Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 08:14, курсовая работа
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Азаматтық құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ.......................................................................4
1.1 Заңды тұлғалар түрлері..............................................................................4
1.2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі. .............................................................................15
2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ....17
2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату...........................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................20
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................21
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде еңгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушылары да еңгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп, оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.
Серіктестікті басқарудың жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы - өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерде бақылау органдары: қадағалау кеңесі және тексеру комиссиясы ( тексеруші ) құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Қоғам өз акционерлері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жағдайларда ортақтасып жауап береді.
Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан тұруы мүмкін.
Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға айналатын ( конверсияланатын ) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға міндетті.
Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы ықтимал.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның екі үлгісі бар, яғни ол ашық және жабық түрде кездеседі. Қоғам өз үлгісін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша және заң талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Мәселен, егер жабық қоғам акционерлерінің саны 100 – ден асса, ол қоғамның үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті.Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай – ақ қоғамның үлгісіне қарай “Ашық акционерлік қоғам ” немесе “ Жабық акционерлік қоғам ” деген сөздер, немесе тиісінше “ ААҚ ” және “ЖАҚ ” аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атаумен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгіленген өзге адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ. Жабық қоғам акционерлерінің саны 100 – ден аспауы тиіс. Қоғамның акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуына басым құқығы бар.
Жабық акционерлік қоғамның жарғысында өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот тәртібімен акционер қатарынан шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Аластатылған акционердің акцияларын қоғамның таза активтері құнының ол шығарған акционерлердің жалпы санына қатысты есебінен сот белгілеген баға бойынша қоғам сатып алуға тиіс.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында акциялар бағаланатын активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500 – ден кем болмайтын ашық халықтық қоғам болып табылады ( “Акционерлік қоғамдар туралы ” заңның 7 – бабы ).
Бір заңды тұлғаның құрылтайшылары ( қатысушылары ) басқа бір заңды тұлғаның құрылтайшылары ( қатысушылары ) болуы мүмкін. Осыған байланысты біздің заңдарымызда еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам тәртіптелген.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының ) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес ( не өзгедей түрде ) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады ( АК – тің 94 – бабы).3
Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Тек, нешілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша ( не өзгедей түрде ) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсидиарлық жауапты болады. Ал, негізгі ұйымның кінәсінен нешілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа ( қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.
Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір – бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір шығарылған ( төленген ) жарғылық капиталдың жиырма бес процентінен аспауға тиіс.Бір – бірінің шығарылған ( төленген ) жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.
Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады ( АК – тің 96 – бабы ). Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 – қазанда қабылданған “Өндірістік кооператив туралы ”заңымен айқындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы тиіс. Азаматтық кодекс оның мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік коопертив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша қосымша ( жәрдем беру ) жауапты болады. Аталған заң өндірістік кооперативтің құрылуы мен қызмет етуі үшін қажетті жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін белгілемейді.4
Коопертивтің меншік құқығына жататын мүлік, егер кооператив жарғысында өзгеше қаралмаса, оның мүшелерінің жарналарының мөлшеріне сәйкес бөлінеді.
Азаматтық кодекстің 99 – бабының 4 – тармағына сәйкес кооператив мүшесі жалпы жиналыс шешім қабылдарда бір дауысқа ие болады. Мұндай норма императивті ( бұйрықты) , сондықтан да құрылтай құжаттарында басқалай ереже болуы мүмкін емес.
Азаматтық кодекстің 100 – бабы кооперративтегі мүшеліктің негізі мен тоқтатылу салдарын қарастырады. Кооператив мүшесі өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл орайда оған төленетін жарна мен басқа да төлемдер коопертивтің қаржы жылы аяқталып, кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі. Кооперативке мүшелік сондай – ақ кооперативтен шығаруға байланысты да тоқталады, сонымен қатар, соған ұқсас, кооперативке мүше болу кооператив мүшесінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Аталған баптың 4 – тармағына сәйкес өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлері кооператив мүшелігіне қабылдануы мүмкін. Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив мұрагерлерге кооперативтің қайтыс болған мүшесінің мүліктегі үлесін жарнасына қарай төлейді, сондай – ақ қайтыс болған адамның үлесіне тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив қызметіне қосқан еңбек қатысы үшін сыйақы төлейді. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 102 – 104 – баптарында, ал нақты нормалары “ Мемлекеттік кәсіпорын туралы ” заңда қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102 – бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын ) кәсіпорындар жатады.
Мемлекттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттік меншік түрлеріне байланысты:
1) республикалық меншіктегі кәсіпорын;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорын деп бөледі.5
Азаматтық кодекстің 102 – бабының 4 – тармағына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. “ Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ” заңға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындары - Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар бойынша – жергілікті атқарушы органдарының шешімімен тәртіптеледі. Ал олардың құрылтайшылары тиісінше уәкілетті Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттің кәсіпкерлік қызметін шектейді, бұл орайда жаңадан құрылатын және қызмет істейтін мемлекеттік кәсіпорындар белгілі бір қызмет жүйесімен айналысуға тиіс. Заңның 4 – бабының 3 – тармағында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, егер заңның 18 – бабының талаптарына мақсаты сай келетін болған жағдайда ғана рұқсат етіледі, ал оралымды басқару құқығындағы кәсіпорынды құру аталған заңның 32 – бабының талаптарына сәйкес келуі керек.
Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты құрылтайшы бекіткен жарғы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында оның мүлкіне меншік иесінің атауы, яғни “ мемлекет ” деген сөз болуы қажет. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкілдік берілген мемлекеттік органның тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы болып табылады. Мемлекттік кәсіпорын туралы Заңның 9 – бабы уәкілетті органның кәсіпорын басшысымен арадағы қатынасты келісім – шарт арқылы реттеу мүмкіндігін қарастырады. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі қорға қатысты мүлікке өз бетімен билік етуіне құқығы жоқ. Объектісі аталған мүлік болып табылатын мәмілені жасау үшін уәкілетті органның келісімі керек, ал жалпы мүліктік кешендегі кәсіпорынның билігі бойынша мәміле Үкіметтің шешімімен ( республикалық кәсіпорындарға қатысты ) жасалады. Кәсіпорынның филиалдары мен еншілес мекемелерді құру үшін де уәкілетті органның келісімі қажет, сондай – ақ мұндай жеке кәсіпкерлерге қарызды пайызбен беретін шетелдік қормен қатысты бірлескен кәсіпорындар үшін де міндетті.Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорындар үшін оларға бекітілген мүлікті иелік ету жағдайы одан да қатаң келеді. Заңның 38 – бабының тұжырымдарына сәйкес, қазыналық кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінен түскен қаржыға алынған және өзіне бекітілген мүлікті уәкілетті органмен келісе отырып, бөтенге беруге немесе басқалай билік етуіне құқығы бар.
Заңның 13 – бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өзінің жеке қызметінен түскен табыстар есебінен күн көреді, бұл орайда меншік иесіне пайдасының бір бөлігін аударады ( Заңның 27 – бабы ), ал оралымды басқару құқығындағы кәсіпорын уәкілетті органы бекіткен смета бойынша өзінің жеке табысы есебінен қаржыландырылады. Қазыналық кәсіпорында шығынды жабуға өзінің меншікті қаржысы жетпеген жағдайда оған тиісті бюджеттен жетпеген қпржысы бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінуге жатпайды және салым бойынша тартылмайды. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өзінің міндеттемесі бойынша оған жататын мүліктің бәріне жауап береді. Мемлекет мұндай кәсіпорындардың міндеттемесіне жауап бермейді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын да мемлекеттің алған міндеттемесіне жауап бермейді. Керісінше қазыналық республикалық кәсіпорынның міндеттемесі бойынша қосымша ( субсидарлық ) жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді, ал коммуналдық міндеттеме бойынша жауапкершілікті тиісті әкімшілік – аумақтық бірлестігі мойнына алады.