Зерттеу жұмысында
осы инновациялық мектептердің оқытуды
бейіндік саралаудағы тәжірибесі қарастырылды.
Осы кезеңде инновациялық мектептерде
оқытуды бейіндік саралаудың дамуының
бірнеше тенденциясын бөліп көрсетуге
болады. Біріншіден, аталмыш кезеңде элитарлық
білім түсінігі қалыптасып, қабілетті
және дарынды балаларға жоғары деңгейдегі
білім беру бағдарламалары арқылы тереңдетілген
білім беруге жаппай әрекет жасалды. Екіншіден,
білім, іскерлік, дағдылар қалыптастыруға
бағытталған білім беруден оқытуды саралау
арқылы құзырлылықтар қалыптастыруға
мән беріле бастады. Үшіншіден, оқу жоспарларының
вариативті бөлігі біртіндеп ұлғайып,
оқушылардың өз таңдауы бойынша білім
алуына мүмкіндік беріле бастады.
Сонымен, зерттеу
жұмысы барысында қол жеткен нәтижелер
төмендегідей қорытындылар жасауға
мүмкіндік берді:
- Оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздеріне педагогика теориясындағы саралап оқыту (И.Э.Унт, З.И.Калмыкова, А.А.Кирсанов, В.В.Фирсов, Ю.К.Бабанский), тұлға дамуындағы даралау (С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Ю.М.Орлов, И.Э.Унт), білім беру мазмұнын қалыптастыру (Б.С.Гершунский, В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин) концепциялары жатады.
- Оқытуды бейіндік саралаудың:
а) тарихи-педагогикалық
алғышарты – педагогика тарихы мен
шетелдік және отандық педагогика практикасындағы
оның тәжірибесі;
б) ғылыми-педагогикалық
алғышарты – оны білім алушылардың
сұраныстарына, қызығушылықтары мен
бейімдеріне байланысты оқыту процесінің
принциптеріне негіздеп жүргізу;
в) құқықтық-нормативтік
алғышарттары - осы кезеңде қабылданған
«Білім туралы» Заңдар (1992, 1999), оқу
жоспарлары (1990, базистік - 1994), білім
берудің жалпыға міндетті стандарты
(1998, 2002), ҚР гимназиялары мен лицейлерінің
жұмысын ұйымдастыру туралы Ережелер
(1996, 2000) болып табылады.
- Елімізде оқытуды бейіндік саралау осы уақытқа дейін инновациялық мектептердің өз жұмысын ұйымдастырудағы басты нысаны болып, табысты жүзеге асырылып келді.
- 1992-2005 жылдар арасында Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі оқытуды саралаудың дамуы үш кезеңде жүзеге асты.
- Қазақстандық инновациялық мектептер оқытуды бейіндік саралауды бір бейін немесе көп бейін құру арқылы жүзеге асырды, бейін бағыттылығы бойынша негізінен гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, экономикалық, құқықтық-заңдық, т.б. бейіндер басым болды. Еліміздегі гимназиялар мен лицейлерде бейіндер конкурстық жолмен балаларды таңдау немесе өзінің ішкі потенциалын тиімді дамыту арқылы құрылды, сонымен қоса бейіндерді қалыптастыруда олар дербестік танытты немесе ЖОО-ның базасына сүйенді.
- Республиканың инновациялық мектептері оқытуды бейіндік саралауды тиісті оқу жоспарларының вариативті бөлігін және өздеріне берілген құқықтық-нормативтік артықшылықтарды тиімді пайдалану арқылы жүргізді.
- Зерттеліп отырған кезеңде оқытуды бейіндік саралау негізінен қазіргі уақыттың негізгі мәселелерін оқыту, болашақ кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктеріне, танымдық, ұйымдық іс-әрекеттің дағдыларын жетілдіруге бағдарлау, базалық пәндік білімді толықтыру және тереңдету, тұтас дүниетанымның қалыптасуына әсер ететін пәнаралық интеграция функцияларын атқаратын және тәжірибе және ынтымақтастық негізіндегі оқыту, оқушылардың дара ерекшеліктері мен сұраныстарын, есепке алу, интерактивтілік, тұлғалық-іс-әрекеттік және субъект-субъектілік қатынас принциптеріне сүйене отырып жасалған қосымша білім бағдарламалары арқылы жүргізілді, инновациялық мектептерде осындай бағдарламалар базасы қалыптасты.
Зерттеу жұмысын
жүргізуде 1992 – 2005 жылдар арасында қазақстандық
инновациялық мектептердегі оқытуды
бейіндік саралаудың дамуын талдау оның
оң тәжірибесі қалыптасқандығын көрсетті.
Ол тәжірибе мектептің жоғары сатысында
жаппай бейіндік оқытуға көшу көкейкесті
мәселе болып отырған қазіргі
кезде құнды болып табылады. Соның
негізінде 1992 – 2005 жылдардағы еліміздің
инновациялық мектептерінде оқытуды
бейіндік саралаудың дамуын талдай келе
бірқатар ұсыныстар жасауға болады:
- қолға алынып отырған бейіндік оқытуды ұйымдастыру ашықтық
(бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығы), оқытуды ұйымдастырудың дара және топтық формаларын кіріктіру, озіндік даму және өзін-өзі іске асыру принциптеріне негізделуі керек;
- бейіндік оқытуды іске асыру барысында оқушыларда: а) өзіндік рефлексивтік іс-әрекет; ә) құрал-жабдықтарды (еңбек құралдарын, ойлау тәсілдерін) дұрыс қолдану; б) топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық; в) сын тұрғысынан ойлау; г) мәселелерді шеше білу іскерлігі сияқты негізгі құзырлылықтар қалыптастыруға назар аударылуы қажет;
- бейіндік оқытуды тиімді іске асыру үшін құқықтық-нормативтік негізін жасау, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының бейіндік оқыту Тұжырымдамасын, Азаматты бейіндік мектепке қабылдау Ережелерін, оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламаларын қарау және бекіту регламентін, бейіндік оқытуды жүзеге асырудың нақты іс-әрекет жоспарын даярлау және қабылдау міндетті;
- оқытуды бейіндік саралаудың жинақталған тәжірибесі жалпы білім беретін орта мектептердің жұмысында кеңінен қолданылуы қажет, оны насихаттау және соның негізінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру үшін БҒМ деңгейінде жеке «Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың ғылыми-практикалық орталығы» құрылуы тиіс, осы орталық жұмысы шеңберінде «Бейіндік оқытуды ұйымдастыру» сервері жасалуы, гимназиялар мен лицейлерде басқа мектептер үшін бейіндік оқытуды ұйымдастыруға байланысты тәжірибе алмасу семинарлары ұйымдастырылуы, инновациялық мектептерде сынақтан өткен, өзінің тиімділігін дәлелдеген оқу жоспарының вариативтік бөлігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша білім беру бағдарламаларының базасы жасалуы әрі ол база жоғарыда аталған серверде толық мәтінде орналастырылуы қажет;
- мамандар даярлау жүйесін бейіндік оқытуды ерекшеліктерін есепке ала отырып жаңа теориялық-әдіснамалық мазмұнмен қамтамасыз ету қажет, оны іске асыру үшін педагогикалық мамандар даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білім беру мазмұнына тиісті толықтырулар енгізілуі тиіс.
Қорыта айтқанда,
Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі
соңғы он бес жыл көлемінде
жинақталған оқытуды бейіндік саралау
тәжірибесі жан-жақты қарастырылып,
қолданылуы керек.
Біз өзіміздің
зерттеу жұмысымыздың барысында
осындай тәжірибенің жинақталғанын,
оны бейімдеп, жүре түзетіп пайдалану
мүмкіндігін қарастырдық. Зерттеу
барысында қол жеткен нәтижелер
оның мақсаты мен міндеттерінің
орындалғанын, сондықтан қойылған проблеманың
шешімін тапқанын көрсетеді. Дегенмен,
мәселені оның басқа аспектілері
тұрғысынан, мәселен, бейіндерді құру
технологиясын жасау, оқу жоспарының
вариативті бөлігін қамсыздандырудың
теориялық-әдіснамалық шарттары, бейіндік
оқытуды мониторингілеу, 12 жылдық жағдайында
бейіндік оқытуды іске асыру, т.б. жан-жақты,
толық зерттеу болашақтың ісі болып табылады.
Диссертациялық
зерттеу жұмысының негізгі мазмұны
төмендегі басылымдарда жарық көрді:
- Қазақстанда инновациялық мектептердің қалыптасуының кейбір шарттары //ХХІ ғасырдағы білім мен ғылымның өзекті мәселелері: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (19-20 қыркүйек 2002ж). - Қарағанды: ҚарМУ, 2002. - Б.347-349. (Ш.Қ.Әмірмен авторлық бірлестікте)
- Қазақ этнопедагогикасының негіздері. - Қарағанды: Санат, 2003. - 33 б. (Ш.Қ.Әмірмен авторлық бірлестікте)
- Инновациялық мектептер және олардың Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы //Шоқан тағылымы-11: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Көкшетау, 2006. - Б.187-189.
- Педагогика теориясындағы оқытуды бейіндік саралау мәселесі //Қарағанды университетінің хабаршысы: Педагогика сериясы. - 2006. - №2. - Б. 137-142. (С.Қ.Омаровпен, Б.Ә.Нұркеевамен авторлық бірлестікте)
- Педагогика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы. - Астана, 2006. (К.Т.Омарова, С.Қ.Омаров, С.В.Кузнецовалармен авторлық бірлестікте)
- Оқытуды бейіндік саралауға қоғамның сұранысы //Психолого-педагогическое образование на современном этапе: реалии и перспективы: Материалы Международной научно-практической конференции. - Актобе: Издательство Актюбинского государственного университета им. К. Жубанова, 2006. – С.109-111.
- Бейіндік оқыту Тұжырымдамасының жобасы //Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – Б. 72-76.
- Бейіндік оқытудың Тұжырымдамасын жасаудың кейбір мәселелері //Университет: әлемдік білім кеңістігі жолында: VI Халықаралық Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы. Екінші кітап. - Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2006. - Б.79-82.
- Оқытуды бейіндік саралауды жүзеге асырудың тарихи-педагогикалық тәжірибесі //Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы: Педагогика сериясы. - 2006. - №3. - Б.87-93. (С.Т.Каргинмен авторлық бірлестікте)
- Қазақстанда инновациялық мектептердің қалыптасуының құқықтық негіздері //І Педагогикалық оқулар: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Т.1. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2006. (С.Т.Каргинмен, Ш.Қ.Әмірмен авторлық бірлестікте)
- Қазақстанда инновациялық мектептер дамуының құқықтық-нормативтік шарттары // Ұлт тағылымы. - 2007. - №1. - Б.67-72. (С.Т.Каргин, Ш.Қ.Мусановамен авторлық бірлестікте)
- Бейіндік оқытуды іске асыру моделі // ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: Санат, 2007. - Б.103-107.
- Бейіндік оқытуды ұйымдастыру: Оқу құралы. – Қарағанды: Гласир баспасы, 2007. - 101 б.
- Қосымша білім бағдарламалары – оқытуды бейіндік саралау құралы //ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: Санат, 2007. - Б.129-134. (С.Т.Каргин, С.Қ.Омаровпен авторлық бірлестікте)
- Программа учебной психолого-педагогической практики для специальности 050120 – Профессиональное обучение. - Караганды, 2007. - 19 с. (в соавторстве с К.Т.Омаровой, С.Қ.Омаровым, П.З.Ишановым)
- Программа педагогической практики для специальности 050113 – Биология. - Караганды, 2007. - 19 с. (в соавторстве с К.Т.Омаровой, С.К.Омаровым, Ш.К.Мусановой)
- Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың тұжырымдық негіздері //Поиск – Ізденіс. - 2007. - №1. - Б.229-232.
- Қазақстан инновациялық мектептерінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы //ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: Санат, 2007. - Б.156-160.
- Пелагогика. Оқытудың несиелік жүйесіндегі сабақтар: Оқу құралы. - Қарағанды, 2007. - 222 б. (С.Қ.Омаров, Ж.Сарсекеевамен авторлық бірлестікте)
Резюме
Мухатаев Айдос Агдарбекович
Развитие профильной дифференциации
в инновационных школах Казахстана
на основе дополнительных образовательных
программ (1992-2005 гг.)
13.00.01 – Общая педагогика, история
педагогики и образования, этнопедагогика
Актуальность исследования. Последнее
десятилетие прошлого века ознаменовалось
изменениями в общественно-политической,
социально-экономической жизни Республики
Казахстан. Эти изменения касались и сферу
образования. Именно в этом периоде пересматривается
принцип вооружения обучающихся набором
знаний, умений и навыков, на первое место
выходит формирование компетентностей,
профильная дифференциация обучения для
полного учета индивидуальных особенностей,
способностей, интересов детей. В современных
условиях повсеместного функционирования
школ нового типа (гимназий, лицеев и др.)
проблема дифференциации еще более актуализируется.
Потому что в этих школах профильная дифференциация
занимает определенное место в плане определения
задач, структуры и кадрового обеспечения.
Чтобы создать реально и эффективно работающую
систему, надо обратить внимание к историческим
началам, к накопленному уже опыту отечественной
и зарубежной педагогики.
Объект исследования – процесс профильной дифференциации
обучения в инновационных школах.
Предмет исследования – профильная дифференциация обучения
в инновационных школах республики на
основе дополнительных образовательных
программ.
Цель исследования: анализировать, охарактеризовать развитие
профильной дифференциации обучения в
инновационных школ Казахстана на основе
дополнительных образовательных программ
и определить возможность использования
позитивного опыта в практике.
Научная новизна и теоретическая
значимость исследования:
- выявлены историко-, научно-педагогические и нормативно-правовые предпосылки развития профильной дифференциации в инновационных школах Казахстана;
- раскрыт генезис проблемы профильной дифференциации обучения на основе научно-теоретического анализа педагогической литературы;
- выявлены этапы, составлена классификация профильной дифференциации обучения в инновационных школах на основе дополнительных образовательных программ в ходе анализа тенденций развития и особенностей процесса;
- выделены позитивный и негативный опыты работ профильной дифференциации в инновационных школах Казахстана;
- разработана модель реализации профильного обучения на основе анализа опыта инновационных школ Казахстана по осуществлению профильной дифференциации, предусматривающая теоретико-методологическое, нормативно-правовое, организационно-педагогическое и научно-методическое обеспечение профильного обучения.
Практическая значимость исследования:
Результаты
диссертационного исследования использовались:
а) в совершенствовании научно-методической
подготовки администрации школ и
учителей, которые непосредственно
реализуют ПО (обучающий семинар
«Организация профильного обучения»,
учебное пособие «Организация профильного
обучения», сборник «Вариативные образовательные
программы для предпрофильной полготовки
и профильного обучения» для
составления учебных планов профильных
классов; учебная программа «Основы
казахской этнопедагогики» как
курс по выбору гуманитарной профили)
б) при подготовке будущих педагогов
(дополнения типовой учебной программе
по предмету «Общая педагогика» и
программе учебно-ознакомительной
практики, внедрен в учебный процесс вуза
спецкурс «Проблемы профильного обучения»,
выпущено учебное пособие «Педагогика.
Занятия по кредитной системе обучения»,
где отражены материалы по ороганизации
профильного обучения); в) в подготовке
теоретических и практических рекомендации
по реализации профильного обучения (разработанная
модель реализации профильного обучения
и алгоритм составления рабочих учебных
планов школы могут быть использованы
в практике школ при осушествлении перехода
к профильному обучению).
Достоверность результатов исследования
обеспечена соответствием методологии исследования поставленной
проблеме; полнотой рассмотрения на теоретическом
и практическом уровнях объекта исследования,
охватывающих его содержательные и процессуальные
характеристики; применением комплекса
методов, адекватных предмету исследованию;
анализом опыта работ инновационных школ
всех регионов Казахстана и практическим
опытом работы исследователя по направлению
исследования.
Перспективы
исследования заключаются в дальнейшей
разработке таких проблем, как создание
технологии формирования профилей, теоретико-методологические
основы обеспечения вариативной части
учебного плана профильной школы, мониторинг
профильного обучения и т.д.
Summary
Mukhataev Aidos Agdarbekovich
Developing profile differentiation of education in innovative schools
of Kazakhstan based on additional educational programs (1992-2005)
13.00.01 – General pedagogics, history of pedagogics and education,
ethnopedagogics
Actuality of research theme is that the last decade of the pervious century was marked by changes
in public-political, social-economical life of Republic of Kazakhstan.
These changes also touched educational sphere.
Exactly in this
period principle of pupil’s equipment forming of competence, profile
differentiation of education for complete account of children’s individual
peculiarities, abilities and interests cames to the first place.
In nowadays functioning
schools conditions of new type altogether (gymnasias, lyceums and others)
the problem of differentiation is becoming mare and mare actual. Because
in these schools profile differentiation tares define place in definite
tasks, structure and personnel equipment.