Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 21:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру;
2. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұнын анықтау;
3. Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiн қарастыру;
4. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқартуды зерттеу.
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі 5
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны
9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
16
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Iстi қысқарту туралы және қысқарту
негiздерi туралы тергеушi сезiктiге,
айыпталушыға, олардың қорғаушыларына,
жәбiрленушiге және оның
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны
Қылмыстық іс жүргізу міндеттері — қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауын қамтамасыз етіп қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс (ҚІЖК 8-бабы).
Осы міндеттерді жүзеге асыру анықтау және тергеу органдарына, прокуратура мен сотқа жүктеледі. Айтылған органдар қызметінің тиімділігі көптеген жағдайда іс жүргізуде мәжбүрлеу шараларын қолдануда заңдардың бұлжыптай орындалуына байланысты. Көбінесе қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген міндеттерді Қазакстан азаматтары өз еркімен және адал ниетпен орындауға ұмтылатыны байқалады. Ал олардың арасынан бұған онша көніл аудармай, немқүрайлықпен қарайтындар да кездссіп калады. Олар өздсріне жүктелген міндеттерді орындамайды, кылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуге қарсы әрекет жасап, айғақ заттарды жояды, ұрланған заттарды жасырады, куәларды қорқытып, дұрыс жауап бермеуге азғырады, алдын ала тергеу органдарынан, соттан бой тасалап кетеді және басқа да әрекеттср жасайды.
Айтылған көзге қораш әрекеттерді түбірімен жойып, олардың алдын алу немесе бейтарап қалдырмас үшін үкімет алдын ала тергеу органдарынан, прокурор мен соттан тәрбие жөне насихат жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Өз міндеттерін қасақана орындамайтын қылмыстық іс жүргізуғе қатысушыларға мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін, оның ішінде азаматтардың бас бостандықтарын шектейтін шаралар да бар.
Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары құқық ережелерін (нормаларын) тиісті мәнде жүзеге асыруға игі әсерін тигізеді. Кезінде В. И. Ленин бұл мәселе туралы: «Құқық нормаларын орындауды ықтиярсыз көндіретін аппарат болмаса құқық ештеңе де емес» деген болатын.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінде қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары деп аталады.
Кылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын мәжбүрлеу шаралары іс бойынша дәлелдемелерді дұрыс жинауды, ақиқатты анықтауды қамтамасыз етеді жжәне қандай да қылмыс болмасын, ол ашылады деген ұғымды, қылмыстық жауапкершіліктен ешкім де құтыла алмайды деген қағиданы жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Қылмыстық іс бойынша қолданылатын мәжбүрлеу шараларының мәні мен мақсатына, міндеттеріне байланысты олар төмендегдей бес топқа бөлінеді:
Казіргі қолданыстағы заңға сәйкес және көптен уақыттан бергі қалыптасқан түсінік бойынша бұлтартпау шаралары іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып саналып, тек жалғыз айыпталушыға ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда ҚІЖК 142-бабына сәйкес бұлтартпау шаралары қылмыс жасады деп сезікті ретінде ұсталған адамға қолданылуы мүмкін. Бұлтартпау шаралары не үшін қолданылады? Олардың мақсаты не? Бұл сұраққа жауап беретін болсақ, бұлтартпау шаралары — біріншіден, айыпкер тергеуден соттан бой тасалап қалмасын; екіншіден, қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасамасын; үшіншіден, қылмыс жасаумен шұғылданбасын, қылмыс жасауын жалғастырмасын; төртіншіден, сот үкімі орындалсын деген мақсатта қолданылады. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізгенде қолданылатын мәжбүрлеу шараларының ерекше белгілері мынадай:
Өздерінің қызметіне карай мәжбүрлеу шаралары екі түрге бөлінеді. Біріншісі — бұлтартпау амалдары (меры принуждения). Екіншісі - қамтамасыз ету құралдары (амалдары) (меры (средства) обеспечения).
Бұлтарпау амалдарына жататын мәжбүрлеу шаралары мынадай:
Жоғарыда көрсетілген бұлтарпау шаралары не үшін қажет деген сұраққа былай деуге болады, біріншіден, айыпталушының өз еркімен орындамаған міндеттерін еріксіз орындату, екіншіден, іске қатысушылар арасында дұрыс қарым-қатынас туғызу, сол қатынасты нығайту. Басқаша айтқанда, бұлтартпау амалдары айыпталушының тәртібіне байланысты сот әділдігіне зиян келтіретін әрекеттерді жоюға арналған.
Қамтамасыз ету амалдарына мынадай тергеу әрекеттері жатады:
Қамтамасыз ету амалдарының қызметі — қылмыстық іс жүргізу міндеттерін сөзсіз орындау үшін процессуалдық шарттар жасау.
Бұлтартпау шаралары ұғымына (түсінігіне) байланысты әдебиеттерде ғалымдар әр түрлі пікір айтады. Бірақ осы шаралардың негізін сипаттағанда олардың арасынан онша алшақтық байқалмайды.
Бұлтартпау шаралары деп айыпкердің жауапкершіліктен жалтаруына жол бермес үшін тергеушінің қолданатын шараларыи айтады.
Толықтыра айтсақ, бұлтартпау шаралары дегеніміз – айыпкердің бас бостандығына шек қоятын, құқықтарын қолдануына кедергі келтірітін, айыпкердің жауапкершіліктен жалтаруына жол бермейтін тергеушінің қолданатын шаралары.
Бұлтартпау туралы мәселені толық түсіну үшін бұлтартпау шаралары мен жасаған қылмыс үшін қолданылатын жазаның айырмашылығына тоқталатын болсақ.
Біріншіден, жаза кінәлі адамға соттың үкімімен ғана қолданылса, бұлтартпау шаралары айыпталушыға немесе сотталушыға не ерекше жағдайларда сезіктіге ғана қолданылады.
Екіншіден, жаза қолдану негізі — адамның кінәлілігі, ал бұлтартпау шараларының қолдану негізі — айыпталушы жауапкершіліктен жалтарады деген жеткілікті дәлелдемелердің болуы.
Үшіншіден, жаза соттың үкімімен тағайындалады, ал бұлтартпау шаралары тергеушінің қаулысымен қолданылады.
Төртіншіден, жаза сот мәжілісінде тағайындалады, ал бұлтартпіау шаралары қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында қолданылуы мүмкін.
Бесіншіден, жазаның мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу, ал бұлтартпау шараларының мақсаты — қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауга шарт жасау.
Бұлтартпау шараларының ерекше түрі — қамауға алу (арест). Практикада да, теорияда да бұл бұлтартпау шарасын әртүрлі атайды: қамауда ұстау (содержание под стражей), алдын ала тұтқындау (предварительный арест), алдын ала қамау (предварительное заключение), қамауға алу (арест).
1997 жылғы 13-желтоқсанда қабылданған қазіргі қолданыстағы ҚІЖК 150-бабына сәйкес бұл бұлтартпау шарасы «Қамауға алу» (арест) деп аталады. Бұл жерде мағынасы бір болғанымен «қамауға алу» мен «тұтқындау» сөздерін бірінің орнына бірін қолдана беруге болмайды. Жалпы, «тұтқындау» деген сөз Конституцияда қолданылғанымен қылмыстық іс жүргізу заңында қолданылмайды. Оның себебі, біздің ойымызша, «тұтқындау» терминінің құқықтың басқа салаларда қолданылуында, мәселен, әкімшілік жолмен тұтқындау, тәртіптік тұтқындау деген сияқты.
Қамауға алу — ең қатаң да қатал бұлтартпау шарасы, себебі адамды бас бостандығынан айырып, қамауда ұстау мекемелерінің қатаң тәртіптерін бұлжытпай орындауға мәжбүр етеді.
Бұлгартпау шарасы ретінде қамауға алу заң бойынша екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолдатады.
Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен екі жыл-артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылуы мүмкін, егер:
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу негіздері:
Инквизициялық іс жүргізуде қамауға алу айыпталушының кінәсін дәлелдеуге, оның «кінәсін» еріксіз мойындатуға, көндіруге арналған. Азаматтарды қинау, азаптау, тергеу изоляторында ұзақ ұстау, оларды «кінәсін» мойындатуға мәжбүрлеу болып саналады. Ал қазіргі қолданылып жүрген заң бойынша, яғни ҚІЖК бойынша қинауға, азаптауға жол берілмейді.
Қамауға алу мақсаты – айыпталушының заңға қайшы келетін жат қылықтарының алдын алу, кейде қамауға алу кінәсіздік презумпциясы қағидасына қайшы келеді деген пікір туғызуы мүмкін. Кінәсіздік презумпциясы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған азамат соттың заңды күшіне енген үкімімен белгілегенге дейін, кінәсіз деп саналалы. Айыпкер кінасыз деп саналады, бірақ ол қамауға алынады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында, «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот-үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» делінген. Соған байланысты айыпталушыны қамауға алғанда, тергеушінің оны кінәлі деп санау жөніндегі шешім жасауы әлі күнге дейін шешілген жоқ. Әсіресе айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартпай тұрып, оның кінәлі екендігіне көз жеткізбей қамауға алу, абақтыда ұстау заңсыз және заң ережелеріне сыйыспайды.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн түсiндiредi.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.
Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға құқылы.
Алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiнде тергеушi қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, тергеушiнiң аты-жөнi мен лауазымы, қабылданатын шешiмнiң мәнiсi мен негiздерi, қаулының осы Кодекстiң қай бабына негiзделiп шығарылатыны көрсетiледi. Қаулыға тергеушi қол қояды.
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.