Лекции по «Земельному праву»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның фунциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады.

Файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ ЗЕМ КАД.doc

— 701.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Заңдарының тиісінше атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардығ жерді ұтымды пайдалану ман қорғау жөніндегі шараларды орындауын қамтамасыз етуге саяды.  Өздерінің  құзіреті шегінде жерді пайдалану мен қорғау мәселелері  жөніндегі  мемлекеттік  бақылауды жүзеге  асыратын органдардың нұсқаулары барлық жер участкелерінің меншік иелері мен жер пайдалану мен қорғауға  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

Қазақстан Республикасында  жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы.

 

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Жер кадастрының негізгі міндеттері
    2. Жер кадастрының мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі, жер учаскесінің анықтамасы;
    3. Жер кадастрлік құжаттық мазмұны, рәсімін, есепке алу мазмұнын, жүргізу тәртібін кім  белгілейді
    4. Жер кадастрын кім жүргізеді

 

Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер  қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттік даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру  үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын (соның ішінде жердің маңызы зор) есепке алу қажеттілігін есептейді.

Кадастр мәліметтері, бірінші  кезекте жерді тіркеу мәліметтері мемлекетпен тек ғана жер  қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесіне  емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау  мақсатында, сондай ақ, жер пайдаланушылар, иеленушіліктердің құқықтарын қорғауда қолданады. Сондықтан жер кадастры мәліметтерінің экономикалықпен қатар, құқықтық та маңызы зор.

Мемлекет жерді кәсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға  пайдалануға, иеленуге беретіндіктен  кдадастрлік мәліметтер жерлердің  нысаналы, ұтымды  пайдаланылуын, қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды  жүзеге асыру үшін  қажет.

Өндірістің  дамуымен оның төңірегіндегі табиғи қордың шоғырлану үлесі өсе береді де, сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік,  технологиялық,  биологиялық процесстердің өзара байланысы күшейе түседі. Өндіріс тек  қана материалдық игілік жасаумен шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта экологиялық тепе теңдікті  сақтау тиіс. Осыған байланысты табиғат қорлары, соның ішінде жер қорларын қорғау ең бір  маңызды халық шаруашылық мәселе, сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.

Сол шаралардың  ішінде ең  маңыздылары болып топырақтардың  құнарлылығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп  тастандыларынан ластанудан сақтау жіне жерлерді бастапқы  қалпына  келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының  сапалық жай күйі  туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек.

Жекелеп салық салу  мәселесі де жеке  табиғи экономикалық  аймақтар бойынша жердің сапасын  есепке алу, бағалау керектігін талап етеді. Кадастрлік мәліметтер жерлердің жай күйін  жақсарту, оларды пайдалану бойынша шараларды жоспарлау үшін  де керек.

Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлылығын арттыру  бойынша нәтижелі шаралар жүргізуге, олардың жел мен су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай ақ түзданудың, ластанудың, батпақтанудың және де басқа  жерлердің жай күйін төмендететін процесстердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай күйін жан жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.

Мысалы, алқаптардың бір  түрінен екіншісіне аудару керектігін негіздеу үшін олардың нақты жай  күйін білу қажет, сондай ақ олардың аудандары, кеңістік орналасуы, бедері, топырақтары, геоботаниалық құрамы, шаруашылық пайдалану және т.б. туралы толық мәліметтер болуы қажет. Топырақтардың құнарлылығын төмендетпеу үшін, оларды қорғау мақсатында мемлекет жақсарту жұмыстарын, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, суару, екпе орман салу, эрозияға қарсы шараларды толық аумақта жүргізу үшін қаржы қаражат іздестіруге міндетті.

Жер кадастрының шаруашылық әрекетті талдау, ауыл щшаруашылық кәсіпорындарының жерлерін нәтижелі пайдалануында көп анықталады. Осыған байланысты ауыл шаруашылық алқаптарынынң өнімділігін салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру нәьижелілігіне қарасты, қажеттік пайда болды. Жер кадастры мәліметтерінің жер салығы, жалға төлем алу шығындарын өтеу сомасын белгілеуде маңызы өте зор.

Сонымен, қазіргі уақытта  жер кадастрының міндеттері кәдімгідей кең және жауапкершілікті. Олар Қазақстан  Республикасының жер қорларын ұтымды және нәтижелі пайдалану мемлекеттің  және барлық жер пайдаланушылардың мүдделіктерін айқындайды. Бұл мемлекеттік жер кадастрының халық шаруашылықтық маңызға ие екенін айқындайды.

Қазақстандағы жер кадастрының  мақсаттары мен арнаулы оның міндеттерін  және мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегінде, қолданылатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкесті тәртіпте  жүргізуін, жеке әр жер   участкесінен бастап, жалпы мемлекеттік дәрежеде  болғанын қажет етеді. Мемлекетке есепке алудың бірыңғай басқару органдарының  міндеті болғанынан сол органдар жер кадастрының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді.

Мемлекет жер кадастрының  арналуын, міндеттерін, мазмұнын, құрамдық  бөліктерін және оны жүргізудің тәртібін анықтайды. Ол жер кадастрлік мәліметтердің, құжаттың мазмұнын, кадастрлық есептің  рәсімін, жер кадастрына жүргізілетін бақылау және кадастрлік жұмыстарды орындауды, ұйымдастыруды белгілейді.

Жер кдастрының мазмұны  және оны жүргізудің белгіленген  тәртібі еліміздің барлық аймақтарына  міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының  объектісі Қазақстан Республикасының  барлоық мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры осы қордың толық саны және сапалық сипаттамасын  беруге және жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жаідайы туралы дұрыс, қажетті мәліметтер жиынтығынан тұруға тиісті.

Қазақстан Республикасыны үкіметі  белгіленген қаулысы (06.06.1996 ж. № 710)  бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасынының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер участкелерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, сапалық сипаты, жер участкелерінінң есепке алоынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі  болып табылады.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды  шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, класификатор, код, кіру және шығу форматтардың бірыңғай  мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципі қамтамасыз ету болып табылады.

Кадастр мәліметтері  топографиялық геодезиялық, агро ғарыштық, картографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер участкесі болып табылады.

Кеңес кадастрінде есепке алудың негізгі бірлігі болып жер пайдалану табылады.  Қазіргі қабылданған есепке оқу тәртібінің айырмашылығы есепке алудың және бірлігіне жер участкесін қосу. Бұның себебі, жер реформасын жүргізу нәтижесінде жерді мемлекеттік заңды тұлғалармен қатар азаматтра мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар да пайдаланушы және иеленуші субъектілері болып саналады. Сонымен қатар жаңа жағдайда басқа есепке алу бірліктерін қолдануда жер кадастрлік квартал, жер пайдалану және  иеленетін жер, аудан, облыс деп қолданған дұрыс.

Кадастрде әр жер участкесі  үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар участкені кеңістікте бөліп  көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер участкелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі оның  кадастрлік номері, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.

Мәліметтер тиісті әкімшілік  аудан деңгейінде  жинақталады. Онда участкенің кадастрлік номері, жеке немесе заңды тұлға (жер участкесінің құқықтық субъектісі) аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы аранлуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандары, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіреді.

 

Жер кадастрының  құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері.

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Жер кадастрының  түрлері, құрамдық бөлігі;
    2. Жер кадастрының принциптері;
    3. Жер участкелерін тірке, есепке алу деген не
    4. Негізгі есепке алудың, күнделікті есепке алудың мазмұны
    5. Жер кадастрлік құжаттардың түрлері.

 

Негізгі кадастрдың мақсаты  кадастрленетін жер участкесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтыөқ, шаруашылық жағдайы  туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда  алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрысталып талданады. Жер кадастрлық құжат текстік және жоспарлы картографиялық болып бөлінеді.

Текстік  кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар түрінде болады.

Жоспарлы картографиялық  құжаттар жер участкелерінің сызба бейнелерін көрсетеді жоспарлар, карталар, картограммалар.

Жер кадастрінің басқа  есепке алу түрлерінен айырмашылығы  оның тек жоспарлы картографиялық  негізінде жүргізілуі

Кадастрлық құжат негізгі және қосымша деп бөлінеді. Құжат рәсімінің  тізімін, сол құжаттар кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын басқару  Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. Жер кадастрлік құжаттарға мыналар жатады:

      1. жер участкесінің жер кадастрлік ісі;
      2. ауданның (қаланың) мемлекеттік жер кадастрлік кітабы;
      3. жер кадастрлік картасы.

Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша  картограммалар, диаграммалар, жоспарлы - картографиялық материалдар тіркеледі.

Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың  және материалдардың, жұмыстардың түрлері:

      1. Жер участкелерін тіркеу - заңдық және нормативтік құжаттар, жер участкелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру,  шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
      2. Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу, және есеп беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер участкелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке  алуды жүргізу;
      3. Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау  топырақтарды бонитеттеу, жерлерді  бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық  геоботаникалық  зерттеу, ізденіс материалдары;
      4. Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік  техникамен  қамтьамасыз ету жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың  барлық түрлерін бағдарламамен қамтамасыз ету.

 

1 – сурет 

Жер кадастрының құрамдық бөлігі

Мемлекеттік жер кдастры

Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

Жер участкелерін тіркеу, жерлерді  есепке алу (сан және сапалық), жерлерді бағалау (топырақтарды, бонитеттеу,  жерлерді экономикалық және құқық бағалау)


 

Қазіргі жер кадастрына оның міндеттерінің  күрделігі мен объектісінің айырмашылығына себептелген көп қызметтігі тән.  Сондықтан  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік ұүрамын келесі өзара байланысты байламдарға  бөлуге болады: құқықтық, қаржылық,  көп қызметтік.

 

2 – сурет 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жер кадастрының  құрамы және мазмұны

Мемлекеттік жер кадастры  (байламдар)

Құқықтық

Қаржылық

Көп қызметтік

Құқық  белгілеудегі құжаттарды рәсімдеу;  жер участкелерін тіркеу;  участкенің жоспарларын және құжаттарын беру; сервитут, ауыртпалықтар, участкені  қайтып алу, шығындарды өтеу.

Жерлерді бағалау; базалық аймақтау; сату – сатып алу мәмілелерді  рәсімдеу; ипотека; кепілдікке беру;  оларды рәсімдеу; салық салу, жалға лау төлемі.

Жер участкесін  есепке алуды, есеп беруді жүргізу;  жерлерді сапалық сипаттау; жер туралы мәліметтердің  қосынды жүйесі (топырақ, өсімдік  берер, экономикалық жағдай, кеңістік орналасуы)


 

    1. Жер кадастрының негізгі принциптері;
    2. Жүйесінің бірыңғайлылығы;
    3. Мәліметтердің сенімділігі;
    4. Мағлұматтардың толықтығы;
    5. Үздіксіздігі;
    6. Құжаттылығы;
    7. Мәліметтердің кқрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі;
    8. Үнемділігі;
    9. Орталық мемлекеттік  басқару.

Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы.

Ол бірыңғай жүйе бойынша  бірыңғай әдістемелік  негізде жүргізіледі. Оның негізінде бірыңғай мемлекеттік  жер қорын  табиғи, шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген  көрсеткіштер алынды. Мұнда  кадастр  жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің  мазмұнында және жүзеге асыруында; екінші жер кдастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында  оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының  төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және  пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.

Информация о работе Лекции по «Земельному праву»