Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:44, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................

1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығы жалпы сипаттама.......................................
1.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.....................................................................................................
1.2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының институттары......................................
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі...................................................................

2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері..............................................................................................
2.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері...........................................
2.2 Әдет-ғұрып құқығының құқықтық мәдениетінің бүгінгі таңда жаңғыру нысандары және көріністері....................................................................................

Қорытынды................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тертізімі..........................................................................

Файлы: 1 файл

Курсовой 2.docx

— 61.48 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................................

 

1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығы жалпы сипаттама.......................................

1.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.....................................................................................................

1.2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының институттары......................................

1.3 Қазақ қоғамындағы билер  қызметі...................................................................

 

2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының  қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері..............................................................................................

2.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері...........................................

2.2  Әдет-ғұрып құқығының құқықтық мәдениетінің бүгінгі таңда жаңғыру нысандары және көріністері....................................................................................

 

Қорытынды................................................................................................................

 

Қолданылған әдебиеттер тертізімі..........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғаннан кейін елеусіз қалып келген асыл мұраларымызды өгейсітпей, өз ұрпақтарына қайта қайтаруға мүмкіндік туды. Өркениетті елдердің бәрі дүр сілкініп, жаһандасу процесінде көлеңкеде қалып қоймай, бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттілігін алдын ала ойлап, өздерінің өткендерін қазіргі күнмен сабақтастыра отырып, алтын қазыналарын сол іс-әрекеттеріне арқау етуде. Жаһандасу процесі барлық халықтардың өзара тіл табысуын жеңілдету, қағида-ережелерін демократияландыру, ақпараттар ағынын жиілету жолында реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалардың негізі гуманизациялау. Әсіресе, халықаралық құқықты гуманизациялау қазірдің өзінде басталып кетті. Осы үрдіске қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің де қосар үлесі мол болмақ. Сондықтан ата-бабаларымыздың асыл мұраларын терең зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны әлемге таныстыру, өзіміздің құқықтық-мемлекеттік жүйемізде қолдану – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан да, үлкен ғалымымыз С. Зимановтың: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар» деген сөзі қазақ құқығының салмағы ауыр, мәні зор екенін ғана көрсетіп қоймай, алдағы уақытта әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен өзіне лайықты орын ала алатынын меңзейді. Сол себепті қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін зерттеп, оқып-үйрену өте өзекті де маңызды болып табылады.

Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы – нақтылама қоғам мен мемлекет дамуының объективті заңнамаларына негізделген барлық құқықтық құбылыстардың жиынтығы. Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелерді зерттеу - ғылыми-танымдық мақсаттардан өзге, құқықтық жүйелердің сипатты белгілерін анықтап, осы жүйелердің жандануына алып келетіндіктен біршама тәжірибелі маңыздылығы

Жұмыстың мақсаты.  Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көзі және даму ерекшеліктерінің мәнін, түсінігін ашу және дамуының тарихи-құқықтық мәселелеріне толығырақ тоқталу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылған:

  • өзіндік әлеуметтік мәдени – құқықтық феномен ретінде қазақ халқының әдет-ғұрып құқығының құрамы мен табиғатына тарихи-құқықтық, теориялық талдау жасау;
  • қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі қағидаларын, әрекет ету шектерін зерделей отырып, тарихи мазмұнын және теориялық маңыздылығын ашып көрсету;
  • қазақтың әдет-ғұрып құқығының әртүрлі институттарының құрылымын ашып көрсету;
  • қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағын айқындап, қазіргі Қазақстан Республикасының құқықтық жұйесінің қалыптасуына қарасты ықпалын бағалау.
  • қазіргі қоғам мен мемлекеттің қолданылуына сай келетін кейінгі құқықтық даму перспективаларын  қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Жұмыстың зертеу объектісі болып қазақтың әдет-ғұрып құқығы танылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетілді, қазіргі қоғамдағы зерттеу қажеттіліктеріне сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми маңыздылығы айқындалған.

