Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Тауар өндірушілерді  бюджет есебінен кең көлемде  қаржыландыру нарықтық экономика  толық орнатылғанда ғана мүмкін  болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік  қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын  ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы жаңа немесе ерекше қиын өңдірістерді ұйымдастыруға бағытталады.

     Экономиканың аграрлық  секторындағы несие саясаты ауыл  шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:

  • ауыл шаруашылығын несиелендіретін банкілер қызметін ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;
  • меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанға дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде процентсіз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін обьектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;
  • несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;
  • коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;
  • ауыл шаруашылығына несие беретін банкілерге бағалы қағаздар шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне қажетті қаржылық ресурстарды арзандатуымен қатар тез жинақтауды жеделдетеді);
  • несиелік қаржыны төмендетілуі мен қарыздың қайтарылмауынан туындаған шығындарды жабу үшін ауыл шаруашылық несиесін ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.

     Ауыл шаруашылығына  деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.

     Жерге біртұтас салық  енгізілгеннен кейін, жер негізгі  өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары  табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өңдірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі обьектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін – пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленді.

     Жалпы алғанда, салықтар  мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 20-25%-інен аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне дейін салыққа лаынуы тек қана өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-тен астам салық салу өңдірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі – жалпы табысқа салық салу қолданылуы керек. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.

     Инвестициялық саясат агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы обьектілер құрылысын салу, сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басқа барлық шараларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс.

     Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасында инвестициялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады:

  • конверсия нәтижесінде босап қалған бұрынғы кәсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауыл шаруашылық және азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;
  • түпкілікті техникалық қайта жарақтандыру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;
  • алдыңғы қатарлы технологияға және өндіріс құралдары рыногіндегі коньюнктураның өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа және ұсақ кәсіпорындарды дамыту.

     Ауыл шаруашылығындағы  инвестициялық саясат өнеркәсіп  және ауыл шаруашылығы өнімдеріне  баға паритетінің сақталмауы  жағдайында мемлекеттік қолдау  көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

     Агроөнеркәсіп кешенінің  өңдеу сферасында мемлекеттің қатысуымен тікелей селолық елді мекендерде өңдеу (кіші және орта қуаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.

     Тұжырымдық бағдарлама  сондай-ақ әлеуметтік даму және  Республика агроөнеркәсіп кешенін  мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.

     Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе, Қазақстан агроөнеркәсіп  кешенін дағдарыстан шығу және  нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде  дамытудың негізгі бағыттары  бойынша қосымша мынаны атап  өтуге болады: Батыстың көмегіне сүйену керек әрі ондай көмекті кері қайтаруға болмайды. Бірақ, бұл гуманитарлық көмек немесе мейірімділік актісі ретінде қабылданбуы керек. Өйткені, мұндай мүсіркеушілік – біз үшін басы артық дүние. Жаңа технологиялар, тұтыну тауарларын алу үшін несиелер (ақылға сыйымды мөлшерде), капиталды сырттан әкелу және бәсекелестіктің басқа тәсілдерінің қажеттілігі пісіп жетілгендігін мойындауымыз керек.

     Ашық экономика, шетелдік  капиталдың, жаңа тауарлар мен  жаңа жұмыс орындарының келуі  әрқашан да зиян, бірақ біздің экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайдағы жай-күйі үшін кейбір қазіргі радикалдардың асыра сілтеушілігі сияқты тіптен қауіпті. Қазіргі тынымсыз және қиын уақытта тек салмақты экономикалық шешім мен ұзақ мерзімді саяси тұғырнама ғана табысқа жеткізеді. Біз бұл жерде экономиканың аграрлық секторында, ең алдымен тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдерін бағалау және таңдау жолдарын іздестіруге тұспа-тұс келеміз. (13)

 

 

 

 

2.2.1. Өндірістік қатынастар мен шаруашылық санаттарындағы өзгерістер

    

     Республиканың агроөнеркәсіп  кешенінде экономикалық реформаға  дейін 2100 кеңшар, 400 ұжымшар, 20-дан астам  ірі ет комбинаттары, сүт зауыттары, жүнді бастапқы өндеуден өткізетін  үш аса ірі фабрика, басқа да көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. Тек тамақ өнеркәсібінде 3 мыңнан астам кәсіпорын болды.

     Экономикалық реформадан  бұрын ауыл шаруашылығында өнім  шаруашылықтың екі санатында  ғана өндірілетін. Бұл салада  реформа экономиканың басқа салаларына қарағанда екпіндірек, қарқындырақ, шапшаңырақ жүргізілді деуге болады. Бірақ бәрі дұп-дұрыс жүргізілді деуге болмас. Реморманың мәнісі ондағы өндіріс құралдарына мемлекеттік және ұжымдық меншікті (ол кездегі ұжымшарлардағы меншікті мемлекеттік меншік десе де болады) жеке меншікке айналдыру болды. Кейбір шет елдердегідей, бізде де негізінен шаруа (фермерлер) қожалықтары осы саладағы меншіктің иесі, негізгі өнім өндірушілер болады деп саналды. Малды бұрынғы ұжымдар мүшелеріне бөліп беру оңай болғанымен, жерді және ауыл шаруашылық құралдарын (машина-трактор шеберханаларын, автопарктерді, тракторларды, комбайндарды т.б.) жеке адамдардың меншігіне бөліп беру іс жүзінде оңай болмады, олар шартты түрде ғана бөліп берілді. Жер болса бүгінгі күнге дейін негізінен мемлекет меншігінде.

     Қысқартып айтқанда, бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарларды  жүргізудің тиімсіз пошымы деп  санап, революциялық жолмен түбіріне  балта шауып, бірер жыл ішінде-ақ  күл талқанын шығардық. Н.Назарбаевтың  Қазақстан Ремпубликасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде айтқанындай: «Нарық өзгерістерін бойына дарытпай келген кеңестік ұжымшар-кеңшар жүйесі келмеске кетті». Сөйтіп 2001 жылдың 1қаңтарында республикада мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан небары 82-сі ғана қалды, оның есесіне 105170 шаруа (фермер) қожалығы дүниеге келді, одан басқа 3342 әртүрлі серіктестік, 293 акционерлік қоғам, 1710 өндірістік кооператив, 1302 басқадай құрылымдар, жиыны, 111899 ауыл шаруашылық кәсіпорны болды.

     Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегеі агенттігінің анықтамасы бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бұрынғы колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындары, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер) базасында құрылған өндірістік құрамалар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады.

     Шаруа (фермер) қожалықтары  – адамдардың отбасылық еңбек  бірлестіктері болып табылады, олардың  жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімдерді өңдеу және өткізумен тығыз байланысты.

     Жұртшылық шаруашылығына (біздер жұрт шаруашылығы деп  алдық) халықтың жеке қосалқы  шаруашылықтары, ұжымдық бақтар  мен бақшалар, саяжай учаскелері жатады. Сан жағы жетерлік, сапа қандай, нәтиже қандай?

     Реформа басталар  алдында 272 миллион гектар, ауыл шаруашылығы  жері, бау-бақша өсіретін үй маңындағы  және саяжайдағы аздаған жерді  қоспағанда, 2,5 мың кеңшар мен  ұжымшардың қарамағында болды. Сондай-ақ барлық егістік жер де, шабындықтар мен жайылымдар да солардың қолында еді. 2001 жылдың басында республикада қалған 82 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорнының қолында барлығы 3,2 миллион гектар ауыл шаруашылық жері, 0,6 миллион гектар ғана егістік жер қалды.

     Саланың тірегі, іргетасы, негізгі өндіргіш күші болады  деп саналған шаруа фермер) қожалықтарының  қолында не бар, олар қанша  өнім беріп отыр?

     Саны 105 мыңнан асқан  фермерлеріміздің қарамағында 2000 жылы 29,8 миллион гектар ауыл шаруашылық жері (шаруашылықтың барлық санаты бойынша жердің 32 пайызы), 6,1 миллион гектар егістік жер (31,8%), барлық дақылдар егістігінің көлемі 4,8 миллион гектар (29,9%), оның ішінде дәнді дақылдар 3,7 миллион гектар (29,9%), техникалық дақылдар егісі 347,4 мың гектар (55%), картоп-көкөніс-бақша егісі 58,6 мың гектар (19,4%), жемшөптік дақылдар егісі 719 мың гектар (25,5%) болды. Сол жылы шаруа қожалықтары 4,3 миллион тонна астық (барлық өндірілген астықтың 37%), 228 мың тонна шитті мақта (79,4%), 153 мың тонна қант қызылшасын (56%), 74 мың тонна күнбағыс дәнін (70%), 191 мың тонна картоп (11,3%), 344 мың тонна көкөніс (22,3%), 202,3 мың тонна бақша өнімін (48%) өндірілді. Сөйтіп шаруа қожалықтары астық, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, бақша өнімін өндіруде айтарлықтай табысқа жетті.

     Мал шаруашылығын  алып қарасақ, 1990 жылы шаруа қожалықтарында  мал мен құс жоқтың қасы  болатын, тек бір мың шақты  ірі қара, 51 мың қой мен ешкі, 800 шошқа, 900 жылқы бар-тын. 2000 жылы  да шаруа қожалықтарында шаруашылықтың барлық санатындағы ірі қараның 5,3 пайызы, қой мен ешкінің 8,5 пайызы, шошқаның 3,3 пайызы, жылқының 8,5 пайызы, құстың 1 пайызы ғана болды. Сондықтан фермерлер республикада өндірілген еттің жалпы көлемінің 6,3 пайызын, сүттің 4,1 пайызын, жүннің 8,3 пайызын, жұмыртқаның 0,7 пайызын ғана өндірді. Бір сөзбен айтқанда шаруа (фермер) қожалықтарының мал шаруашылығындағы үлесі тым аз, жоқтың қасы.

     2000 жылы олардың үлесіне  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 18,6 пайызы, оның ішінде өсімдік  шаруашылығы өнімінің 31,5 пайызы, мал шаруашылығы өнімінің 4,8 пайызы келді.

     Жоғарыда айтқандай, мемлекеттік және беймемлекеттік 6729 әртүрлі ірі ауыл шаруашылық  кәсіпорындарының қарамағында 2000 жылы 63,2 миллион гектар ауыл шаруашылық  жері (яғни шаруашылық санаттарының барлық түріндегі жердің 67,9%), 13,1 миллион гектар егістік жер (68,2%) 10,8 миллион гектар барлық дақылдардың егіс көлемі (66,7%), оның ішінде дәнді дақылдар егісі 8,6 миллион гектар (69,4%), техникалық дақылдар егісі 225,4 мың гектар (35,7%), картоп-көкөніс-бақша егісі 23,8 мың гектар (7,9%), жемшөптік дақылдар егісі 2,0 миллион гектар (70,4%) болды. Сол жылы ауыл шаруашылық кәсіпорындары 7,2 миллион тонна астық (барлық өндірілген астықтың 62,1%), 41 мың тонна шитті мақта (14,3%), 92 мың тонна қант қызылшасын (33,7%), 22 мың тонна күнбағыс дәнін (21%), 71 мың тонна қант картоп (4,2%), 92 мың тонна көкөніс (6%), 25,7 мың тонна бақша өнімін (6%) өндірді. Сөйтіп олар негізінен астық пен қант қызылшасын өндіруде өз орнын тауып отыр.

     Ауыл шаруашылығының келесі, үшінші санаты – жұрт шаруашылығы. Реформаға дейін 1990 жылы бұл санаттың қарамағында картоп, көкөніс, бақша өсіретін жарты миллион гектардай ғана жер болды. Аталған үш дақыл өсірілетін егіс көлемінің 131,9 мың гектары, яғни 41 пайызы осы санатта еді. Басқа дақылдар өсіруде бұл санаттын үлесі жоқ десе де болғандай-ды. Оның есесіне жұрт шаруашылығының қарамағында ірі қараның 30,9 пайызы, сиырдың 46,9 пайызы, қой мен ешкінің 18 пайызы, шошқаның 21 пайызы, жылқының 31,4 пайызы, құстың 33,4 пайызы болып, еттің 33,3 пайызын, сүттің 45,7 пайызын, жұмыртқаның 31,6 пайызын және жүннің 27,4 пайызын өндірді. Қысқасы, бұл санатты мал шаруашылығындағы үлесі өте үлкен-ді.

     2000 жылы да бұл  санаттың қарамағындағы жер өте  аз болды. Мұндағы жалпы жердің көлемі 406 мың гектар ғана, одан ауыл шаруашылық жері 347 мың гектар. 252 мың гектар егістік жері, 31 мың гектар шабындық пен жайылым ғана бар. Сондықтан да шаруашылықтың бұл түрі тек үш дақыл өнімін өсіруге ғана маманданған. 2000 жылы мұнда 1.431 мың тонна картоп (яғни барлық өндірілген картоптың 84,5 пайызы), 1.108 мың тонна көкөніс (71,7%) және 193,7 мың тонна (45,9%) бақша өнімдері өндірілді. Мал шаруашылығындағы бұл санаттың үлес салмағы бұрынғыдан да арта түсті. 2000 жылдың аяғында онда ірі қараның 86,3 пайызы, сиырдың 89,2 пайызы, қой мен ешкінің 82 пайызы, шошқаның 87 пайызы, жылқының 84 пайызы, қөұстың 50,3 пайызы шоғырланды. Соның нәтижесінде республикада өндірілген еттің 87,2 пайызы, сүттің 90,9 пайызы, жұмыртқаның 49,1 пайызы, жүннің 80,8 пайызы осы санатта өндірілді. Қорыта айтқанда бүгінгі күні мал шаруашылығы өнімдерін өндіру түгелге жуық жұрт шаруашылығы қолында десе болғандай.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары