Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 21:54, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген обьективтік факторлар еске алынды:
Егемен мемлекет құру;
Материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;
Адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;
Жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі;

Содержание работы

Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер

Файлы: 1 файл

Дип.-аграрлық-саланың-дамуы.doc

— 563.50 Кб (Скачать файл)

     Бұл екі бағыттың  күресі фермерлікті мемлекеттік  қолдау бағдарламасын және тұтастай  алғанда ауыл шаруашылығындағы  ұйымдық-экономикалық процестердегі  мемлекеттік реттеудің тағдырын  анықтайтын болады.

     Фермерліктабысты қолдаудың  басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы арасындағы айырбасты бағалық паритетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі жоғарыда қарастырылған фермерлік бағаның төмендеу теңденциясынан, сондай-ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемдік жасау мүмкіндігінен туындайды.

     Барынша жалпы тәсілде  паритет ауыл шаруашылығы өнімнің  бірлігіне есептегі тұрақты сатып  алушылыққабілетті қамтамасыз ететін  бағаның осындай қатынасын білдіреді. Бұл, егер өткен кезенде жүгерінің  бүшелі бір көйлекке ауыстырылса, мұндай айырбастың мүмкінділігі ағымдағы рыноктік баға бойынша кейіннен де сақталуы тиіс екендігін білдіреді. (8)

     АҚШ-тағы көптеген  ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша  паритетті аяқтауға арналған  базистік кезең 1909-1914 жылдар болды. Толық паритет ауыл шаруашылық тауарларна 1909-1914 жылдарда болған сатып алушылық қабілетті қамтамасыз етуі тиіс болды.

     Алайда паритетті  мұндай анықтау сұраныс, ұсыныс  және уақыттың өтуімен әр түрлі  салалардағы болатын еңбек өнімділігінің  құрылымындағы табиғи өзгертулерді есепке алмайды. Сондықтан да паритеттік бағаны анықтау моделі бірнеше рет өзгерді. Соңғы уақытта таза нарықтық, айырбас паритеттің орнына тауарларды айырбастау шартының теңдігі ретінде өңдірістік шығындар дың теңдігіне негізделген әдіс келді. Сонымен қатар басқа салалармен салыстырғанда өндіріс тиімділігінің барынша жоғары өсуінің нәтижесінде алынған ауыл шаруашылығы табысының едәуір үлесін тартып алу жүйесі жүргізілуде.

     20-жылдары фермерлердің  экономикалық әділеттілік жөніндегі  ұсыныстарымен байланысты нарықтық мүмкіндіктердің теңдік қажеттігі идеясы қалыптасты. Оны әр түрлі фермерлік ұйымдар белсенді түрде қолдайды. Атап айтсақ, АҚШ-та ол жергілікті рынокті монополизациялау үшін фермерлік бірлестіктерді құру үшін белсенді күресетін ұлттық фермерлік ұйымның негізі қызметі болып табылады. Жоғарыда қарастырылған антимонополиялық заңдағы фермерлік кооперативтерге жасалған жеңілдік осы концепцияның ішінара жүзеге асырған жұмысы болып табылады.

     Мемлекеттік реттеудің  фермерлікті қолдауға жанасатын сонымен бірге өзінше үлкен маңызы бар келесі түрі слолық даму жөніндегі бағдарламалар болып табылады. Айталық, АҚШ-та селолық даму жөніндегі бағдарламалардың мақсатыы ауыл шаруашылығының өзінің экономикалық өсінен гөрі село тұрғындары өмірінің сапасы мен игілігінің арту деңгейі болып табылады.

     Бұл бағдарламалар  тұрмыс дәрежесін арттыру, селолық  жерлердің салыстырмалы кедейлігінің  проблемасы-селолық құрылыс, коммуналдық  қызмет, еңбекпен қамту мәселесі  сияқты селолық тұрғындардың  осындай проблемаларын шешуге жұмылдырылған. Осы мақсаттар үшін әр түрлі әкімшілік деңгейде жеңілдік несиелендіру және бюджеттік қаржыландыру жүйесі пайдаланылады.

     Жоғарыда көрсетілген  мемлекеттік реттеудің бағыттарына  сәйкес агробизнестің дамыған  елдерінде мемлекеттік басқару ұйымдарының жүйесі ұйымдастырылған. Мысалы, АҚШ-та ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің иелігіндегі топырақ, орман, су көздері және басқа табиғи ресурстар, селолық жерлерді дамытуға көмектесу, несиелер бөлу, ауыл шаруашылығын зерттеу бағдарламаларын жасау, ауыл шаруалығы шикізаты мен проблемаларды шешеді. Айналымдағы жұмыстар үшін әр жылы өндірісті тұрақтандыру және бағаны қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыратын Тауарлық-несиелік корпорация (ТНК), фермерлерді несиелендіру жүйесін басқаратын Фермерлік несие әкімшілігі, бірнеше ведомствалардан: селолық тұрғын үй жөніндегі әкімшілік, селолық электрлендіру жөніндегі әкімшіліктен тұратын шағын елді мекендер мен селолық аудандарды дамыту жөніндегі Басқарма, өнімді қамсыздандыру жөніндегі федералдық коорпорация, маркетинг қызметтері және инспекциялар сияқты ұйымдар құрылды. Аты аталған ұйымдардың өз атаулары-ақ олардың қызметтерінің бағыттарын айтып тұр.

     Айталық, фермерлік тұрғын  үй жөніндегі әкімшілік барынша  жеңілдік жағдайында коммерциялық несие алуға мүмкіншілігі жоқ фермерлерге несие алып береді. Селолық электрлендіру жөніндегі әкімшілік-бұл селолық жерлерде өздерінің займдарын беру немесе оны басқа көздер арқылы оларға беруді қамтамасыз ету жолымен электрлендіру мен телефон байланысын қаржыландыруға көмектесетін несиелік мекеме. Өнімді қамсыздандыру жөніндегі Федералдық корпорация қуаңшылыққа, нөсер жауынға, найзағайға, су тасқыны мен өртке, ауыл шаруашылығының зиянкестерінен болатын жағдайларға байланысты өнімнің ысырап болуының орнын толтырады. Маркетинг және инспекция қызметтеріне мыналар кіреді: ауыл шаруашылық кооперативтері және ауыл шаруашылық маркетингі қызметтері, мал дәрігерлік және өсімдікті қорғау инспекциялық қызметі, астық Федералдық инспекциясы және азық-түлік инспекциясы.

     Ауыл шаруашылық кооперативтері  қызметі ауыл шаруашылық кооперативтер  ұйымдастыруда коньсултациялық  және техникалық көмек көрсетеді  және олардың қызметінің статистикасын  жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі  қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің  сапасын қалыпқа түсіру мәселелерімен айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік және мал зиянкестерімен және аурулармен күрес жүргізеді. Астық инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның сақталуын қадағалайды. Азық-түлік жөніндегі инспекция ет пен құстың сапасын, өнімнің, оның құрамының мазмұнына сәйкестігін бақылайды. Азық-түлік және тұтынушылық қызметжөніндегі басқарма тұрғындардың әр түрлі категориялары үшін жеңілдік тамақтандыру жөніндегі бағдарламалары жүзеге асырып, сондай-ақ диетология саласында зерттеулер жүргізеді.

     Ауыл шаруашылығы  министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттық маңызы бар  шалғындар мен жер учаскелерін  қадағалайтын орман қызметі бағынады.

     Тауарлы-несие корпорациясының  қызметі фермерлік табыстарды  қолдауға бағытталған (егжей-тегжейлі 6.4.2-тақырыпта айтылады).

     Қысқасы, қазіргі заманғы  агробизнесте мемлекеттік реттеудің  негізгі бағытарына шолуды қорытындылай  келе, олардың маңызды ерекшеліктерін  атап өту қажет. Нарықтық тегерішті  толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын директивтік тапсырма, бағаның үстінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс-қимылдарға жол берілмейді. Шын мәнінде, дамыған елдердің аграрлық өңдірісінің тиімділігі осында жатса керек.

 

1.2.2. Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары

   

     Отандық агроөнеркәсіп  кешенін табыспен реформалау  үшін жоғарыда айтылған мемлекеттік  реттеу әдістерінің үлкен тәжірибелік  маңызы бар. Оларды пайдалануға  болады, бірақ бұл жағдайда олар  нарықтық экономика дамыған және  агроөнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы тұрақтылығы жағдайындағы өндірістік-экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталғанын естен шығармау керек. Қазіргі жағдайда дағдарыстан шығу біздің республикамыздың ауыл шаруашылығындағы барынша қиын жаңғыруларды жүргізуде мемлекеттік реттеудің қоршаған ортаның жай-күйін қатаң бақылау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау және басқа аспектілердегі бірқатар бақылау бағыттары Қазақстандағы агробизнес үшін айта қаларлықтай пайдалы. Реттеудің экономикалық тегерішінің басқа да жақтары болашақта, қажетті саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар пісіп жетілген кезде өте перспективалы болатыны сөзсіз. Бұл жерде сондай-ақ жергілікті аймақтық ерекшеліктердің басты назарда болғаны дұрыс. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешені өзінің бірқалыпты жұмыс істеуі және дамуы үшін міндетті түрде мемлекеттік реттеу мен қолдауды қажет ететін жағдай ең басты нәрсе болып табылады.

     Осы тұрғыдан алғанда  агроөнеркәсіп өндірісі дамыған  елдерде кеңінен пайдаланылатын  фермерлік бағалар мен табыстарды  қолдаудың тегерішін оқып үйрену және үнемі назарда ұстау кезек күттірмейтін жұмыстардың қатарына жатады. Ол нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің маңызды талаптарын орындаудың тамаша үлгісі болып табылады: мемлекеттің іс-қимылы  нарықтық тегерішті толтырады және түзетеді, бірақ еш уақытта оның негіздеріне тиіспейді.

     Бағаны мемлекеттік  реттеу фермерлердің табыс деңгейін  реттеумен тікелей байланысты. Сондықтан  да осы салада жүргізілетін  саясат «баға және табыстар  саясаты» атауға ие болды. Оның  үстіне фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың әлеуметтік-экономикалық функцияларымен қатар мемлекеттік реттеу бұл салада дағдарысқа қарсы реттеу функцияларын атқарады. Айталық, қолайлы рыноктік конъюктура және салыстырмалы түрде ауыл шаруашылығының жоғары бағасы кезеңінде бағаны қолдауды қамтамасыз ететін дайындау мекемелерінің операциялары тоқтатылды делік. Бұл кезеңде алдынғы планға мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық аспектілері шығады. Бұған керісінше, шамадан тыс өндіру және өнімге бағаның төмендеу жылдары мемлекеттік реттеу толық күшіне пайдаланылады.

     АҚШ-та фермерлік  бағалар мен табыстарды қолдауды  жүзеге асыратын негізгі ұйым 1933 жылы құрылған Тауарлы-несиелік  корпорация – ТНК болып табылады. Баға деңгейін қолдау кепілдік-дайындау  операциялары көмегімен жүргізіледі. ТНК-ның кепілдік операциялары тікелей де, фермерлік резерфтер арқылы да жүзеге асырылады.

     Бірінші жағдайда  ТНК фермерлерге олардың өніміне  кепілдік бағасы бойынша 9 айдан 12 айға дейінгі мерзімге фермерлерге  несие береді. Бұл жағдайда бөлінетін ссуда жеңілдік проценттер бойынша алынады. Егер рыноктік баға процентімен есептегенде кепілдіктен өз өнімін сатып алып, ссуданы процентімен қайтаруға құқылы. Егер рыноктегі ситуация қолайсыз болып, рыноктік баға кепілдіктен төмен түссе, онда фермер кепілдік операция ны өз өнімін әдеттегідей сатуға айналдыруы мүмкін. Бұл жағдайда ол өз өнімін ТНК-да қалдырып, ссуданы қайтармайды және тіпті төлемейді. Онан әрі өнімді өткізу ТНК-ның құзырына кіреді. Ол сол жылы әлеуметтік көмек бағдарламаларына сәйкес ішкі рынокте сатылуы мүмкін, не конгресс бекітетін баға бойынша сыртқы рынокте сатуы мүмкін. Міне, осылай кепілдік баға мемлекет ең аз мөлшерде кепілдік беретін бағамен есептеледі. Мұндай тегеріштің түрі қайтарылмайтын ссудалық бағдарламалар деген атқа ие болған.

     Тнк-дағы кепілдік  операцияларының екінші түрі  фермерлік резервтер арқылы жүзеге  асырылады. Ссуданың бірінші түріне  қарағанда бұнда фермер астықты  кепілдікке тапсыруға бірден  құжаттар дайындайды. Бұл – 9 айдан 12 айға созылатын фермерлік резерв  процедурасының бірінші кезеңі. Онанкейін фермер фермерлік резерв туралы жаңа келісім жасасуы мүмкін. Ол өнімді оны сатып алмай 3 жыл ішінде рыноктік баға белгілі бір деңгейге жеткенінше, яғни деңгейдің жіберілетін немесе босатылатын бағаға жеткенінше сақтауды қарастырады. Бастапқыда олар бидайдың бушелі үшін 4 доллар, арпаның бушелі үшін 2,36 доллар, жүгерінің бушелі үшін 2,71 доллар құрады. Рыноктік баға осы деңгейге жеткен жағдайда фермер ссуданы төлеп, резервтен өзінің астығын қайтып ала алады. Бұл жерде сақтауға кеткен шығындарды мемлекет төлейді.

     Фермерлік резерв  бағдарламасы маңызды дәнді дақылдарға  – бидайға, жүгеріге, арпаға, соргоға, сұлыға, ал қайтарылмайтын ссудалық  бағдарламалар тауарлардың барынша  кең ауқымына таратылады.

     ТНК-мен операцияларға тек қана фермерлер емес сонымен бірге өңдеуші фирмалар менкооперативтер де қатысады. Мысалы, бидайдың, күріштің, азықтық дәннің, мақтаның бағасы негізінен фермерлермен кепілдік операциялар арқылы, қант қызылшасы арқылы мен қант құрағына баға қант шығаратын кәсіпорындар арқылы, сүт өнімдеріне баға өңдеу фирмаларынан сары майдың, ірімшіктің, сүт ұнтағының артығын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

     ТНК ішкі рынокте  бағаны түсірмеу үшін оған  ішкі рынокке 115 %-тік кепілдік  бағадан төмен баға бойынша қордағы астықты шығаруға, 105 % кепілдік бағадан төмен баға бойынша күрішті шығаруға тыйым салынады.

     ТНК-ның кепілдік-сатып  алу операцияларының ерекшелігі  олардың ауыл шаруашылық рыногіне  және бағасына әсер етуінің  кешенді мәнде болуында жатыр. Шамадан тыс артық шығарылған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің едәуір бөлігін рыноктен алып тастау, егін орағынан кейін ұсынысты қысқарту жолымен қысқа мерзімге рынокті тұрақтандыру, егін орағы кезінде және ең төмен рыноктік баға болып тұрған тұста фермерлерге ағымдағы несие беру, экспорттық операцияларды несиелендіру сияқты корпорацияның функцияларын бөліп көрсетуге болады.

     ТНК-ның фермерлік  баға мен табыстар деңгейіне  әсері әр түрлі кезеңдерде  бірдей болмайды. Қолайлы конъюктура  және жоғары баға кезеңінде фермерлер бағалық қолдауды қажет етпейді және корпорацияның қызметіне жүгінбейді. Шамадан тыс артық өңдірілген кезеңдерде олар өз өнімдерінің едәуір бөлігін кепілдік баға бойынша өткізеді. Кепілдік баға деңгейін АҚШ Конгресі 4 жылда бір рет анықтап отырады. Ауыл шаруашылығы министрі заңмен белгіленген шеңберде ғана оған түзетулер енгізуіне құқылы. Кепілдік баға экономикалық саясаттың маңызды құралы ретінде фермерлер тарапынан болсын, экономикалық ортаның тарапынан болсын егжей-тегжейлі талдау обьектісі болып табылады. Паритет проблемасы да соның деңгейіндей дәрежеде сөз болады. Кепілдік бағаның деңгейіне сондай-ақ нақты экономикалық ситуация да әсер етеді. Тұтастай алғанда кепілдік бағадағы паритеттің орнын толтыру деңгейінің өсуі төмендегі жағдайда көрінеді: 30-жылдардың аяғында кепілдік баға 1910-1914 жылдары паритетінің деңгйіне бидай бойынша 52-75%, жүгері – 75%, мақта бойынша 52% болды. Соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жылдары кепілдік бағаның жалпы деңгейі паритеттің 90%-не дейін, мақтаға тіпті 100%-ке дейін көтерілді. 50-жылдары бағаның паритетке қарағандағы деңгейі алдымен 82-90%-ке, одан соң 75-90%-ке түсуді бастады. 60-жылдары бидай мен мақтаның бағасы паритеттің 75%-дейін арзандады. 70-жылдары бидайдын бағасы паритеттің 40-50%-іне дейін, жүгерінікі 50-60%-ке дейін түсті.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары