Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 07:32, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар енгізді.
Білім жүйесінде кеңестік дәуірде қалыптасқан оқушыларды белгілі бір білімдер жиынтығымен қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде алынған білімді пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.
Зерттеу жұмысы
қамтып отырған уақыт аралығында
республика бойынша қалыптасқан
жағдайды объективті бағалап, бейіндік
саралаудағы жалпы
Қазақстанның инновациялық мектептерінде, оның ішінде гимназиялары мен лицейлерінде жүргізілген оқытуды бейіндік саралау барысын талдау мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: инновациялық мектептер өз жұмыстарын Қазақстан Республикасы Білім министрлігі (кейіннен Білім және ғылым министрлігі) бекіткен оқу жоспарлары негізінде жүргізді. Білімнің базалық деңгейі бәріне ортақ болып, оқытуды саралау қосымша білім беру бағдарламаларын осы жоспарлардың вариативті бөлігіне енгізу арқылы іске асырылды.
Инновациялық мектептер оқытуды бейіндік саралауды жүзеге асыруда саралай білім беру; оқытудың саралаудың дамытушылық сипаты; саралаудың іс-әрекеттік сипаты; вариативтілік; білім беру процесінің қоршаған ортамен қатынасы; даралау принциптерге сүйенді.
Оқытуды саралау
барысында оқушылардың
Оқу жоспарының вариативті бөлігінің уақыт өте келе ұлғаюы қосымша білім бағдарламалары арқылы бейіндердің мазмұнын толық ашуға мүмкіндік берді. Яғни, қазақстандық инновациялық мектептерде оқытуды бейіндік саралаудың негізгі құралдары – оқу жоспары және қосымша білім бағдарламалары болып табылатыны анық.
1992 – 2005 жылдардағы
Қазақстан гимназиялары мен
Кесте 1 – Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың жіктемесі
№ |
Жіктеу негізі |
Бейіндеу түрлері |
1 |
Бейін саны бойынша |
Бір бейінді және көпбейінді |
2 |
Бейін бағыттылығы бойынша |
Гуманитарлық; Жаратылыстану-математикалық; Экономикалық; Құқықтық-заңдық, т.б. |
3 |
Бейіндерді қалыптастыру бойынша |
Конкурстық негізде; Оқушылардың дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде конкурссыз |
4 |
Білім жүйелеріне кіріктірілуі бойынша |
Дербес; Сәйкес ЖОО базасында құрылған |
Жоғарыда айтылғандардың негізінде 1992 – 2005 жылдары Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралау өз дамуында негізгі үш кезеңнен өткені байқалды (кесте 2):
Кесте 2 – Қазақстанның инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың даму кезеңдері
Кезеңдер |
Уақыты |
Сипаты |
1 |
1990 – 1993 жылдар |
Бейіндер бойынша оқытудың негізі
салынуы. Саралап оқытудың құқықтық
алғышарттары жасалуы. Шетелдік тәжірибе
бойынша қосымша білім |
2 |
1994 – 2002 жылдар |
Бейіндер мазмұнының нақтылануы. Қосымша
білім бағдарлама-ларын |
3 |
2002 – 2005 жылдар |
Білім берудің жалпыға міндетті стандарты негізінде мектептің жоғары сатысында бейіндік оқытудың енгізілуі. Қосымша білім бағдарламаларын жасау. Оқытуды бейіндік саралау негізінде білім беру мекемелерінің және олардың оқушылары мен түлектерінің түрлі моделдерінің жасалуы |
Зерттеу жұмысы барысында алынған нәтижелер негізінде 1992-2005 жылдар арасында Қазақстанның инновациялық мектептерінде жинақталған оқытуды бейіндік саралау тәжірибесінің позитивті және негативті тұстары анықталды (кесте 3).
Кесте 3 – Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың позитивті және негативті тәжірибесі
Позитивті |
Негативті |
Инновациялық мектептерде |
Қосымша білім бағдарламаларын көптеп енгізу оқушы денсаулығына шамадан тыс күш түсіруге әкеліп соқтыруы |
Қалыптасқан құқықтық-нормативтік база негізінде инновациялық мектептерге білім мазмұнын іріктеуге академиялық еркіндіктің берілуі |
Оқытуды бейіндік саралауды өз мәнінде жүргізу үшін қосымша білім беру бағдарламаларын таңдауда жергілікті білім беруді басқару органдарының араласуының жиі орын алуы |
Әр түрлі бейін бағыттары |
|
Бейін мазмұнын ашатын қосымша білім беру бағдарламаларының жасалуы |
Алғашқы кезеңде қосымша білім бағдарламалары жергілікті жағдайға бейімделмей, тікелей көшірілгендіктен, ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы |
Қосымша білім беру бағдарламаларын жүргізуге байланысты тәжірибе жинақталуы |
Бейіндерді құрудың нақты |
Оқытуды бейіндік саралаудың негізі – тұлғаға бағдарланған оқытуға ерекше көңіл бөлінуі |
Инновациялық мектептердегі |
Оқытуды бейіндік саралаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасауға әрекет жасалуы |
Оқытуды бейіндік саралау нәтижелерінің мониторингісінің жүргізілмеуі |
Оқытуды бейіндік саралау негізінде білім беру мекемелерінің және олардың оқушылары мен түлектерінің түрлі моделдерінің жасалуы |
Аталған уақыт аралығында инновациялық мектептердің оқушыларына оқылатын бағдарламалар көлемінің ұлғаюына байланысты денсаулықтарына шамадан көп күш түскен. Сол сияқты бейіндерді құруда мектеп әкімшілігінің көп жағдайда өз интуициясына сүйенуі оның нақты бір технологияларының болмағандығын көрсетеді. Қосымша білім беру бағдарламаларын жасауда ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің әр уақытта есепке алына бермегені (әсіресе, оқытуды бейіндік саралаудың алғашқы кезеңінде), оларды оқу жоспарына енгізуде жергілікті білім беру саласын басқару органдары араласып отырды.
Дегенмен, инновациялық
мектептердің оқытуды бейіндік саралау
бойынша жинақталған
Бейіндік оқыту тұлғалық-бағдарланған оқу процесін іске асыруға бағытталады. Оның негізгі мақсаты – қабілетіне, дара ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына байланысты оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай жасау болып табылады. Бейіндік оқытуды іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады:
Бірінші позиция бойынша бейіндік оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйену қажеттігі туады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бүгінгі күні педагогика теориясында бейіндік оқытудың, оқытуды саралаудың бірнеше концепциясы қалыптасқан.
Екінші позиция бойынша бейіндік оқытуды құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз ету үшін бірқатар құжаттарды қайта қарау, қабылдау, толықтырулар енгізу қажет.
Үшінші және төртінші позицияларда ұйымдық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету көзделеді.
Бірінші және екінші позицияларды іске асыру жалпы салалық деңгейде жүргізілсе, үшінші, төртінші позициялар мектепішілік деңгейде қарастырылады, дегенмен, бұл жерде де мемлекеттік деңгейде мән берілетін тұстар бар (мұғалімдердің әдістемелік даярлығын жетілдіру тәрізді).
Аталған міндеттерді өз мәнінде шешу нәтижесінде бейіндік оқытуды іске асыру тиімді жүргізіледі.
Сурет 2 – Бейіндік оқытуды іске асырудың моделі
Жалпы білімнің үшінші сатысында 2006-2007 оқу жылынан бастап 2002 жылы қабылданған стандарт негізінде әзірленген базистік оқу жоспары енгізілуіне байланысты орта білім беретін әр оқу мекемесі өзінің жұмыстық оқу жоспарын соған негіздеп құрады. Ол жоспардың алдыңғыларынан ерекшелігі – жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуды ұйымдастыруда.
Базистік оқу жоспары және соған сәйкес әзірленген типтік оқу жоспары 10-11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды көздейді. Яғни, оқу жоспарлары осы бағыттарға байланысты құрылуы қажет. Бұл оқу жоспарларының өзіндік ерекшелігі – оның вариативті бөлігі аясында бейіндік пәндерге жеке орын берілуі.
Бейіндік білім беру мекемесінің оқу жоспарын жасау барысында есте ұстайтын қағидаттар бар. Оның алгоритмі төменде көрсетілген (сурет 3).
Оқушының бейімі
Оқушының қабілеті
Оқушының және ата-анасының, қоғамның сұранысы
Мектеп мүмкіндігі
Бейінге сәйкес
Жалпы дамуды қамтамасыз ету
Білім бағдарламалары
Сыныптың оқу жоспары
1-ші оқушының жеке жоспары
Мектептің жұмыстық оқу жоспары
Баламалылығы
2-ші оқушының жеке жоспары
3-ші оқушының жеке жоспары
N-ші оқушының жеке жоспары
Сурет 3 – Бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмі
Жоғарыда көрсетілген бейіндік оқытудың оқу жоспарын құрудың алгоритмінің әр кезеңіне тоқталып өтейік:
1-кезең –
мектеп бейінін анықтау. Оны
анықтау оқушылардың
2-кезеңде
мектеп тиісті бейіннің
Үшінші кезеңде әр оқушы ұсынылған бағдарламалар ішінен өзінің сұранысына жауап беретіндерін таңдап, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Одан кейінгі кезеңде оқушылардың жеке жұмыс жоспарлары сыныптар бойынша оқу жоспарларына біріктіріледі. Тиісінше сыныптардың оқу жоспарынан мектептің жұмыстық оқу жоспары құралады. Осылай еткенде ғана әр оқушының жеке даму траекториясы қамтамасыз етіледі.
Қорыта айтқанда, 1992 – 2005 жылдар арасында Қазақстанның инновациялық мектептерінде оқытуды бейіндік саралау бойынша бірқатар тәжірибе жинақталғандығын көрдік. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оның нәтижелерін практикада қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Бұл жұмыстар үш бағытта жүргізілді:
Бірінші бағыт бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды:
а) мектептерде «Бейіндік оқытуды ұйымдастыру» атты оқыту семинары жүргізілді (мектеп әкімшілігі мен мұғалімдеріне арналған) (Қосымша А);
ә) «Бейіндік оқытуды ұйымдастыру» оқу құралы дайындалып, жарыққа шығарылды;
б) «Бейіналды даярлыққа және бейіндік оқытуға арналған вариативті білім беру бағдарламалары» жинағы шығарылды;
Екінші бағыт бойынша мынадай жұмыстар атқарылды:
а) «Жалпы педагогика» пәнінің типтік оқу бағдарламасының «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі» тақырыбына толықтырулар енгізілді;
ә) Педагогика
мамандықтары студенттерінің педагогикалық
практикасын ұйымдастыру
б) «Педагогика.
Оқытудың несиелік жүйесіндегі сабақтар»
оқу құралы жарыққа шығарылып (п.ғ.к.
С.Қ.Омаровпен, п.ғ.к. Ж.Е.Сарсекеевамен
авторлық бірлестікте), онда бейіндік
оқытуды ұйымдастыруға
Аталған шаралар
жалпы білім беретін
Үшінші бағыт бойынша «Бейіндік оқытуды іске асырудың моделі» және «Бейіндік мектептің оқу жоспарын құру алгоритмі», әр бейінге арналған жұмыстық оқу жоспарларының үлгілері жасалды, диссертациялық зерттеу жұмысы барысында жасалған ұсыныстар аталған сала мамандарына эксперттік бағалауға ұсынылып, оң бағаға ие болды, яғни, олардың болашақта жүзеге асырылу мүмкіндігі зор болып табылатыны дау тудырмайды.