Лекции по «Земельному праву»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның фунциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады.

Файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ ЗЕМ КАД.doc

— 701.50 Кб (Скачать файл)

Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі.

Бұл олардың объектілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының   нақты  мөлшерлерін, үлестіруін және сапалық жай күйін дәл айқындауға  байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді  және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай күйлері туралы қажетті тіркеу, зерттеу, есепке алу,  бағалау  тәсілдерін қолдану  керек. Жерлер жай күйіне, пайдалнуына байланысты  алқаптар  бойынша топтастырылады. Мәліметтердің  дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай күйлеріне, пайдалануына сәйкес  болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген қазіргі  түсіру әдістерін  қолданғанда  ғана орындалады.

Жер кадасты  мағлұматтарының толықтығы.

Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай күйлері  туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен анықталады. Кадастрлік  мағлұматтардың барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мағлұматтардың  тәмпіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тәуелді.  Жер қорының  мөлшерлері, жай күйі, пайдалануы туралы дәл және толық  мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдалануы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынуы керек.

Жер кадастрының үздіксіздігі.

Мұнда  жер қорының  барлық  өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар (есепке алу, тіркеу) жүйелі  түрде  көрсетіліп  отырса, басқалары (бағалық)  оқтын оқтын  жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңғыртылып отырады. Сөйтіп, кадастр мәліметтері  қазіргі деңгейде үсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Жер кадастрының құжаттылығы.

Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек ғана  тиісті құжаттар, материалдардың  негізінде  жүргізілуін айтады. Жер участкесін тіркеу  тиісті мемлекеттік  органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер  бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда  түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.

Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетерлігі.

Материалдары кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы  орналастырумен қатар, әртүрлі  картографиялық материалдары, кадастрлік  ақпаратты жинау,  талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық  карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының  мағлұматтары  және материалдары жеке және заңды тұлғалар  участкесін  әртүрлі шаруашылық, құқықтық және  жерлерді пайдалану, қорғау  мәселелерін шешуге қарапайым, қол  жетерлі болуы тиісті.

Жер кадастрының үнемділігі.

Қазіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай ақ  компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті  мағлұматтарды алу және  оларды қазіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру  және аэроғарыштық түсіру материалдарын   пайдалану  жеріміздің барлық аумағы  арқылы кең  ақпарат бере отыра, қысқа мерзімді жер қорының үлестіруі, жай күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару.

Кадастрлік жұмыстарды бірдей әдістеме бойынша жүргізіп,  жер қорының жай күйі, оның  пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді  мәліметтерді м алуға мүмкіндік  береді. Қазақстан Республикасында  мемлекеттік жер кадастрін басқару,  жүргізу жер қорын басқару жөніндегі Агенттік пайдаланылатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді мемлекеттік есепке алуды және басқа жер кадастрлік жұмыстарды  басқарады.

Жер кадастрлік  жұмыстарды Агенттіктің территориялық органдарымен қатар  республиканың жерді  үйлестіру қызметінің  әртүрлі  кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер жылда белгіленген мерзімде  тиісті аудан, қала органдарына  белгіленген рәсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы есеп беріп тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында орталық басқару мен Агенттік  жағынан бақылау, оның жүйесінің және әдістемесінің бірлігін қамтамасыз етеді.

 

Жер кадастрының  халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлерімен  және жерді үйлестірумен байланысы.

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Есепке алу өлшемдерінің түрлері;

2. Жерлерді есепке алудың басқа есепке алу түрлерінен өзгешілігі неде?

3. Жер кадастрының шаруашылықаралық жерді үйлестіру мен байланысы неде?

4. Жер кадастрының   шаруашылық ішінде  жерді үйлестіру мен байланысы неде?

 

Халық шаруашылық есепке алудың  кейбір түрлері шаруашылық қызметіне жатады және ақпаратты  бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге  асыруға бағытталған (оларды бақылау және дамуына әсер ету  мақсатымен процестерді сапалық көрсету, сипаттау). Халық шаруашылық есепке алудың тиісті өлшемдері (натуралық, еңбектік, құндық), абсолюттік  және алыстырмалы шамалары қолданылады.

Натуралдық  өлшемдер (сан, ұзындық, салмақ) шаруашылық құралдарының нақты түрлері мөлшерін  береді. Мысалы, жерауданын тек қана натуралдық өлшемде көрсетуге болады (га). Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік процесстерді, әртекті объектілер мен процесстердің (аудан, масса)  көрсеткіштері әр дақылдың  тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын салыстыру мүмкін емес.

Еңбектік өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек мөлшері, уақыт бірлігі (сағат, жұмыс күн) ретінде қолданылады. Натуралдық көрсеткіштермен бірге олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін пайдаланылады.

Құндық өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері нәтижелерін қорытуға мүмкіндік  береді. Жер кдадастрында оныі көмегімен  жерге жалпы баға береді.

Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі  түрлері кіреді:

    1. статикалық;
    2. бухгалтерлік;
    3. қолма қолдық (оперативный).

Жер кдастрының  құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше. Онда статикалық және жедел  есепке алу сәттері жанастырылады.

Статистика деп әдетте қоғамдық өмір немесе құбылыстардыі жан жағын сипаттайтын сан көрсеткіштері жиынтығын атайды. Статистикалық есепке алуда мәліметтерді алу, өңдеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолданылады.  Ол толық, орта шамалық және т.б. әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында қолданылады.

Бухгалтерлік есепке алу  өндіріс жүрісін, кіріс, шығысты, қаржылық нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның объектісі шаруашылық процесстер, материалдық құндылықтар болып  табылады. Ол қатаң  құжаттылықта  жүргізіледі, оған есепке алынатын екі  жақты  тексеру тәсілі тән.

Жедел есепке алу объектісі болып  жеке шаруашылық операциялар, сондай ақ өндірістің   жеке звенолары саналады. Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалыөқ, еңбектік өлшемдерді қолданады.

Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында кең қолданады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардығ пайдалануын сипаттауда дақылдарының шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің  шығымдары, жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын мағлұматтарды жер кадастрында кеңінен қолданылады. өз кезегінде, жер кадастры мағлұматтарын жер пайдалануды талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда пайдаланылады.

Жер кадастры жерді үйлестірумен өте  тығыз байланысты. Олар жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз  етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады.   Жер қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды үйлестіру керектігін объективті түрде себептейді. Былай айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланылады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларды жақсы территориялық жағдайларда жасалынады.

Шаруашылықаралық жерді үйлестіру  процесінде пайдаланылатын жерлердің жаңа құралымдарды құралып, қазіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлестіруде өндірістік бөлімшелерді,  шаруашылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауыспалы егістерді ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтары, жайылымдарды орналастыру мәселелері шешіледі. Участкелік жерді үйлестіруде аз көлемді жер участкелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.

Жерді үйлестіру мәселелерін шешу республикамыздағы барлық жерлер мен әр жер участкесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай күйлері туралы нақты мағлұматтар алу қажеттігін білдіреді. Ал жер ұорлары туралы бұл мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелорация, рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері бастапқы ретінде  алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлұматтарды алу және бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.

 

 

ЛЕКЦИЯ № 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ЖЕР ҚОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІ

 

Жер кадастрының объектісі  және оның классификациясы.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

      1. Жер кадастрының объектісі  дегеніміз не?
      2. Республикамыздың жер қоры қандай әкімщіщлік аумақтық түрлерге бөлінеді?
      3. табиғи ауыл шаруашылықтық аумақтарды атаңыз.
      4. Республиканың жер қорының бірлік принципі  немен қорытылады?

 

Қазақстан мемлекеттік  жер кадастрының мәні көбінесе оның объектісіне байланысты. Мемлекеттік  жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.

Жерге мемлекеттік меншіктік  барлық жерлерді, олардың мақсаты  мен міндет атқару  және шаруашылық  пайдалануына қарамастан, бірыңғай мемлекеттік  жер қорына бірігуге нақты себепші  болды.

Экономикалық көзқараспен алғанда, еліміздің барлық  жерін біріктірудің, болуымен алғы шарты маңызды.  Халық шаруашылығының тұтастығы, ол осы негізінде, жерге  мемлекеттік меншікті өзі жүзеге асырады. Мемлекеттік бұл меншікті  мемлекеттік жер кадастры жүйесі арқылы есепке алады және бағалайды. Жер қорының бірлік принципі басты заң Конституция негізінде өзінің  көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген.

Мемлекеттік кадастрында, есептелінетін объектіге  сандық және сапалық сипаттама  бере алатын және жер кадастрлық көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі  немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер  мөлшерініңсандық мәні   есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің және оның, құрам бөліктерінің  аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен  жүргізіледі.  Мысалы, жер ауданы  жүздеген , мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.

Есептелетін объектінің түрлі негіздері бойынша  топтарға  бөлінуі  әдетте классификациялау (топтастыру)  деп аталады.  Қазақстанның жер қоры  жер кадастрында ең алдымен жалпы аудандары және кеңістік жағдайы бойынша есептелінеді.  Бірыңғай жер қорының  мемлекет меншігі объектісі және шаруашылық объектісі ретінде міндет атқаруы ерекшеліктерінен келіп  траған, ол келесі негізгі жайларда: мақсатты міндет атқаруы, шаруашылық пайдалануы, сапалық  жағдайы,  әкімшілік аумақтық бөлінуі, меншік түрлері бойынша есептелінеді.

Егер қоғамдық  өндірістежердің  міндет атқаруынан өзгешеліктер шығатын  болса, онда жер қоры  жердің екі  айырмашылық топтары негізінде  бөлінуі мүмкін:

    1. негізінен, өндірістің  басты құралы ретінде пайдаланылатын  жерлер;
    2. негізінен, кеңістік базис түрінде пайдаланылатын  жерлер;

Бірінші топқа  ауыл шаруашылығы  және орман шаруашылығы жерлері  жатады, ал екінші топқа қалған барлық жерлер түрлері кіреді. Бұндай  бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым  біржақты, ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көп қырлы.

Практикалық мәлелелерді  шешу үшін, көрсетілегн бөлінулер  жеткіліксіз. Сондықтан жер қорының  сипаттамасы кадастр объектісі  ретінде, көбірек толық болуы  және оның халық шаруашылығының  бөлек салаларында  міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік   талабын ескеріп, бәрінен бұрын жерлер сипаттарға (категорияға) бөлінеді.

Республиканың мемлекеттік  органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік  етеді, оны пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалану тәртібін белгілейді, сондай ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық (қалалық), мемлекеттік органдар, өз кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдалануы мен олардың жерге орналастыруына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік аумақтық бірлік шегінде, мемлекеттік шаруашылық органдарының  шаруашылық және құқықтық  қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын  есепке алуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының аймақтары және облыстары бойынша жер қорының жағдайы, бөлінуі екінші, үшінші кестелерде келтірілген.

Информация о работе Лекции по «Земельному праву»