Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 21:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру;
2. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұнын анықтау;
3. Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiн қарастыру;
4. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқартуды зерттеу.
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі 5
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны
9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
16
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 |
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ негіздері |
|
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі |
5 |
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны |
9 |
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМ |
|
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi |
16 |
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту |
18 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
24 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
26 |
КІРІСПЕ
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.
Қылмыстық іс жүргізу мәселелеріне арналған әдебиеттерде, монографияларда, ғылыми мақалаларда қылмыстық іс қозғау ұғымына түрліше түсінік беріліп жүр. Сондықтан да қылмыстық іс қозғауды көп қырлы ұғым деп санаймыз. Ең алдымен қылмыстық іс қозғауды процессуалдық институт деп атаймыз, яғни қылмыстық іс қозғау сатысында туындайтын мәселелерді реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Екіншіден, қылмыстық іс козғау деп — іс қозғау туралы жазылған процессуалдық актіні айтамыз. Осы іс қозгау туралы процессуалдық акті жазылғаннан кейін, ягни іс қозгау туралы қаулы шыққаннан кейін, тергеу әрекеттері жүргізіле бастайды. Үшіншіден, қылмыстық іс қозғау деп — қылмыстық іс жургізудің жеке (бөлек) тәуелсіз сатысын айтамыз. Қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады.
Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды. Біз қылмыстық іс козғау сатысы жеке, бөлек, тәуелсіз саты дедік, соған орай қылмыстық іс жүргізудің басқа да сатылар сияқты іс қозғау сатысының өзіне тән белгілері, ерекшеліктері болады. Осы белгілері мен ерекшеліктері арқылы қылмыстық іс қозғау сатысын басқа сатылардан айыра білеміз. Мысалы, бұл сатының өзіне тән міндеттері болады. Қылмыс бойынша іс қозғау міндеттері арнаулы лауазымды адамдарға жүктеледі. Іс қозғау жұмыстары заңда көрсетілген тәртіппен реттеледі, ягни процессуалдық нысанда өтеді. Қылмыстық іс қозғау кезеңі нақтылы бір шешім қабылдаумен аяқталады. Қылмыстық іс қозғау қылмыстьіқ іс жүргізудің бастапқы сатысы. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыс белгілері бар іс әрекет туралы мәлімдемелер бойынша іс жүргізуді бастауға фактілік және құқықтық негіздерді анықтап, тиісті шешім қабылдайды. Қылмыстық іс жүргізуге арналған әдебиеттерде іс қозгау көпшілік таныған қылмыстық іс жүргізудің тәуелсіз сатысы деп саналады, яғни іс қозғау іс жүргізудің бөлек, тәуелсіз сатысы деп айтылған. Шындығына келгенде, іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысы екендігіне дау жоқ. Бірақ 30-шы жылдары бұл туралы басқа да пікірлср айтылды. Мысалы, қылмыстық іс қозғау іс жүргізудің өз алдына болек сатысы емес, алдын ала тергеу сатысының басы, бастамасы деп айтылды. Мұндай жағдайда іс қозғалмай түрып тергеу әрекеттері жүргізілмесін деген заң талабы бұзылады, бұл заңсыздыққа әкеп соғады. Сонымен қатар мұндай жағдайда алдын ала тергеу мерзімі қылмыс туралы арыз алғаннан кейін басталады, ал заң бойынша алдын ала тергеу мерзімі іс қозгау туралы қаулы қабылданғаннан кейін басталуы керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады. Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ негіздері
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады.
Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.
Өйткенi қылмыстық iстiң қысқартылуы арқылы кез-келген қылмыстық қызмет тоқтатылады, демек, алдын ала тергеу де аяқталады деген сөз. Сондықтан бұған дейiн заң әдебиеттерiнде айтылып келген қылмыстық iстiң қысқартылуы алдын ала тергеудiң аяқталуының дербес нысаны болып табылмайды деген тұжырымның негiзсiз екендiгiне көз жеткiзу қиын емес.
Әсте, мұндай қорытынды жасауға алдын ала тергеудi аяқтау туралы ұғымға дұрыс анықтаманың берiлмеуi себепшi болса керек. Нақтырақ айтқанда, бұл ұғым тергеушiнiң айыптау қорытындысын жасар алдында тергеудiң аяқталғаны туралы шешiм қабылдауымен және оған қатысушыларға iс материалдарын таныстыруымен түсiндiрiлген. Осы жерде алдын ала тергеудi аяқтаудың басқа нысандарын қарастырмай-ақ қылмыстық iстi қысқартуды тек тиiстi қаулының қабылдануымен аяқталатын бiр жолғы техникалық акт ретiнде қарауға болмайтындығын атап өткiмiз келедi.
Қылмыстық iстi қысқартудағы алдын ала тергеудi аяқтаудың нысаны ретiнде мазмұны жағынан бiрқатар маңызды мәселелердi шешуге бағытталған бiртұтас кезеңдi атауға болады.
Бұл кезең, Г. Миньковский дұрыс атап көрсеткендей мынадай iс-әрекеттердi қамтиды:
а) iс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын талдау және бағалау;
ә) қылмыстық iске қатысты материалдарды жүйелеу және жөнiмен рәсiмдеу;
б) қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны құрастыру;
в) iстi қысқарту туралы шешiмнен туындайтын барлық мәселелердi шешу (айыпталушыға немесе күдiктiге байланысты бұлтартпау шараларын жою, мүлiктерге жасалынған тұтқындауды алу, т.б.)
г) iстi қысқарту туралы мүдделi адамдарға хабарлау.
Бұдан басқа, Г. Миньковский және басқа авторлар iстi прокурор қысқартқан кезде алдын ала тергеудiң қорытынды бөлiгiнде iстiң нәтижесiне мүдделi адамдардың шағымдарын қарауды да енгiзедi.
Әйткенмен де, А. Дубинскийдiң пiкiрiнше, қылмыстық iстiң қысқартылуын бақылау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi алдын ала тергеудi аяқтау ұғымынан тысқары жатыр, өйткенi бұл қызмет iстi қысқарту қажеттiлiгi туралы аяқталған тергеу мен қорытындыны тексеруде әлдеқашан орныққан. Бұған тек қылмыстық iстi қысқартудың шарты ретiнде прокурордың келiсiмi заң жүзiнде қарастырылған жағдай ғана жатпайды.
Алайда бұл тұжырыммен келiсу қиын, себебi прокурор қысқарту нысанында тергеудiң аяқталуына тек қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы жазылғаннан кейiн ғана емес, қылмыстық iс қозғалған сәттен бастап қадағалау жасайды ғой. Прокурордың қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi қызметi тергеушiнiң барлық әрекеттерiмен, тiптi қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны жазғанға дейiн қатар жүредi. Сондықтан алдын ала тергеудiң аяқталуы мен қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi арасына қатаң түрде шектеу қоюға болмайды.
Сонымен, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыға жасалған шағымды қарайтын прокурордың қызметi алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып табылып, қылмыстық iстi қысқарту кезеңiне енгiзiледi.
Басқа бiр жағдай, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы сотқа шағымдалған кезде туындайды. Мұндай шағымдардың сотта қаралуы алдын ала жасалатын өндiрiске сот бақылауының бiр түрi болып табылады. Алайда бiрiншi сатыдағы соттың осындай қызметiн алдын ала тергеуге жатқызуға болмайды, бұл сот өндiрiсi.
Әрi бұл өндiрiс сатылық сипатқа жатады: судьяның шешiмi, қаулысы апелляциялық тәртiппен, сондай-ақ сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. Әйткенмен де, аталмыш өндiрiсте кiнәлiлiк немесе кiнәсiздiк мәселелерi қарастырылмайды, қылмыстық iстi қысқартудың заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Бәлкiм, бұл сот өндiрiсiн ерекше өндiрiс қатарына жатқызуға негiздер бар шығар. Негiзiнен “ерекше өндiрiс” ұғымының бар екендiгi жоққа шығарылмайды. Сiрә бұл кiнәлiлiгi туралы мәселенi шешпейтiн, қылмыстық материалдық құқық нормаларын қолдану туралы сөз қозғамайтын өндiрiстер болса керек.
Қорыта айтқанда, қылмыстық iстi қысқарту–бұл алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып табылатын анықтау органдарының, прокурордың, судьяның қызметi.
Қылмыстық iстi қысқартудың мәнiн алдын ала тергеудi аяқтаудың бiр нысаны ретiнде сипаттай келiп, А. Дубинский былай деп ой түйедi: “Қылмыстық iстi қысқарту – бұл iс бойынша жиналған дәлелдемелердi талдау, бағалау, қылмыстық iс материалдарын жүйелеу, процеске қатысушылардың (iстiң нәтижесiне мүдделi) аяқталған өндiрiспен таныстыру, олардан түскен өтiнiштердi шешу, iстiң мәнi бойынша жасалатын қорытындыны, одан туындайтын шешiмдердi және оларды жүзеге асыруды тұжырымдау жөнiндегi процессуалдық әрекеттердiң жиынтығынан тұратын тергеудiң соңғы сатысы”.
Сонымен қатар, қылмыстық iстi қысқарту деп қылмыстық сот өндiрiсi үшiн талап етiлетiн себептердiң жоқтығы және оны әрмен қарай жүргiзуден бас тарту туралы өкiлеттi лауазымды адамның шешiмiн бiлдiретiн процессуалдық акт, яғни қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы немесе ұйғарым ретiнде түсiнуге болады.
Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының қабылдануы оның қандай негiздер бойынша (ақтау немесе ақтайтын) тоқталғанына байланысты шешiлмейдi. Қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес алдын ала тергеу органдары iс бойынша өндiрiс кезiнде ең алдымен мынадай мәселелердi шешуге мiндеттi: қылмыс оқиғасы расында орын алды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, бұл әрекеттi нақтылы бiр адам жасады ма, сол адам жасалған қылмысқа кiнәлi ме. Осы аталған мәселелердiң бiрi терiс шешiмiн тапқан жағдайда алдын ала тергеу органдары iс бойынша өндiрiстi тоқтатуға мiндеттi. Қылмыстық iстi қысқарту туралы шешiм, – Б. Төлеубекова мен Д. Синев атап өткендей, – тек бұл үшiн iстiң мән-жайлары туралы нақты мағлұмат болған кезде ғана қабылданады (мысалы, қылмыстық iстi қозғау кезiндегi ықтимал мағлұматтан өзгеше). Мұндай жағдайда тергеу органдары iстi сотқа жiбермей, өндiрiстiң басталуына мұрындық болған фактiлердi тергеудi өздерi аяқтайды. Iстi қысқарту туралы тергеу органының қаулысын тек заңмен көзделген жағдайларда және белгiленген тәртiп бойынша тиiстi прокурор, сондай-ақ жәбiрленушiнiң шағымы негiзiнде сот бұзуы мүмкiн.
Iс жүзiнде қылмыстық iстi алдын ала тергеу сатысында қысқарту, сот қызметiне жататын сатыларға қарағанда жиiрек кездеседi. Бұл негiзiнен соттардың, әдетте, тек тергеу органдары iстi дер кезiнде қысқартпай, қателiк жiберген жағдайларда ғана iстi қысқартатындығымен түсiндiрiледi. Сот алдын ала тергеу материалдарын тексерiп, iстi қысқарту арқылы сол органдардың қателiктерiн түзетедi.
Сонымен, ҚР ҚIЖК-нiң 269 бабына сәйкес тергеушi, прокурор ҚIЖК-нiң 37, 38 баптарында қарастырылған негiздер мен тәртiптер бойынша қылмыстық iстi қысқартуға құқылы. Күдiктiнiң немесе айыпталушының қылмыс жасағандығы дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшiн барлық мүмкiндiк таусылса, қылмыстық iс қылмыс оқиғасының болмауына, яки әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылады. Бұл жағдайда тергеушi, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесiнде келтiрiлген материалдық зиянды өтеу жөнiнде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиiс. Егер iс бойынша бiрнеше сезiктi, айыпталушы жауапқа тартылса, ал iстi қысқартуға негiз сезiктiлердiң, айыпталушылардың бәрiне бiрдей қатысты болмаса, онда қылмыстық iзге түсу жекелеген сезiктiлерге, айыпталушыларға қатысты қысқартылады. Қылмыстық iстi қысқарту туралы дәлелдi қаулы шығарылады. Заң жүзiнде iстi тоқтатуға айыпталушының немесе жәбiрленушiнiң келiсiмi бойынша ғана жол берiлетiн жағдайларда мұндай келiсiмнiң бар екенi қаулыда көрсетiлуi тиiс. Iс қылмыс оқиғасы, әрекетте қылмыс құрамы болмаған және айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды болып табылған не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда қысқартылған ретте, қаулыға оларға қатысты iс қысқартылған адамдардың кiнәсiз екенiне күмән келтiретiн сөз орамдарын енгiзуге жол берiлмейдi. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының көшiрмесi прокурорға жiберiледi.