Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………..........2-3 б


І бөлім . Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік
қызметте салық салудың экономикалық мәні.
1.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі..............................4-5 б
1.2. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны...........................5-9 б

ІІ бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік
қызметте салық салуды есептсу және талдау.
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері..............................................................................10-17 б
2.2. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте
салық салуды талдау.........................................................................18-21 б
2.3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын
жүзеге асыратын органдар................................................................21-24 б
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде
жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды
жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды
жетілдіру жолдары........................................................................ 25-29б
3.2 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасауда кәсіпкерлік кызметтегі қатынастарды
ретттейтін ұлттық заңнама.......................................................29-32 б



Қорытынды...................................................................................33-34 б

Файлы: 1 файл

патент.doc

— 251.50 Кб (Скачать файл)

        Париж конвенциясының негізгі принциптерінің бірі болып ұлттық режим принципі табылады. Конвенция өнеркәсіп меншігін қорғауда  берілген  мемлекеттің  заңнамасы бойынша өз азаматтарына берілетін немесе болашақта берілуі мүмкін дәрежеде оған мүше кез келген  мемлекеттің азаматтары мен фирмаларына беруді  көздейді. (2-бап). Одаққа мүше мемлекеттердің біреуінде тұрғылықты жері немесе әрекет етуші  және шынайы  өнеркәсіптік  немесе тұрғылықты жері немесе сауда ұйымы бар Одаққа мүше емес мемлекеттердің азаматтары  Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарымен теңдестіріледі.

     Аталған мемлекеттердің  азаматтары осы конвенциямен  қорғалады және өзінің азаматтарына  қатысты талаптарын сақтамаса, онда  олар өз құқықтарын заңмен  көрсетілген қорғау құралдарын  қлодануға мүмкіндік алады. Алайда, қорғау талап етілетін мемлекеттерде тұрғылықты жердің немесе ұйымның болуы туралы шарттар өнеркәсіп  меншік құқықтарын қолдану үшін алғышарттар ретінде одаққа мүше мемлекеттің азаматтарына қойылмайды.

     Өнеркәсіп меншік  туралы заңдардың негізінде сақталуы тиіс өнеркәсіп меншігіне құқықтарға қатысты  Одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсының  заңнамаларының ережелері  соттық, әкімшілік  процедураларға  және соттық, әкімшілік  органдардың құзіреттеріне, сонымен бірге, тұрғылықты жерді таңдау немесе іске сенімдіні тағайындауға  қатысты қатынастарды реттейді.

      1891 жылғы «Таңбаларды  халықаралық тіркеу туралы»  Мадрид  келісімі қазіргі уақытта тауар  белгілерін қорғауда аумақтық  қағидасын жеңуге бағытталған  негізгі халықаралық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл келісімге 1993 жылы қосылды. Бұл келісімнің мәні -  интеллектуалдық меншік халықаралық бюросында (Женевада) тіркелген тауар таңбасы келісімге қатысушы мемлекетте ол жерде тікелей өтінім бергендегідей, қорғау алады. Бұл   Мадрид  келісімінің  барлық қатысушы мемлекеттерде тауар таңбасының біртұтас құқықтық режимін құрмайтындығын көрсетеді, тек тауар таңбасын әрбір елде тіркеу  қажеттілігін болатын, көптеген елде қорғау алу процедурасын жеңілдетеді. 1996 жылдың 1 сәуірінен бастап келісімге қатысушы мемлекеттердің бәрінде әрекет ететін біртұтас қорғау құжатын алу мүмкіндігі пайда болды.

        1891 жылы Мадридте  қабылданған Тауар таңбаларын  халықаралық тіркеу туралы келісім  жағдайды жақсартуда маңызды  қадам болды. Келісімге сәйкес шығындар құнын елеулі түрде төмендетуге көмектесетін қатысушы мемлекеттердің барлығында танылатын ұлттық және халықаралық тіркеу үшін біртұтас тауар таңбасын ьеру мүмкіндігі ашылды. Алайда Мадрид келісімінде ақаулықтар да болды. Біріншіден, ол қабылданған кезде  елдердің көбісінде тіркеу таңбаны зерттемей – ақ өткізілетін. Бұл факт келісімінің бірқатар ережелерінде көрініс тапты. Ең алдымен, тіркеудің екі кезеңді  процесі туралы ережелерінде: алдымен ұлттық, кейін халықаралық деңгейде, таңбаның егжей – тегжейлі зерттелуі өтетін немесе оның тіркелуге дейін тәжірибелік қолданылуы міндетті мемлекеттен өтінім беруші тиімсіз жағдайға ұшырайды. Екіншіден, ұлттық тіркеу инстанцияларының тіркеуден бір жыл ішінде ғана бас тарта алу фактісі тауарды зерттеуге берілетін мерзімді тыңғылықты жұмыс жүргізу үшін өте қысқы етеді. Үшіншіден,  ұлттық қызметтегі тіркеу жөнінде қызмет құнының төмендігі өтімнің дұрыс зерттелуін жүргізуге  кеткен шығындарды қамти алмайды. Төртіншіден, алғашқы тіркеу еліндегі тіркеуді жарамсыз деп тану барлық мемлекеттерде тауар таңбасының  жарамсыздығына алып келетін бірорталықтандырылған шағымдану жүйесі таңбалардың  шағымдануы жиі болатын мемлекетердің өтінім берушілерін қанағаттандырады. Осыған байланысты тауар таңбаларымен қамсыздандырылған ең үлкен тауар нарығы бар  АҚШ  Мадрид келісіміне кірмейді.

      «Патент кооперациясы  туралы келісім шарт» (РСТ) - өнеркәсіптік  меншік жеке объектілерін  (өнертабыстарды) құқықтық қорғау алуына көмекті  қамтамасыз ететін келісім. Бұл  келісімшартты жасасу идеясы  1960 жылы  өнертабыстарға өтінімдерді қараумен байланысты патенттік ведомстволардың жұмысын қиындататын мәселелерді шешу қажеттілігін  байланысты туындады. Ол мәселелерді атап айтсақ, мыналар:

  • патенттік  ведомстволар жұмысында қайтармаларды жою;
  • өтініштерге сараптама жүргізуді тездету;
  • сарапшы есепке алуы қажет құжаттама көлемін шектеуді қамтамасыз ету;
  • жаңа техникалық жетістіктер туралы ақпараттардың таралуын жеңілдету;
  • өтінімдерді шетел мемлекетеріне беру процедураларын жеңілдету;

   Мүдделі мемлекеттердің  біріккен кұшімен ғана жететін аталған проблемалар шешімін іздеу қызметтестіктің жаңа нысанына – патенттік іздеуді  және патенттік – құқықтық саладағы халықаралық еңбек бөлінісінің басымдылығын пайдалануға  негізделген өтінім берілетін шешімдерге сараптама жүргізуде халықаралық кооперацияға алып келді.

    Халықаралық кооперациясын  қамтамасыз  ету үшін жағдайлар  жасау мақсатында  1970 жылы 19 маусым  күні  Вашигтонда   Дипломатиялық  конференциясында  осы келісімшартқа  қол қойылып, оған сәйкес  Патенттік кооперациясы  Одағы құрылды.  Париж конвенциясы сияқты, бұл келісімшарт  Патент кооперациясы одағына мүше мемлекеттердің өнертабысқа патент   беру немесе беруден бас тартуға байланысты құқықтарын реттемейді. Келісімшарттың негізгі ережелері халықаралық өтінім, халықаралық іздеу (РСТ 1-тармағын қараңыз) және халықаралық алдын ала сараптама туралы (РСТ 2-тармағын қараңыз) нормалары болып табылады. Келісім  тарауларындағы ережелерді сақтау мүше мемлекеттердің барлығы үшін міндетті болып саналады.

       Патент кооперациясы туралы келісімшарт БИМҰ- халықаралық  бюросына бір өтінім беру жолымен барлық  қатысушы  бір мезгілде алуды жеңілдетеді.

       Еуразиялық  патент  конвенциясыбарлық қатысушы –  мемлекеттер аумағында әрекет  ететін біртұтас  еуразиялық патент негізінде патент құқығы  объектілерін,е  қорғау алуды көздейтін  Еуразиялық патент жүйесін  қалыптастырады. Бұл жүйе ұлттық қорғау жүйесін жоққа шығармайды, мемлекеттер олардың дамуына байланысты толық егемендікті сақтайды (ЕАПК 1-бабын қараңыз). Ал Еуразиялық патент конвенциясының 21-бабында бұл актінің кез келген мүше мемлекеттің ұлттық патент беру құқығын қозғамайтындығын және оның кезкелген халықаралық ұйымға кіруін және өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық қызметтестік дамуына ықпал етуін шектемейтіндігі айтылған.

      Еуразиялық патент  жетістіктеріне баж төлеу мөлшері  мен тәртібін , сонымен қатар, өтінім  берушілердің әр үрлі категориялары  үшін артықшылықты тарифтердің  болуын жатқызуға болады. Патенттеудің  еуразиялық немесе ұлттық процедурасын таңдаудың экономикалық дұрыстылығы олардың әрқайсысы бойынша мына факторларға әсер ететін шығындарды салыстырумен анықталады:

  • өтініш берушінің тұрақты орны немесе тұрғылықты жері;
  • ЕАПК мүше мемлекеттері жасаған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы әріптестік туралы екі жақты келісімдердің болуы мен олардың мазмұныҮ
  • Патенттеу елдерінің саны мен құрамы.

    Жалпы айтқанда, ТМД –ға  мүше мемлекеттердің нормативтік  – құқықтық актілерінде шетелдік  өтінім берушілер шетелдік өтінім  берушілер (2-категория) үшін патенттік баж мөлшері ұлттық өтініш берушілер (1-категория) үшін бекітілген бажға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Беларусь Республикасында өтінім берушілер үшін 0,5-0,75 төменгі  еңбекақыны, ал шетелдіктер үшін – 100-150 АҚШ долларын құрайды, ал сараптама сатысында ұлттық өтінім берушілер үшін 4-10 төменгі айлық төлемін және шетелдіктер үшін 800-2080 АҚШ  долларын құрайды.

      Атап өтілген конвенциялар  қазақстандық интеллектуалдық меншік  жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға  және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осы тақылеттес жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметрлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.         

3.2. Қазақстан  Республикасында Патент негізінде  жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтегі  қатынастарды реттейтін ұлттық  заңнама.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы доминанты нарықтық қатынастарға өтумен және әлемдік қауымдастыққа интеграциямен байланысты экономикалық реформалар болып табылатын жан – жақты реформалаудың тарихи кезеңінен өтуде. Республикамыздың он алты жылдық егеменді дамуы ішінде реформалар  базасы құрылып, дамуда. Бүкіл экономикалық қатынастар спектрін реттеудің құқықтық іргетасы болып Қазақстан Республиканың Азаматтық кодексі танылады.

   Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық меншік, заңды  тұлғалардың  және жеке  тұлғалардың субъективті  құқықтары мен міндеттері саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгерді.

   Бұдан 1999 жылдың 16 шілдесінде  патент құқығы субъектілерінің  арасындағы құқықтық қатынастарды теттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегінде аталған құқықтық қатынастарды  алғашқы реттеу бойынша міндетін атқарған 1992 жылдың 24 шілдесінде қабылдаған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына  келді.

    Қазақстан Республикасында  патент қатынастары саласындағы  нормативтік құқықтық актілердің  бірінші тобын  ҚР Конститутциясы  құрайды. Конститутциясының 20 – бабы  шығармашылық  еркіндігіне кепілдік  береді. Бұл норма интеллектуалдық  меншік туралы заңнама дамуының  құқықтық негізін құрайды.

    Өкінішкее орай, ҚР Конститутциясында  «Интеллектуалдық меншік» термині  көрініс таппаған. Мысалы , 1993 жылдың 12 желтоқсанында Қабылдаған Ресей  Федерациясы Конститутциясының  әдеби, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44 – бабында «интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады» деген ережесі бар. Құқықтық жүйесінің өзге бөліктерінің ққықтық саясаты мен дамуы үшін негізгі занның фундаменталдық маңыздылығын ескерк отырып, ҚР Конститутциясы 20 – бабының 1 – тармағын «интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіреді» деген сөздермен толықтыру қажет.

    Патент құқығының объектілеріне  қатысты құқықтық қатынастарды  Конститутцимямен бірге, Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі  де  (49, 52 тарауларды қараңыз) реттейді.

    Аталған саладағы заңнама  жүйесінің негізі болатын ҚР  АК  1999 жылдың  1 шілдесінен оның  Ерекше бөлімі әрекетке енген  кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК «Интеллектуалдық меншік  құқығы»  деген 5 – бөлімі интеллектуалдық  меншік құқығыныңжеке объектілерін құқықтық қорғау режимін реттейтін комплексті заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің болуы мен бдамуы үшін құқықтық іргетасы болып табылады. Бұл бөлім интеллектуалдық меншік құқығының жалпы сұрақтарын реттейтін 78 баптан тұрады. Бұл уақытта таман 1992 жылдың әрекет еткен  Патент Заңы  мен Тауар таңбалары туралы Заң  қайта қаралып, олардың  жаңа  баспалары 1999 жылдың шілдесімен белгіленеді.

     Яғни, АК-нің  Ерекше  бөлімнің 5 – бөлімі кешірек жасалды, сондықтан ол қазіргі уақыт бойынша әрекеті ұзақ патент заңнамасы  мен комплексті заңдар түрінде тауар таңбалары жөніндегі заңнаманың жалпылануы, ал жалпы  айтқанда – интеллектуалдық меншікті  құқықтық қорғаудың мүлтіксіз жүйесін жасау бойынша жұмыстың жалғасы болып табылады.

    ҚР АК-нің қарастырып  отырған бөлімі елоіміздің арнайы  заңнамасының дамуының іргетасы  болып табылатын интеллектуалдың  меншік объектілері бойынша қағидалы, жалпы ережелерді бекітуге бағытталған.

    Бұл бөлімнің  баптарында  интеллектуалдық  меншікті құқықтық реттеу саласындағы әлемдік жетістіктер бектілген, еліміз қатысып отырған маңызды әлемдік конвенциялар, сонымен қатар, болашақта қатысатын келісімдер талаптары ескерілген.

   ҚР АК-нің 5 – бөлімі өз  мазмұнымен ерекше және ТМД  елдері  Үлгілік Азаматтық кодексінің сәйкес бөлімдерінен принципиалды бағыттарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, интеллектуалдық меншік иесінің айрықша құқығын, қызметтік шығармашылық режимдері мен өзге де ерекшеліктерін көрсетуе болады.

   Қазақстан Республикасының  Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды.

   Аталған заң өнертабыстар, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік  үлгілерді жасау, қорғау және  пайдаланумен байланысты қатынастарды  реттейді. Олардың жалпы атауы  үшін «өнеркәсіп меншігі» термині  қолданылады.

   ҚР – ның жаңа Патент Заңын қабылдау қазақстандық заңнаманы  ҚР – ның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін талап ететін Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілерін туралы келісімі  (ТРИПС) талаптарына сәйкестендіру қажеттілігімен негізделеді.

    ҚР –ның Патент заңын сегіз тарау құрайды:

   1- «Жалпы ережелер»;

   2- «Өнеркәсіптік меншік  объектілерінің патентке қабілеттілігінің           талаптары»;

    3- «Авторлар мен патент  иеленушілер»;

    4- «Қорғау құжаттарын  алу тәртібі»;

    5- «Қорғау құжаттарының  қолданылуын тақтату және қалпына  келтіру»;

    6- «Өнеркәсіптік меншік  объектісін пайдалануға ерекше  құқық»;

    7- «Авторлардың, өтініш  берушілердің және патент иеленушілердің  құқықтарын қорғау»;

    8- «Қорытынды ережелер».

     ҚР Патент Заңының  құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебі бұл актідегі нормативтік материал құқықтық қатынастардың даму кезектерімен және цивилистика жетістіктерін  есепке алу арқылы анықталған.

      ҚР Патент Заңының 1 – бабында Заңда қолданылатын  негізгі  түсініктер  мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы  модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардың ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысыының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған ҚР Патент Заңының 6-8 баптары).

    1992 жылғы ҚР Патент  Заңынан кейін бұл патенттік  құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады.

 

 

    Жаңа патент Заңымен  бірге патентсаласын құқықтық  реттеуге өзгерістер енгізілді:

  • қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді;
  • патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті;
  • қорғу құжатын алуға өтімнің  тапсырылған күні мен берілген күні айқындалған және бөлінген;
  • авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы  мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар қатаңдалған;
  • мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды;
  • соңынан пайдалану құқығы енгізілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру жолдары