Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 08:14, курсовая работа

Описание работы

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.Азаматтық құқықтық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ.......................................................................4
1.1 Заңды тұлғалар түрлері..............................................................................4
1.2 Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі. .............................................................................15

2.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ....17
2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату...........................................17

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................20

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................21

Файлы: 1 файл

Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері.doc

— 186.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік  кәсіпорындарды  тарату  мен  қайта  құру  оның  құрылтайшысымен  жүзеге  асырылады ( АК – тің  102 – бабы ).  Бірақ   “Мемлекеттік  кәсіпорын  туралы ”  Заңның  16 – бабына  сәйкес  мемлекеттік  кәсіпорынды  тарату  және  қайта  құру  жөніндегі  шешімді  республикалық  кәсіпорындарға  қатысты  Үкімет, ал  коммуналдық  кәсіпорынға  қатысты  - әкімдер  шешім  қабылдайды. Құрылтайшылар  шешім  қабылдамайды, тек  бұл  жөніндегі  қабылданған  шешімге  сәйкес  қайта  құру  мен  таратуды  жүзеге  асырады. Заңның  45 – бабы  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  кәсіпорынды  қазыналық  кәсіпорынға  айналдыру  мүмкіндігін  қарастырады. Аталған  баптың  2 – тармағындағы  қаралған  жағдайда, ондай  қайта  құру  міндетті  болады.

Коммерциялық  емес  ұйым  болып  табылатын  заңды  тұлға  мекеме, қоғамдық  бірлестік  нысанында  және  заң  құжаттарында  көзделген  өзге  де  нысанда  құрылуы  мүмкін. Коммерциялық  емес  ұйым  кәсіпкерлік  қызметпен  өзінің  жарғылық  мақсаттарына  сай  келуіне  қарай  ғана  айналыса  алады, (АК – тің  34 – бабының  3 – тармағы, “ Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы ” Қазақстан  Республикасы  Заңының  6 – шы  бабы ).

Азаматтық  кодекс  коммерциялық  емес  ұйымдардың  мынадай  түрлерін  қарастырады: мекеме, акционерлік  қоғам, қоғамдық  бірлестіктер, қоғамдық  қор, тұтыну  кооперативі, діни  бірлестіктер, ассоциациялар (одақтар ).

Мекеме – құрылтайшысы  басқару, әлеуметтік – мәдени  немесе  коммерциялық  емес  сипаттағы  өзге  де  қызметтерді  жүзеге  асыру  үшін  құрған  және  қаржыландыратын  ұйым  ( “ Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы ”  заңның   8 – бабы ).Мекеме  екі  түрге  бөлінеді: мемлекеттік  мекеме  және  жеке  меншік.6

Қоғамдық  бірлестік – заңдарға  қайшы  келмейтін, ортақ  мақсаттарға  жету  үшін  азаматтардың  ерікті  бірігуі  нәтижесінде  құрылған  ұйым. Қоғамдық  бірлестіктерге  саяси  партиялар, кәсіптік  одақтар, ерікті  қоғамдар, шығармашылық  одақтар  және  т. б. Жатады. Қоғамдық  бірлестіктің  алдына  қойған  мақсаты  оның  мүшелері  табыс  табайын  деп  емес, өздерінің  рухани  және  басқа  да  қажеттіктерін  қанағаттандыру  үшін  бірігеді.Қоғамдық  бірлестіктердің  құқықтық  мәртебесін  айқындау  қажеттігі  Азаматтық  кодексте  мүліктік  қатынастарда  олардың  қатысуымен  және  олардың  құрылуы  мен  қызметіне  қатысты  қатынастарды   азаматтық – құқықтық  шекте  реттеумен  байланыста  болады, әрі  ол  аталған  жүйеде  шектеулі  болуы  керек. Қоғамдық  бірлестіктердің  құқықтық  ережелері  сондай – ақ  Қазақстан  Республикасының   “ Қоғамдық  бірлестіктер  туралы ” Заңымен  де  айқындалған, олардың  нақты  түрлерінің  қызметі  мен  құрылуы  арнайы  заң  құжаттарында  тарамдана  реттеледі. Қоғамдық  бірлестіктің  мүлкі  оның  меншік  құқығына  жатады. Қоғамдық  бірлестіктерге  қатысушылардың  осы  бірлестіктерге  өздері  берген  мүлікке, соның  ішінде  мүшелік  жарналарына  құқықтары  жоқ. Олар  өздері  мүшелері  ретінде  қатысатын  қоғамдық  бірлестіктердің  міндеттері  бойынша  жауап  бермейді, ал  аталған  бірлестіктер  өз  мүшелерінің  міндеттемелері  бойынша жауап  бермейді.  

Діни  бірлестік – рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  өз  мүдделерінің  ортақтығы  негізінде  заң  актілерінде  белгіленген  тәртіппен  біріккен  азаматтардың  ерікті  бірлестігі. Республикадан  тыс  жерлерде  басқару  орталықтары  бар  Қазақстан  Республикасындағы  діни  бірлестіктер  әділет  органдарында  тіркелуге  жатады. Басқару  орталықтарының  жарғылары  егер  олар  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  қайшы  келмесе, осындай  діни  бірлестіктер  жарғыларының  негізінде  алынуы  мүмкін.Діни  бірлестіктерге  қатысушылардың  осы  ұйымға  өздері  берген  мүлікке, соның  ішінде  мүшелік  жарналарға  құқықтары  сақталмайды.

Қор – азаматтар  және  заңды  тұлғалар  ерікті  мүліктік  жарналар  негізінде  құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім  беру  және  өзге  де  қоғамдық  пайдалы  мақсаттарды  көздейтін, мүшелігі  жоқ  коммерциялық  емес  ұйым. Қордың  басты  ерекшелігі  қорды  құрған  тұлға  оған  мүше  болмайды  және  оның  ісін  басқаруға  тікелей  араласа  алмайды. Сонымен  қатар  жұбайлық  және  жақын  туыстық  байланысы  бар  адамдар  осы  қордың  штаттағы  қызметкері бола алмайды. Қорды  құрған  кезде  құрылтайшылардың  шешімімен  тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы – қордың  атқарушы  органы  тағайындайтын  қамқоршылық  кеңесі  құрылады, ол  қор  қызметінің  оның  жарғылық  мақсаттарына  сай  келуіне  бақылау  жасайды, сондай – ақ  қордың  жарғысында  бекітілгн  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады. Қордың  атқарушы  органының  басшысы  мен  мүшелері  қордың  құрылтай  құжаттарын, Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңын  және  басқа  да  заң  актілерін  бұза  отырып  өздері  қабылдаған  шешімдерінің  салдарынан  келтірілген  шығынның  орнын  бірлесе  толтыруға  міндетті. Мұндай  шешім  қабылдаған  кезде  қарсы  дауыс  берген, қалыс  қалған  немесе  отырысқа  қатыспаған  адамдар  шығынның  орнын  толтыру  міндетінен  босатылады. Қордың некеде тұруымен, жақын  туыстықпен  немесе  жекжаттықпен  байланыспаған  басшысы  мен  бухгалтері  болуға  тиіс. Бір  жеке  адамның  немесе  жеке  адамдардың – бір отбасы  мүшелерінің  өзінің  жеке  қаражаттары  есебінен  құрған  қоры  жеке  қор  деп  танылады. Жеке қор, сондай – ақ  жеке  адамның  нотариалды  куәландырылған  өсиеті  бойынша  да  құрылуы  мүмкін.

Жеке  қордың  мүлкі  тұлғадан  немесе  жеке  тұлғалардан – бір  отбасы  мүшелерінен  бір  жолғы  және  тұрақты  түсетін  түсімдер  есебінен, өсиет  бойынша  түскен  мүліктен, сондай – ақ  Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы  заңның  35 – бабында  көзделген  және  жеке  қор  қызметінің  мақсаттарына  сай  келетін  басқа  көздерден  құрылады.7 Бір  отбасының  мүшелері  болып  табылмайтын  жеке  адамдардың  және  заңды  тұлғалардың  қоғамдық  бірлестіктердің  құрған  қоры  қоғамдық  қор  деп  танылады. Қоғамдық  қордың  мүлкі  бір  отбасы  мүшелерінен – аталған  қордың  бірден  бір  қатысушыларынан  түсетін  түсімдер есебінен  құрыла  алмайды. Мемлекеттік  органдардың  шешімімен  құрылған, белгіленген  тәртіппен мемлекеттік  меншік  иелену, пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығы   берілген қордың  мақсаттары  мен  міндеттерін  мемлекеттік  бюджет  қаражаты  есебінен  жүзеге  асыратын  қор  мемлекттік  қор  деп  танылады. Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  белгіленген  міндетті  төлемдер  есебінен  құрылған  қорлардың  құрылуына, қызметіне, қайта  ұйымдастырылуына және тартылуына  байланысты  туындайтын  қатынастар.

Тұтыну кооперативі – мүшелік  негізде  қатысушыларының  материалдық  және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік  жарналарын  біріктіру  жолымен  жүзеге  асырылатын  азаматтардың ерікті  бірлестігі. Заң  актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне  заңды  тұлғалар  кіре  алады. Тұтыну  кооперативінің  мүшелері  жыл  сайынғы  баланс  бекітілгеннен  кейін  пайда болған  залалдарды  қосымша  жарналар  төлеу  арқылы  үш  ай  ішінде  жабуға  міндетті. Тұтыну  кооперативтерінің  мүшелері  оның  міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша  жарнасының  енгізілмеген  бөлігі  шегінде  ортақ  субсидиарлық  жауаптылықта  болады

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі

  

Заңды  тұлға  мен  жке  тұлғаның  қабілеттілігінің  айырмасы  болатындығы  табиғи  нәрсе. Мәселен, азаматтың  құқықтары  мен  міндеттерін  тудыратын  тұрмыс  қатынастарының  көбіне  заңды  тұлғалар  қатыса  алмайды. Оған  отбасылық  қатынастарға, содан  туындайтын  құқықтар  мен  міндеттерге  заңды  тұлғалар  қатыса  алмайтындығы  дәлел  болады. Заңды  тұлғалардың  қатынасқа  қатысу  аясы  олардың  қандай  мақсат  үшін  құрылғандығына  әрі  жүзеге  асыратын  әрекеттерінің  сипатына  қарай  белгіленеді. Қатысуға  тиісті  қатынасына  қарай  заңды  тұлға  қайсыбір  құқықтарды  немесе  міндеттерді  иеленеді. Демек, заңды  тұлғаның  құқықтық  қабілеті  оған  жүктелген  міндеттерге  қарай  белгіленеді. Заңды  тұлғаның  құқық  қабілеттілігі  ол  құрылған  сәттен  бастап  пайда  болып, оны  тарату  аяқталған  кезде  тоқтатылады. Заңды  тұлға  заң  құжаттарында  тізбесі  белгіленетін  жекелеген  қызмет  түрлерімен  тек  лицензия  негізінде  ғана  айналыса  алады. Мемлекеттік  кәсіпорындардан  басқа  коммерциялық  ұйымдар  заң  құжаттары  немесе  құрылтай  құжаттары  арқылы  тыйым  салынбайтын  кез  келген  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыру  үшін  азаматтық  құқыққа  ие  бола  алады  және  азаматтық  міндетті  де  атқарады. Заң  құжаттарына  сәйкес  заңды  тұлғалар  белгілі  бір  қызмет  түрін  жүзеге  асыра  алмауы  мүмкін  немесе  басқа  қызметпен  айналысуы  шектеледі. Азаматтық  кодексте  арнайы  құқық  қабілеттілік  мәселесі  де  ескерілген. Оның  бәрі  де  жарғы  мен  басқа  да  құрылтай  құжатарына  енгізіледі  әрі  олар  қызмет  аясына  сай  келетін  құқықтар  мен  міндеттерді  еншілей  алады. Ал  коммерциялық  ұйымдар  болса, керісінше  арнайы  құқық  қабілеттілігіне  ие  болады. Мұндай  ұйымдар  заң  актілерінде  тыйым  салынбаған  қызметтердің  кез  келген  түрін  жүзеге  асыра  алады. Демек, коммерциялық  ұйым  өзінің  жарғысында  қаралмаған  қызметпен  айналыса  береді, ең  бастысы  заң  оған  тыйым  салмайтындай  болуы  керек. Жалпы  құқық  қабілеттілігі  принципінен  коммерциялық  ұйымдардың  өзіндік  ерекшеліктері  де  болады . Біріншіден, мұндай  ұйымдар  үшін  арнайы  құқық  қабілеттілігі  заң  құжаттарында  қарастырылуы  мүмкін. Мысалы, мұндай  арнайы  құқық  қабілеттілігіне  банкілер,мемлекеттік  кәсіпорындар  ие.Екіншіден, коммерциялық  ұйымдардың  құқық  қабілеттілігі құрылтай  құжаттарында  көрсетілетіндіктен  ол  құрылтайшылар  арқылы  шектелуі  мүмкін. Мұндай  шектеулер  заңды  тұлғаның  айналысатын  қызметі  түрлері  енгізілген  тізбе  арқылы  айқындалады, немесе  оның  қандай  да  бір  түрлерін  жүзеге  асыруға  тыйым  салынады. Коммерциялық  ұйымның  құқық  қабілеттілігіне  болатын  мұндай  шектеулердің  құрылтай  құжаттарынан  туындауының  маңызы  зор.

Азаматтық  кодекстің  37 – бабында  айтылғандай, заңды  тұлға  заң  мен  құрылтай  құжаттарына  сәйкес  жұмыс  істейтін  өз  органдары  арқылы  азаматтық  құқықтарға  ие  болып, өзіне  міндеттер  алады.8 Заңды  тұлғаның  органы  заңды  тұлғаның  ұсыныстарымен  есептесіп, оны  жүзеге  асырады  және  оның  өз  өкілеттілігі  шегіндегі  әрекеті  заңды  тұлғаның  әрекеті  болып  табылады. Бірақ  заңды  тұлға  органының  жарғыдағы  талапты  бұзып  жасаған  мәмілесін  жарамсыз  деп  тани  алады. Егер  мәміле  жасаған  екінші  жақ  мұндай  құқық  бұзушылықты  білсе  немесе  білуге  тиісті  болса  және  оны  оны  дәлелдесе  онда  мұндай  мәмілені  жарамсыз  деп  тануына  болады. Заңды  тұлға  органдарының  түрі, оларды  тағайындау  тәртібі  немесе  таңдау  және  олардың  өкілеттілігі  заң  және  құрылтай  құжаттары  арқылы  айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЗАҢДЫ  ТҰЛҒАНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ  НЫСАНДАРЫ

2.1 Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату.

 

Атқартын  қызметінің  мақсатына  байланысты  заңды  тұлғалар  коммерциялық  және  коммерциялық  емес  болып  екі  түрге  бөлінеді. Коммерциялық  заңды  тұлғалар  деп  басты  мақсаты  пайда  табу  болып  табылатын, кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  ұйымды  айтамыз Коммерциялық  ұйым  болып  табылатын  заңды  тұлға  мемлекеттік  кәсіпорын , шаруашылық  серіктестік, акционерлік  қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында  ғана  құрылуы  мүмкін. Коммерциялық  емес  заңды  тұлға  болып  негізгі  мақсаты  пайда  табу  болып  саналмайтын  және  өздерінің  табысын  қатысушылар  арасында  бөлмейтін  ұйым  танылады. Кәсіпкерлік  қызметті  олар  ұйымның  құрылған  мақсатына  байланысты  жүзеге  асыра  алады.         

Тәжірибе  жүзінде  коммерциялық  және  коммерциялық  емес  ұйымдарды  жіктеу  қиынырақ  болып  келеді. Ю.Г. Басин  өзінің  ғылыми  еңбегінде  бұған  себеп  болып, біріншіден, коммерциялық  заңды  тұлғалардың  құрылғаннан  кейін  әсіресе  бірінші  жылдары  өздерінің  табыстарын  материалдық  базаны  дамытуға, технологияны  жетілдіруге  және  т. б. Мақсаттарға  жұмсауы; екіншіден, кейбір  коммерциялық  емес  заңды  тұлғалардың  белсенді  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асырып, пайда  табуы  саналады  деп  жазған. Сондай – ақ  заңды  тұлғаларды  екі  түрге  жіктеуінің  ең  баянды  критерийі  қатысушылар  арасында  табыстың  бөлінуінде  екендігін  атай  отырады. Заңды  тұлға  мүлкі  негізделетін  меншік  нысанына  байланысты  заңды  тұлғалар  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  болып  ажыратылады. Мемлекеттік  заңды  тұлға  ретінде  мүлік  үлестерге  немесе  акцияларға  бөлінбейтін  және  меншік  құқығы  бойынша  біртұтас  мемлекетке  тиесілі  ұйым  танылады. Заңнамада сондай – ақ, шетел  заңды  тұлғасы  деген  түсінік  кездеседі. Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  шетелдік  мемлекеттердің  заңдарына  сәйкес  құрылған  заңды  тұлғаларды   ( компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды  және  т. б. ) шетелдік  ұйымдар  деп  түсінген  жөн. Заңды  тұлғалардың  келесі  түрлеріне  еншілес  және  тәуелді  ұйымдар  жатады. Жарғылық  капиталының     ( шығарылған  жарғылық  капиталының ) басым  бөлігін  басқа  заңды  тұлға  қалыптастырған  не  олардың  арасында  жасалған  шартқа  сәйкес (не  өзгедей  түрде)  негізгі  ұйым  осы  ұйымның  қабылдайтын  шешімдерін  айқындай  алатын  заңды  тұлға  еншілес  ұйым  болып  табылады. Еншілес  мемлекеттік  кәсіпорын  болып  өз  мүлкі  есебінен  басқа  мемлекеттік  кәсіпорынмен  құрылған  заңды  тұлға  танылады. Егер  акционерлік  қоғамның  дауыс  беруші  акцияларының  жиырма  проценттен  астамы, басқа  ( қатысушы, басымырақ )  заңды  тұлғанікі  болса, ол  тәуелді  қоғам  деп  танылады.Заңды  тұлғалар  және  оның  мүлкіне  қатысты  құрылтайшылардың  құқықтарына  байланысты  заңды  тұлғаларды  келесі  топтарға  бөліп  ажыратуға  болады:

а) құрылтайшыларының  мүлікке  міндеттемелік  құқығы  бар  ( салым  ретінде  енгізілмеген  мүлікті  алуына  құқық, тарату  квотасына  құқық, дивиденд  алуға  құқық ) заңды  тұлғалар. Оларға: шаруашылық  серіктестіктер, өндірістік  және  тұтыну  кооперативтері  жатады.

ә) құрылтайшыларының  мүлікке  меншік  құқығы  және  өзге  заттық  құқығы  бар, сондай – ақ  мүлікке  шаруашылық  жүргізу  құқығы  және  жедел басқару  құқығы  арқылы  ие  заңды  тұлғалар.

б) мүлікке  құрылтайшылары  мүліктік  құқығы  жоқ  заңды  тұлғалар: қоғамдық  ұйымдар, қоғамдық  қорлар, діни  бірлестіктер.

Заңды  тұлғаларды  қайта  құру  дегеніміз  заңды  тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттерінің  мирасқорлыққа  өтуіне  байланысты  тоқтатылу  тәсілі  болып  табылады. Қайта  құрудың  бес  түрі  бар  ( АК – тің  45 – бабы ) : қосу, біріктіру, бөлу, бөліп  шығару, өзгерту. Заңдарда  қайта  құрудың  басқа  да  нысандары  көзделуі  мүмкін. Ерікті қайта  құру  заңды  тұлғаның  мүлік  меншік  иесінің  немесе  құрылтай  құжаттары  бойынша  қайта  құруға  өкілеттігі  бар  заңды  тұлғаның  органының  шешімі  бойынша  жүзеге  асырылады.9 Бірақ  мынадай  жәйтті  ескеру  керек, яғни  заңды  тұлғаның  жекелеген  түрлері  үшін  құжаттарының  императивті  нормасы  заңды  тұлғаның  нақты  органдарының   құзіретіне  қатысты  келіп, оны  қайта  құруға  байланысты  қабылдаған   шешімге  сәйкес  болады. Азаматтық  кодекстің  79 – бабына  сәйкес  қатысушылардың  жалпы  жиналысының  айрықша  құзіретіне  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестікті  қайта  құру  немесе  тарату  туралы  мәселені  шешу  жатады. Тиісінше  заңды  тұлғаны  қайта  құру  оның  мүлкінің  меншік  иесінің  немесе  заң  құжаттарымен  уәкілдік  ететін  органның  шешімімен, немесе  құрылтай  құжатымен  немесе  заңда   қаралған  жағдайда  сот  органдарының  шешімімен  жүзеге  асырылады. Заңды  тұлғаны  қайта  құру  жөніндегі  шешім  әдетте  оның  жоғары  органымен  қабылданады. Мысалы, Ресейдің  Азаматтық  кодексінде  заңда қаралған  ретте, заңды  тұлғаны  қайта  құру  құзіреті  мемлекеттік  органның  келісімімен  жүргізіледі. Ықтиярсыз  тарату  тәртібі  Азаматтық  кодекстің  45 – бабының   3 – тармағында  айқындалған, енді  оны  сөзбе – сөз  келтіре  кетелік: егер  заңды  тұлғаның  мүлкін  меншіктенуші, ол  уәкілдік  берген  орган, құрылтайшылар  немесе  заңды  тұлғаның  құрылтай  құжаттарында  қайта  құруға  уәкілдік  берілген  органы  заңды  тұлғаны  қайта  құруды  жүзеге  асыруды  тапсырады. Басқарушы тағайындалған  кезден  бастап  заңды  тұлғаның  ісін  басқару  жөніндегі  өкілеттік  соған  ауысады. Басқарушы  сотта  заңды  тұлғаның  атынан  әрекет  етеді, бөлу  балансын  жасайды  және  оны  заңды  тұлғаны  қайта  құру  нәтижесінде  туындайтын  құрылтай  құжаттарымен  бірге  соттың  бекітуіне  береді. Аталған  құжаттарды  соттың  бекітуі  жаңадан  пайда  болған  заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  үшін  негіз  болады. Заңды  тұлға, біріктіру  нысанында  қайта  құрылатын  реттерді  қоспағанда, жаңадан  пайда  болған  заңды  тұлғалар  тіркелген  кезден  бастап  қайта  қайта  құрылған  деп  есептеледі. Азаматтық  кодекс  заңды  тұлғаларды  қайта  құрған  кездегі  құқықты  мирасқорлықты  да  қарастырады. Заңды  тұлғаларды  қосқан  кезде  олардың  әрқайсысының  құқықтары  мен  міндеттері  өткізу  құжатына  сәйкес  жаңадан  пайда  болған  заңды  тұлғаға  ауысады. Заңды  тұлғаны  екінші  бір  заңды  тұлғаға  біріктірген  кезде  біріктірілген  заңды  тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттері  өткізу  құжатына  сәйкес  соңғысына  ауысады. Заңды  тұлғаны  бөлген  кезде  оның  құқықтары  мен  міндеттері  бөлу  балансына  сәйкес  жаңадан  пайда  болған  заңды  тұлғаларға  ауысады. Заңды  тұлғаның  құрамынан  бір  немесе  бірнеше  заңды  тұлғаларды  бөліп  шығарғанда, бөлу  балансына  сәйкес  олардың  әрқайсысына  қайта  құрылған  заңды  тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттері  ауысады. Өткізу  актісі  мен  бөлу  балансына  қойылатын  талаптар  АК – тің  47 – бабында  қаралған. Оның  1 – тармағындағы  ереженің  маңызы  зор, яғни  өткізу  актісі  мен  айыру  балансында  қайта  құрылған  заңды  тұлғаның  барлық  несие  берушілері  мен  борышқорларына  қатысты, барлық  міндеттемелері  бойынша  соның  ішінде  тараптар  дауласқан  міндеттемелер  бойынша  да  құқықты  мирасқорлығы  туралы  ережелер  болуға  тиіс. Қайта  құрылған  заңды  тұлғаның  мүлкі  жаңадан  құрылған  заңды  тұлға  тіркелген  немесе  құрылтай  құжаттарына  өзгерістер  енгізілген  тұста, егер  заң  құжаттарында  немесе  қайта  құру  шешімде  өзгеше  көзделмесе, мирасқорына  өтеді.     

Информация о работе Заңды тұлғалар түсінігі мен түрлері