Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 21:19, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру;
2. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұнын анықтау;
3. Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiн қарастыру;
4. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқартуды зерттеу.
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі 5
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны
9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
16
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.
Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы мен аты-жөнi; тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, ал қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетiледi. Хаттамада iс жүргiзу әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу барысында iс үшiн мәнi бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс және бейнежазба қолданылса не iздiң көшiрме бедерi мен таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
Танысу үшiн хаттама тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертпелер, толықтырулар, түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға тиiс.
Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 126-бабының сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң көшiрме бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында маман зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тiркеледi, ол туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
Жәбiрленушiнiң, оның өкiлiнiң, куәнiң және олардың жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет деп санауға негiздер болған кезде тергеушi аталған адамдар қатысып отырған тергеу iс-әрекетi хаттамасында олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеушi жеке басы туралы деректердi құпия сақтау туралы қабылданған шешiмнiң себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген және ол қатысқан тергеу iс-әрекетiнiң хаттамаларында ол қолданатын қол қоюдың үлгiлерi келтiрiлген қаулыны шығаруға мiндеттi. Қаулы бұдан әрi қылмыстық iстi тергеген органда сақталатын конвертке салынып, желiмделедi, оның iшiндегiлермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтаған тергеушi тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе оларда басқару қызметiн атқаратын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұйғарым ұсынуға құқылы.
Ұйғарым қабылданған шаралар туралы бiр ай мерзiм iшiнде мiндеттi түрде хабарлай отырып қаралуға тиiс.
Алдын ала тергеу деректерi жария етiлмеуге тиiс. Олар, егер бұл тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сондай көлемде жария етiлуi мүмкiн.
Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады.
Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.
Өйткенi қылмыстық iстiң қысқартылуы арқылы кез-келген қылмыстық қызмет тоқтатылады, демек, алдын ала тергеу де аяқталады деген сөз. Сондықтан бұған дейiн заң әдебиеттерiнде айтылып келген қылмыстық iстiң қысқартылуы алдын ала тергеудiң аяқталуының дербес нысаны болып табылмайды деген тұжырымның негiзсiз екендiгiне көз жеткiзу қиын емес.
Мұндай қорытынды жасауға алдын ала тергеудi аяқтау туралы ұғымға дұрыс анықтаманың берiлмеуi себепшi болса керек. Нақтырақ айтқанда, бұл ұғым тергеушiнiң айыптау қорытындысын жасар алдында тергеудiң аяқталғаны туралы шешiм қабылдауымен және оған қатысушыларға iс материалдарын таныстыруымен түсiндiрiлген. Осы жерде алдын ала тергеудi аяқтаудың басқа нысандарын қарастырмай-ақ қылмыстық iстi қысқартуды тек тиiстi қаулының қабылдануымен аяқталатын бiр жолғы техникалық акт ретiнде қарауға болмайтындығын атап өткiмiз келедi.
Қылмыстық iстi қысқартудағы алдын ала тергеудi аяқтаудың нысаны ретiнде мазмұны жағынан бiрқатар маңызды мәселелердi шешуге бағытталған бiртұтас кезеңдi атауға болады.
Бұл кезең, Г. Миньковский дұрыс атап көрсеткендей мынадай iс-әрекеттердi қамтиды:
а) iс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын талдау және бағалау;
ә) қылмыстық iске қатысты материалдарды жүйелеу және жөнiмен рәсiмдеу;
б) қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны құрастыру;
в) iстi қысқарту туралы шешiмнен туындайтын барлық мәселелердi шешу (айыпталушыға немесе күдiктiге байланысты бұлтартпау шараларын жою, мүлiктерге жасалынған тұтқындауды алу, т.б.)
г) iстi қысқарту туралы мүдделi адамдарға хабарлау.
Бұдан басқа, Г. Миньковский және басқа авторлар iстi прокурор қысқартқан кезде алдын ала тергеудiң қорытынды бөлiгiнде iстiң нәтижесiне мүдделi адамдардың шағымдарын қарауды да енгiзедi.
Әйткенмен де, А. Дубинскийдiң пiкiрiнше, қылмыстық iстiң қысқартылуын бақылау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi алдын ала тергеудi аяқтау ұғымынан тысқары жатыр, өйткенi бұл қызмет iстi қысқарту қажеттiлiгi туралы аяқталған тергеу мен қорытындыны тексеруде әлдеқашан орныққан. Бұған тек қылмыстық iстi қысқартудың шарты ретiнде прокурордың келiсiмi заң жүзiнде қарастырылған жағдай ғана жатпайды.
Алайда бұл тұжырыммен келiсу қиын, себебi прокурор қысқарту нысанында тергеудiң аяқталуына тек қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы жазылғаннан кейiн ғана емес, қылмыстық iс қозғалған сәттен бастап қадағалау жасайды ғой. Прокурордың қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi қызметi тергеушiнiң барлық әрекеттерiмен, тiптi қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны жазғанға дейiн қатар жүредi. Сондықтан алдын ала тергеудiң аяқталуы мен қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi арасына қатаң түрде шектеу қоюға болмайды.
Сонымен, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыға жасалған шағымды қарайтын прокурордың қызметi алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып табылып, қылмыстық iстi қысқарту кезеңiне енгiзiледi.
Басқа бiр жағдай, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы сотқа шағымдалған кезде туындайды. Мұндай шағымдардың сотта қаралуы алдын ала жасалатын өндiрiске сот бақылауының бiр түрi болып табылады. Алайда бiрiншi сатыдағы соттың осындай қызметiн алдын ала тергеуге жатқызуға болмайды, бұл сот өндiрiсi.
Әрi бұл өндiрiс сатылық сипатқа жатады: судьяның шешiмi, қаулысы апелляциялық тәртiппен, сондай-ақ сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. Әйткенмен де, аталмыш өндiрiсте кiнәлiлiк немесе кiнәсiздiк мәселелерi қарастырылмайды, қылмыстық iстi қысқартудың заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Бәлкiм, бұл сот өндiрiсiн ерекше өндiрiс қатарына жатқызуға негiздер бар шығар. Негiзiнен “ерекше өндiрiс” ұғымының бар екендiгi жоққа шығарылмайды. Сiрә бұл кiнәлiлiгi туралы мәселенi шешпейтiн, қылмыстық материалдық құқық нормаларын қолдану туралы сөз қозғамайтын өндiрiстер болса керек.
Қорыта айтқанда, қылмыстық iстi қысқарту–бұл алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып табылатын анықтау органдарының, прокурордың, судьяның қызметi.
Қылмыстық iстi қысқартудың мәнiн алдын ала тергеудi аяқтаудың бiр нысаны ретiнде сипаттай келiп, А. Дубинский былай деп ой түйедi: “Қылмыстық iстi қысқарту – бұл iс бойынша жиналған дәлелдемелердi талдау, бағалау, қылмыстық iс материалдарын жүйелеу, процеске қатысушылардың (iстiң нәтижесiне мүдделi) аяқталған өндiрiспен таныстыру, олардан түскен өтiнiштердi шешу, iстiң мәнi бойынша жасалатын қорытындыны, одан туындайтын шешiмдердi және оларды жүзеге асыруды тұжырымдау жөнiндегi процессуалдық әрекеттердiң жиынтығынан тұратын тергеудiң соңғы сатысы”.
Сонымен қатар, қылмыстық iстi қысқарту деп қылмыстық сот өндiрiсi үшiн талап етiлетiн себептердiң жоқтығы және оны әрмен қарай жүргiзуден бас тарту туралы өкiлеттi лауазымды адамның шешiмiн бiлдiретiн процессуалдық акт, яғни қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы немесе ұйғарым ретiнде түсiнуге болады.
Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының қабылдануы оның қандай негiздер бойынша (ақтау немесе ақтайтын) тоқталғанына байланысты шешiлмейдi.
Қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес алдын ала тергеу органдары iс бойынша өндiрiс кезiнде ең алдымен мынадай мәселелердi шешуге мiндеттi: қылмыс оқиғасы расында орын алды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, бұл әрекеттi нақтылы бiр адам жасады ма, сол адам жасалған қылмысқа кiнәлi ме. Осы аталған мәселелердiң бiрi терiс шешiмiн тапқан жағдайда алдын ала тергеу органдары iс бойынша өндiрiстi тоқтатуға мiндеттi.
Қылмыстық iстi қысқарту туралы шешiм, – Б. Төлеубекова мен Д. Синев атап өткендей, – тек бұл үшiн iстiң мән-жайлары туралы нақты мағлұмат болған кезде ғана қабылданады (мысалы, қылмыстық iстi қозғау кезiндегi ықтимал мағлұматтан өзгеше).
Мұндай жағдайда тергеу органдары iстi сотқа жiбермей, өндiрiстiң басталуына мұрындық болған фактiлердi тергеудi өздерi аяқтайды. Iстi қысқарту туралы тергеу органының қаулысын тек заңмен көзделген жағдайларда және белгiленген тәртiп бойынша тиiстi прокурор, сондай-ақ жәбiрленушiнiң шағымы негiзiнде сот бұзуы мүмкiн.
Iс жүзiнде қылмыстық iстi алдын
ала тергеу сатысында қысқарту,
сот қызметiне жататын сатыларғ
Күдiктiнiң немесе айыпталушының қылмыс жасағандығы дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшiн барлық мүмкiндiк таусылса, қылмыстық iс қылмыс оқиғасының болмауына, яки әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылады. Бұл жағдайда тергеушi, прокурор адамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесiнде келтiрiлген материалдық зиянды өтеу жөнiнде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиiс.
Егер iс бойынша бiрнеше сезiктi, айыпталушы жауапқа тартылса, ал iстi қысқартуға негiз сезiктiлердiң, айыпталушылардың бәрiне бiрдей қатысты болмаса, онда қылмыстық iзге түсу жекелеген сезiктiлерге, айыпталушыларға қатысты қысқартылады.
Қылмыстық iстi қысқарту туралы дәлелдi қаулы шығарылады. Заң жүзiнде iстi тоқтатуға айыпталушының немесе жәбiрленушiнiң келiсiмi бойынша ғана жол берiлетiн жағдайларда мұндай келiсiмнiң бар екенi қаулыда көрсетiлуi тиiс.
Iс қылмыс оқиғасы, әрекетте қылмыс
құрамы болмаған және
Iстi қысқарту туралы және қысқарту
негiздерi туралы тергеушi сезiктiге,
айыпталушыға, олардың қорғаушыларына,
жәбiрленушiге және оның
Тергеушiнiң қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысына жоғарыда аталған барлық адамдар тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.