Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 07:32, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар енгізді.
Білім жүйесінде кеңестік дәуірде қалыптасқан оқушыларды белгілі бір білімдер жиынтығымен қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде алынған білімді пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу нәтижелері
бейіндік оқытуды жүзеге асыратын мектеп
әкімшілігі мен мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік
даярлығын жетілдіруде (мектептерде
«Бейіндік оқытуды
Ұсынылған «Бейіндік оқытуды іске асырудың моделі» жалпы орта білім беру жүйесіне бейіндік оқытуды енгізуде қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі зерттеу әдіснамасының қойылған проблемаға сәйкестігімен, зерттеу объектісінің, оның мазмұндық және процес-суалдық сипаттарының теориялық деңгейде жан-жақты қарастырылуымен, зерттеу объектісіне байланысты Қазақстанның әр аймағындағы инновациялық мектептердің жұмыс тәжірибелерінің талдануымен, оларды іс жүзінде қолдануға болатынымен және зерттеушінің осы бағыттағы практикалық жұмыс тәжірибесімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу
жұмысының теориялық қағидалары
мен нәтижелерін байқаудан
Диссертациялық зерттеу жұмысының көлемі мен құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер көрсеткішінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбы негізделіп, зерттеудің ғылыми аппараты сипатталған: мақсаты, объектісі, тақырыбы, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негізі, зерттеудің әдістері мен кезеңдері, оның ғылыми жаңалығын негіздеу, теориялық және тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, дәлелділігі, зерттеу жұмысының нәтижелерін байқаудан өткізу баяндалады.
«Инновациялық мектеп жағдайында қосымша білім бағдарламалары арқылы оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда педагогика теориясы мен практикасындағы оқытуды бейіндік саралау генезисі, бейіндік саралау жүзеге асырылып отырған инновациялық мектептердің қалыптасуы мен дамуының алғышарттары және оқытуды бейіндік саралауды іске асырудың негізгі құралы ретіндегі қосымша білім бағдарламаларының орны сөз болады.
«1992 – 2005 жж. аралығында Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың мазмұны» атты екінші тарауда жалпы білім беру мазмұны және оны инновациялық мектептерде қосымша білім бағдарламалары арқылы саралаудың құқықтық-нормативтік шарттары, Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралауды қосымша білім бағдарламалары негізінде іске асырудың барысы және Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау тәжірибесін бейіндік оқытуға көшу жағдайында пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.
Қорытындысында жалпы тұжырымдар жасалып, ғылыми негізделген ұсыныстар және бұл өзекті мәселенің болашақта зерттелу мүмкіндігі анықталған.
Негізгі бөлім
Бүгінгі күні біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру саласының даму жолын қайтадан, жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыру міндеті тұр. Ғылыми-педагогикалық еңбектерде білім туралы сөз болғанда оқушылардың сұраныстарын, қызығушылықтарын ескеру, оқыту процесін әр бейінде, оқу материалын игердің түрлі топтарына негіздеп құру мәселелері көтеріледі. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр. Олар оқытуды саралаудың түрлі тұжырымдамаларында көрсетілген.
Қазіргі педагогика теориясы мен практикасында саралауға қатысты «саралай оқыту» «саралық тұрғыдан келу», «бейіндік саралау», т.б. ұғымдар кең тараған. «Саралау» сөзі латынша «differentia» - ерекшелеу, айырмашылық сөзінен шыққан, тұтасты бөліктерге, формаларға, сатыларға жіктеу, мүшелеу, айыруды білдіреді, олай болса саралау міндетін оқушыларды оқыту процесінде оқытудың басты мақсатына жету және әр оқушының ерекшеліктерін есепке алу болып табылатын әрекет ретінде түсіну керек.
«Саралай оқыту» ұғымына ғалымдар түрлі мағынада анықтамалар бергенмен, барлығының ортақ идеясы осыған саяды.
Оқытуды саралауды педагог ғалымдар негізінен деңгейлік және бейіндік деп екіге бөліп қарастырады. Оқытуды бейіндік саралау оқушылардың әр түрлі топтарының материалдың мазмұны, көлемі, қарастырылатын мәселелері ерекшеленетін бағдарламалармен оқытылуын, сол сияқты оқытудың кәсіби бағдарлануын меңзейді. Бейіндік оқытудың бір түрі – оқушылардың пән бойынша білімінің деңгейін көтеретін, сол арқылы жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін пәндерді тереңдетіп оқыту. Бейіндік саралау мектептің жоғарғы сатысындағы фуркацияның демократиялық және кең формасы болып табылады.
Оқытуды бейіндік саралаудың генезисін ғылыми-теориялық талдау қай уақытта да оның педагогика ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болғанына көз жеткізді.
Сонымен, оқытуды бейіндік саралаудың теориялық негіздері болып педагогика теориясындағы саралап оқыту (И.Э.Унт, З.И.Калмыкова, А.А.Кирсанов, В.В.Фирсов, Ю.К.Бабанский, С.Д.Муканова, т.б.), тұлға дамуындағы даралау (С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Ю.М.Орлов, И.Э.Унт, т.б.), білім беру мазмұнын қалыптастыру (Б.С.Гершунский, В.В.Краевский, В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, М.Ж.Жадрина, Қ.Ж.Аганина, т.б.) концепциялары табылады.
Қазақстан мектептерінде
оқытуды бейіндік саралау негізінен
инновациялық мектептерде жүзеге асырылып
келді. Елімізде оқытуды бейіндік саралаудың
жүргізілу барысын толық түсіну
үшін мектептердің осы типтерінің ерекшеліктерін,
олардың жұмысының ғылыми-
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан бастап кеңестік білім жүйесінде мектептердің жаңа типтері пайда бола бастайды. Олар жалпы «жаңа типті мектептер», «инновациялық мектептер» деген атқа ие болды. Осындай мектептердің ең басты ерекшелігі – өз жұмыстарында жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлға даярлау мақсатында педагогикалық инновацияларды кеңінен қолдану болғандықтан оларды «инновациялық» деп атауға толық негіз бар деп есептейміз. Себебі, ол мектептердің статусының өзі үнемі ізденіске, педагогикалық процесті жоғары деңгейде ұйымдастыруға итермелейді. Сонда «инновациялық мектеп» - үнемі ізденісте болатын, жаңа енгізулерді батыл және тиімді пайдаланатын, оқу-тәрбие процесінде ерекшелігі бар мектеп болып табылады. Сонымен, мектептің инновациялылығы деңгейінің онда жүретін процестердің инновациялылығымен анықталатынына, бұл инновациялық процестердің өзіндік құрылымы, заңдары мен принциптері болатынына көзіміз жетті. Мұндай сипаттамаға мектептердің салыстырмалы түрде жаңа типтері – гимназиялар мен лицейлер сәйкес келеді. Біз өз жұмысымызда «инновациялық мектептер» ұғымы аясында осындай мектептерді қарастыратын боламыз. Қалыптасқан анықтамаларға сәйкес гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны болса, лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін оқу орны болып табылады.
Инновациялық
мектептердің басты артықшылықтарының
бірі – оның оқу жоспарының оқушылардың
қабілеттері мен бейімдеріне, сұраныстары
мен қызығушылықтарына қарай
сараланған білім беруге жан-жақты
мүмкіндік беруінде. Міне, осы артықшылық
негізінде еліміздің
2002 жылы бекітілген
Қазақстан Республикасы жалпы
орта білім берудің
Қазақстан мектептері
1990-2005 жылдар арасында оқу процесін
бірнеше оқу жоспарлары және білім
берудің мемлекеттік
Өзгеріске түскен
оқу жоспарлары инновациялық мектептердің
өздерінің мақсат-міндеттеріне сай
білім мазмұнын іріктеуге және жүзеге
асыруға мүмкіндік берді. Сөзімізді
дәлелдей түсу үшін әр жылдардағы жоғары
сатының оқу жоспарларының
Сурет 1 – Жоғары сатының оқу жоспарлары бөліктерінің арақатынасы
Қазақстан гимназиялары
мен лицейлеріне оқытуды
Мәселен, мұндай Ережелер 1996 жылы жасалды, олар 2000 жылы толықтырылып, қайтадан жасалып шықты.
Сөз болып
отырған Ережелерде Қазақстан лицейлері
мен гимназияларында қосымша
білім бағдарламаларын іске асыру
үшін берілетін артықшылықтар туралы
айтылады. Мәселен, гимназия және лицей
оқушыларының қалауы бойынша қосымша
курстар мен факультатив
Еліміздегі
инновациялық мектептер өз қызметін
Қазақстан Республикасының «