Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 08:14, курсовая работа

Описание работы

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Азаматтық құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ.......................................................................4
1.1 Заңды тұлғалар түрлері..............................................................................4
1.2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі. .............................................................................15

2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ....17
2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату...........................................17

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................20

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................21

Файлы: 1 файл

Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері.doc

— 186.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Пәні:

 

Тақырыбы: Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

               

                                                                                  Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

 

1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ.......................................................................4

1.1 Заңды  тұлғалар  түрлері..............................................................................4

1.2 Заңды  тұлғалардың  құқық  қабілеттілігі  мен                         

              әрекет қабілеттілігі. .............................................................................15

 

2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ....17

2.1 Заңды  тұлғаларды  қайта  құру  және  тарату...........................................17

 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................20

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында  оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе  жедел  басқару  құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз  міндеттемелері  бойынша  жауап  беретін, өз  атынан  мүліктік  және  мүліктік  емес жеке  құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды  жүзеге  асыра  алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп  танылады.Азаматтық құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның  ішінде  әсіресе  мемлекеттік  заңды  тұлғалардың  маңызы, яғни  құқықтық  жағдайы  жөнінде  бірнеше ілім бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай  қоғамдық  қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі  оның  орны  қандай  және  заңды  тұлғаның  мән - мағынасы  неде деген  сауалдарға  байланысты  әртүрлі  пікір  білдіреді. Азаматтық  құқық  теориясына  көп  еңбек  еткен  көрнекті  ғалым  профессор С.И. Аскназий « мемлекеттік ілімнің » авторы.Ол былай деп  айтқан: мемлекеттік  заңды  тұлғаның  артында  мемлекеттің  өзі  тұрады  да, шаруашылық  қызметінің  нақты  саласында  тізгінді  өзі  ұстайды .“Әдебиетте  бұл  теорияны  көп  сынайтындар  оған  егер  олай  болса  мемлекет  өзімен - өзі құқықтық  қатынаста  болуы  керек  қой ”деген  уәж  айтады.

Академик  А.В.  Венедиктов  “ұжым  ілімін”алға  тартты.Бұл  ғалымның  айтуы  бойынша  мемлекеттік  заңды  тұлғаның  артында  екі  ұжым  тұрады  делінген: а)  мемлекет  атынан  барлық халық; ә)аталған  заңды  тұлғаның  жұмысшылары  мен  қызметкерлерінің  ұжымы.

Ал  ғалым  Д.М. Генкин  “әлеуметтік  ақиқат” теориясын  ұсынады, яғни  онда  ол  қоғамдағы  тауар  айналымы  қатынастарының  тарихи – экономикалық  заңдылығын  басшылыққа  ала  отырып, заңды  тұлғаның  азаматтық  құқықпен  жанама  түрде  қажеттілікке  орай  реттелетінін  айтады.Профессор  Ю.К. Толстой  “директор  ілімін”алға  тартты,  оның  пікірінше, мемлекеттік  заңды  тұлғаның   еркін  білдіруші – директоры  болып  табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А. Красавчиковтың “әлеуметтік  байланыстар  ілімі ” А.А. Пушкиннің “ ұйымдастыру  ілімі ” Е.А. Сухановтың  “мақсатты  мүлік ” тәрізді  ғылыми  тұжырымдары  да  айтарлықтай  кең  тараған.Сөйтіп,  заңды  тұлғаға  “ адамдардың  қатысы  ” жөнінде  әртүрлі  пікірлер  айтылған  және  де  бұл  орайда  авторлар  түрлі  белгілерге  жүгінеді.Оның  бірінде  бұл  адамдар  заңды  тұлға  мүддесі  үшін  әрекет  етеді, екіншісінде  адамдардың  әрекеті  осы  институтпен  (саламен) реттеледі, үшіншісінде  адамдардың  әрекеті  заңды  тұлғаның  әрекетінен  көрінеді, ал  кейде  құқықтарды  жүзеге  асыруда, мәмілелерді  жасауда  оның  еркі  танылады. Бұл  тақырыпты таңдауымның  себебі: ауқымдылық  жағынан  күрделі, маңыздылығы, қоғамда  алатын  орны, заңды  тұлғаларды  құрудағы  мақсат  және  басқада  қарым – қатынастармен  өзара  байланысы  қызықтырды. Мақсаты – бірігіп коммерциялық  ұйым  құрған  заңды  тұлғалардың  тиімділігі, әрқайсысының  үлесінің  реттелуі.

1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҰҒЫМЫ

1.1  Заңды тұлғалар түрлері.

 

 

Құқықтар мен   міндеттердің  иесі  бола  білу, азаматтық  айналымда  құқықтың  дербес  субъектісі  ретінде  қатысу, біз  жоғарыда  айтқанымыздай, жеке  тұлғаға  ғана  емес,  заңды  тұлғаларға  да  тән. Азаматтық  кодекстің  33 – бабында  оған  мынадай  тұжырым  берілген:

“Меншік, шаруашылық  жүргізу  немесе  жедел  басқару  құқығындағы  оқшау  мүлкі  бар  және  сол  мүлікпен  өз  міндеттемелері  бойынша  жауап    беретін, өз  атынан  мүліктік  және  мүліктік  емес  жеке  құқықтар  мен  міндеттерге  ие  болып, оларды  жүзеге  асыра  алатын, сотта  талапкер  және  жауапкер  бола  алатын  ұйым  заңды  тұлға  деп  танылады. Заңды  тұлғаның  дербес  балансы  немесе  сметасы  болуға  тиіс. Заңды  тұлғаның  өз  атауы  жазылған  мөрі  болады.

 Азаматтық  құқық  ғылымы  заңды  тұлғаны  мынадай  белгілері  бойынша  айқындайды: 1) ұйымдасқандық  бірлігі;  2) мүліктік  оқшаулығы;  3) дербес  мүліктік  жауапкершілігі;  4) азаматтық  айналымға  өз  атынан  қатынасуы.

 Әрбір  заңды  тұлғаның  ұйымдасқан  бірлігі  оның  өзіне  тән  қасиеті  болғандықтан  заңның  өзі  ұйымдарды  бөліп  қарайды.Ұйымдасқан  бірлігі  заңды  тұлғаның  ішкі  құрылымынан  көрінеді, сол  арқылы  қызмет  аясы  айқындалады.Заңды  тұлғалар  өз  қызметтерін, егер  заң  құжаттарында  өзгеше  көзделмесе, жарғы  не  құрылтай  шарты  арқылы, не  тек  құрылтай  шарты  негізінде  жүзеге  асырады.

  Сонымен  қатар, заңды  тұлғалар   заң  құжаттарына, сондай – ақ   құрылтай  құжаттарына  сәйкес   жұмыс  істейтін  өз  органдары  арқылы  азаматтық  құқықтарға  ие  болып, өзіне  тиесілі  міндеттерді  алады. Заңды  тұлға  органдарының  түрлері, тағайындалу  немесе  сайлану  тәртібі  және  олардың  өкілеттігі  заңдар  мен   құрылтай  құжаттарында  белгіленеді.

  Мүліктік  оқшаулық  - заңды  тұлғаның  экономикалық – құқықтық  белгісі  болып  табылады  және  оның  мүлікке  заттық  құқығын  иеленуін  білдіреді.Бұл  арада  әңгіме  оның  меншік  құқығы, шаруашылықты  жүргізу  немесе  оралымды  басқару  құқығы  туралы  болып  отыр. Коммерциялық  ұйымдағы  дербес  балансының  мөлшері  мен  мекемедегі  смета  заңды  тұлғаның  оқшаулық  мүлкін  айқындайтын  құжаттар.

  Дербес  мүліктік  жауапкершілік  дегеніміз – ол  заңды  тұлғаның  міндеттемелері  бойынша  өздеріне  тиесілі  барлық  мүлікпен  жауап  беруі. Бұл  жалпы  ереже. Ал, меншік  иесі  қаржыландыратын  мекеме  мен  қазыналық  кәсіпорындар  Азаматтық   кодекстің  44 – бабының  1 – тармағы  2 – бөлігіне  сәйкес  өз  міндеттемесі   бойынша  өз  билігіндегі  ақшалай  қаражатпен  жауап  береді. Қаражат  жеткіліксіз  болған  жағдайда  мекеме  мен  қазыналық  кәсіпорынның  міндеттемелері  бойынша  (қосымша)  оның  құрылтайшысы  жауапты  болады.1

 Заңды  тұлғалардың  дербес  мүліктік  жауапкершілігі  заң  актілерімен  тағайындалуы  мүмкін.

 Бұл  азаматтық  кодексте  былайша  қаралған: 1) толық  және  сенім  серіктестіктеріне  қатысушылардың  тиісті  серіктестіктердің  міндеттемелері  бойынша  жауапкершілігі  (АК – тің  63 – бабының  1 – тармағы, 72 – бабының  1 – тармағы );  2)  кооператив  міндеттемелері  бойынша  өндірістік  кооператив  мүшелерінің  жауапкершілігі  (АК – тің  96 – бабының  3 – тармағы );  3) егер  заңды  тұлғаның  банкрот  болуын  құрылтайшының  әрекеті  туғызған  болса, заңды  тұлғаның  міндеттемелері  бойынша  құрылтайшының  жауапкершілігі  (АК – тің  44 – бабының  3 – тармағы ); 4)  еншілес  шаруашылық  мәмілесі  бойынша  негізгі  ұйымның  (АК – тің  94 – бабының  2 – тармағының  2 – ші  бөлігі ), сондай – ақ  негізгі  шаруашылық  мәмілесі  бойынша  негізгі  шаруашылық  серіктестігінің  кінәсінен  еншілес  шаруашылық  серіктестігі  банкротқа  ұшыраған  кезіндегі  жауапкершілігі  (АК – тің  94 – бабының  2 – бөлігінің  3 – тармағы );  5)серіктестік  міндеттемелері  бойынша  толықтай  салым  төлемеген  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестікке  қатысушының  жауапкершілігі  (АК – тің  77 – бабының  1 – тармағының  2 – бөлігі)  және  тағы  басқа  жағдайлардағы   жауапкершілік.

 Заңды  тұлғаның  азаматтық  айналымға  өз  атынан  қатынасуы  процессуалдық – құқықтық  белгісі. Ол  оның  сотта  талапкер  және  жауапкер  болуына, өз  атынан  шарт  жасасуға, бір  жақты  мәміле  жасауына  мүмкіндік  береді.

  Азаматтық  кодекс  заңды  тұлғаларды  төмендегідей  түрлерге  бөледі: коммерциялық  және  коммерциялық  емес.

 Коммерциялық  заңды  тұлғаны  пайда  табуды  көздейтін  ұйым  десек  қателеспейміз. Кіріс  түсіру  мақсаты  болып  табылмайтын  және  алынған  таза  кірісті  қатысушылар  арасында  бөлмейтін  заңды  тұлға  коммерциялық  емес  ұйым  деп  танылады.“ Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы ”  Қазақстан  Республикасы  заңының  2 – бабы.

 Осындай  саралау  заңды  тұлғалар  түрінің  әрқайсысын  ерекше  құқықтық  тәртіпке  бағындырады. Азаматтық  кодекстің  34 – бабының  2 – тармағына  сәйкес  коммерциялық  ұйым  болып  табылатын  заңды  тұлға  мемлекеттік  кәсіпорын, шаруашылық  серіктестік, акционерлік  қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында  құрыла  алады.

 Коммерциялық  емес  ұйым – заңды  тұлға  ретінде  мекеме, қоғамдық  бірлестік,  акционерлік  қоғам, тұтыну  кооперативі, қор, діни  бірлестік  қауымдастық  (одақ)  нысанындағы  заңды  тұлғалардың  бірлестігі  нысанында  және  заң  құжаттарында  көзделген  өзге  де  нысанда  құрылуы  мүмкін. Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы  заң  бойынша: 1)коммерциялық  емес  ұйым  өзінің  жарғылық  мақсаттарына  сәйкес  келетіндей  ғана  кәсіпкерлік  қызметпен  айналыса  алады;  2) жекелеген  ұйымдық  құқықтық  нысанындағы  коммерциялық  емес  ұйымдардың  кәсіпкерлік  қызметіне  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  шектеулер  қойылуы  мүмкін; 3) коммерциялық  емес  ұйым  кәсіпкерлік  қызметі  бойынша  кірістер  мен  шығыстардың  есебін  жүргізеді; 4) коммерциялық  емес  ұйымдардың  кәсіпкерлік  қызметіне  салық  салу  Қазақстан  Республикасының  салық  заңдарына  сәйкес  жүзеге  асырылады; 5) коммерциялық емес  ұйымдардың  кәсіпкерлік  қызметінен  алынатын  кірістерді  коммерциялық  емес  ұйымдардың  мүшелері  ( қатысушылары )  арасында  бөлісуге  болмайды. Ол  жарғылық  мақсаттарға  жұмсалады. Қоғамдық  және  діни  бірлестіктердің, қорлардың  өз  қаражаттарын  қайырымдылық    мақсаттарға  пайдалануына  жол  беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды  тұлғалардың  мүлкіне  құқықтары:

а) құрылтайшыға  (қатысушыға)  заттық құқығы  жататын;

ә) құрылтайшыға  (қатысушыға)  міндеттемелік  құқығы жататын;

б) құрылтайшыға  (қатысушыға)  мүліктік  құқығы  жатпайтын  заңды  тұлғаларға  бөлінеді.         

Заңды  тұлғаның  мүлкіне  өз  құрылтайшылары  меншік  құқығын  немесе  өзге  заттық  құқығын  сақтап  қалатын  заңды  тұлғаларға  шаруашылық  жүргізу  құқығында  немесе  оралымды  басқару  құқығында  мүлкі  бар  ұйымдар  жататын  болғандықтан   мұның  өзі  құрылтайшының  заттық  құқықты  иеленетінін  білдіреді. Мүлкіне  өз  қатысушылары   (құрылтайшылары)  міндеттемелік  құқықтарын  сақтап  қалатын  заңды  тұлғаларға  шаруашылық  серіктестіктер, акционерлік  қоғамдар  мен  өндірістік  кооперативтер  жатады. Шаруашылық  серіктестіктерінің   мүлікке  меншік  құқығы  болғандықтан  қатысушылар  бұл  мүлікке  міндеттемелік  құқыққа  (жарғылық  капиталындағы  үлесіне  қарамастан) ие  болады.  Мүлкіне  өз  құрылтайшылары  (қатысушылары)  мүліктік  құқықтарын  сақтамайтын  заңды  тұлғаларға  қоғамдық  бірлестіктер, қоғамдық  қорлар  және  діни  бірлестіктер  жатады  (АК – тің  36 – бабының 4 – тармағы ). Жоғарыда  айтқанымыздай, Азаматтық  кодекс  коммерциялық  емес  ұйым  болып  табылатын  мекеме, қоғамдық  бірлестік, тұтынушылар  кооперативі, қоғамдық  қор,  діни  бірлестікті  де  құруға  жол  ашады. Бірақ  бұл  тізіммен  шектеліп  қалуға  болмайды, себебі  “ коммерциялық  емес  ұйым ” заң  құжаттарында  көзделген  өзге  де  нысандарда  құрылуы  мүмкін  (АК – тің  34 – бабының  3 – тармағы ).

  1. Акционерлік  қоғамдар  мен  шаруашылық серіктестіктер  туралы  жалпы ережелер.Жарғылық капиталы құрылтайшылардың  (қатысушылардың)  үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық  серіктестік  деп  танылады. Шаруашылық серіктестіктер  және  оның  жекелеген  түрлері  туралы  жалпы  ереже  Азаматтық  кодекске  еңгізілген. Акционерлік  қоғамдар  мен  шаруашылық  серіктестіктерді  құру  мен  олардың  қызметі  1998  жылы  10 – шілдеде  қабылданған Қазақстан  Республикасының “ Акционерлік  қоғамдар  туралы ” заңымен  және  1995  жылы  2 – мамырда  қабылданған  Қазақстан  Республикасы  Президентінің “ Шаруашылық  серіктестіктері  туралы ”  заң  күші  бар  жарлығымен  реттеледі.2 Шаруашылық  серіктестік  түрінде  құрылған  коммерциялық  ұйымдардың  жекелеген  түрлерінің  құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен  қаралуы  мүмкін, ал  олардың  нормалары Азаматтық кодекске сай келуі  тиіс. Азаматтық  кодексте шаруашылық  серіктестігінің  төмендегідей  түрлерін  құру  мүмкіндігі  қарастырылған:

1) толық  серіктестік;

2) жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік;

3) қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік;

4) сенім  (коммандиттік) серіктестігі.

Шаруашылық  серіктестігінің  құрылтайшылары  тіркеуден  өткеннен  кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің  құрылтайшылары  жалпы  ереже  бойынша  заңды  тұлға  да, жеке  тұлға  да  бола  алады.

Информация о работе Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері