Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2015 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………..........2-3 б


І бөлім . Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік
қызметте салық салудың экономикалық мәні.
1.1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі..............................4-5 б
1.2. Патент құқығының түсінігі мен мазмұны...........................5-9 б

ІІ бөлім. Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік
қызметте салық салуды есептсу және талдау.
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі объектілері..............................................................................10-17 б
2.2. Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте
салық салуды талдау.........................................................................18-21 б
2.3. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын
жүзеге асыратын органдар................................................................21-24 б
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде
жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды
жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды
жетілдіру жолдары........................................................................ 25-29б
3.2 Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс
жасауда кәсіпкерлік кызметтегі қатынастарды
ретттейтін ұлттық заңнама.......................................................29-32 б



Қорытынды...................................................................................33-34 б

Файлы: 1 файл

патент.doc

— 251.50 Кб (Скачать файл)

2.3. Қазақстан Республикасында  патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар.

    Барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын аса ма ңызды мекеме мамандандырылған мемлекеттік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан ұлттық патент ведомствосы (Қазпатент) құрылды. Егемен Қазақстанның қалыптасуының бүкіл кезеңінде қайта құруларды бастан кешірді. Басқару органдары бір-біріне қосылып, бір орталықтан басқарыла бастады. Қазақстан экономикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын органдардың бірі саналатын Қазпатент бұдан сырт қалған жоқ. Ол бұрынғы өнеркәсіп және сауда, экономикалық және сауда, энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрылымына агенттік болып енді, кейін патенти және тауар таңдалары жөніндегі дербес республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды.

    2000 жылғы қыркүйекте  ол ҚР Әділет министрлігі құрамына  енгізілді. 2001 жылғы наурыздан бастап  ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық  меншік құқығы жөніндегі комитеті, сондай-ақ оған бағынатын Қазақстан патенттік сараптама институты (КИПЭ) құрылд. Сөйтіп, қазір де бұл комитет Қазақстанның ұлттық патент ведомствосы болып табылады, ал оның сараптама жұмысын КИПЭ атқарады.

     Біздің елімізде интеллектуалдық  меншікті құқықтық қорғау саласында арнайы құзыретті бас мемлекеттік орган, өзгеше айтқанда, Қазақстанның патенттік ведомствосы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет болып табылады. Ол 2001 жылдың 29 наурызындағы ҚР Президентінің «ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы № 536 бұйрығына сәйкес қабылданған ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29 наурызындағы № 411 «ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет сұрақтары» қаулысымен құрылды.

      Бұрын әрекет еткен құзыретті органдар мен ұйымдар – патенттік ведомство қызметін атқарған ҚР Әділет министрлігінің патент және тауар таңбалары жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен бұрынғы ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықтары жөніндегі ведомство орнына біртұтас жаңа интеллектуалдық меншік жөніндегі комитет келді.

      Аталған комитетпен  қатар, бұл саладағы құқықтық  қатынастардың жаңа субъектісі  пайда болды. Бұл жоғарыда аталған  ҚР Үкіметінің  № 411 қаулысымен  құрылған бұрынғы патенттік сараптама институты. Бұл ұйымға мына қызметтер жүктелген:

  • өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары) өтінімдер қабылдау, осы өтінімдерге сараптама жүргізу және өтінім берілген өнеркәсіп меншігі объектілерінің қорғау шарттарына сәйкестігін анықтау;
  • селекциялық жетістіктерге өтініштерді және интегралды микротәсілдер топологияларын тіркеуге өтінімдерді қабылдау, осы өтінімдерді бекітілген талаптарға сәйкестігіне сараптама  жүргізу;
  • тіркелген өнеркәсіп меншік объектілерін, селекциялық жетістіктер мен интегралды микротәсілдер топологиялары реестрін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • қорғау құжаттарына сараптама және өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерін және интегралды микротәсілдер топологияларын қорғау мәселелері бойынша ресми бюллетеньдерді жариялауҮ
  • Патенттік кооперация туралы Шарт пен Еуразиялық патент конвенциясы мен Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне сәйкес қызметтерді жүзеге асырумен байланысты халықаралық өтінімдерге сараптама жүргізу.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 756 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің интеллектуалдық меншік институтының Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын құру» туралы қаулысымен бұрынғы КИПЭ функциялары қысқартылған атауы «РГКП НИИС» жаңа институтына жүктелді.

      Яғни, сараптама органдарына  РГКП НИИС – ті, ал ғылыми-ақпараттық органға – Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық институты (КазгосИНТИ), Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананы жатқызуға болады.

     Патенттік кітапхана  патент жүйесінің маңызды бөлігі  болып табылады, себебі өнертапқыштар  мен өзге субъектілердің шығармашылық қызметі ақпараттық ресурстарсыз мүмкін емес. Патенттік сараптама жүргізу үшін де адамзаттың өнеркәсіптік меншік объектілерінің бәріне қатысты білім саласындағы жетістіктерін есепке алу қажет.

     Мемлекетте патенттік  кітапхананың болуы  Париж конвенциясына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. «Одақтың әрбір мемлекеті өнеркәсіптік меншік істері жөнінде арнайы қызмет пен қоғамның өнертабысқа патенттермен, пайдалы моделоьдермен, өнеркәсіптік үлгілермен және тауар таңбаларымен танысу үшін орталық қойма құруы тиіс».

    Біздің елімізде патенттік  кітапхана қызметін көпсалалық  кітапхана, техникалық және онымен  сабақтас ғылымдар саласында  мамандандырылған әдістемелік-библиографиялық  орталығы болып табылатын Республикалық  ғылыми-техникалық кітапхана (РҒТК) табылады.

    РҒТК құрамында 1965 жылдан  патентттердің «орталық қоймасы»  қызметін тікелей атқарған Республикалық  патенттік қор (РПҚ) әрекет ететін. Қазіргі уақытта РПҚ-да әлемнің 50 мемлекетінен және үш халықаралық  аймақтық патент ұйымдарынан 21 млн данадан астам құжат жиналған.

       Авторлық құқық  сияқты патент құқығы мәні  бойынша адамның интеллектуалдық, шығармашылық  қызметі нәтижесін  қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми –техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнімдері ғылыми зерттеулердің нәтижелерінқолданудың аспектілеріне қатысты болғанда ғана, патенттік құқық объектісі бола алады.

      Интеллектуалдық  меншік объектілері арасында  өнертабыстар, пайдалы модельдер  және өнеркәсіптік үлгілер сияқты  интеллектуалдықшығармашылық қызмет  нәтижелері маңызды орын алады.Тауар  таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атауымен бірге олар «өнеркәсіптік меншік объектілері» жалпы атауымен қамтылады. Бұл Қазақстан Республикасының  аумағында да таралатын 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті  қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 1-бабымен бекітілді.

     Патенттік қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі реттелгенімен ерекшеленеді. Авторлық құқықпен салыстырғанда, объектіні тіркеу мен өнертабыс жасалғаннан кейін алғашқы патент құқықтарын бекіту нысандалумен ерекшеленеді. Себебі, бірегей болып табылатын әдебиет немесе өнер туындыларына қарағанда, өнертабыс қайталануы мүмкін. Бұл өнеркәсіптік үлгілер үшін маңызды болғанымен, патенттеу объектілері нысанымен емес, үлкен коммерциялық құндылыққа ие мазмұнымен бағалы. Патенттік қатынастардың үлкен коммерциялизациясына өзге тұлғаға толық немесе бөлшектеп берілуі мүмкін патентиеленушінің құқықтары көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасының  Патент Заңы Қазақстанның Бүкіләлемдік  сауда ұйымына енуіне және  ұлттық заңнмада Интеллектуалдық  меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім «ТРИПС» талаптарының көрініс табу қажеттілігіне, сондай-ақ Азаматтық кодекстің жалпы және ерекше бөлімдерін қабылдауменбайланысты қабылданды. Оның мәтіні Азаматтық кодекс және басқа қазіргі заңнама терминдерімен сәйкестендірілді, алайда патент жүйесінің әрекет ету қағидалары өзгермеді.

    Патенттік құқықтық қатынастар  күрделігімен ерекшеленеді, құқықтық  нормаларды дұрыс қолдану және  патенттеуді жеңілдету мақсатында  патенттік ведомство нұсқаулық-әдістемелік  ақпараттар жариялайды.

     1993 жылдың 16 ақпаныпда  қабылданған өнеркәсіптік меншікті  қорғау саласындағы халықаралық  шарттар туралы Қазақстан Республикасының  Декларациясына сәйкес Республика  аумағында құқықтық қатынастарды  реттейтін төрт маңызды халықаралық  конвенция әрекет етеді, олар:

 

1

     1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі          Париж конвенциясы;

2

     1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;

3

      1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы;

4

     1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісімшарт;

5

      1995 жылдың 5 қарашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеуде қол қойылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде.      


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салуды жетілдіру.

3.1. Қазақстан  Республикасында Патент негізінде  жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте  салық салуды жетілдіру жолдары.

     Қазақстан Республикасының  аумағында ұлттық заңнаманың  бір бөлігі ғана емес, кей жағдайларда  ұлттық  заңнамаданда басым түсетін  бірқатар халықаралық  келісімдер, шаоттар, конвенциялар іс әрекет  етуде.

      1993 жылы 16 ақпанда  қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес  Республика  аумағында  өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді, олар:

 

            1

       2

         3

          4  

        5

1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы.

1970 жылғы  19 маусымда қабылданған  Патент кооперациясы туралы келісімшарт.

1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі  Париж конвенциясы.

1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауар таңбаларын  халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі.

1995 жылғы 5 қарашасынан бастап еліміздің  аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде  Мәскеуде қол қойылған  Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде.


 

Бұл халықаралық келісімдердің асалуына  өткен ғасыр бойы ұлттық заңнамалардағы  айырмашылыққа байланысты өнеркәсіптік үлгіні қорғау құқығын бір уақытта бірнеше елде алу қиындығы себеп болды. Сонымен қатар, қорғау құжатын алу үшін өтініштер бір елде  жариялануын болдырмау үшін және өзге елдерде өнертабыстың  жаңашылдығын айырмау үшін, барлық мемлекеттерде бір уақытта берілуі тиіс.

     Өткен ғасырдың екінші  жартысында көптеген мемлекеттер  өнертабысты қорғау жүйесін жамсады, сонымен бірге, мемлекетаралық технологиялық айырбас дамып, халықаралық сауда өсті. Өнеркәсіптік меншік туралы заңнаманы  халықаралық деңгейде унификациялау қажеттігі туындады.

     Париж конвенциясы  өнеркәсіптік қорғау саласындағы  халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады.

     Өнеркәсіптік меншік  объектілеріне байланысты  мәселелерді  реттейтін негізгі халықаралық  келісім болып табылады. (1-тарау). Конвенцияның басты мақсаты - өнертабыстар , өнеркәсіп үлгілерін патенттеуде және бір мемлекет фирмалары, ұйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар  белгілерін тіркеуде артықшылықты жағдайлар жасау.

      Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде қол қойылды. Кейін ол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. Конвенцияларда, ал соғыстан кейінгі жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде қайта қаралып, толықтырылды.

      Қазақстан Республикасы  аталған конвенцияға 1993 жылдың  16 ақпанында  қабылданған  Өнеркәсіптік  меншікті қорғау саласындағы  халықаралық шарттар туралы Қазақстан  Республикасының  Декларациясына сәйкес қосылды.

      Аталған Конвенцияның 1,3-баптарына сәйкес конвенция  мүшелері өнеркәсіп меншігін  қорғау жөніндегі Халықаралық  Одақты (Париж одағы) құрайды. Оған  Ресей, Украина, Беларуссия т.б.  сияқты 105 мемлекет мүше.

      Мемлекет қай баспаны ратификациялағанына сәйкес, әр түрлі мүше мемлекеттер үшін конвенция түрлі баспаларда әрекет етеі. КСРО  Париж конвенциясына 1965 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық баспаларына қосылды, ал оның Стокгольмдық мәтінін 1968 жылдың 19 қыркүйегінде ратификациялады.

      Артықшылыққа құқық  негіз болатын бірінші өтініш  күніне дейін үшінші тұлғалардың  алған құқықтары Одаққа мүше  әрбір мемлекеттің заңнамаларына  сәйкес қорғалады.

       Артықшылық мерзімін  есептеу күні болып  табылатын  бірінші өтінім Одақтың тиісті мемлекеттегі  бірінші өтінім объектісіне  келесі өтінім есептелуі тиіс. Келесі өтініш берілген күніне дейін алғашқы өтінім жариланбай қайтарып алынса, қозғаусыз қалдырылса немесе одан бас тартылса, сонымен қатар, оған қатысты ешқандай құқықтар  жүзеге асырылмаса және артықшылыққа құқықтық негіз болмаса, сонда ғана бірінші өтінім артықшылыққа құқық негізбола алмайды.

      Алғашқы өтініш  негізінде артықшылықтар қолданғысы  келетін кез келген тұлға өтінімді  берген күнін және жасалған  мемлекетін көрсетуге тиіс.

       Одақтың ешқандай  мемлекеті өтініш беруші бірнеше  артықшылыққа, сонымен бірге, әр  түрлі  мемлекеттерде бекітілген  артықшылыққа үміттелуі негізінде  немесе бір не бірнеше артықшылыққа  ие өтініште артықшылық сұратылып  отырған өтініш немесе өтініштерде көрініс таппаған элементтерге қатысты – кейінгі өтініш беру қалыпты жағдайдағы  артықшылық құқығын туындатады.

       Париж конвенциясы  оған мүще мемлекеттің біреуінде  беріліп, өзге де мемлекеттерде  әрекет ете алатын халықаралық  патент жасауды көздемейді. Өнертабыс  Халықаралық  Одақтың қандай болмасын мемлекетінде патенттелмеген  болса, онда ол ешқандай сыйақы төленбестен еркін қолданыста бола алады. Сол сияқты конвенция халықаралық тауар белгісін жасауды өзіне мақсат етпейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру жолдары