Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 07:32, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар енгізді.
Білім жүйесінде кеңестік дәуірде қалыптасқан оқушыларды белгілі бір білімдер жиынтығымен қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде алынған білімді пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.

Файлы: 1 файл

12-жылдық білім беру концепциясы.docx

— 120.67 Кб (Скачать файл)

ӘОЖ  371.21:004 (574)                                 Қолжазба құқында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқатаев  Айдос Ағдарбекұлы

 

 

Қазақстан инновациялық мектептерінде  қосымша білім бағдарламалары негізінде  оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)

 

 

 

 

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика  және білім беру тарихы,

этнопедагогика

 

 

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты 

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған  диссертацияның

 

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2007

 

Жұмыс Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды Мемлекеттік  университетінің педагогика кафедрасында орындалды.

 

 

Ғылыми жетекшілер:    педагогика ғылымдарының докторы,

                                     профессор С.Т.Каргин

 

педагогика ғылымдарының кандидаты

С.Қ.Омаров

 

 

Ресми оппоненттер:   педагогика ғылымдарының докторы       Қ.Ж.Аганина

 

педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.О.Жылбаев

 

 

Жетекші ұйым:   І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті     

 

 

Диссертация 2007 ж. «_02__» қазан         сағат_10-00__Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, №1 кеңейтілген дәрісхана) педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

 

 

Диссертациямен  Қарағанды мемлекеттік университетінің  кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).

 

 

 

Автореферат 2007 ж. «__29__»      тамыз         таратылды.

 

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы         К.М.Арынғазин

 
Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар енгізді.

Білім жүйесінде  кеңестік дәуірде қалыптасқан оқушыларды белгілі бір білімдер жиынтығымен  қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде алынған білімді  пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.

Қазіргі уақытта  білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды  қажет етеді. Өйткені өмір сүріп  келген жүйе үнемі даму үстінде болып  отырған қоғамның сұраныстарына  жауап бере алмайды. Жалпы білім  беретін орта мектептің білім  беру мазмұны оқушылар мен ата-аналардың  сұраныстарын қанағаттандыра алмады. Оның үстіне білім деңгейлері арасындағы сабақтастық үзіліп, жалпы орта білім  беру мен жоғары білім жеке құрылымдар ретінде өмір сүрді, бұл жағдай өз кезегінде мектеп бітірушілерді  жоғары оқу орнында білім алу  үшін қосымша даярлау тәрізді  артық жүйенің ресми емес түрде  пайда болуына алып келді. Осындай  жағдайда кәсіби бағдарлау жұмыстары  өз мәнінде нәтижесін бере алмай  отыр. Міне, мұның бәрі мектеп бітірушілерде  өзінің болашағын жоспарлауда таңдауының бұлдырлығын тудырды.  Сондықтан  осы мәселеге мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім саласын  жүйелі реформалау, түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынды. Қалыптасқан  жағдайдан шығудың бір шешімі ретінде «Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» орта білімнің жоғары сатысында бейіндік оқытуды енгізу жоспарланған болатын. 2006-2007 оқу жылында еліміздің мектептерінің 10 сыныптары екі бағыт (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бойынша  оқытуды бейіндік саралауға кірісіп  те кетті. Осы процесс келесі оқу  жылынан енгізілетін 12 жылдық білім  беруге көшу барысында өзінің заңды  жалғасын таппақ.

Кейінгі жылдары  жүргізілген педагогикалық-психологиялық  зерттеулер біздің еліміздің білім  беру кеңістігіндегі оқыту жүйесінің тұлғаны дамытуда және үздіксіз процесс ретінде талапқа толық жауап бере алмағандығын көрсетіп отыр. Сондықтан әртүрлі деңгейде (республикалық, аймақтық) осы мәселенің шешімін іздестіру оқытудың ұйымдық түрлерінің баламалылығын дүниеге әкелді, яғни білім нарығында білім беру мекемелерінің жаңа түрлері қалыптасты. Білім мазмұны мен оны жүзеге асыру жолдарын әлемдік тәжірибені, педагогика ғылымының жаңалықтарын бейімдеу арқылы жетілдіруге бағыт алған мұндай оқу орындары «инновациялық мектептер» деген атауға ие болды.

Білім беру жүйесін реформалауда қалыптасып отырған  осындай жағдайда оқытуды бейіндік саралау, инновациялық процестер, инновациялық мектептер мәселелері, қосымша білім бағдарламаларын қалыптастыру, практикаға енгізу және басқа да олардың жекелеген аспектілері көкейкесті болып, отандық және шетелдік педагог ғалымдардың назарын өзіне аударып отыр.

Мәселен, педагогика тарихы тұрғысынан жалпы білім берудің  тарихи-педагогикалық негіздері  А.Н.Ильясова, Ә.И.Сембаев, Т.Т.Тәжібаев, Б.Бержанов, К.Қ.Құнантаева, Г.М.Храпченков, В.Г.Храпченков, т.б. еңбектерінде қарастырылады. Сол сияқты қазақстандық ғалымдар Ш.Ә.Әбдіраман, Б.Ә.Әбдікәрімов, Ғ.З.Әділгазинов, Е.З.Батталханов, З.А.Исаева, Ғ.М.Кертаева, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, М.С.Мәлібекова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.А.Сарбасова, Л.А.Шкутина, т.б. қоғам сұранысына сәйкес оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның тұлғалық өзегі – дүниетанымын қалыптастыру, оны қалыптастырушы – педагогтың ғылыми-әдістемелік даярлығын жетілдіру және педагогикалық процесті ұлттық реңкте құру мәселелеріне жан-жақты тоқталып өтеді.

Оқыту процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін, олардың  бейімдері мен қабілеттерін, қызығушылықтары  мен сұраныстарын есепке алу мәселесіне педагогика ғылымының классиктері  П.П.Блонскийдің, П.Ф.Каптеревтің, Я.А.Коменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Ы.Алтынсариннің, С.Т.Шацкийдің, т.б. еңбектерінде ерекше мән беріледі.

Кеңестік  ғалымдар А.А.Бударный, И.Г.Бутузов, Н.К.Гончаров, А.А.Кирсанов, Е.С.Рабунский, Н.М.Шахмаевтар оқытуды даралау мен саралаудың жалпы мәселелеріне байланысты зерттеулер жүргізген. Бұл орайда әсіресе И.Унттың еңбектері біз үшін құнды болып  табылады. Г.В.Дорофеев, А.А.Каверина, Ю.М.Колягин, Л.В.Кузнецова, В.М.Монахов, В.А.Орлов, С.Б.Суворова, М.В.Ткачева, Н.Е.Федорова, В.В.Фирсов, Д.А.Эпштейн, Ю.Д.Хацинская, С.И.Шварцбурд, т.б. жеке пәндер және факультатив сабақтар аясында  саралау мәселелеріне тоқталады. Оқытуды  бейіндік саралаудың шетелдік тәжірибесін  А.Н.Джуринский, Н.Е.Воробьев, Н.В.Иванова, А.К.Савина, т.б. өз зерттеулеріне өзек етіп алды. Бейіндік оқытуға көшу шеңберінде оны ұйымдастыру мәселелері Д.Ермаков, Л.Гаджиева, В.Гузеев, Г.Петрова еңбектеріне  арқау болды.

Сол сияқты қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазин, Б.А.Әлмұхамбетов, М.Жадрина, С.Т.Каргин, М.Ковжасарова, Д.М.Қазақбаева, И.Марченко, С.Д.Мұқанова, С.Қ.Омаров, К.А.Сарманова, Л.С.Сырымбетова, Н.Тен, т.б. саралаудың әр әр түрлі аспектілерін қарастырады.

Инновация, инновациялық процесс, инновациялық мектеп мәселелері де педагогика теориясы мен  практикасында өіндік орнын алған. Бұл мәселелер В.Ф.Взятышев, В.Кваша, А.И.Кочетов, Д.М.Перминова, М.М.Поташник, А.И.Пригожин, Л.И.Романкова, И.И.Цыркун, Н.Р.Юсуфбекова, В.Е.Шукшунов, т.б. зерттеулерінде әр қырынан зерттеледі. Сонымен қоса аталмыш мәселелер отандық ғалымдар Ш.Қ.Әмір, Ж.О.Жылбаев, С.Н.Лактионова, Ш.Т.Таубаева, А.В.Перминов, т.б. зерттеу объектісі  болып табылды. Қазақстандағы инновациялық мектептердің тарихы Т.Линчевская, Р.Масырова, И.Н.Шевченко еңбектерінде жан-жақты  сөз болған.

Инновациялық  мектептер оқушы тұлғасының дамуының бағыттылығын қамтамасыз ету мақсатында өздеріне нормативтік деңгейде берілген артықшылықтарды, кеңірек айтқанда қосымша білім бағдарламаларын пайдалана отырып бейіндік саралай оқытуды негізге алады, осы тұрғыда елімізде өткен 15 жыл мерзімде көлемді тәжірибе жинақталды. Бейіндік оқытуға көшу жағдайында біздің ойымызша, осы тәжірибені ғылыми-теориялық жағынан рәсімдеу, талдау оны одан әрі жетілдіруге, практика жүзінде одан әрі қолданылуының тиімділігін арттыруға мұрындық болады.

Дегенмен, отандық  педагогика тарихында инновациялық мектептерде бейіндік саралаудың қолданылуы, оның құралы ретінде қосымша білім  беру бағдарламаларының орны жеткілікті деңгейде зерттелмеген деп айтуға негіз  бар.

Сондықтан педагогика ғылымында инновациялық мектептердегі  бейіндік саралауда тәжірибенің  жинақталуы мен оның ғылыми-теориялық  тұрғыда талдану және бүгінгі күні өзекті болып отырған бейіндік оқытуды енгізуде оның позитивті және негативті тәжірибесін ескере отырып, жаңа талаптарға негіздеп, бейімдеп пайдалану қажеттігі арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған зерттеу жүргізу қажеттілігі туындады, міне, бұл біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасының мәнін анықтап, тақырыпты «Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)» деп алуға негіз болды.

Зерттеліп отырған  проблеманы инновациялық мектептердегі  қосымша білім бағдарламаларын  пайдалану тұрғысынан қарастыру  біріншіден, аталған мерзімде оқытуды бейіндік саралауды жүзеге асыру осы мектептерде толыққанды жүргізілуімен, екінші жағынан оның негізгі құралы – қосымша білім бағдарламалары болып табылуымен байланысты.

Зерттеудің  хронологиялық шеңберін таңдау нақ  осы мерзімде бейіндік саралау процесінің бір ізге түсуімен, жүйеленуімен және белсенді жүруімен түсіндіріледі. Оның үстіне 1992 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының қабылдануымен инновациялық мектептер берік құқықтық мәртебеге ие болды. Жекелеген жағдайларда қалыптасқан жағдайды тарихилық және жүйелік тұрғыдан талдау негізінде тұтас, толыққанды нәтижеге қол жеткізу мақсатында аталған уақыт шеңберінен шығуға мәжбүр боламыз.

Зерттеудің  объектісі – инновациялық мектептердегі бейіндік саралау процесі.

Зерттеудің  пәні – қосымша білім бағдарламалары негізінде жүргізілген республиканың инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау.

Зерттеудің  мақсаты – Қазақстан Республикасының инновациялық мектептеріндегі қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуын талдау, сипаттау және оның позитивті тәжірибесін практикада қолдану мүмкіндігін анықтау.

Зерттеудің болжамы – егер инновациялық мектептердегі оқытуды бейіндік саралаудың дамуын талдау оның алғышарттарын, осы процестің негізгі тенденцияларын анықтаса, онда қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы мектептерде бейіндік оқытуды енгізуде жинақталған оң тәжірибені қолдану мүмкіндігі артады, өйткені, оның позитивті және негативті жақтары ашылады және бұл оларды бүгінгі күн жағдайында пайдаланудың шарты болып табылады.

Зерттеудің  міндеттері:

  1. оқытуды бейіндік саралау мәселесінің генезисін ғылыми-теориялық талдау;
  2. Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың дамуының тарихи-, ғылыми-педагогикалық және құқықтық-нормативтік алғышарттарын айқындау;
  3. қазақстандық инновациялық мектептердегі қосымша білім бағдарламалары арқылы бейіндік саралаудың дамуын талдау, позитивті және негативті тәжірибесін бөліп көрсету;
  4. инновациялық мектептердегі қосымша білім бағдарламалары арқылы бейіндік саралаудың позитивті тәжірибесі негізінде бейіндік оқытуды іске асыру моделін жасау.

Зерттеудің  жетекші идеясы: инновациялық мектептерде қосымша білім беру бағдарламалары негізінде бейіндік саралаудың дамуын талдау жинақталған оң тәжірибені анықтауға, оның позитивті және негативті нәтижелерін бейіндік оқытуды іске асыруда ескеруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің  әдіснамалық негізін философия, педагогика ғылымындағы теориялық-әдіснамалық теориялар, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, философиялық ілімдер, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективтілік, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.

Зерттеудің әдістері:

  • жалпығылыми: логикалық, жүйелі-құрылымдық, нидуктивтік, дедуктивтік, т.б.;
  • тарихи: тарихи-салыстырмалы, тарихи-генетикалық, ретроспективалық, т.б.;
  • педагогикалық: теориялық және эмпирикалық (ғылыми-педагогикалық әдебиетті, архив материалдарын, мектеп құжаттарын зерттеу және талдау, педагогикалық мәліметтерді жүйелі және статистикалық талдау, т.б.).

Зерттеудің көздері:

  • заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар;
  • зерттеу тақырыбына байланысты ресми құжаттар (оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер);
  • зерттеу проблемасына қатысты ғалымдардың еңбектері, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары;
  • инновациялық мектептердегі бейіндік саралау бойынша жұмыс тәжірибесін көрсететін мектеп құжаттары.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2001-2003 жылдар) зерттеу процедурасы жасалып, проблеманың теориясы, тарихы мен қазіргі жағдайы қарастырылды; зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, жетекші идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды.

Екінші  кезеңде (2003-2006 жылдар) оқу-әдістемелік, статистикалық материалдарды жинақтау, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және қорытындылау жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды.

Үшінші  кезеңде (2006-2007 жылдар) материалдарды теориялық өңдеу, алынған мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді; қорытындыларды рәсімдеу аяқталды.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • оқытуды бейіндік саралау мәселесінің генезисі ғылыми-теориялық тұрғыда талданды;
  • Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың дамуының тарихи-, ғылыми-педагогикалық және құқықтық-нормативтік алғышарттары айқындалды;
  • инновациялық мектептердегі қосымша білім бағдарламалары арқылы бейіндік саралай оқыту мазмұнының даму тенденциялары мен ерекшеліктерін талдау барысында оқытуды бейіндік саралаудың кезеңдері анықталып, жіктемесі жасалды;
  • республиканың инновациялық мектептеріндегі қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың позитивті және негативті тәжірибесі анықталды;
  • Қазақстан инновациялық мектептеріндегі қосымша білім бағдарламалары арқылы оқытуды бейіндік саралау тәжірибесі негізінде бейіндік оқытуды іске асырудың моделі жасалды.

Информация о работе Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)