Лекции по «Земельному праву»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның фунциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады.

Файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ ЗЕМ КАД.doc

— 701.50 Кб (Скачать файл)

2- кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандайҚазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 млн.га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді.

 

Кесте 2

Қазақстан Республикасының территориясы, аудандар мен елді мекендер саны (01.01.2001ж.)

 

 

Облыстар

атауы

Аумағы мың га

Аудандар

саны

Қалалар мен поселкелер

саны

Ауылдық елді мекендер саны

1

Ақмола

14621,9

14

19

502

2

Ақтөбе

30062,9

12

10

431

3

Алматы

22396,3

16

27

728

4

Атырау

11863,1

7

16

129

5

Шығыс Қазақстан

28322,6

15

54

121

6

Жамбыл

14426,4

10

16

367

7

Батыс Қазақстан

15133,9

12

6

528

8

Қарағанды

42798,2

10

54

389

9

Қызылорда

22601,1

7

18

201

10

Қостанай

19601,1

16

20

733

11

Маңғыстау

16564,2

4

10

24

12

Павлодар

12475,5

10

15

506

13

Солт.

Қазақстан

9799,3

16

16

967

14

Оңтүст. Қазақстан

11724,9

12

20

838

15

Алматы қаласы

28,0

6

1

-

16

Астана қаласы

71,0

2

1

-

17

Барлығы

272490

169

304

7164


 

 

Кесте 3

Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры (мың га.) 01.01.2001ж.

 

 

Аймақтар

Барлық жерлер

А. ш.

алқаптар

Соның ішінде егістік

1

Орманды дала

     

2

Далалық

     

3

Құрғақ далалық

     

4

Шөлейт

     

5

Шөл

     

6

Тауалды шөлді

     

7

Субтропикалық шөл

     

8

Субтропикалық тауалды шөлейт

     

9

Орта азия таулы облысы

     

10

Оңтүстік сібір таулы облысы

     

11

Республика бойынша барлығы

     

 

Қазақстан Республикасының  территориясы  табиғи климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі  болғандығына байланысты 10 табиғи ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген (3 кесте).

 

Қазақстан Республикасының  жер қорының жер санаттары (категориялары) мен жер пайдаланушылар бойынша  сипаттамасы

 

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Жер санаттарын атаңыз?
    2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы  жерлерге анықтама беріңіз.
    3. Елді мекендер жерлеріне  анықтама беріңіз.
    4. Су қоры жерлеріне не кіреді?
    5. Орман қоры жерлеріне не кіреді?
    6. Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар дешгеніміз не?
    7. Босалқы жерлерге  не қарайды?

 

Қазақстан Республикасы жер қоры  бірыңғай толық болып түрса да, бөлек құрам бөліктерінің  нысаналы қолдану мақсаттарына  байланысты ол негізгі жер санаттарына бөлінеді.

Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде  жер қорының құрамы негізінен  нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:

    1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
    2. Елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жерлері;
    3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық  емес мақсаттағы жерлер;
    4. Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
    5. Мемлекеттік  орман қорының жерлері;
    6. Мемлекеттік су қорының жерлері;
    7. Мемлекеттік запастағы жер.

Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің  және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашылық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше  бағаланады  және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ұйымдарында, мекемелерінде, олардың а.ш. даму жоспарына сәйкес, базарларды а.ш.  өнімдерімен және өндірісті шикі затпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекендердің жерлеріне қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категориялардағы жерлер  кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен құрылыстар және т.б. орналастыратын орын  ретінде қолданылады.

 

 

Жер участкесі  негізгі жер кадастрлық бірлік (жер  пайдалану, жер иелену, жер  алқаптары  түсінігі).

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Жер участкесіне  анықтама беріңіз?
    2. Жер пайдалану  және жер иеленуге анықтама беріңіз.
    3. Жер алқаптарының түрлерін атаңыз.
    4. Алқап, көпжылдық көшеррер дегеніміз не?
    5. Жыртылған жер дегеніміз не?
    6. Шабындық, тыңайтылған жер, жайылым дегеніміз не?

 

Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша топтастырылуы  белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен және оның  құрам бөліктерімен негізделеді. әдетте статистикада  есепке алу және бақылаудағы алынатын бірлік болып, есепке алу операциясы барысында топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі. Барлық шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын  бөлек кәсіпорындар емес, жер участкелері танылады.

Жер участкесі  бұл  мақсатты міндет атқаратын, субъектік  құқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы  немесе жер меншіктегі болатын, жоспарда (қартада) және жергілікті жерде шекаралары белгіленген жер аумағының участкесі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздің жер қорының пайдалануына сипаттамалық экономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілі бір субъекттің иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың түрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін. Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсінікті анықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынада жер пайдалану   бұл әлеуметтік экономикалық құбылыс.

Оның экрономикалық  мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер  пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін  өндіріс өқралдарының меншік формасы  құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жер пайдаланушыларға мемлекет  бекіткен, нақты жер участкесін пайдалану оғын құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде (шаруа қожалығы) немесе  тұлғалар тобы ретінде айқындалады.

Республикамызда жер  пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар  және мекемелер сияқты азаматтар  да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі  мемлекеттік және жеке меншік түрлерімен шартталады.

Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы жер участкесі сияқты болып келеді.

Жердің көп бөлігі жер пайдаланушыларға шексіз  уақытқа (тұрақты) пайдалуға берілген. Сондықтан бұндай жер түрі негізгі болып есептелінеді. Ал қазіргі жағдайда, яғни жаңа заң қабылданғаннан кейін уақытша пайдалау (қысқа мерзімді  - 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді - 5-49 жылға дейін)  енгізілуі  мүмкін және жерді уақытша пайдалану жалға берілген болып саналады. Жерлер қауымдық пайдалануға мемлекеттік заңды тұлғалар  және азасаттарға қызметтік участкелер ретінде тұрақты пайдалануға беріледі.

Жерге жеке меншік азаматтар  мен мемлекеттік  емес тұлғалардың меншігі түрінде болады. Меншік иесінің тиісті жерді иеленуге, пайдалануға  және оған билік етуге құқығы бар. Жеке меншікке жататын жер участкесі қозғалмайтын мүлік деп саналады. Меншік иесі өзінің жер участкесін заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер участкесін заңдылық бабы бойынша сатуға, шаруашылыққа, серіктестікке жарналық капита ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйға және мұра етіп қалдыруға, жер участкесін жалға беру, жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарты негізінде уақытша пайдалануға беруге құқылы.

Жер пайдалану құқықтарына:

тұрақты немесе уақытша, өтімді немесе өтімсіз, иесіздендіру немесе иесіздендірмеу жатады.

Жер пайдаланушылар:

мемлекеттік және мемлекеттік  емес, жеке және заңды тұлға, тұрақты жіне уақытша, бастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Жер пайдалану  құқығын ұсыну; жер пайдалану құқығын тапсыру; жер пайдалану құқығының  заңды мұрагерлік тәртібімен өтуі.

Жер пайдаланудың экономикалық мәнін  көрсетуші жер алқаптары. Жер  алқаптарының өндіріс құралы сияқты жерді пайдалануда экономикалық, шаруашылық формалары болады. Алқаптардың өзара қатынасы арқылы ауыл шаруашылық  өндірісіндегі жерлерді пайдалану сипаттамасы бойынша және белгілі бір шамада шаруашылықтың  бағыты мен мамандардырылғандығы туралы пікір айтуға болады.

Жер алқабы деп нақты шаруашылық мақсаты үшін пайдаланылатын және белгілі  бір табиғи тарихи қаситеттеріне  ие болған территориялар түсініледі. Мемлекеттік жер кадастрында ол негізгі элемент болып есептелінеді.

Жердің құралы ретінде көрінуі, оның тікелей түрде нақты шаруашылық қолдануында жатыр, бұл түрде ол белгілі бір жер алқабы түрінде болады,  яғни сол территория, нақты мақсат үшін пайдаланылады. Жерлерді ауыл шаруашылығында пайдалану  арқасында біз адамдар тіршілігі үшін ең керекті өнімдерді аламыз. Ауыл шаруашылық алқаптаында мәдени өсімдіктерді өсіреді және мал шаруашлығына азық дайындайды. Сондықтан, бұндай өнімді алқаптар кадастрде  ерекше топқа  жатады ауыл шаруашылық алқаптары ретінде бөлінеді. Егістік жерлерде негізгі ауыл шаруашылық өнімдері өсіріледі, оның ішінде бірініші орында астық. Жер пайдалану құрамында уақытша пайдаланылмай жатқан жыртылған жерлер де болады. Олар тыңайма. Бұл да бөлек алқаптардың бірі  болып саналады.

Көпжылдық жемісті ағаштар егілген  жер участкелері (баулар, жүзімдіктер т.б.) ауыл шаруашылық  алқаптарының ең бағалы түрі болып саналады. Егістік жер секілді, олар жүйелі  түрде күтімді қажет етеді. Егістіктен айырмашылығы бұл участкелерде көпжылдық ағаштарды және бұталы өсімдіктерді өсіреді, жер есебінде бұл алқапты бірнеше түрге бөледі.

Шабындықтар мен жайылымдардың  маңызы шаруашылық мәні бар. Оларды әдетте табиғи азықтық алқаптар деп атайды. Олар белгілі үлесті мал шаруашылығы  азығы  қорын жасайды. Ауыл шаруашылығында қолданбайтын жерлер алқаптар да болады.

Жер пайдалану құрамында, пайдаланатын жерлерден басқа және пайдаланбайтын жерлер (шұңқыр, жыра, сай, батпақ және т.б.)болуы мүмкін. Оларды табиғи жағдайы бойынша есептейді. әр бір алқапьтар бөлек контурлардан тұрады. Контур деп әдетте, бір текті алқаптан тқратын және бекітілген сыртқы шекаралары бар территорияны түсінеді. Көрсеткіш ретінде ол белгілі шаруашылық мәні бар және өлшеммен сипатталады. Бөлек контурлардың аудандарын  жинау алқаптардың аудандарын анықтауға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан дәлірек контурлар бастапқы есепке алу элеметі  ретінде ретінде шығады және жер есебінде есеп бірлігі болады.

 

 

ЛЕКЦИЯ № 6

 

Информация о работе Лекции по «Земельному праву»