Бірінші тарауда әдет-ғұрып құқығына жалпы сипаттама беріліп, теориялық негізде талдау жасалады. Осы мәселеге байланысты заңгерлер мен тарихшылардың еңбектеріне шолу жасалып, тақырыптың мазмұнын ашуға арналған жұмыстар жүргізілді.

Екінші тарауда әдет-ғұрып құқығының қайнар көздеріне және оның түрлеріне жеке сипаттама беріліп, әдет-ғұрып құқығының қазіргі құқықтық мәдениетте қайта жаңғыру нысаны мен көріністеріне шолу жасалынды және қазіргі кезде тәжірибеде ұлттық құқықтық мәдениетімізде қаншалықты орын алып отырғаны жайлы бірқатар талдаулар жасалып, маңыздылығы түсіндіріледі.

Қорытындыда тақырыптың мазмұнына байланысты талдау жасалып, негізгі ұсыныстар мен талдау қорытындылары ұсынылған..

Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық теоретик және тәжірибеші заңгерлер мен тарихшылардың еңбектері қарастырылған. Дипломдық жұмыстың доктриналды қайнар көздері ретінде Зиманов С.З., Күлтелеев Т.М., Кенжеалиев Ж.З., Тынышпаев М., Жумагамбетов Т.С., Артықбаев Ж.О., С.Н., Козыбаев М.К., Жиренчин К.А.,   Ахметова Н.С., Қожахметов Ғ.З., Маймақов Ғ. және т. б. зерттеушілердің еңбектері қолданылған.

Әдет-ғұрып құқығы – нақтылама қоғам мен мемлекет дамуының объективті заңнамаларына негізделген барлық құқықтық құбылыстардың жиынтығы.

Ежелден қалыптасқан Қазақ мемлекетінің қай кездегі қоғамын алсаңызда билер институты билік саласының екі функциясын атқарған. Оның бірі — таза сот істеріне үкім айту болса, екіншісі — елді әкімшілік жағынан басқарудағы мемлекеттік билікке араласу. Мемлекет мүддесі, отан қорғау, ел мен ел арасындағы мәмілегерлікті нығайтудағы маңызды істерге билердің қосқан үлестері де терең талдануы қажет.                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақтың әдет-ғұрып құқығы жалпы сипаттама

 

 

1.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының  түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері

 

 

Орталық Азия аймағының кең даласында сан ғасырлар бойы бастапқы табиғи-демократиялық дәстүрлерi бар тайпалар мен этностардың тағдырлары тоғысып, олардың негiзiнде өзi жайында тарихта өміршең ережелер мен құқықтық тәртіптер қалдырып, бiрiн-бiрi ауыстырып отырған ұлы да кiшi мемлекеттiк бiрлестiктер қалыптасып келдi. Осы ережелер мен құқықтық тәртіптерді оларды ұстанушыларымен қоса Дала қамтып отырды, осы арқылы оның «бостандық» идеялары мен мәдени шекаралары артып келді.

Орталық Азияның кең аймағы тарихта Кең Дала атауымен белгiлi (бертiндегi тарихи әдебиеттерде Кең Дала қыпшақтар мекені немесе осында мекендеген этникалық бiрлестiктердiң атауымен Қазақия деп аталады). Кең Дала цивилизациясы немесе Дала цивилизациясы айрықша социожүйелiк бiрлестiк болып табылады, оның шектерiнде көптеген эпохалар барысында этностың қалыптасуын қамтамасыз еткен қоғамды реттеудің тұрақты мемлекеттік жүйесi мен тұрақтылығы сақталып келдi. Мұнда негiз қалаушы этникалық топ түріктep мен олардың ата тектepi болған, сондықтан осы Дала да мәдени-этникалық мағынада Tұран немесе Tүpкicтaн деп аталып келдi.

