Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 08:14, курсовая работа
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Азаматтық құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ.......................................................................4
1.1 Заңды тұлғалар түрлері..............................................................................4
1.2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі. .............................................................................15
2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ....17
2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату...........................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................20
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................21
Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай – ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез – келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды біреше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда ;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда тартылуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Заңды тұлға деп – басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтамыз.
Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы , шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар. Азаматтық кодекстің 34 – бабының 2 – тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады. Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанындағы заңды тұлғалардың заң құжаттарында құрылуы мүмкін.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17 – сәуірде шығарған “ Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ” заң күші бар жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі. Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді.Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Курстық жұмысымды жазу барысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне қоса Хамзиннің, Ю.Г Басиннің, Т. Кирееваның, Е.О Мұханованың, Төлеуғалиевтің, еңбектеріне сүйендім.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиеттер:
Қосымшы әдебиеттер:
1. Мартемьянов В.С. Курс лекций - М.: Издательство БЕК, 1994. - 312 с.
Хозяйственное право. Том 1. Общие положения.
2. Мұханова А.А. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Қарағанды.
Болашақ – Баспа. 2003 ж.
3. Новицкий И.Б. Римское право. Ассоциация “Гуманитарное издание”
“ ТЕИС ”; М.,1997 г
4. Римское государственное право. Учебник /. Под редакцией И.Б.Новицкого,
И.С. Перетерского.-М.,1994-115 с.
5. О.Н.Садиков Гражданское право России. Часть первая - М., 1996. с. 53.
6. С.Н.Братусь. Субъекты гражданского права, Госюридат, М., 1999.
7. Справочник директора предприятия / Под ред. М.Г.Лапусты. Изд. 3-е, испр.
и доп.-ИНФРА-М.,-1998.-784 с.
8. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому кодексу Республики
Казахстан:
Понятие и общая
-Пресс; 1996.
9.Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому Законодательству
Республики
Казахстан: Понятие и общая
Изд.2-ое, испр. и доп. ВШП “Әділет” 2000.
10..Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву/Сост
М.К. Сулейменов.-А.:2003.
11.Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. - М . Гражданское право.
Учебное пособие ( часть об отв. Ред. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С.-А.
1999.
12. Витрянский В.В. Гражданский кодекс о юридических лицах // Вестник ВАС
N 5, 1995 А.
13. В. Богданов. Сущность юридического лица, современные взгляды //
Государство и право N 10 1995.
1 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: ( Жалпы және Ерекше бөлімдері ) – Алматы: Юрист,
2007. – 44, 63, 72, 94, 96 бап, 17-27-30-36-37 бет.
2 Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі “Акционерлік қоғамдар туралы ” заңы.
3 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ( Жалпы және Ерекше бөлімдері ) – Алматы: ЮРИСТ,
2007 – 94 бап, 36-бет.
4 Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 қазандағы “Өндірістік кооператив туралы ” заңы.
5 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ( Жалпы және Ерекше бөлімдері ) – Алматы: ЮРИСТ,
2007. – 102-104 бап, 39-бет.
6 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы “Коммерциялық емес ұйымдар туралы ” заңы.
7 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ( Жалпы және Ерекше бөлімдері ) – Алматы: ЮРИСТ,
2007. – 35 бап, 14 бет.
8 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ( Жалпы және Ерекше бөлімдері ) – Алматы: ЮРИСТ,
2007. – 37 бап, 15-бет.