Тергеу және алдын ала тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 21:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру;
2. Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұнын анықтау;
3. Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiн қарастыру;
4. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқартуды зерттеу.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі 5
1.2 Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұны
9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУ МЕН АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ
2.1 Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
16
2.2 Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқарту 18
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Файлы: 1 файл

Kursovoi.doc

— 153.50 Кб (Скачать файл)

Өйткенi қылмыстық iстiң қысқартылуы арқылы кез-келген қылмыстық қызмет тоқтатылады, демек, алдын ала тергеу де аяқталады деген сөз. Сондықтан бұған дейiн заң әдебиеттерiнде айтылып келген қылмыстық iстiң қысқартылуы алдын ала тергеудiң аяқталуының дербес нысаны болып табылмайды деген тұжырымның негiзсiз екендiгiне көз жеткiзу қиын емес. Әсте, мұндай қорытынды жасауға алдын ала тергеудi аяқтау туралы ұғымға дұрыс анықтаманың берiлмеуi себепшi болса керек. Нақтырақ айтқанда, бұл ұғым тергеушiнiң айыптау қорытындысын жасар алдында тергеудiң аяқталғаны туралы шешiм қабылдауымен және оған қатысушыларға iс материалдарын таныстыруымен түсiндiрiлген. Осы жерде алдын ала тергеудi аяқтаудың басқа нысандарын қарастырмай-ақ қылмыстық iстi қысқартуды тек тиiстi қаулының қабылдануымен аяқталатын бiр жолғы техникалық акт ретiнде қарауға болмайтындығын атап өткiмiз келедi. Бұдан басқа, Г. Миньковский және басқа авторлар iстi прокурор қысқартқан кезде алдын ала тергеудiң қорытынды бөлiгiнде iстiң нәтижесiне мүдделi адамдардың шағымдарын қарауды да енгiзедi.

Әйткенмен де, А. Дубинскийдiң пiкiрiнше, қылмыстық iстiң қысқартылуын бақылау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi алдын ала тергеудi аяқтау ұғымынан тысқары жатыр, өйткенi бұл қызмет iстi қысқарту қажеттiлiгi туралы аяқталған тергеу мен қорытындыны тексеруде әлдеқашан орныққан. Бұған тек қылмыстық iстi қысқартудың шарты ретiнде прокурордың келiсiмi заң жүзiнде қарастырылған жағдай ғана жатпайды.

Алайда бұл тұжырыммен келiсу қиын, себебi прокурор қысқарту нысанында тергеудiң аяқталуына тек қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы жазылғаннан кейiн ғана емес, қылмыстық iс қозғалған сәттен бастап қадағалау жасайды ғой. Прокурордың қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi қызметi тергеушiнiң барлық әрекеттерiмен, тiптi қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыны жазғанға дейiн қатар жүредi. Сондықтан алдын ала тергеудiң аяқталуы мен қылмыстық iстi қысқартуды қадағалау жөнiндегi прокурордың процессуалдық қызметi арасына қатаң түрде шектеу қоюға болмайды.   Сонымен, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулыға жасалған шағымды қарайтын прокурордың қызметi алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып табылып, қылмыстық iстi қысқарту кезеңiне енгiзiледi. Басқа бiр жағдай, қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы сотқа шағымдалған кезде туындайды. Мұндай шағымдардың сотта қаралуы алдын ала жасалатын өндiрiске сот бақылауының бiр түрi болып табылады. Алайда бiрiншi сатыдағы соттың осындай қызметiн алдын ала тергеуге жатқызуға болмайды, бұл сот өндiрiсi.

Әрi бұл өндiрiс сатылық сипатқа жатады: судьяның шешiмi, қаулысы апелляциялық тәртiппен, сондай-ақ сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. Әйткенмен де, аталмыш өндiрiсте кiнәлiлiк немесе кiнәсiздiк мәселелерi қарастырылмайды,  қылмыстық iстi қысқартудың заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Бәлкiм, бұл сот өндiрiсiн ерекше өндiрiс қатарына жатқызуға негiздер бар шығар. Негiзiнен “ерекше өндiрiс” ұғымының бар екендiгi жоққа шығарылмайды. Сiрә бұл кiнәлiлiгi туралы мәселенi шешпейтiн, қылмыстық материалдық құқық нормаларын қолдану туралы сөз қозғамайтын өндiрiстер болса керек. Қорыта айтқанда, қылмыстық iстi қысқарту–бұл алдын ала тергеудiң құрамдас бөлiгi болып табылатын анықтау органдарының, прокурордың, судьяның қызметi.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж (2007.05.21. өзгертулер енгізілген)
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi
  3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 26.09.2000 // ИКФ “Фолиант” Астана 2000
  4. Қазақстан Республикасының “Жедел іздестіру қызметі туралы” заңы өзгертулер мен толықтырулар: 16.07.2001 // құқық қорғау органдары. Алматы 2002
  5. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы // құқық қорғау органдары. Алматы 2002    

Қосымша әдебиеттер

  1. Ароцкер Л.Е. Тактика и  этика судебного допроса.-М., 1969.
  2. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и применение мер процессуального принуждения. –Караганда, 2000
  3. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. –Алматы, 1997.
  4. Бажанов С. О мерах принуждения в уголовно-процессуальном законодательстве // Законность, 1996. №3.
  5. Бычков С.Ф., Гинзбург А.Я.  Следственные действия / Краткий комментарий к уголовно-процессуальному кодексу РК. –Алматы, 1998.
  6. Петрухин И.Л.  Неприкосновенность личности и прнуждение в уголовном процессе. –М., 1989.
  7. Петрухин И.Л.  Свобода личности и уголовно-процессуальное  принуждение. –М., 1985.
  8. Прокурорский надзор. Учебник // под. Ред. Ю.Е.Винокурова. М., 2001.
  9. Төлеубеков Б.Х. Қазақстан республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Алматы. 2001.
  10. Уголовный процесс // под.ред. Лупинской П.А. М., 2001.
  11. Уголовно-процессуальное право Российской Федерации / под.ред. П.А.Лупинской –М., 1998.
  12. Уголовный процесс / под.ред. К.Ф.Куценко. –М., 1996.
  13. Усманов У.А. Справочник следователя. –М., 1999.
  14. Чистякова В.С.  Законность и обоснованность применения мер уголовно-процессуального принуждения. –М., 1998.
  15. Чувилев А.А.  Привлечение следователем и органом дознания лица качестве подозреваемого по уголовному делу. –М., 1982.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Тергеу және алдын ала тергеу