Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Дәл осындай жағдай  нарықтық экономикасы дамыған  басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық – түлік құнының 75 проценттен астамы ауылшаруашылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия елдерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

     Батыс елдері агроөнеркәсіп  кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық – түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ–та 1960–1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір – бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы  өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің ІІ сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкі салалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем – шөп өңдірудің көлемі  мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

     Бұрынғы КСРО-да, оның  ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80 – жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

     Агроөнеркәсіп кешенінің  құрылымын ретке келтіру мақсатында  Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару  қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

     Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда  бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда  көзге ілмей кетуге болмайтын  өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның  өзі КСРО тарағаннан кейін  пайда болған  барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.

     Нарықтық экономикаға  барар жолдағы Қазақстан Республикасы  агроөнеркәсіп кешені дамуының  жай-күйі, негізгі проблемалары мен  бағыттарын қарастырайық. (5)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.

1.2.1. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері

    

     Қазіргі жағдайда  Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі  сияқты нарықтық экономиканың  экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тарған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибес көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

     Мемлекеттің агробизнес  жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар обьективтік факторлар мен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті тарауларының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік коньюнктураның әсеріне ұшырады.

     Мемлекеттік реттеу  шараларының бірінші тобы өңдірістің әмбебаб және тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.

     Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық  саясат сферавсындағы дәстүрлі  мемлекеттік макроэкономикалық  реттеуден басқа мемлекет қазіргі  заманғы қоғамның көғарас тұрғысынан  алғанда шешімнің нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін микроэкономикалық проблемалары да шешуі тиіс.

     Ауыл шаруашылығында  бұл – ең алдымен сыртқы  тиімділік проблемасы немесе  экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық  жүйеге  қатысушылардың өзара  іс-қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс-қимылға түсетін аграрлық өндірісте экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.

     Жағымсыз экстерналий  де жақсы белгілі, бұл – қоршаған  ортаны тыңайтқышпен, пестицидпен, өңдірістің қалдығымен уландыру; ауыл шаруашылығының зиянкестері, басқа бір жерлерде туындаған  және өзін заңы бойынша таратылатын өсімдіктер мен малдың аурулары.

     Таза нарықтық тегеріш, оның заңдары мен өлшеуіштері  тұрғысынан алғанда өзендерді  химикатпен уландыру тікелей  өңдірушілердің шығындарына, осы  нақты өнімді тұтынушылардың  шығындарына әсер етпегендіктен  ешқандай маңызы жоқ сияқты. Нарықтық тегеріш бұл жерде дәрменсіз және барлық мұндай құбылыстар ерікті бәсекелестіктің логикасымен толық жарасады.

     Жағымсыз экстерналийді  реттеуге сыртқы, мемлекеттік араласудың  тарихи қажеттілігі бірді-екілі  жағдайлар әлеуметтік проблемаға айналғанда барып мойындалды. Соның нәтижесінде, біріншіден, бекітуші немесе шектеуші мәндегі таза әкімшілік, заңдық шаралар қабылданды, екіншіден, ерекше салық саясаты түріндегі экономикалық шаралар дүниеге келді.

     Нарықтық экономикалық  теориясы дәстүрлі қарастыратын басқа проблема – қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын және бірге тұтынатын тауарларды қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың тарапынан жоқ болады, бұл оларды ешқандай жеке өндіруші шығара алмайды және шығарғысы да келмейді деген сөз. Аграрлық секторда бұл – жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен және зиянкестермен күреске жұмсалатын, агроазық-түлік секторында – ауыл шаруашылығы шикізаттары мен азық-түлігінің сапасына кепілдікті қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспекцияларды ұстауға жұмсалатын шығындар. Еркін нарықтық тегеріш тұрғысынан алғанда, кез келген тауар, егер ол сұранысқа ие болса, өмір сүруіне құқы бар. Сұраныс – қоғамдық маңыздылықтың және тауар бағалығының бірден-бір төрешісі. Егер бір себептермен (көп жағдайда бағасының арзан болуына немесе жарнаманың жалған болуына байланысты) сапасы нашар және зиянды тауарлар тез өтіп кетсе, онда бұл рынок заңдарына ешқандай да қайшы келмейді. Алайда, тамақтану проблемалары, соның негізінде ұлттың денсаулығы мен қауіпсіздігі мемлекеттік бақылаудың обьектісі болмай тұра алмайды. Сондықтан да азық-түлік сапасының қалыптары мен параметрлерін жасау, экспертиз жүргізу, бақылаушылық қызметтерді ұстау – міне осының барлығын бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық тауарға жатқызуға болады.

     Мемлекеттің келесі  маңызды міндеті – монополияға  қарсы реттеу және әділетті  бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділікті  реттеу мен қоғамдық тауарды  қаржыландыруға, яғни жетілген ерікті бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайындағы экономикалық теорияға негізделеді.

     Мемлекеттің монополияға  қарсы қызметінің қажеттілігі  рынокті монополияндыру нәтижесінде қоғамға келетін шығындармен – сату көлемін азайтумен, бағаны көтерумен, жаңа фирмалар үшін кіру барьерлерімен түсіндіріледі.Мысалы, АҚШ-та трестерге қарсы саясаттың бастапқы акті 1890 жылы қабылданған “Шерман заңы” болды. Бұл заң бойынша кез келген өндірісті немесе сауданы фирмалар арасындағы келісім, бірігу немесе сөз байласу негізінде шектеуге, сондай-ақ өндірісті монополияндыруға және сауданы шектеуге тыйым салынды. Одан кейінгі актілер 1914 жылғы Клейтон заңы мен 1950 жылғы Селлер-Кефовер заңында арсыз бәсекелестік, монополиялық іс-қимыл, заңсыз сауда тәжірибесі ұғымдары нақтыландырылды және кеңейтілді.

     Алайда, нақты өмірде  бұл заңдардың түсіндірілуі және  қолданылуы бір мағынада бола  бермейді. Теориялық тұрғыдан алғанда  проблема техникалық өркениет өңдірістің сандық мәніне минимальді тиімді көлемді анықтауға әсер етуде қашып құтылмайтын түзетулер еңгізу есепке алсақ, әрбір нақты рыноктің монополиялығын рұқсат етілетін деңгейін анықтауда жатыр. Сондықтан да заң түрінде бір немесе бірнеше фирма үшін рұқсат етілген өндірісті концентрациялау деңгейі әр түрлі салаларда өмір-бақи болмайды және ғылыми-техникалық өркениеттің өсуімен өзгеріп отырады. Бұл әдетте треске қарсы істерді қарау бойынша нақты сот тәжірибесінде есепке алынады. Бұл жерде треске қарсы заңдылық трактовкасы мемлекеттік қолдау саясатына немесе белгілі бір салаларда өндірісті концентрациялаудың өсуін тежеуге байланысты аумалы-төкпелі болып отырады.

     Бірқатар салаларда  ірі корпорациялар билік құратын  және монополияландыру деңгейі  жоғары тағам  рыноктары бірнеше рет треске қарсы заңды бұзушылар болып жарияланды. Іс қозғау мен соттық араласудың негізгі себептері компаниялардың қосылуы және адал емес баға саясаты болды.

     Треске қарсы заңның  іс-қимылы жүрмей сфера ауыл  шаруашылығы кооперациясы болып табылады. 1992 жылы АҚШ-та ауыл шаруашылығы кооперативтерін оның көп бөлігінде монополияға қарсы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктен босататын Акт шықты. Акт ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өнімдерін тарату үшін бірігуге, сондай-ақ кооперативтерде сақтау мен өңдеуге , маркетингтік агенттіктерді пайдалануға, қажетті контрактілер мен келісімдерді жасасуға рұқсат етеді. Бұл жағдайда ерекше жеңілдіктер сүт кооперативтеріне берілген. Актіге сәйкес 1937 жылдың ауыл шаруашылығы өнімдерінің маркетингі бойынша оларға, Шерман заңына қарамастан, өнімнің сорты және сапасы бойынша дифференциалданған сату бағасын белгілеуге рұқсат етілді.

     Сонымен қатар, ауыл  шаруашылығы кооперативтік құрамаларының  маркетингтік құқықтары шексіз  емес. Ауыл шаруашылығы министріне кооперативтердің бағаны негізсіз көтеруін шектеу құқы берілген. Сот тәжірибесінде белгіленгендей, кооперативтер арсыз баға саясатын жүргізу арқылы бәсекелестерге зиян әкеледі. Олар монополиялық ережені бәсекелестерін құрту үшін пайдаланған жағдайда монополияға қарсы заң күшіне еніп, олар сотқа тартылады.

     Ауыл шаруашылығы  кооперативтеріне берілген жеңілдік  ауыл шаруашылығы өнімдерінің  рыногіндегі сатып алушылар мен  сатушылардың экономикалық күштерін  теңестіруге бағытталған. Атап өткеніміздей, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің атомдалған бәсекелестік құрылымына ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және тарату сферасындағы ұйымдасқан жоғары концентрацияланған құрылым, ауыл шаруашылығындағыеркін бәсекелестіктің төмен бағаларына тамақ және сауда корпорацияларының көтеріңкі монополиялық бағалары қарсы тұрады. Сондықтан кооперативтердің қолы жеткен бірқатар ұсыныс монополиясы ең кем дегенде фермерлерді тиімді рыноктегі монополияға жақын жағдайдағы стау бағасын төмендетуден қорғауға қабілетті.

     Таза әлеуметтік мәндегі азық-түлік кешеніндегі мемлекеттік реттеу шаралары азық-түлік көмегін көрсету бағдарламаларында аталған. АҚШ-та олардың құрамына азық-түлік талоныненгізу,балалар тамақтануының әр түрлі бағдарламалары, әйелдер мен балалар үшін арнаулы  бағдарламалар және басқалар кіреді. Азық-түлік талондары табысы аздарға жеңілдік немесе ақысыз азық-түлік көмегін көрсетуге жұмылдырылған. Балалар бағдарламасы  бойынша мектептерде, жазғы балалар демалыс орындарында және басқа мекемелерде жеңілдік жасалған тамақтанулар ұйымдастырылады.

     Тұрғындардың осы  тиісті категориялары үшін ізгіліктік  ниеттегі бұл бағдарламалар рыноктің  жағдайына әсер етпей қоймайды. Табыстары барынша төмен сатып  алушылардың сегментін жабатын  олар барынша қамтамасыз етілген  тұтынушылардың төлемге қабілетті сұранысына бағадар ұстайтын тұтыну бағаларын барынша жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бағдарламалар олардың өніміне сұранысты кеңейтетіндіктен фермерлерді қолдаудың шаралары болып табылады.

     Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлеуметтік және экономикалық игіліктер ретінде қабылданады. Аталмыш концепцияның мемлекеттік саясатқа тікелей әсері жеке алғанда, жоғарыда айтып кеткеніміздей, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін жүргізуге ресми тиым салынуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден көрінеді.

     Отбасылық фермаларды  жақтаушылардың қарсыластары да  бар. Олардың пікірінше, аталмыш  концепция қазіргі заманғы жағдайларды еске алмайды, ал оның негізінде жүргізілетін фермерлікті қолдау саясаты фермалардың қосылу және жинақталуының табиғи әлеуметтік-экономикалық процестерін тежеп, мемлекеттік бюджет пен салық төлеушілердің мойнындағы үлкен жүк болып табылады.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары