Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Ауыл шаруашылығы  суын тұтынушыларға жеткізіп  беретін мемлекеттік құрылымдар  арасындағы өзара қарым-қатынастың  ыңғайлы да оңай болуы үшін  әрбір әкімшілік ауданда Мемлекеттік су инспекциясының заңдық, экономикалық және әлеуметтік өзара қатынастардың барлық жақтарын ескеретін тиісті жарғысы бар филиалдарын ұйымдастыру қажет.

     Құнарлы жерлерді  ауыл шаруашылығынан өзге мақсатта  басқадай қажетке пайдалануға  жол бермеу үшін осы ереженің бұзылуына жауапкершілікті қатайта түсу қажет. Мұндай жағдай бола қалған күнде жерді пайдаланушы немесе жердің иесі жергілікті бюджетке жерде басқа мақсатқа пайдалану мәнісін жоятындай мөлшерде айыппұл немесе салық төлеуге тиіс.

     Нарықтық тұрпаттағы ауыл шаруашылық кәсіпорындары қалыптасу сатысында екенін ескеріп, оларды қаржылық ауыр жағдайдан шығару үшін 20 бонитеттік балдан төмен бағаланған жер учаскелерін салықтан босатуды ұсынамыз. Бұл шара ұзақ мерзімді болуы тиіс және заң жолымен кемінде 10 жыл мерзімге енгізілуі қажет.

     Жоғарыда айтылған  принциптерді ескере отырып, салық  жүйесін құруға төмендегідей  талаптар қою қажет.

  1. Салық қалай болса солай емес дәл анықталуы тиіс, мұның өзі төлеушінің өз жұмысын, оның қаржылай нәтижесін болжай отырып жоспарлануына мүмкіндік береді. Салықтың анық болмауы немесе толық анықталмауы кәсіпкерлік істің қауіп-қатерін көбейтеді, шенеуніктердің заңсыздығына жағдай туғызады.
  2. Төлеу мерзімі салық төлеушілерді толық қанағаттандыруға тиіс. Бұл талап оларға қолайлы жағдай тудыру ниетінен ғана емес, олардың қаржылық мүмкіндіктерін ескеруден де туындайды. Ауыл шаруашылық өндірісі маусымды болғандықтан, ақшалай табыс жыл ішінде бірқалыпты түсіп отырмайды.
  3. Салық салу әдістері мен төленетін сомасы оны төлеуші өте анық және түсінікті болуға тиіс. Бұл жағдай бұзылса, салық қызметінің жүгі қатты ауырлап, ол қызмет пен төлеушілер арасындағы дау-жанжалды жиілетеді.
  4. Салық жинауға жұмсалатын шығын барынша аз болуға тиіс. Бұл талап барлық жүйелер үшін бірдей және олардың тиімділігін анықтайды.

 

  1. Ауыл тұрғындарының ішкі көші-қон проблемалары

     Қазақстанда экологиялық  жағынан қауіпті әлеуметтік даму  жағынан артта қалған аудандар  саны едәуір, оларда 2 миллиондай  адам тұрады. Әлеуметтік-демографиялық  тұрғыдан келсек, олардағы халықтың дені қазақтар, көп балалар отбасылар. Арал маңының экология жағынан қолайсыз аудандарын, Семей полигонына қапталдас аудандарды, әртүрлі зымырандық сынақ жасалған басқа да аудандарды ескерсек, әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр жерлерде тұрып жатқан қазақтардың үлес салмағы олардың республикадағы барлық санының 40 пайызындай. Экономикалық реформаларды жүргізген кезде осы аудандардың ауа райының қолайсыздығы, экономикалық мүмкіндіктерінің шектеулілігі, қатынастың қиындығы сияқты ерекшеліктері толық ескерілмесе, жағдай одан әрі ушыға түседі.

     Бұл аудандар тұрғындарының  әлеуметтік жағдайы негізінен  жеке қосалқы шаруашылық (70% астамы) және әлеуметтік төлемдер (10%) есебінен  құралатын ақшалай табысының  өте төмен деңгейімен сипатталады. Сатудан түсетін табыс көлемі 10 пайыздан аспайды, өйткені, жеке қосалқа шаруашылық жеткілікті дамыған, өнімді сату қиындықтары ұшан-теңіз, тиісті өндірістік инфрақұрылымдар жоқ. Тұрғындардың өмір сапасының төмендігі - өндірістің құлдырауына және оны қалпына келтірудің төмен қарқынының, әлеуметтік саланы қаржыландырудың тоқталғанының салдары. Олардың әлеуметтік сала обьектілерімен қамтамасыз етілуі республикалық орта деңгейден 1,5-2,0 еседей төмен.

     Ауылды жердегі демографиялық  ахуалдың шиеленісуі халық санының ұдайы кемуімен, қартайған адамдар санының көбеюімен, ауылдан қалаға көшумен, кадрлардың тұрақтамауымен қабаттас журуде.

     Көші-қонға ызбайлық  қоныс аудару процесінің қиындықтары  мен ауырпалықтарынан туындайды. Тұрған жерін айырбастау көшіп-қонушыдан  едәуір рухани күштің жұмсалуын, уақыт және материал-қаражат шығындарын (олардың көлемі отбасы мүшелерінің санына, оның материалдық жағдайының деңгейіне және басқаларға байланысты) талап етеді.

     Біздің ойымызша, мемлекеттің  әлеуметтік саясатының аса маңызды бағыты ауылды жерлер мен ауыл халқы тұрып жатқан аудандардан, тіпті экологиялық қолайсыз аймақтардан еңбекке жарамды халықтың көшіп кетуін болғызбау. Мал өсірумен шұғылданатын аймақтар тұрғындарының бақуат өмір сүруіне қажетті жағдай жасау керек. Аграрлық саясаттың міндеті еліміздеқаңырап қалған аймақтар жасау емес, оларды дәйекті түрде көркейту болуы тиіс. Бұған Біріккен Араб Эмираттары (БАЭ), араб әлемінің елдері мысал бола алады. Олар шөлді және бос қалған аймақтарда барлық халықтардың ең алдымен байырғы халықтардың өркениятты өмір сүруі үшін сулы да, нулы жерлер жасады.

     Келешегі бұлдыр аймақтарда  тұрып жатқан халықтың проблемаларын  шешудегі маңызды қадам ауылды  қолдау және жұрттың үй шаруашылығын  дамытуын қамтамасыз ету үшін  құқықтық, экономикалық және ұйымдық өрістер жасау. Бұл орайда, осы шаруаға жұмсалған еңбекті жұмыспен қамтудың бір түрі деп заң жүзінде тану, бұл шаруашылықтардың иелеріне жеңілдікті несие беру, өндірген өнімінің артығын сатуды ұйымдастыру, шағын кәсіпкерліктің, қосалқы өндірістер, қолөнер мен олардың кооперативтерін ұйымдастыру негізінде жеке еңбек қызметінің дамуын ынталандыру қажет.

     «Халықты жұмыспен  қамту туралы» күшіндегі заң  ауылда жұмыспен қамтудың ерекшеліктерін  толы5ымен ескермейді, еңбек базарында  ауыл тұрғындарын қала тұрғындарымен тең емес жағдайда қояды. Бұл – еңбек жұмсау өрісінің шектеулілігі, тұрғын үй базарының жоқтығы, жұмыс күші бағасының арзандығы, жұмыс істейтін орынның тұрғын үйден алыстығы. Мемлекет тұрғындардың атамекеніндегі жағдайды жақсартуға қарағанда олардың қоңыс аударуына қаржы өлшеусіз көп шығындалады.

 

  1. Жер қатынастарын реформалау және ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын енгізу

     Жүргізіліп жатқан аграрлық реформалар кезендерінің ең маңызды да жауаптысы бесінші кезең болмақ. Ол Президент жолдауында елдің өркениятты базарға қарай ілгерілеуіндегі қажетті кезең деп сипатталды. Бұл жаңа саты Жер кодексі қабылданады, ол ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізеді деп күтіліп отырған үстіміздегі жылдан басталмақ. Әлем тәжірибесі аграрлық сектордың тиімділігі меншік пошымынан гөрі шаруашылықты жүргізу пошымы арқылы анықталатынын көрсетіп отыр. Шынында да Израильдің мемлекеттік жерде орналасқан ұжымдық киббуцы өндірістік көрсеткіштері жағынан жеке меншік жерін немесе жалға алған жерді пайдаланатын ірі жеке фермадан тіпті де олқы соқпайды. Бірақ Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізілгенде аграрлық өндірісті жүргізу қауіп - қатерінің өсуі мүмкін, оның ең бастысы – жер реформасының алғашқы кезеңінде басталған, жалдамалы еңбекті кең қолданатын ірі латифундиялар құру. 2002 жылдың басына қарай жалпы көлемі 1345 мың гектар жер үлесіне деген құқық сатылды, 4473 мың гектар жер сыйға берілді, 42.173 мың гектар жер жарғылық қорға берілді, 28.331 мың гектар жер жалға алынды. Тұтас алғанда, елімізде шаруа қожалықтары 2001 жылы 30,6 миллион гектар жерді, беймемлекеттік заңдық тұлғалар – 57,2 миллион гектар жерді, оның ішінде, әртүрлі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 37,6 миллион гектар жерді пайдаланды. Сөйтіп, сату нәтижесінде тек бір жыл ішінде 53 мыңнан астам ауыл тұрғындары жерсіз қалып, жердің бір қолда шоғырлануы жалғаса түсті. Жаңа заңда жердің бір қолда жинақталуын шектеуге болады. Мұндай саясат Ресейде 1906 жылы қолданылған еді – жоғарғы лимит (шегі) 6 үлес болып белгіленген-ді,, ал іс жүзінде 30 және одан да көп үлес бір қолға жинақталғанды. Тіпті адал да қатал саясаткер П.А.Столыпин де белгіленген норманың сақталуын қамтамасыз ете алмады, ал жемқорлыққа бейім қазіргі жергілікті атқарушы билік мұндай міндеттің үлесінен шыға алмайды.

     Ауыл шаруашылық жерінің  аса үлкен көлемі және салыстырмалы түрде аз деп саналатын 3,5 миллион ғана еңбекке жарамды ауыл халқы жер барлығына жетеді деген жалған елес туғызады. Шын мәнінде сатып алу-сату және қайтадан сату операцияларының салдарынан қатардағы шаруаның қатынас жолдарынан, өнім өткізу базарларынан шалғай аудандарға ығыстырылып кету қаупі туындайды. Сондықтан ауыл адамының өзінің жер үлесін өз ұрпағыма өткізе аламын деген үміті орындалмас арман болып қалуы әбден мүмкін.

     Жерге жеке меншік  енгізу, осы бастама авторларының  пікірі бойынша, жерді кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, несие алудың мүмкіндігін арттырады және мемлекеттік аграрлық секторының қаржылық жағдайын жақсартады. Алайда, мұндай нәтижеге форвардтық және фьючерстік-опциондық операциялар базарын дамыту жолымен де, яғни республика банк жүйесінің қызметін жетілдіру әдісімен де жетуге болады.

     Жерге жеке меншік  енгізуге байланысты туындайтын  тағы бір қауіп рента жер  иесінің пайдасына кетеді де, мемлекет қосымша табыс көзінен  айырылады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы үкіметінің ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қолдап отыру үшін халыққа және кәсіпкерлерге салық салмағын арттыруын, яки экономиканың пайдасы жоғары салаларынан атап айтқанда, кен қазушы салаларынан алынатын трансфертті көбейтуіне тура келеді.

     Демек, жерге жеке  меншік енгізу бірқатар жаңа  өндірістік және әлеуметтік қауіптерді  туындатып, күшейтеді.

     Жерді тиімді пайдалануына  жағдай туғызу үшін қазіргі  кезде Қазақстан Республикасының  үкіметі жаңа Жер кодексін  әзірлеп жатыр. Ол елдің таяу жылдарға арналған аграрлық саясатын бейнелеп жерді жеке меншікпен пайдалануға көшудің механизмін жасап беруге, жер учаскелерінің айналымын кеңейтіп, оны құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге тиіс.

     Жер кодексінің жобасында  тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін беймемлекеттік заңдық тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскесінің шектеулі (ең үлкен) көлемі ауыл шаруашылық жерінің барлық көлемінің 10 пайызы деңгейінде белгіленген. Бұл тым үлкен көлем. Алматы облысының әкімшілік аудандары бойынша біз жүргізген есеп ұсынылып отырған шектеулі жер көлемі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің бүгінгі нақты жер көлемінен Сарқанд ауданындағы 1,1 еседен, Қарасай ауданындағы 13 есеге дейін, Балқаш ауданында 18 есеге, Талғар ауданында 324 есеге дейін ауытқуы мүмкін. Бұл тиімді жер пайдаланушыларды өсіріп шығаруға жағдай туғызбайды, олардың мамандандырылуымен байланыстырылмайды. Аса ірі жер пайдаланушылардың пайда болуына алғышарт жасалады. Егер шаруа қожалықтарын (фермер) адамдардың өз еңбегіне негізделген отбасылық – еңбек бірлестігі деп қарасақ, ұсынылып отырған шек ауыл шаруашылық кооперативтерінің нышаны бар және олардың көлемі аса ірі болғандықтан кооперативтік құрылымдарға айналатын болады. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға уақытша пайдалануға ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемінің 5 пайызы мөлшерінде жер беру отандық тауар өндірушілерге зор бәсеке туғызады, ал мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.

     Менің ойымша Жер  кодексінің жобасында беймемлекеттік заңдық тұлғалар мен шаруа қожалықтары (фермерлер) үшін жер бағасын бірдей етіп ұсыну орынсыз. Өндіріс пен шаруашылық жүргіудің, маманданудың қалыптасқан экономикалық шарттарын ескеру қажет. Мәселен, шаруа қожалықтарының (фермерлердің) өндіріс көлемі аз, несие қорлары, меншікті айналым қаржысы жоқ, қаржылық жағдайы тұрақсыз, өндірістік инфрақұрылым, монополистерінің (элеватор, ұқсатушы кәсіпорындар иелерінің, өнім өткізу жөніндегі делдалдардың) қатты қысымына ұшырайды, материалдық-техникалық базасы әлсіз, сондықтан қаржы-қаражат жағынан баянсыз. Ал корпоративтік тұрпаттағы агроқұрылымдардың (АШӨК, ЖШС) қаржылық жағдайы мықты, отандық немесе шетелдік инвесторлар қолдайды, оларда ұжымдық-үлестік меншік бар, жер үлесі мен өндіріс көлемі үлкен, жер үлесінің үлкен көлемі шаруашылық басшыларының қолында шоғырланған. Міне, сондықтан шаруа қожалықтары ақшаның тапшылығынан азын-аулақ жердің өзін жер кодексінің жобасында ұснылған бағамен сатып ала алмайды. Сондықтан да шаруа қожалықтары үшін жердің бағасын жер кодексінің жобасындағыдай жердің бағаланған құнының 10 пайызы көлемінде қалдыруды, бірақ, ақшасын 5 жыл ішінде төлеуге құқық беруді ұсынамын, ал беймемлекеттік тұлғалар үшін кемінде 50 пайыз мөлшерінде белгілеу керек. Сонда ауыл шаруашылық жерін базар айналымына сатылап, неғұрлым әділ шартпен енгіуге мүмкіндік туады.

     Осындай жағдайдан  құтылудың жолы меніңше мынадай  сияқты: жер үлесі иелерінің шаруа  қожалығын (фермерлікті) ұйымдастыру  мақсатымен АШӨК, ЖШС құрамынан  шығу құқығын заң жүзінде бекіту  қажет, бұл құқық өз үлесіне құқығын басқаға қашан бергеніне қарамастан бекітілуге тиіс. Ал кімде-кім шаруашылық жүргіудің ұжымдық пошымының құрамында жұмыс істегісі келсе жерін біреуге беру жөніндегі шартын жалға беру шартына айналдыру қажет. Өйткені ауыл шаруашылық жеріне меншік әзірге мемлекет монополиясында, ал басқаларға жер тек аренда шартымен ғана беріледі. Өзінің жер үлесін жер иелерінің өмір бойы билеп-төстеу, өз мұрагеріне қалдыру, ондай адам болмаса, басқаға тапсыру құқығын сақтау керек.

     Бірінші кезекте жердің жеке меншікке тікелей отбасылық еңбек негізінде ұйымдасқан, жерді міндетті түрде мақсатты пайдаланатын шаруа қожалықтарына (фермерлерге) берілуін жүзеге асыру қажет. Бұл шаруашылықтардың көлемінің белгіленген норма шегінде (ұлғаюы) кемуі жерді жалға алу немесе мемлекеттік аукциондар мен конкурстарда бағалық аймақ негізінде белгіленген базар бағасымен сатып алу арқылы жүзеге асады. Жеке меншікте бір қолға шоғырланатын жердің нақты көлемін Қазақстандағы өнім беретін бос жерлерді, оларды айналымға тарту мүмкіндігін ескере отырып анықтаған жөн. Бұл кездн шаруашылық жүргізудің кооперативтік пошымдары үшін Қазақстан Республикасының «Жер туралы» күшінде бар заңына сәйкес аренда қатынастарының механизмін сақтаған дұрыс.

     Екінші кезекте ауыл  шаруашылық жүргізудің корпотивтік пошымдарын қызметкерлеріне жеке меншікке беруді біртіндеп, бір қолға шектен тыс жер көлемі шоғырлануына, алыпсатарлыққа жол бермейтін тетіктер жасай отырып, салық және баға тетіктері арқылы реттей отырып, мемлекеттік атқарушы органдардың жермен жасалатын операцияларға қатал бақылауын жүргізе отырып рұқсат ету керек. Жерге жеке меншік институтын енгізу кезендерінің мерзімі жүргізілген инвентаризация мен бағасы бойынша аймақтандыру (бұлар ұзақ уақыт пен қаржы қорын бөлуді талап етеді) негізінде жерді экономикалық бағалау жөніндегі жаңа әдістеменің жасалуына байланысты. (14)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі

 

     Жоғарыда айтылғандай Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуның басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды терендету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары