізгі арналымы оны төлем құралы ретінде пайдалану, бұл тұрғыдан алғанда ол қолданылатын мүлікке жатады[37].

Ақшаны банкке салу міндеттемесі ақша кепілінде банктің кепіл құқық қатынастарына өзінше міндеттемесі бар дербес қатысушы ретінде қатысуын көздейді. Ақша кепілі бойынша ақша салынған банк, өзінің мәніне қарай кепіл туралы шарттың қайсы бір жағымен үйлеспеуі керек. Олай болмаған жағдайда, бұрын аталып өткендей, салынған ақшаның кепіл ұстаушысы мен меншік иесінің бір тұлға болуына немесе ипотека нысаны ретінде қолданылатын мүлікті пайдалануға байланысты кепіл тоқтайды.

Кепіл нысаны болып табылатын ақша арнайы банк салымына банкке салынуы тиіс, ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуге арналады.

Мұндай салым шарты салымдар туралы ережеге бағынады, ол кепіл берушіге ақшамен қамтамасыз етілген шарт тиісінше орындалған жағдайда ғана қайтарылады. Сондықтан, мұндай салымнан ақшаны несие ұстаушыға беру кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген шартты орындамауы жағдайында болады.

АК-ның 301-бабында көзделгеніне қарамастан, ақша кепілі АК-ның 765-бабына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңымен толықтырулар енгізілгенше мүмкін болмады, себебі, сол кезге дейін банк салымының шарты бойынша салымшының кез келген мерзімді немесе шартты салым бойынша, салымды қайтару үшін келісілген мерзім немесе мән-жай болғанға дейін салымды қайтаруға сөзсіз құқығы болды. Бұл жағдайда банктегі ақшаны кепілге салу мүмкін емес еді, себебі салымшы, банкпен арадағы қандай да бір шарттарға қарамастан, салымды кез келген уақытта қайтарып алуына мүмкіндік беретін, АК-ның 765-бабыңда алдын-ала белгіленген құқығына сүйеніп салымды қайтарып ала алатын. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңынан АК-ның 765-бабына 6-1-тармақ түрінде толықтыру енгізілді, оған сәйкес банк салымын сөзсіз қайтару ережесі ақша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін салынған жағдайға, яғни ақша кепілі жағдайына таралмайды.

Ақшаны банк есепшотына кепіл нысаны ретінде, ятни банк есеп-шотының шартын пайдаланып банкке салуға болмайды, себебі банк есепшоты міндеттемесінің конструкциясы клиенттің банк есепшоты шарты бойынша банкте жатқан ақшаға билік етуінің сөзсіз құқығын, сондай-ақ клиенттің банк есепшоты шартын кез келген уақытта бұзуға және бұл жағдайда ақшаны алуға не үшінші жақтың пайдасына аударуға сөзсіз құқығын көздейді.

Ақша кепілі банк салымының кепілінен немесе банк есепшотының кепілінен едәуір басқаша. Мысалы, банк салымының кепілінде немесе банк есепшотының кепілінде кепіл нысаны ақша емес, салымшының банк есепшоты шарты бойынша құқығы немесе клиеттің банк салымы шарты бойынша құқығы болады, оған салымшының немесе клиенттің салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе банк есепшоты шартын мерзімінен бұрын бұзуға және бірінші талап бойынша банк есепшотынан ақша алуға шарттардың осы түрлерінде көзделген құқықтары да кіреді. (Ақша кепілінде негізгі шартты қамтамасыз ету үшін банкке салынатын ақша кепіл нысаны болып табылады, бұл ретте, негізгі шартты қамтамасыз ету үшін банкке салынған ақшаны алуға кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің құқығы қамтамасыз етілген шарттың орындалған-орындалмағанына байланысты, олардың салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе бірінші талап бойынша ақша алуға құқығы  жоқ.

Ақша кепілі жағдайында негізгі шартты тоқтату немесе оны заңсыз деп тану ақшаны қамтамасыз етуші ретінде салу туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға алып келеді, ал банк салымы немесе банк есепшоты кепілі жағдайында сондай мән-жайлар кепіл туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға әкеп соғады, ал ол банк салымы шартына немесе банк есепшоты шартына еш әсер етпейді[75].

Информация о работе Шарттың жалпы ережелері