Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Ауыл шаруашылығының  жалпы өніміндегі жұрт шаруашылығының  үлес салмағы 1990 жылғы 28 пайыздан, 2000 жылы 60 пайызға дейін өсті, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша, тиісінше, 13 пайыздан 34 пайызға дейін, мал шаруашылығы өнімдері бойынша 44 пайыздан 87 пайызға дейін көбейді.

     Тағы да бір көңіл  бөлерлік жәйт – ауыл шаруашылығындағы  басты өндіріс құралы – жердің осы үш санатқа қалай бөлініп отырғандығы. Реформаға дейін оның бәрі тек мемлекеттік шаруашылықтар – кеңшарлар мен ұжымшарлардың қолында, солардың пайдалануында болатын. 2000 жылдың аяғында, ауыл шаруашылық жердің 93 миллион гектары ғана, егістік жердің 19,2 миллион гектары ғана, екпелі жердің 16,2 миллион гектары ғана жоғарыда аталған барлық үш түрлі шаруашылық санаттарының қолында екен, қалған жерлер запастағы жерлер деп аталатын болыпты. Сонымен бұрын пайдаланылып келген ауыл шаруашылық жерінің бүгінде тек 34 пайызы ғана, егістік жердің 54,8 пайызы ғана, екпелі жердің 46,3 пайызы ғана пайдаға асып отыр. Неге? Себебі көп те және белгілі. Ол жерлерді игеріп, жыртып, басқадай да өңдеп, бұрынғы көлемде егін егуге қолда техника да, жанар-жағар май да, тыңайтқыштар да, тұқым да жоқ, ең бастысы соларды сатып алатын қаржы жоқ. Тіпті соның бәрі қолда бола қалғанда оны ұқсатуға, өндеуге, сатуға шығаруға тағы да қаражат жоқ. Оның үстіне 181 шабындықты шабатын құрал мен қаражат және одан түсетін шөпке сұраным жоқ. Бүгінде жаятын малдың жоқтығынан миллиондаған гектар жайылымдықтардың шөбі тұнып тұр.

2.2.2 Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы

     Енді реформадан кейінгі  ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық  базасы қандай халде деген сұраққа жауап ретінде біраз дерек келтірейін.

 

 

 

 

 

 

1-кесте

Қолда бар ауыл шаруашылық техникасының саны

 

1990ж.

2000ж.

1

Тракторлар-барлығы, мың дана

220,1

49,7

2

Астық жинайтын комбаиндар-*-

89,0

20,7

3

Жүгері жинайтын комбаиндар, дана

2069

373

4

Жемшөп жинайтын комбаиндар мың дана

15,6

2,4

5

Картоп жинайтын комбаиндар,дана

747

203

6

Дестелегіштер,-*-мың дана

41,9

7,3

7

Трактор соқалары-*-

48,8

10,3

8

Қопсытқыштар-*-

56,6

9,3

9

Дәнді дақыл сепкіштер-*-

89,0

22,3

10

Жүгері сепкіштер,-*-

12,8

1,4

11

Трактор шөп шапқыштары-*-

30,1

3,6

12

Тырмалар-*-

19,1

2,4

13

Шөпті сығымдап жинағыштар-*-

9,5

1,3

14

Шөмеле салғыштар-*-

8,2

0,6

15

Шөпе салғыштар-*-

2,6

0,9

16

Дән құрғатқыштар дана

535

238

17

Тыңайтқыш шапқыштар, мың дана

7,6

1,4

18

Шашыратқыштар мен тозандатқыштар*

9,5

1,9

19

Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар,-*-

10,4

1,0

20

Суарғыш машиналар мен қондырғылар, мың дана

4,2

0,3

21

Сиыр сауатын қондырғылар мен агрегаттар,-*-

16,9

1,0

22

Тоңазытқыш қондырғылар,-*-

1,9

0,5


 

     Келтірілген кестеден ауыл шаруашылығындағы ең басты техникалық құралдар тракторлар мен астық жинайтын комбаиндардың санының 4 еседен астам, ал көптеген құрал-жабдықтардың 5-10 есеге дейін кеміп кеткені көрініп тұр. Оның үстіне қолда бар техникалық құралдардың көбінің қазіргі кезде ескіріп, тозығы жетіп тұр. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының күйін айқындайтын көрсеткіштердің бірі – осы салада пайдаланылатын электр қуатының көлемі. 1990 жылы бұл салада 13,7 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы жұмсалса, 2000 жылы бар болғаны 2,6 миллиард киловатт-сағат қана энергия пайдаланылыпты, яғни оның көлемі 5,3 есе қысқарған. Қай заманда, қай елде, экономиканың қай саласында болмасын электр энергиясын кеңінен, көбірек қолдану техникалық, технологиялық озықтықты, ілгерілеуді, өндірістің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан да агроөнеркәсіп кешенінің таяу жылдары тезірек шешуді қажет етіп тұрған күрделі де, маңызды мәселелерінің бірі саланың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, қайтадан қалыптастыру, нығайту болып табылады.

    

2.2.3. Негізгі өндіргіш күштің жағдайы

    

     Агроөнеркәсіп кешенінде  реформаға дейін 2 миллионнан астам, оның ішінде ауыл шаруашылығында 1,5 миллионнан астам адам жұмыс  істеді. 2000 жылы ауыл шаруашылығында 232 мың адам жұмыс істеді. Жұмыссыз қалған адамдардың ең көп жері бүгінде ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салалары.

     1990 жылы республикада 16,7 миллион халық болды. Ал, 2001 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан халқы 14,8 миллион, оның ішінде ауыл тұрғындары 6,5 миллион яғни 44 пайыз болды. Реформа жылдары Қазақстаннан басқа елдерге негізінен қалада тұратын адамдар кетті, ал ауылды жердің тұрғындары (немістерден басқалары) өзіміздің қалаларға қоныс аударды. Алдағы жылдары да бала туу қалаға қарағанда ауылды жерде көп болатына қарамастан тұрғындар саны кеми беретіні анық. Бұл құбылмалы озық құбылыс, алға басқандық, әлемдік тәжірибеде урбанизация (латын сөзінен аударғанда кенттену – 1) жұрттың және экономикалық өмірдің ірі қалаларға шоғырлану процесі; 2) қалаға, өнеркәсіп орталықтарына тән ерекшеліктер мен сипаттардың ауылды жерлерге таралуы) барлық мемлекеттерде орын алатын обьективтік құбылыс деп дәріптеліп жүр. Бірақ «біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» дегендей, экономиканың дамуы, ондағы құрылымдық өзгерістердің өріс алуы, қалаларда өндіріс орындары дамып, жұмыс орындары көбейіп, құрылыс дамып, үйлер салынып, ауылды жер тұрғындарына  үй мен жұмыс табылғандағы ауылдан қалаға көшу бір басқа да, ауылда да, қалада да жұмыс орыны болмай, қалада ауылдан келушілер үшін жұмыс пен үй жоқ кезде қалаға көшу бір басқа шаруа екенін ұққан дұрыс. Қорыта айтқанда, қоғамның басты өндіргіш күші жұмыскер күші нарықтық экономика жағдайында да қай елде болмасын тиімді пайдалануы керек. Бұл мәселені шешуде ауыл шаруашылық өндірісін дамыту арқылы онда жұмыспен қамтылған, өнім өндіретін адам санын көбейту, олардың еңбегінің өнімділігін арттыру үлкен рөл атқаратыны даусыз.

     Енді ауыл шаруашылығында  өнім өндірудің тұтас алғандағы  сипаты қандай екеніне тоқталған  жөн деп санаймын.

     Әуелі ауыл шаруашылығы  жалпы өнімнің көлемі қалай  өзгергеніне қысқаша тоқтала  кетейін. Шаруашылықтың барлық санаты  бойынша 2000 жылы ауыл шаруашылығының  жалпы өнімінің көлемі 1990 жылға  қарағанда екі еседей қысқарды.

     Бұл құлдырау әр  облыста мерзімі жөнінен де, деңгейі жөнінен де әртүрлі болды. Мәселен, Қызылорда облысында 2000 жылы 33,7 пайыз деңгейіне жетті, Батыс Қазақстан облысында 22,7 пайыз деңгейінде қалып отыр, Маңғыстау облысында 23 пайыз деңгейіне жетті. Сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің төмендеуі тоқталып, тұрақтану, өрлеу процестері бар деп айта алмайсыз. Ақмола облысында кейінгі екі жылда өнім көлемінің елеулі өсуі байқалады. Жалпы өнім көлемі азырақ кеміген облыстар қатарына Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын жатқызуға болады.

 

2.2.4. Жер шаруашылығының жағдайы

    

     Жер шаруашылығының, өсімдік шаруашылық жағдайына  көз жіберелік. Өнім алу үшін  пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық  жер, егістік жер, егін егілген жер көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен көрсеттім. Егін егілген жердің көлемі ғана емес, сондай-ақ дақылдардың әр гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске ұшырап отыр. Соның нәтижесінде өсімдік шаруашылығындағы басты өнім – астық өндіру болса, оның тазартылғаннан кейінгі көлемі 1990 жылғы 28,5 миллион тоннадан 2000 жылы 11,6 миллион тоннаға , яғни 2,5 есеге дейін азайды. Дәнді дақылдардың егістік көлемі осы жылдары 23,4 миллион гектардан 12,4 миллион гектарға дейін, әр гектардан алынған түсім 12,2 центнерден 9,4 центнерге дейін кеміді. Әрине бөліп алынған екі жылдың түсімін салыстыру қаншалықты дұрыс, өйткені Қазақстан жағдайында бір жыл жанбырлы болса, енді бір жыл құрғақшылық болып келетіні белгілі деуге де болады. Кейде екі, кейде үш жылдан кейін бір жыл қатты құрғақшылық болып, бір гектардан алынатын түсім өте аз болады. Мәселен кейінгі 12 жыл ішінде (1990-2001 жылдары) үш жыл (1991, 1995, 1998 жылдары) қатты құрғақшылық болғандықтан бір гектардан 5,0-5,6 центнер ғана түсім алынды. Бірақ астық көлемінің кейінгі жылдары азайып кеткенін тек ауа райының қолайсыздығымен түсіндіруге болмайды.

     Дәнді дақылдардың  бидайдан басқа түрлерінің көбінің  егістік жері қатты қысқарды. Бидай егістігі 14 миллион гектардан 10 миллионға дейін қысқарса, арпа 6,6 миллионнан 1,7 миллион гектарға дейін, қара бидай 772 мыңнан 31 мыңға, дәндік жүгері – 129 мыңнан 79 мыңға, тары – 781 мыңнан 138 мыңға, қарақұмық – 208 мыңнан 52 мыңға, күріш – 124 мыңнан 78 мың гектарға дейін қысқарды. Негізінен тек бидай ғана егу жерді тиімді пайдалану тұрғысынан да, экономикалық жағынан да дұрыс емес. Жемшөптік, жарма жасайтын дақылдар тек ішкі қажетті қанағаттандырып қана қоймай, сыртқы сауда үшін де өндірілуі қажет.

    Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 2000 жылы 1990 жылға қарағанда 2,5 есе азайса, соның ішінде басты дақыл бидай 1,8 есе, ал қара бидай 17 есе, тары 15 есе, арпа 5 есе, қарақұмық 4,7 есе, күріш 2,7 есе азайды.

     Техникалық дақылдардың  егіс көлемі 1990 жылғы 439,9 мың гектардан 2000 жылы 631,1 мың гектарға дейін, өсті бұл майлы дақылдардың көлемінің осы мезгілде 266,5 мыңнан 448,2 мың гектарға дейін, оның ішінде күнбағыс егіс көлемінің 136,9 мыңнан 313,9 мың гектарға дейін өсуі есебіне болған. Техникалық дақылдардың ішіндегі ең басты дақыл мақтаның егіс көлемі 1990 жылғы 119,7 мың гектардан 2000 жылы 151,8 мың гектарға, яғни 26,8 пайызға дейін ұлғайғанымен оның бір гектардан алынатын түсімінің сол жылдардағы 27,1 центнерден 18,7 центнерге дейін төмендеуі салдарынан мақтаның жалпы түсімі 1990 жылғы 324 мың тоннадан 2000 жылы 287 мың тоннаға дейін азайды. Мақтаның бір гектардан алынатын түсімінің 2000 жылғы төмен көрсеткіші кездейсоқ, тек бір жылға тән құбылыс емес. Мақтаның әр гектардан алынатын түсімі үнемі төмендеп келді, ол 1998 жылы 14,1 центнерге дейін құлдырады. Бір гектардан алынатын түсімнің кеміп кетуінің себептері көп. Оның бірі су тапшылығы жағдайында мақтаның егіс көлемін кемітіп, соның нәтижесінде сумен қамтамасыз ету деңгейін көтеріп, әр гектардан алынатын өнімді өсірудің орнына, керісінше егілетін жер көлемі ұлғайтылуда. Тыңайтқыш қолданудағы, мақта өсірудегі басқа да технологиялардың сақталмауы түсім деңгейіне әсерін тигізді.

     Қант қызылшасының  Қазақстан жағдайында маңызды  дақыл екендігі баршаға белгілі. Солай бола тұра оның жалпы түсімі 1990 жылғы 1044 мың тоннадан 2000 жылы 273 мың тоннаға дейін, яғни 4 еседей азайып кетті. Бұл, біріншіден, оның егілетін жер көлемінің осы дылдары 43,6 мың гектардан 22,5 мың гектарға, яғни екі еседей кеміп кетуінен болса, екіншіден оның әр гектардан алынатын түсімі 239 центнерден 154 центнерге дейін төмендеуінен болып отыр. Қант қызылшасының жағдайы 1994 жылдан бері оңбай тұр, сол жылы оның жалпы түсімі 400 мың тоннаға дейін азайған еді, ал 1997 жылы тіпті 100 мың тоннаға дейін құлдырады.

     Қанттан кейінгі Қазақстанда  тағы да бір жетіспейтін, халық  тапшылық зардабын көріп жүрген  өнім - өсімдік майы. Бұл мәселеге  реформа басталғаннан бергі жылдардағы  көрсеткіштерге қарасаңыз басты  майлы дақыл – күнбағыстың  егіс көлемі қатты ұлғайғанын көресіз, бірақ әр гектардан алынатын да, жалпы түсім де аз. Оның егіс көлемі 1990 жылғы 136,9 мың гектардан 2000 жылы 313,9 мың гектарға, яғни 2,3 есеге дейін ұлғайғанымен, әр гектардан алынған түсім осы жылдары 9,2 центнерден 4,0 центнерге дейін, жалпы түсім 126 мың тоннадан 105 мың тоннаға дейін төмендеді. Осы жылдары бірнеше облыста күнбағыстың егіс көлемін ұлғайтып, сол арқылы өсімдік майын өндіру проблемасын шеше қою ұмтылысы болды. Бірақ одан ертеден белгілі өзіндік табиғи ортасы бар: бұрынғы Шығыс Қазақстан , Семей, Павлодар облыстары. Сол аймақтарда ауыспалы егістікті қолдана, қажетті технологияны пайдалана отырып, күнбағыстан мол өнім алуға болады.

     Техникалық дақылдарды  талдауды темекі көлемінің 1990 жылы 4,6 мың тоннадан 2000 жылғы 16,2 мың тоннаға дейін яғни 3,5 есеге өскенін, ал оның егіс көлемінің 2,6 мың гектардан 7,3 мың гектарға дейін, яғни 2,8 есе өскенін айтумен аяқтайық. Американдық темекі компаниясының келуі, саланы қолына алуы айтарлықтай нәтиже бергенін осы деректерден де байқауға болады.

     Елде өнірілетін картоп  көлемі 1990 жылғы 2324 мың тоннадан 2000 жылы 1693 мың тоннаға дейін азайды. Халықтың тамаққа тұтынатыны  бар, тұқымға сақтайтыны бар, сақтау  кезінде бұзылатыны бар, негізінен  картоптың жалпы түсімі 2,5 миллион тоннадай болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда оның өндіріліп жүрген көлемі азырақ екені айқын.

     Халыққа қажетті өнімнің  бірі – көкөніс. Оның жалпы  түсімі 1990 жылғы 1136 мың тоннадан 2000 жылы 1544 мың тоннаға дейін өсті. 1998 жылдан бастап кейінгі үш жылда көкөніскөлемінің тұрақты өсуі байқалып отыр. Оның көп түріне сұраным қанағаттандырылуда және бағасы да онша қымбат емес.

     Бақша өсімдіктерінің  жалпы түсімі 1990 жылғы 301 мың тоннадан 2000 жылы 421 мың тоннаға дейін өсті. Мұнда да кейінгі үш жылда өнім көлемі тұрақты өсуде. Дегенмен, бақша өнімдеріне жұрт сұранысы әлі де болса жергілікті өндірілетін өнім есебінен толық қанағаттандырылмай отыр. Өзбекстан мен Қырғызстаннан әкелініп  сатылатын өнім көлемі едәуір.

     Өсімдік шаруашылығына жасалған талдаудан егістік жер көлемінің, көптеген дақылдардың егіс көлемінің, әр гектардан алынатын және жалпы түсімнің елеулі түрде азайып кеткенін көрдік. Егін шаруашылығын бұрынғы пайдаланып келген жер көлемінде игерудің техникалық, қаржылық мүмкіндіктері жоқ екені және барлық өнім түрлерін бұрынғы одақтың еңбек бөлісіне, саланың сол кезде қалыптасқан мамандануына сай жүргізудің ендігі жерде қажеті жоқ екендігі де түсінікті. Тек айта кетерлік бір мәселе – айналымдағы, әр гектар жер нарықтық экономика жағдайында тиімді, өнімді пайдаланылуы қажет екендігі. Шаруашылықтың экстенсивті түрінен интенсивті түріне көшу деген қағида өзгермек емес. Осы тұрғыдан қарағанда жер шаруашылығында тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғайтын заттарды пайдалану керектігін естен шығармау керек.

     1990 жылы 9.332 мың гектар  ауыл шаруашылық жеріне минералдық  тыңайтқыш қолданылады. Сол жылы  енгізілген минералдық тыңайтқыштардың 100 пайыздық қоректік заттарға  есептегендегі көлемі 672 мың тонна  болған екен. Бұдан басқа 688 мың  гектар жерге 22,4 миллион тонна органикалық тыңайтқыштар қолданылды. 2000 жылы 11,5 мың тонна минералдық тыңайтқыштар (оларды 100 пайыздық қоректік заттарға есептегенде) 86,5 мың гектар жерге енгізілген екен, сонда 1990 жылға қарағанда тыңайтқыш көлемі 58 есе, тыңайтқыш енгізілген жер көлемі 108 есе кеміп кетіпті. 2000 жылы 175,7 мың тонна ғана органикалық тыңайтқыш қолданылыпты, ол 1990 жылғы осындай тыңайтқыштың небары 1,5 пайызын ғана құрайды. Сонда қазіргі кезде біз жерді қалай пайдаланып жатқанымыз белгілі болып қалды емес пе? Топырақтан өсімдік өнімдері алып шығатын қоректік заттардың тым құрығанда біраз көлемін тыңайтқыш арқылы қайтарып беріп отыру жер шаруашылығының өзгермес заңдарының бірі ғой. Дақылдар түсімінің кемуі өз алдына, топырақ құнарлығының болашағын  ұмытуға бола ма деген сұрақ туындайды.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары