Лекции по «Земельному праву»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Қазіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның фунциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады.

Файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ ЗЕМ КАД.doc

— 701.50 Кб (Скачать файл)

ЖЕР КАДАСТРЫ БАРЫСЫНДА  МӘЛІМЕТТЕРДІ АЛУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ

 

Жер кадастры барысында суретке түсірулер  мен тексерулер.

 

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Графикалық есептеу әдісі дегеніміз не?
    2. Жоспар картографиялық материалдарға қойылатын негізгі талаптар.
    3. Түсірістер мен тексерулердің  қандай түрлерін білесіздер?
    4. Аэротүсіріс, фотопландар, ғарыштық түсіріс, аумақты барлап білу (зондирование) дегеніміз не?
    5. Топырақ, геоботаникалық тексеру мазмұны.
    6. Жер мониторингі дегеніміз не?

 

Жер кадастрын жүзеге асыру процесінде, еліміздің бәрыңғай жер қорының құқықтық жайын, табиғи және шаруашылық жағдайлары мен жер  пайдаланудың әр түрлі ақпараттарын жинайды, үйренеді және талдайды. Бұл ақпараттардың дұрыстығы мен толықтығы, оны алу тәсілдеріне байланысты.

Бұл мақсаттар үшін, халықшаруашылық  есебіне белгілі амалдар, сондай ақ жер кадастрына ғана тән және бірінші кезекте  гарфикалық ерекше тәсілдер қоданылады. Соңғысы, дұрыс ақпараттардың  алынуы үшін негіз болады.

Оның мәні мынадай, жер  кадастрының объектісі ретінде, бәрінен бұрын , кеңістік өлшемдері  және жағдайларымен сипатталады.

Оның  сандық және сапалық  көрінісі үшін, кеңістікте есептелінетін (анықталатын) заттың (мәннің) тиісті өлшемдерін жүзеге асыру, яғни жергілікті жерде арнайы түсірістер мен тексерулерді жүргізу талап етіледі.  Қағазда  тиісті  масштабта, графикалық тәсілдермен алынған нәтижелер негізінде, сол жергілікті жермен бірдей, жоспарлы картографиялық  құжат (жоспар, карта) алынады. Бұл жоспарда (картада) қандай мәндер көрсетілгендігіне байланысты, олар, мысалы, топырақ, геоботаникалық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Кешенді жоспарлы картографиялық материалдар, онда мәліметтердің бәрі бейнелеп көрсетіледі (кескінделеді), жер кадастры үшін (жер кадастрлық карта)  қажетті болуы мүмкін.

Жоспарлардың  (картаның) масштабы кадастрланатын территориялардың (жер пайдалану, облыс, аудан территориясы және с.с.) өлшемдеріне, атқаратын қызмет  жүгіне, мазмұнына байланысты түрліше болуы мүмкін.

Жер кадастрының мақсаттары үшін территорияларды картаға түсіру, картографияның жіне геодезияның тиісті әдістеріне сүйенеді (құралады).

Жоспарлы картографиялық материалдар  қашанда қазіргі  заман дәрежесіне лайықты болуы керек.

Бұл мақсаттар үшін, оларды түзету жүргізіледі, яғни бұл жер  жағдайында болып жатқан өзгерістерді жергілікті жерде анықтайды және жоспарға (картаға) енгізеді. Жер кадастрының  жоспарлы картографиялық материалдарына  нақты талаптар ұсынады. Олар жердік кеңістік жағдайын, сапалық жағдайын және пайдалануын сипаттайтын  жергілікті жердің барлық элементтерін қамтамасыз етуі керек.

Жергілікті жердің барлық элементтері жоспарларда жергілікті дәлдікпен және толықтықпен бейнеленеді (кескінделеді).

Кадастр және жерді ұтымды пайдалану мақсаттары үшін суретке  түсірулер мен тексерулер жүргізіледі. Суретке түсірулер мына түрлерге:

жердегі (құрлықтағы);

аэрофототүсіру;

аэрокосмостық  болып  бөлінеді.

Жердегі түсіріс (теодолиттік, мензулдық және т.б.) аэрофототүсіріс материалдары болмаған жағдайда, онша үлкен емес аудандарда қолданады. Ол, жердің құрамы мен пайдалануындағы күнделікті өзгерістерді есепке алу барысында қолданылады. Қазіргі кезде жер кадастрында аэрофототүсірістер кеіәнен қолданылады.  Ол біршама қысқа уақыт ішінде  еліміздің барлық территориясының жағдайы мен пайдалануын сипаттайтын, жергілікті жердің барлық элементтерін егжей тегжейлі бейнелейтін қажетті жоспарлы материал алуға мүмкіндік береді. Кадастрда аэрофототүсірістің әр түрдегі (аэрофотосуреттер, фотопландар және т.с.с.) жоспарлы материалдары қолданылады.

Аэрофототүсіріс материалдары аудандары бойынша үлкен емес жер пайдаланушыларды, соның ішінде үй іргелерін есепке алу барысында  да қолданылады, жеке жер пайдаланушылар жерін есепке алу барысында жер пайдаланудың фотопландары және жер пайдалану өлшемдеріне, алқаптар контурарына және с.с. байланысты түрліше болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аэрокосмостық  әдістер, соның ішінде оптикалық  және инфрақызыл диапазонда көпспекторлық  түсірістер мен радиолокациялық түсірістер көмегімен жер ресурстарын жан жақты үйренудің нақты (ашық) мүмкіндігі туды.

Бірінші әдіс әр түрлі  жер участкелерінің, жер бедері мен  т.б. дымқылдану және түздалу дәрежелері, топырақ және өсімдік жамылғылары  туралы мәліметтер алу үшін қолданылуы мүмкін.

Радиолокациялық түсіріс  әдісі жердің (территорияның) топографиялық  картасын жасау  мәселерін шешуге мүмкіндік жасайды, тереңде жатқан жер асты суларын және су тұтқыш қабаттарды анықтайды, топырақтың ылғалдану  дәрежесін бағалайды, қар жамылғысының қалыңдығы мен ондағы су қорларын анықтайды. Ол табиғи мал азықтық алқаптардың  өсімдіктері және егістіктің жағдайы туралы  ақпарат алуға мүмкіндік береді. Аэрокосмостық түсіріс, әсіресе үлкен аудандарда жер кадастрын жүргізу және жер ресурстарын үйрену барысында кеңінен қолданылады.

Жерлерді тексеру жер  кадастрлық мәліметтерді алу үшін үлкен  мәнге ие. Олар жер алқаптарының  нақты жағдайларын анықтауға  мүмкіндік береді және оларды  ұтымды, қарқынды (интенсивті) пайдалану м.мкіндігін  анықтайды. Жерлерді тексеру екі негізгі түрге бөлінеді: агрошаруашылық және арнайы.

Агрошаруашылық тексерулер барысында жер алқаптарының, олардың  сыртқы белгілері бойынша сапалық  жағдайлары туралы керекті мәліметтер алынады. Бірақ, бұл белгілері бойынша  жер алқаптары сапасының жан жақты сипаттамасын алуға болмайды. Бұған байланысты арнайы: топырақ, геоботаникалық және мелоиративтік тексерулер жүргізіледі. Топырақты тексеру барысында, топырақты сипаттайтын, олардың негізгі табиғи қаситеттері бойынша мәліметтер мен материалдар алынады.

Геоботаникалық тексерулер табиғи мал азықтық алқаптарда (шабындық, жайылым) өсіп жетілетін өсімдік  топтарының  құралы мен сапасы туралы мәлімет береді.

Олар мал азықтық  алқаптардың типтерін анықтауға  және олардың өнімділіктерінен сипаттама  алуға мүмкіндік береді.

 Мелиоративтік тексерулер  барысында жер алқаптарының мәдени  техникалық жағдайлары, ылғалдану  дәрежесі, жер асты суларының  орны және т.с.с. анықталады.

Жер кадастрында территорияларды (аумақтарды) аудандастыру және жерлерді экономикалық бағалау мақсаттарымен ауыл шаруашылық кәсіпорындарында экономикалық статистикалық тексерулер жүргізіледі.

Жер кадастрында тиісті (төмендегідей) материалдар мен мәліметтер  қолданылады:

  1. Жердің кеңістікте орналасуын, жер пайдалануын және алқаптарын сипаттайтын әр түрлі түсірістің жоспарлы картографиялық  материалдары;
  2. Жер пайдалану құқығын негіздейтін және жер пайдаланушылардың жер аудандары мен орналасуы мәліметтерінен түратын жер бөліп беру құжаттары мен жоспарлы картографиялық материалдар;
  3. Жердің кеңістік  жағдайларын, үлестірулерін және пайдалануын сипаттайтын ауданның, облыстың жерге орналастыру схемалары, жер ресурстарын пайдалану бас схемаларының құжаттары мен жоспарлы картографиялық материалдары;
  4. Ауыл шаруашылық жерлерін жоспарлау  құжаттары мен жоспарлы картографиялық материалдар;
  5. Жердің кеңістік жағдайы орны және шаруашылық аралық үлестірулер мәліметтерінен тұратын шаруашылықаралық жерге орналастырудың жобалары мен басқа да құжаттары;
  6. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары мен басқа құжаттары, олардың жер пайдалануын, алқаптарын және ауыспалы егістіктерін орналастыру мен кеңістік жағдайлары туралы  мағлұматтар;
  7. Орман шаруашылық кәсіпорындарының кеңістік орналастыру өлшемдері және пайдалануы туралы мәліметтерден тұратын орман шаруашылығын құру (орналастыру)  жоспарлары мен материалдары;
  8. Қала  шектерінің шегіндегі жер алқаптарының өлшемдері, жағдайлары және пайдалануы туралы мәліметтерден  тұратын, қала жерінің жер шаруашылық орналастыру материалдары мен қалалардың бас жоспарлары;
  9. Кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінің жерлерінің мелиоративтік  орналастыру материалдары;
  10. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тәжірибе станциялары мен ғылыми зерттеу мекемелерінің есепке алу және есеп беру материалдары.

Барлық материалдар мазмұны, дұрыстығы және толықтығы жағынан талданады, жер кадастрлық  материалдарды алу үшін өңделеді және кейін пайдаланылады (қолданылады).

Ертеде жүргізілген  іздестірулер және тексеру материалдары  мерзімімен жаңаланып тұруы керек, бұл үшін оларды жүргізуге тиісті бөлінулер қажет.

 

Жер кадастрында  мәліметтерді алудың, өңдеудің және талдаудың  статистикалық әдістері.

Қарастырылатын  сұрақтар:

    1. Бақылау түрлерін атаңыз.
    2. Негізгі  және талдаулы жиынтық дегеніміз не?
    3. Құбылысты сұрыптау  тәсілдерін атаңыз.
    4. Бақылаудың  құжаттық тәсілінің мазмұны неде?
    5. Белгілердің, топтастыру, ауытқу түрлері.
    6. Мәліметтер жиынтығы дегеніміз не?
    7. Индекстер, олардың түрлері.
    8. Көптік корреляция дегеніміз не?

 

Жер кадастрында бастапқы ақпараттар қандай болса, арнай ақпараттарды алу, өңдеу және талдаудың статистикалық тәсілдері де сондай әдістермен жүргізіледі. Математикалық статистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштері есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының  құралы мен пайдалануы, дақылдардың түсімділігі (өнімділігі), өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мәліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.

Статистикалық   зерттеулер (бақылаулар) келесі кезеңдерден (этап) тұрады: дайындық жүмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өңдеу.

Статистикалық зерттеудің (бақылаудың) негізгі формалары есеп беру және сынақ.

Есеп беру  бұл бақылау  жасаудың бір түрі, бүнда статистикалық  органдар  белгілі мерзімде  тиісті кәсіпорындарданғ мекемелерден, ұйымдардан белгілі заіды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады.

Сынақ  бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді  белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастрында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15  қарашадан кешіктермей тиісті ауданның (қаланың) атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында  болған өзгерістер туралы 1-қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді (тапсырады). Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1- қаңтарда есептер жасайды.

Жыл сайын бұл  есепке (есеп беруге) ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы (соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек  мәліметтер), олардың түрлері және  жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және заіды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі.

Тіркеу түріне байланысты бақылау күнделікті  (үздіксіз) және үздікті (үзілмелі) деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістерге мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі  түрде тіреледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады.

Үзілмелі бақылау барысындағы  өзгерістер белгілі азды көпті  ұзақ мерзімнен  кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді (бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі) және бір уақытта (қажеттілігіне қарай орындалады) болып бөлінеді.

Үзілмелі бақылауға  жерді бағалау жатады, оның мәліметтері  бес жылда бір рет анықталады, ал  бір уақыттағы көп жылдық көшеттердің сынағы, жерді түгендеу, топырақтық, геоботаникалық, мелоиративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар қажеттігіне қарай жүзеге асырылады.

Объектіні қамтуына қарай  бақылау жаппай және жаппай емес болып  бөлінеді.

Жаппай қамтуда объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған  жердің есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашыллықтарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау  көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады.

Жаппай емес қамтуда  объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді.

Соңғысы өз кезегінде  келесі үш түрге бөлінеді: ішінара, анкеталық, монографиялық бақылау.

Тексеруге ішінара жаппай емес бақылау барысында, зерттелетін  жиынтықтың бірлік бөлігі түседі (тартылады), бұл барыста алынған нәтижелер жиынтықтың барлығына қолдануы (жайылуы, таратылуы) мүмкін.

Сұрыптау жасалынатын  барлық шаруашылық басты жиынтықты, ал бағалау шкалаларын құру үшін пайдаланылатын шаруашылық ішінара бақылау барысында,  біріншіден бөлек бірліктерге сұрыптау қатаң, нақты жүргізілуі қажет, екіншіден, ішінара алныған бірліктер саны мүмкіндігінше көп болуы керек.

Зерттелетін құбылыстың түріне байланысты статистикада сұрыптаудың  келесі үш түрі белгілі: кездейсоқ, механикалық  және типтік. Кездейсоқ тәсілде тексерілетін бірліктер жеребе бойынша таңдап алынады. Механикалық тәсілде тексеру үшін керекті (қажетті) бірліктер барлық жиынтықтан белгілі жүйелікпен таңдап алынады, мысалы бір біріне берілген арақашықта және т.б. Типтік сұрыптаудың мәнісі мынадан тұрады, мұнда зерттелетін жиынтық алдын ала топтарға бөлінеді және олардығ ішінде  механикалық немесе кездейсақ тәсілмен тексерілген бірлікке керекті мөлшерде сұрыптау жүргізіледі.

Информация о работе Лекции по «Земельному праву»