Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 23:44, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты.
Кіріспе........................................................................................................................
1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығы жалпы сипаттама.......................................
1.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.....................................................................................................
1.2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының институттары......................................
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі...................................................................
2 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері мен дамуының тарихи-құқықтық мәселелері..............................................................................................
2.1 Қазақтың әдет-ғұрып құқығының қайнар көздері...........................................
2.2 Әдет-ғұрып құқығының құқықтық мәдениетінің бүгінгі таңда жаңғыру нысандары және көріністері....................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тертізімі..........................................................................
Қазақстан Республикасының егемендігі және тәуелсіздігі қайта құру жылдары Кеңестер Одағы аумағында немесе Егеменді Республикалар Одағы көлемінде іске асар мәселелер деп қаралды. Кеңестер Одағы ыдырап ТМД құрылғаннан кейін Қазақстан Республикасының өз мемлекттік егемендігін жариялауы объективті шындық және қажеттілік болып қалды. Қазақи ұлттық сана (бүкіл қоғамдық сана да) тарихи дамудың мұндай щұғыл бетбұрыс жасауына дайын емес еді. Республиканың мемлекеттік егемендік статусы идея, ұран, заң актісі (1991 ж. 16 желтоқсанда қабылданған) ретінде жағымды эмоционалды тұрғыдан қабылданып, бағаланды. Ал оны іске асыру, тұрақтандыру шаралары, нақты мән-мазмұнмен толтыру, жетілдіру іс-әрекеттері сан қилы ой-пікірлер тудырып, әр түрлі көзқарастарға мұрындық болуда.
Мемлекет белгілі бір ұлттың өзін-өзі билеу құқығын іске асыруы нәтижесінде пайда болатындығы жәйлі ғылыми тұжырымды бетке ұстаған қазақи сана Республиканың ұлттық сипатын ашық айтып, заң жүзінде бекітуді талап етті.
1993 ж. қабылданған Конституция
бұл талапты толығымен орындап
“Қазақстан Республикасы, өзін-өзі
билейтін қазақ ұлтының
Ұлттық сананы қатты алаңдатып, оның ширығып, күш сала қызмет істеуіне түрткі болған тағы бір жәйт – аумақ тұтастығы мәселесі. Аумақ тұтастығын Республика көлемінде тек қазақи ұлттық сана ғана қасқайып қарсы тұра, өршелене қорғады. Оған нұсқан келтірер кез-келген пікір, іс-әрекетке айбат таныта жауап беріп отырды. Тіптен, аумақ тұтастығын сақтауда қарулы қақтығысқа да барудан тайсалмайтындығын көрсете білді.
Қазақи сананың ашына айтып, айрықша белсенділікпен араласқан келесі бір мәселесі – жерге жеке меншік орнату ісі.
Ұлттық сана жер мәселесін мемлекеттік егемендік, тәуелсіздік, тұтастық, ел тыныштығы аясында қарауды, одан бөле-жара талқыламауды талап етті. Жердің экономикалық (“жеке меншік орнату”) мәнін жеке-дара қарап, асыра бағалауға үзілді-кесілді қарсы болды. Оның Отан, туған жер, ұлттық (мемлекеттік) тәуелсіздіктің тірегі ретіндегі қасиеті алға тартылып, жоғары қойылды. Бұл жалпы сананың ең басты құндылық деп тәуелсіздік, ұлттық бірлік, бейбіт өмір мұраттарын санайтынын, экономикалық (күн көрістік) мақсаттарды тек солардың аясында, соларды қамтамасыз ету төңірегінде қарап шешуді талап етуінің көрінісі еді. Ал, екінші жағынан, қазақи ұлттық сана мемлекетіміздің аяғына нық тұрып кеткендігіне әлі де болса толық сенімді емес, оның тәуелсіздігі, тұтастығы берік баяндылық деңгейіне көтерілгендігіне күмәнді екендігін танытты. Сондықтан осы мәселелер төңірегіндегі өз қаупін, алаңдаушылығын жер проблемасын көтеріп талқылау барысында да жасыра (баса) алмады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Республикамыз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі өзекті мәселелердің бірі – нағыз азамат тәрбиелеу болып табылады. Кез келген мемлекет азаматы міндетті түрде өзінің құқығы мен бостандығын, міндеттерін біліп, оларды бұлжытпай орындап, заң нормаларына қайшы келмейтін әрекеттерге баруы арқылы олардың құқықтық тұлғасы қалыптасады.
Қазіргі заманда жас ұрпақты өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық құрылымын, заңдарын, рәміздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын, заңда бекітілген міндеттерін білетін және осы аталынған институттарды қадірлейтін, оларға қол сұқпайтын құқықтық саналы, әрі мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі, мемлекеттің көкейкесті мәселесі. Өйткені, Қазақстан Республикасының Үкіметі қоғамды демократияландыру, заңдылық пен құқықтық тәртібін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне баса назар аударатындығы ерекше аталынған.
Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығы тарихи және құқықтық тұрғыдан маңызды болуына қарамастан, кеңестік кезеңде тиісті дәрежеде зерттелмеген. Ол ғылыми тұрғыдан зерттелген күннін өзінде, ғалымдардың арасында қазақ дәстүрлі құқығын «ескінің сарқын шағы» деп санау және тоталитарлық жүйенің әсерінен біржақты, таптық күрес тұрғысынан зерттеу басым болған. Қазақ әдеп-ғұрыптық тарихта өз ізін жоғалтуға аз қалған мәдени құндылықтардың бірі болып табылады.
Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы түрлі құбылыстары ерекше маңызға ие болған және сондықтан да, олардын маңайында өрбейтін қатынастарды реттеуге айрықша көңіл бөлінген. Қылмыс және жаза институттары қазақ елінің дәстүрлі құқығындағы барлық қылмыстық-құқықтық қатынастардың ғана емес, сонымен қоса, қазақ қоғамында туындаған барлық қоғамдық қатынастардың жалпы бағыт-бағдарын, сипатын айқындап отырған.
Қазақ елінің әдет-ғұрып құқығындағы институттар мен нормалардың басты мақсаты – туындаған дауларды шешу болған. Олар осы қажеттіліктен туындағандықтан, осы мақсатқа бағынышты. Ал, көшпелі қазақ қоғамындағы кез-келген дау қылмыстық-құқықтық сипаттағы әдет-ғұрыптармен, дәстүрлермен, әсіресе, қылмыс және жаза сияқты күрделі құбылыстарға қатысты құқықтық әдет-ғұрыптармен тығыз жанасып отырады. Қазақ елінде кез-келген дау-жанжалдарды шешу барысында кінәлі тарапқа қатысты әділ қазылар әртүрлі жазаларды қолданған. Ал, аталған дау-жанжалдардың басым көпшілігінің негізінде қылмыстық деректер болған немесе олар болашақта қылмыстық қол сұғушылықтардың орын алуына мүмкіндігімен қатар, соған себепкер болған.
Осыған орай, айта кететін жайт, қазақ дәстүрлі құқығының объектісі - дау-қақтығыстардың алдын-алу болған. Ал, егер, олпр туындаған жағдайда – билер соты қылмыстық-құқықтық сипаттағы, яғни, қылмыс пен жаза институтарымен қамтылатын құқықтық әдет-ғұрыптардың көмегімен тиімді түрде шешіліп отырған. Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген халықтар өмірінде көптеген ғасырлар бойы астан-кестен оқиғалар және өзгерістер болды. Осындай қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды – ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Әдет-ғұрып қазақ құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыптар – адат; ә) билер сотының тәжірибесі (сот прецеденті); б) билер съездерінің ережелері.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құқықтық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.
Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылады.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Қасым ханның кезіндегі (1510-1523) «Қасым ханның қасқа жолы», Есім ханның кезіндегі (1598-1628) «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның кезіндегі (1680-1718) «Жеті Жарғы» атты заңдар жинағы белгілі. Әдет-ғұрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның заңдары бес бөлімнен тұрды. Қасым ханнан соң шамамен жүз жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленді. Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Есім хан негізінен бұрынғы Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды жалғастырушы ретінде «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті. Тәуке хан Есім ханнан соң шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен толықтырулар ендіріп оны «Жеті Жарғы» деген атаумен қайта қабылдатты. Тәуке хан әдет-ғұрып заңдарын қайта жүйелеуге көп еңбек сіңрді. Аты аңызға айналған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басшылығымен қазақтың белгілі би, шешен, білгірлері бірнеше рет жиналып «Жеті Жарғының» нормаларын талқылаған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол кезден қалған. Ақырында жан-жақты сұрыпталған «Жеті Жарғы» заңдар жинағы дүниеге келген.
Жұмыстың тақырыбын оқып-зерттеу барысында мынандай қорытындылар жасауға болады:
Қазақтың жалпы әдет-ғұрып құқығы сияқты, оның маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын қылмыс және жаза институттары қазіргі Қазақстанның позитивті құқығындағы дәл осындай институттармен салыстыра қарастырғанда, едәуір қарапайым сипатқа ие. Бірақ, осындай сипат сол уақыттағы қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық саяси жағдайға, қоғамдық қатынастардың күрделілігіне, яғни, замана талабына сай келген. Мысалы, көне дәуірден бастап ХХ ғасырдың басына дейін қолданыста болған қазақ дәстүрлі құқығындағы қылмыс пен жазалардың түрлері қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қылмыстар мен жазалардың түрлеріне қарағанда әдеқайда кең болған. Қылмыс түрлерінің аздығы қол сұғылатын қоғамдық қатынастардың түрлерінің шектеулілігімен, сол дәуірлердегі ғылымның, техниканың, экономиканың даму деңгейімен және феодалдық формацияның ерекшеліктермен түсіндіріледі. Ал, дәстүрлі құқықтағы жаза түрлерінің шектеулілігін қазіргідей қылмыстық жазаларды орындайтын арнайы органдардың болмауы, бас бостандығын шектеу немесе одан айыру орындарының шектеулі дәрежеде болуы не мүлдем болмауы және жазаны алмастырған «қанды кек» институтының әрекер етуімен көрініп отырады..
Сонымен, жалпы осы дипломдық жұмысты тұжырымдай келе, қазақтың әдет-ғұрып құқығының қоғам өміріндегі тарихи-құқықтық мәселелерінің маңыздылығын арттыру мақсатында келесі шараларды қамтамасыз етуді ұсынамыз: