Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………..........2-3 б


І бөлім . Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік
қызметте салық салудың экономикалық мәні.
1.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі..............................4-5 б
1.2. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны...........................5-9 б

ІІ бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік
қызметте салық салуды есептсу және талдау.
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері..............................................................................10-17 б
2.2. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте
салық салуды талдау.........................................................................18-21 б
2.3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын
жүзеге асыратын органдар................................................................21-24 б
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде
жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды
жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды
жетілдіру жолдары........................................................................ 25-29б
3.2 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасауда кәсіпкерлік кызметтегі қатынастарды
ретттейтін ұлттық заңнама.......................................................29-32 б



Қорытынды...................................................................................33-34 б

Файлы: 1 файл

патент.doc

— 251.50 Кб (Скачать файл)

      Тауар таңбасы  – бұл, әдетте, көру арқылы жақсы  қабылданатын, жеңіл есте сақталынатын, өзге тауар белгілерінен ерекшеленетін, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлі материалдарға жақсы салынатын графикалық көрініс.

      Тауар таңбасы  ретінде сөз немесе сөздер  тобы, мысалы «аспирин», «колгейт», «тайд», «адидас», «проктер энд гембл»  және т.б. тіркеле алады. Сонымен  қатар,  акустикалық тауар таңбасы – тауар таңбасын көрсетумен берілетін арнайы әуен тіркеле алады.

      Жаңа тауар таңбасын  енгізу үшін көптеген батыс  фирмалары шамамен 30-40 млн доллар  қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған  «Mc Donald» корпорациясы 5 жыл ішінде  ғана 57 млн доллар жұмсады.

      Тауар таңбасы  нарықтық қатынастардың барлық  қатысушылары үшін маңызды.

      Тұтынушы үшін  тауар таңбасы – бірыңғай тауарлар  іздеу кезінде бағыт беруші  құрал болып табылады.

      Өндіруші үшін  тауар таңбасы – нарықты жаулап алушы құрал болып табылады , себебі тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлі өндірушілердің бірыңғай өнімдерінен дараландырады.

       Мемлекет мүддесіне  келер болсақ, мұнда тауар таңбасының  нарықта тәртіп орнату құралы  болып табылатындығын атап өту  қажет, ол өндірушіні тануға, тұтынушының, өндірушінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

        Тауар  ттаңбасына  келесідейекі талап  қойылады:

  • Тауар таңбасы бойынша;
  • Мораль мен қоғамдық тәртіпке қайшы болмауы тиіс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек.

Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшінайрықша болуы тиіс. Мысалы, «сусын» сөзінде ерекшелендіретін қабілет жоқ әне алкогольды не алкогольсыз сусындар үшін тауар таңбасы бола алмайды, себебі ол тауарлардың бүкіл категриясын анықтайды.

        Екінші талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты – тұрпайы тауар таңбаларын, сонымен қатар,жалған және тауардың сапасы мен өзге қасиеттеріне және олардың географиялық шығарылған жерлеріне  қатысты шатыстырушы  тауар таңбаларының тіркелуін алдын алу екендігін атап өту қажет. Мысалы, Қазақстандық өндірушілер  атынан танымал  «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық  атаулар, себебі  Шампань провинциясы  мен Коньяк қаласы Франциядаорналасқан) тауар таңбасы ретінде тіркеле алмайды. Мысалы, «pure wool» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киімдер, белгілене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды.

     Тауар таңбасы қорғалуы  ұщін ол тіркелуі қажет.

     Тәжірибеде көптеген  тауар таңбалары, әдетте тауарлар  немесе  қызметтер бірнеше түрлері  үшін тіркеледі. Кейбір өндірушілер олар өндіретін әр түрлі өнімдер үшін бір тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық фирмалар да өздерінің әрбір дәрі – дәрменіне қатысты тауар таңбаларын тіркеуге ұмтылады.

       Тауар таңбаларының түрлері.

Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретінде тіркеле алатын белгілер түрлерінің толық тізімі берілген. Оларға әр түрлі өндірушілердің бірыңғай тауарлары мен қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін сөздік, әріптік, сандық, бейнелік, көлемдік және өзге белгілер немесе олардың комбинациясы жатады.

      Көп жағдайда сөздік  тауар таңбалары қолданылады.Оларға  тілдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица, adventure), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), тағы да, сөз тіркестері (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тіркестері немесе лозунг – слогандар (мысалы: «өз шөлінен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенің») сөздер жатады.

      Көлемдік тауар  таңбалары кеңістікте бейнеленген  үш өлшемді объектілер болып  табылады. Әдетте, көлемдік тауар  таңбалары бейнелік, сөздік,  көлемдік  элементтердің әр түрлі комбинациялары жатады.(мысалы, иіссулардың флакондары).

      Аралас тауар таңбаларына  бейнелік,  сөздік,көлемдік, элементтерінің  әр түрлі комбинациялары жатады.(мысалы, қанатты барсүстіндегі батыр бейнесі «Отандық маркасы» сөздерімен үйлесі).

      Жоғарыда аталған  тауар таңбалары түрлерінен басқа  сенсорлық (дыбыстық, жарықтық, иістік) және де тауар таңбаларының  өзге түрлері бар. Олар анық  және бірмәнді иденфикациясы  кезінде ғана олар тіркеле  алады.

      Дыбыстық тауар  таңбасы – ол фонограмма түрінде бекітілген  және нота жазбаларында көрсетілген немесе дыбыс түрінде көрсетілген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшін теңіз дауысы). Бүкіл әлемде тіркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тіркеулердің мысалдары әлі жоқ.

      Ұжымдық тауар  таңбалары ерекшк категорины  құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану  шарттарына сай олар біртұтас  сапалық не өзге сипаттамамен  тауар өндіретін не жеке кәсіпкерлер  ұйымының  атына тіркеледі.Мысалы, Қазақстанда танымал  «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелері өндіретін  «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау масатында өз өнімін біртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесімен) шығарады және сатады.. Ұжымдық тауар таңбасы ретінде тауар таңбаларының жоғарцыда  аталған  ретінде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрі тіркеле алады.

        Тауар таңбалары  олар тіркелген ақ – қара  түрінде де, тісті тәрінде  де  тіркеледі.

    1. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік  қызметте салық салуды есептеу және талдау.

Патент негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі:

  1. Патенттің құнын есептеуді  жеке  кәсіпкер мәлімдеген  кірістің 2 % -ті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.
  2. Патенттің құны бюджетке мынадай түрде:
    1. жеке табыс салығы – патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде;
    2. әлеуметтік салық – Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық  актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын  алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде төленуге тиіс.     

 Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы   әлеуметтік салық сомасынан  асып кеткен  кезде әлеуметтік салық сомасы  нөлге тең болады.

  1. Жеке кәсіпкерді іс - әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлікқызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға  және қайта есептеуге жатпайды.
  2. Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген  жаңа патент беріледі.

      Нақты табыс патент  алған кезде мәлімделген  табыстан  төмен болған        жағдайда, артық төленген патенттің құны салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады.

Патент негізінде арнаулы салық  режимі

Патент негізінде арнаулы салық режимін  мынадай талаптарға сай келетін:

  • Жалдамалы қызметкуерлердің еңбегін  пайдаланбайтын;
  • Жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;
  • Патент негізінде арнаулы салық режимін  қолданудың әрбір 12 ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер  қолданады.

 Патент негізінде арнаулы  салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне не салықты есептеу  мен төлеудің  жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

        Аталған өтініш  патент  негізінде арнаулы салық  режимін қолдануға мүмкіндік  бермейтін жағдайлар туындаған  кезде беріледі.

        Салық органы  патент негізінде арнаулы салық  режимін қолданған дара кәсіпкерлерді  осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу  кезінде  салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген  тәртібіне жоғарыда  аталған  өтінішсіз ауыстыруға құқылы.

        Дара кәсіпкер  патент  негізінде арнаулы салық  режимін қолдану  үшін оны қолдана  бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін  жүзеге асыратын  жердегі  салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысанындағы өтінішті табыс етеді.

         Патент  дара кәсіпкерлерге кемінде 1 ай  мерзімге және 12 ай дан аспайтын  мерзімге беріледі.

         Дара кәсіпкер  патент алу үшін кәсіпкерлік  қызметтеі жүзеге асыратын жері бойынша салық органына:

  1. Уәкілтті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша патент алуға өтінішті;
  2. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
  3. Бюджетке  патент құнының , жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорына сақтандыру аударымдарының төленгенін  растайтын құжаттарды;
  4. Дара кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны табыс етеді. Бұл орайда патент лицензиясының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Патент алуға өтінішті электронды түрде беретін салық төлеушілер осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында тізіп  көрсетілген құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алу үшін патент алуға өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.Дара  кәсіпкер жолаушыларды және  багажды автомобильмен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін (тұрақты немесе тұрақты  емес тасымалдаулар) көрсетуге  міндетті. Автомобильмен тасымалдаулар түрінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін бақылауды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Патент негізінде арнаулы  салық режимін қолдану кезінде  кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті  мемлекеттік орган  белгілеген  нысанындағы өтінішті береді.

Салық органдары  осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде патент беруді 1 күн ішінде жүргізеді.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық органдарына  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік сақтандыру аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорына  міндетті  зейнетақы жарналары бойынша есептемелерді ұсынбайды.

     Ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі.

 Мысалы: ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіруші заңды тұлғаларға арналған  салық режимі  патент негізінде  бюджетпен есеп айырысудың ерекше  тәртібін көздейді және заңды  тұлғалардың:

  • Жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;
  • Толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының  (асыл тұқымды кіреді), ара шаруашылығының  ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге патент бойынша салық көлемін  80%-дық  азайту көзделген.

Салық кезеңі – күнтізбелік жыл патент құны есебіне салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеуге арналған салық кезеңі болып табылады.Патент негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер патент алуға құқылы, мерзімі 1 айдан  күнтізбелік 1 жылға дейін.Олар заңды тұлғаға салынатын салықтан , қосымша құн салығынан және мемлекеттік әлеуметтік салықтан босатылады.

   Патент құнының есептеу тәртібі:

Патент құнының есебіне корпорациялық  табыс салығы, әлеуметтік салық, меншік, жерді тұрақты пайдалану   немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі  жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы  енгізіледі.

Патент негізінде салық төлеушілердің салық салынатын  табысынан салық салынатын табыстың 3%-ті алып тасталынуы тиіс.Анықталған сома патент сомасы болып табылады, бұл шыққан соманы кәсіпкер бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде төлеуі тиіс.

Мысалы:жеке кәсіпкердің  ұсынылған табысы 50,0 мың теңге делік, патент сомасы 1000 теңге (50,0 * 2%). Патент сомасы бөлінеді жеке табыс салығына 500 теңге (1000 /2 =500) және әлеуметтік салыққа  500 теңге  түрінде бюджетке табыс етілуі тиіс.

  Жоғарыда айтылғандай арнаулы  салық режимін патент негізінде  жеке табыс табудағы кәсіпкерлікте Қазақстан Республикасының аумағында келесі шарттарды орындау керек:

    • арнаулы тізім түрінде анықталған 123 іс әрекеттер бойынша жұмыс атқару;
    • күнтізбелік  жылдағы кәсіпкерлердің жылдық табысы 2,0 млн. теңгеден аспауы керек.

Егер жеке кәсіпкердің СК бойынша табысы 2,0 млн. теңгеден  асса  және жалдамалы жұмыс күшін қолданса, ол салық төлеудің  арнайы салық төлеу режиміне немесе жалпы қабылданған салық төлеу тәртібіне ауысады

Информация о работе Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру жолдары