Tүpкi тiлдi көшпелi өркениеттiң мәдени  құндылықтарының бiрi, оның өнімi және өсиетi «Жарғы» атты қазақ  құқығы болды. Көшпелi өркениет шеңберiнде  қалыптаса отырып, ол Қазақстан  аумағында көптеген ғасырлар  бойында бiрiн-бiрi ауыстырып отырған  түpкi тiлдi және түpкi тiлдi емес мемлекеттiк  бiрлестiктер мен халықтардың  көшпелi және жартылай көшпелi бiрлестiктерiнiң  құқықтық дүниетанымдарының және  өміршең нормативтepiнің негiзiнде  жинақталып келдi. Мыңжылдық тарихы  бар «Жарғы» қазақ құқығы жартылай  көшпепi бiрлестiктердiң өмip сүру  жағдайларына бейiм әдет-ғұрыптарды, дәстүрлер мен пайдалы нормативтiк  активтердiң модельдерiн сiңiрген  болатын. Ол қазақ мемлекеттiгiнен  де, тіпті қалыптасқан этникалық  қауымдастық peтіндeгі қазақтың өзінен  де ерте қалыптасқан саналады, шартты алғанда оның қалыптасуын XIV-XVIII ғасырларға жатқызады[1,78].

Негiзгi қайнар көздерi Ұлы Даланың әдет-ғұрыптық нормативтiк жүйесi мен мәдени дәстүрлерi болған «Жарғы» қазақ құқығы қазақ халқын қоршаған табиғи жағдайларға бола сан ғасырлар бойында қалыптасқан нақты тарихи және мәдени ерекше құбылыс болып табылады. Яғни ол адамның бiр қадамдық aктici емес, ол осы адамның табиғатқа, қоғамға және басқа адамғa деген қатынасын көpceтeтiн кажеттiлiгi.

Қазақ құқығының қалыптасуы мен дамуында үш фактор басты роль атқарады. Бiрiншiден, қазақ тeгi мен қазақ халқының өзiнiң Еуразиялық континенттегi мекен ету ортасының кең байтақ болуы, ол объективтiк мән-жайлар арқасында көшпелi өркениеттің бiр бөлiгiнiң шоғырлануына орасан зор еркін аймақ пайда еттi. Қазiргi таңда Қазақ мемлекетi мекендейтiн аумағының көлемi жағынан әлемде 9-шы орынды алады - 2,72 млн шаршы км., ал 200-300 жыл бұрын ол 1,5-2 есе көп болған. Екiншiден, көшпелi және жартылай көшпелi қауымдар мен бiрлестiктердiң көшіп-қонуының үздiксiз созылған үрдiсi, ол негiзiнен Шығыстан Батысқа қарай жүрген және көптеген ғасырларға үрдiс болып табылады. Ол бүкiл Еуразиялық даланы басып өтеді және жаңадан туындап отыратын саяси және мемлекеттiк бiрлестiктердiң өзара ауысуы мен ыдырауының барысында көшпелi және жартылай көшпелi қауымдастықтар мен бiрлестiктердiң бip бөлiгi «Қазақия» деп аталатын осы «еркiн» аймаққа сiңiп, оған өздерiнiң табиғи-мәдени, әдет-ғұрыптық және демократиялық дәстүрлерiн әкеп қосып отырған. Үшiншiден, дала аймағының осындай кең жерiнде жауыздық пен соғыс орнына ертеден-ақ бейбiт ұмтылыстарға ауысқан болатын, ал жаулап алушылық шапқыншылықтар болса этномәдени шекараларда өзiндiк қорғауға жол берген болатын.

Қазақ әдет-ғұрып құқығы туралы әңгiмелегенде төмендегi eкi маңызды мән-жайға назар аудару керек. Бiрiншiсi - құқықтық ұғымдар, қағидаттар мен институттар сан ғасырлар бойында үздiксiз және iзбе-iз дамып, қалыптасып келдi, әpi әрбiр келесi ұpпақ саналы түрде алдыңғы ұpпақтың iciн жалғастырушы болды. Екiншiсi - сабақтастық, үздiксiздiк және тәжiрибе жинақталуы сияқты қасиеттер тән болған осы iзбе-iз дамудың саналық үрдiсi тек өзгерiстердiң ғана емес, сонымен бiрге органикалық өсудiң де белгiсi ретiнде қабылданады[2,68].

Көшпелi қоғамның құқықтық өміpі өткен тарихының және, әcipece, Ұлы дала заңының рухани, мемлекеттiк және саяси тәжiрибесiне негiзделген болатын. Көшпелiлердің «дала» заңы бйланыстырылған тұтастылық, ортақ жүйе, организм peтіндe қабылданған. «Организм» немесе құқық жүйесi секiлдi ұғымдардың өмiршеңдiгi құқықтық iзбасарлық қасиетiне сенiмдiлiгiне, оның ғасырлар және ұрпақтар барысында даму қабiлеттiгiне ceнімгe тәуелдi болды. Құқық организмi онда органикалық өзгерістердің механизмі салынғандықтан өмір сүріп келді. Құқықтың өcyi iшкi логикаға ие болады деген түсінік бар, өзгерiстер - бұл бұрынғының жаңаға икемделуi ғана емес, ол, сонымен бiрге, өзгерiстердiң жалпы моделiнiң бiр бөлiгi де болып табылады. Үрдiс әлдебiр iшкi қажеттiлiктi көpceтіп отырады. Өзгерiстер кенеттен, кездейсоқ емес, олар өткендi жаңадан талқылау арқасында болатындығы көзделедi, осы арқылы бүгiнгi таң мен болашақтың мұқтаждары қанағаттандырылады.

Қазақ әдет-ғұрып құқығы - жазылмаған құқық, ол жетекші материалдық және процессуалдық нормативтepi бар оңай жатталатын және сонымен бiрге өткip айтылатын негiзгi нормативтiк институттар мен көптеген қысқа ережелердiң жүйесiне негiзделген. Соңғылары, әдетте, нақты өмiрдегi жағдайларға пара-пар келетiн нақты нормаларды ықшамдау, талқылау арқылы шығаруға жетекшi бастамалар болып табылады.

Әдет-ғұрып құқығының нормалары тура, сөзбе-сөз пайдаланып, атқаруға apналмаған. Олар тәртiптiлiктiң классикалық үлгiсi (эталоны) болып танылған. Әдет-ғұрып құқығы нормаларындағы бастысы – бұл олардың ішкі мазмұны, олардың негізінде жатқан қағидаттар. Басты мақсаты - мазмұны мен мәнін бұрмаламастан, қағидаттарды іскe асыру. Мысалы, қылмыс пен жаза саласында – бұл қанды кек пен құн төлеу қағидаттары; неке және отбасы қатынастарда - жетi буынға дейiнгi экзогамдық тыйым; сот төрелiгi саласында әдiлдiлiк, ашықтылық және тiл байлығы. Әдет-ғұрып құқығының нормалары осыларға қызмет етті және осы мақсатта кебiнесе формальдық жақтарын құрбандыққа бердi. Қағидаттарын iскe асыру үшiн әдет-ғұрып құқығының нормалары қолданылу аясының әралуан жағдайларына икемделе отырып, варияцияланған болатын. Бұл жағдай адамдардың наным-сенiмдерi мен пiкiрлерiне, олардың көзқарастары мен ой-талғамдарына көп еркiндiк берiлгенiн бiлдiредi. Осыдан салт-дәстүрлер мен рәсiмдерге толықтай сүйенген және сол себептi өте формальданған құқықтық процедуралар туындап отырды. Дегенмен, осы себепке бола материалдық құқық икемдi және айтарлықтай формальданбағaн едi. Бiр ғaнa норма әртүрлi айтылуы, қолданылуының бiрнеше нұсқалары болуы мүмкін едi. Бұл өзгермелілігі олардың қоғамдық қатынастардағы кішігірім өзгерiстерге назар аудара алу қабiлеттiлiктерiнiң болғанын көрсетедi. Түpiнің әралуандылығы мен көпнұсқалығына рұқсат берiп қана әдет-ғұрып құқығының бүкiл жүйесiнiң бiрқалыптылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады. Демек, әдет-ғұрып құқығы - бұл, ең алдымен, құқықтық қағидаттардың, көзқарастардың және сенiм-нанымдарың жүйесi және оларды іскe асыруды қамтамасыз ететін нормалар жүйесi. Көзқарастар мен сенiм-нанымдар қазақ қоғамындағы тәртiптiң негiзi болып caналады[3,59].

Информация о работе Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері