Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

 

2.2.5. Мал шаруашылығындағы жағдай

    

     Шаруашылық санатының  барлық түріндегі ірі қараның  саны 1990 жылғы 9.752,2 мыңнан 2000 жылы 4.106,6 мыңға, яғни 2,4 есеге дейін азайды. Республика бойынша ірі қараның саны 1998 жылға дейін кеми келіп, осы жылдың аяғында 39.57,9 мың ғана болды. Одан кейінгі жылдары малдың бұл түлігінің саны көбейіп келеді. Ірі қараның саны әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында қатты азайып кетті, мұнда 1990 жылғы 1.410,4 мың малдан 2000 жылы 297,5 мың ғана қалды, Павлодар облысында 765,7 мыңнан 242,5 мың ғана, Қостанай облысында 1.447,4 мыңнан 431 мың ғана мал қалды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола облыстарында малдың бұл түлігі көбірек сақталып қалды деуге болады. 1999 жылы республика бойынша 3.368 мың сиыр болса, 2000 жылы  одан 2.014,7 мыңы ғана қалды. Сиырдың саны Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.

     1990 жылы Республикада 35.660,5 мың қой мен ешкі болса, 2000 жылы содан 9.981,1 мыңы ғана қалды, яғни 3,6 есе кеміп кетті. Қой мен ешкінің саны, әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында 5.533,6 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 4.074,7 мың, Жамбыл облысында 3.631,3 мың, демек, осы төрт облыста ғана 19.727,1 мың қой мен ешкінің 55,3 пайызы болған еді, 2000 жылы Алматы облысында 2.233,1 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1017,0 мың, Оңтүстік Қазақстан облысында 1.903,2 мың, Жамбыл облысында 1.071,6 мың, демек төртеуінде 6.224,9 мың ғана қой мен ешкі қалыпты, Бұл республикадағы қой мен ешкінің 62,4 пайызы. Республикада қой мен ешкінің санының кемуі 1998 жылы тоқтап, одан бері өсу басталды. Бірақ Атырау мен Батыс Қазақстан облысында қой санының кемуі әлі де тоқталған жоқ.

     1990 жылы 35,6 миллион қой мен ешкінің 29,2 миллионы кеңшарлар мен ұжымшарларда, 6,4 миллионы жұрттың қолында болды. 2000 жылы – 950 мың қой мен ешкі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, 840 мыңы шаруа (фермер) қожалықтарында, 8,191 мыңы яғни барлық қой мен ешкінің 82 пайызы жұрт шаруашылығында.

     Республикада 1990 жылы 3.223,8 мың шошқа болса, 2000 жылы одан 1.076 мыңы ғана қалды, яғни 3 еседей  азайған. Шошқа саны 1997 жылы 879 мыңға  дейін азайып , одан бергі үш  жылда тұрақты өсіп келеді. Атырау  мен Батыс Қазақстан облысынан басқаларында шошқа санының азаюы тоқтап, өсу басталды. Шошқа саны Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты кеміп кетті.Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында шошқа көбірек сақталды деуге болады. 1900 жылы шошқаның көп өсірген облыстарға: Солтүстік Қазақстан (651,6 мың), Ақмола (634,8), Қостанай (405,6 мың), Шығыс Қазақстан (390,8 мың), Алматы (310,2 мың) облыстарын жатқызуға болатын еді. Олардағы шошқа саны республикадағы барлық шошқаның 74,2 пайызы еді. Бүгінде шошқасы көп облыстар деп Қостанай (221,1 мың), Солтүстік Қазақстан (175,7 мың), Ақмола (168,2 мың) және Алматы облысын (122,9 мың) атауға болады, бұл 4 облыста 687,9 мың, яғни барлық шошқаның 63,9 пайызы бар.

     1990 жылы республикада 1.626,3 мың жылқы болса, 2000 жылы одан 976,0 мыңы ғана қалды, яғни 1,7 есе азайды. Түйенің саны осы жылдары 143 мыңнан 98,2 мыңға дейін, 1,5 есе азайды. (15)

2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру

Жер қатынастарын дамыту

Ағымдағы жай-күйі:

     Ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарының реформалаудың  нәтижесінде, өнімі аз және сортан  жерлердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлер 1991 жылғымен салыстырғанда 127,5 млн. гектарға немесе 2 еседен астам  кеміді, сонымен бірге егістік  жер 13,3 млн.гектарға (2,7есе) азайды.

     Қазақстан Республикасының  «Жер туралы» 2001 жылғы 24 қаңтардағы  №152-ІІ Заңға сәйкес мемлекеттік  емес ауыл шаруашылығы жер  пайдаланушыларының жерді тұрақты  пайдалану құқығы жойылды және 49 жылға дейін мерзімге жалға  алу шартымен уақытша ұзақ мерзімді жерді пайдалану институты енгізілді

     Проблемалар:

     2003 жылғы  1 қаңтардан  бастап уақытша ұзақ мерзімді  жерді пайдалудың енгізілуі ауыл  шаруашылығы тауарын өндірушілердің  бір бөлігінің жағдайына теріс  әсерін тигізеді;

     Ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерге жеке меншіктің  болмауы аграрлық секторда кепіл  қатынастарының дамуын және күрделі  қаржыны ұлғайтуды тежейтін факторлардың  бірі болып табылады;

     Тұрақты жер қатынастарының  болмауы ірі және орта тауарлы  ауыл шаруашылығы құралымдарының дамытуға ынталандырмайды;

     Топырақтың сапасын  анықтайтын қазіргі заманғы матеиалдардың  болмауы (топырақтың сапасын анықтау  жөніндегі соңғы толық көлемді  жұмыс 1986-1987 жылдарда жүргізілген) нақты  бағалауға және жер салығының  көлемін саралауға мүмкіндік бермейді;

     Топырақтың құнарлылығын  арттыруға ынталандырудың, сондай-ақ  топырақ құнарлылығының жай-күйін  пәрменді қадағалаудың экономикалық  тетігінің болмауы жер пайдаланушылардың  жерді пайдалану жөніндегі жауапкершілігін  төмендетеді.

Шаралар:

     Ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерге жеке меншікті  енгізу жөніндегі заңнамалық  акт қабылдау;

     Ауыл шаруашылығы  жерлерінің құнарлылығын сақтау  және арттыру мақсатында жерді  тиімді пайдаланбағаны үшін жауапкершілікті  күшейту;

     Жерді бөлудің қолданылып жүрген заңнамаға сәйкестігіне тексеріс жүргізу;

     Жер телімдерінің  бағалау құнын анықтаудың әдістемесін  жетілдіру барлық аймақтарда  бонитетті бағалаудың 4 турын өткізу, ел экономикасының жай-күйін ескере  отырып, топырақтың типтері мен ішкі типтерін капиталға айналдыру ставкасын саралау;

     Жерді кепілге беру  арқылы кредит берудің ипотекалық  нысаны және кредит тетігі  арқылы жер пайдалану құқығын  пайдалана отырып, аграрлық секторда  қаржы-кредит қатынастарын жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

     Жерді нарықтық айналымға  енгізу, ауыл шаруашылығы тауарын  өндірушілердің кредит ресурстарына  қол жеткізуін ұлғайту, жердің  пайдаланылуын жақсарту, салық салудың  арнайы режимін сақтау.

     Ауыл шаруашылығында  су пайдаланудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Суармалы жерлердің жай-күйі:

     Суармалы жер қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер  ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 30 пайызынан астамын өндіруді  қамтамасыз етеді:

     1991 жылы ауыл шаруашылығы  өндірісінде 2284 мың га суармалы  жер пайдаланылды, ал 2001 жылы нақты 1317,8 мың гектар жер суарылды, қалған 1047 мың га сортаң жерлердің айналымынан шығарылуына, суару жүйелерінің ақауларына, судың болмауына немесе жетіспеуіне, топырақты суландыру жағдайларының, ұйымдастыру іс шараларының нашарлауына, ең алдымен, қаржылық және материалдық техникалық ресурстардың болмауына байланысты пайдаланылмады.     

Су пайлану жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар:

     Су пайдаланушылар  бірлестіктерінің ұйымдастырылуы  және олардың жұмыс істеу жөніндегі  нормаларды ескере отырып  Қазақстан Республикасы Су Кодесінің жаңа редакциясын әзірлеу:

     Суды жеткізіп беру  жөнінде көрсетілетін қызметтердің  жабылмайтын шығындарының айырмашылығын  республикалық бюджеттен дотация  беру арқылы ауылдағы су пайдаланушыларды, олардың рентабельді қызметін мемлекеттік, су шаруашылығы, пайдаланушы ұйымдарды мемелекеттік қолдау;

     Шаруашылықаралық каналдар  мен гидромелиоративтік құрылысын  жобалауды жүзеге асыру мониторингін  жүргізу жөніндегі функцияларды  орындайтын мемлекеттік мекеме  нысанында «Казагромелиосушар» әдістемелік орталығын құру.

     Кадрлар даярлау жөніндегі  мемлекеттік бағдарламада жыл  сайын жалпы саны 20-25 адам шамасында  су шаруашылығы жүйелері мен  құрылыстарының инженер-гидротехниктерін, инженер-құрылысшыларын даярлауды  көздеу.

     Орта Азия елдерінің  мемлекетаралық су-энергетикалық  концорциуммын (төрт тарапты) құру.

Бюджеттік бағдарламаның атауы

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Ауыл шаруашылығын тауарын өндірушілерге су жеткізіп беруде көрсететін қызметтер субсидиялау

1032,379

1100,0

1500,0

Шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік құрылыстардың ерекше авариялық жағдайдағы телімдерін қалпына келтіру

250,0

1250,0

1500,0

«Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын құру

10,0

10,0

10,0

Қазагромелиосушар» ММ әдістемелік орталығын материалдық-техникалық жарақтау

2,427

1,177

1,0

Қарыздар

3042,7

2079,9

978,9

Барлығы

4337,506

4441,077

3989,9


 

 

 

 

 

    

 

ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік  кешендердің  экономикалық  тиімділігін  арттырудың  жолдары.

3.1.  Аграрлық  сала  өнімінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  және  сатудың  көлемін  ұлғайту

 

     Ауыл шаруашылық өнімінің  бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың  критерийі:

     Тиімділік, шығындарды  азайту әлеуеті.

     Бәсекелелік индексі:

     Ішкі рынокта, импорт  бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі,

     Сыртқы рынокта, әлемдік  және ресейлік бағалардың экспорттық  бағаларға қатынасы ретінде есептеледі.

Сұраныс-ұсыныс индекс:

     Ішкі рынокта, нақты  қажеттіліктің отандық өндіріске  қатынасы ретінде есептеледі,

     Сыртқы рынокта, ішкі  тұтынуды алып тастағанда экспорт  көлемінің өндіріс көлеміне қатынасы  ретінде есептеледі.

     Бидай, мақта, күріш –  тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда  бәсекеге қабілетті, ішкі рынокта  ұсыныс сұранымнан жоғары, сыртқы  рынокта сұраныстары бар;

     Күнбағыс тұқымы, картоп, көкөніс, сүт, жұмыртқа – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда  бәсекеге қабілеті нашар, ішкі  рынокта сұраныс ұсыныстан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

     Қант қызылшасы, сиыр  еті, қой еті, жылқы еті шошқа еті, құс еті, жүн – тиімділігі төмен, құс етінен басқасы ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, жүннен басқасының сыртқы рынок сұраныстары жоқ.

     Астық рыногының дамуы

Астық өндірісі мен мониторингінің жағдайын талдау

Дәнді дақылдар түсімділігінің, өндірілуі мен тұтынылуының қарқыны (түсімділігі – ц\га; өндіру және тұтыну – мың тонна)

Облыстар

Дәнді дақылдар орта есеппен  1996-1998ж.ж

Соның ішінде: бидай орта есеппен      1996-1998ж.ж

Дәнді дақылдар орта есеппен

1999-2001 ж.ж

Соның ішінде :бидай орта есеппен

1999-2001 ж.ж

Түсім-ділігі

Өндіру

Түсім-ділігі

Өндіру

Түсім-ділігі

Өндіру

Тұтыну

Түсім-ділігі

Өндіру

Тұтыну

Ақмола

5,1

1882,8

5,3

1535,0

10,8

3260,3

1539,5

10,5

2735,2

937,3

Ақтөбе

4,3

397,4

4,2

244,6

8,2

468,2

361,2

8,4

357,4

203,4

Алматы

11,2

606,6

8,9

336,3

15,4

745,4

969,4

14,0

399,0

720,2

Атырау

5,0

0,8

6,0

0,4

5,6

0,3

97,0

6,0

0,1

97,0

Ш-Қазақстан

6,4

295,1

6,5

209,2

13,2

566,3

584,4

13,2

381,5

347,9

Жамбыл

10,4

356,9

7,6

223,9

12,5

382,2

393,4

11,6

242,2

276,8

Б-Қазақстан

4,1

296,1

3,5

153,2

6,4

266,3

208,8

6,1

193,8

155,0

Қарағанды

4,4

345,6

4,4

290,0

8,7

523,1

355,5

8,5

448,2

237,8

Қызылорда

25,8

219,7

17,8

12,8

27,0

190,0

213,2

12,6

12,7

175,3

Қостанай

7,0

2311,6

6,5

1770,5

12,4

3379,0

1091,1

12,5

3036,6

837,3

Маңғыстау

-

-

-

-

-

-

70,1

-

-

70,1

Павлодар

4,0

335,2

3,7

258,7

7,2

298,8

217,8,

7,6

211,8

172,0

С-Қазақстан

9,2

2701,0

7,2

1896,6

12,5

3524,3

1087,4

12,2

2762,1

731,7

О-Қазақстан

11,7

254,7

9,0

195,2

15,4

300,7

303,6

14,1

225,3

254,1

Астана қ-сы

-

-

-

-

10,5

2,1

-

10,1

1,7

-

Алматық-сы

-

-

-

-

7,9

1,4

-

7,4

0,9

-

Барлығы

69

10003,6

6,2

7126,5

11,5

13908,5

7492,3

11,2

11008,5

5215,9


 

     Астық – елдің  азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі  компоненті.

     Соңғы үш жылда (1999-2001ж.ж.) дәнді дақылдар егіс аландарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен (1996-1998 ж.ж.) салыстырғанда 4,8 ц\гектарға немесе 67 пайызға өсіп, 11,5 ц\гектарға жетті. Астық өндіру 3,9 млн.тоннаға немесе 39 пайызға ұлғайды және орташа жылдық деңгейі шамамен 13,9 млн. тоннаға жетті.

     Негізгі экспорттық  дақыл  - бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 7,1 млн. тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға дейін  өсті.

     Қазақстан астық экспорттаудан  әлемде алтыншы орынды иемденеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протеин мол астықтың қалыптасуына  ықпал етеді.

     «Астық туралы» Қазақстан  Республикасының Заның қабылдау  астық рыногына қатысушылырдың қызметін нақты құқықтық реттеуді қамтамасыз етті.

     Отандық ауыл шаруашылығы  тауарын өндірушілерді мемлекеттік  қолдау мақсатында белгіленген  баға бойынша жыл сайын мемлекеттік  ресурстарға астық сатып алу  жүргізіледі, ал 2001 жылдан бастап көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруді, астық бағасының демпингін болдырмауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін астық сатып алудың фьючерстік екі деңгейлі жүйесі енгізілді.

     Астықтың ішкі рыногын  тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш ұн тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында көктем жаз кезеңінде астықтың сату резервтерінен интервенция жүргізіліп тұрады.

     Астық қабылдайтын  кәсіпорындардың астық сақтау  жөніндегі беретін лицензиялаудың енгізілуі олардың қызметін мемлекеттік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

     Астық қолхаттарын  енгізу жөніндегі жұмыс басталып  кетті, оның негізгі құралы болып  табыла отырып өтімді кепілді  қамтамасыз етуді ісі арқылы  екінші деңгейлі банктердің кредит ресурстарын іске асыру мүмкіндік береді, бұл астық демпингін болдырмайды және маусымдық кредит беруге жағдай жасайды.

     Отандық ауыл шаруашылығы  тауарын өндірушілердің тұқым, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуы үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизингтік негізде жеңілдетілген кредит ресурстары бөлінеді

     Астықтың мемлекеттік  ресурстары қалыптаты, мұның өзі  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымдық материалға, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуге, астық ішкі рыногының реттелуін және мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары