Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 16:41, курсовая работа
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылымымен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алып дамиды. Мемлекет және құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен кұқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең, шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-қүқықтық қүбылыстардың дамуының басымдықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жэрдемдеседі.
КІРІСПЕ 3
1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША НОРМАТИВТІ—ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІСІ
Заң нышандары 4
Заңға - қосымша нормативтік-құқықтық актілер 13
І.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу 9
2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР 13
« Номативтік құқықтық актілер » заңы
2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы…......................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................25
ҚОСЫМША….................................................................................26
25"
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ
ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША
І.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу 9
2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР 13
2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт
кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы…...................
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША…......................
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылымымен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алып дамиды. Мемлекет және құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен кұқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең, шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-қүқықтық қүбылыстардың дамуының басымдықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жэрдемдеседі.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мэселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады.
Заң - ерекше жағдайда заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Курстық жұмысты жазған кезде теоретикалық - методологиялық негізі ретінде отандық жэне шетелдік авторлардың оқулықтары, оқу күралдарын атап көрсетуге болады; біріншіден, қазақ авторларының еңбектері, әсіресе Жоламановтың, Өзбекүлының, Ағдарбековтың жэне Бақкүловтың «Мемлекет және құқық теориясы бойынша жазылған еңбектері», екіншіден орыс заңгерлерінің іргелі еңбектері, соның ішінде мысалға мына авторларды атауға болады: Булгакова,Бюргенталь т. б.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы, бұл тақырыпты болашақта зерттей алу мүмкіндігінде, сондай-ақ жұмысты орындау барысында алынған білімнің қажеттілігі мен болашақ жұмыста қолданысқа керектігінде.
Заңның пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің басты заңдылықтары туралы ғылыми практикалық ілімдерді жеткізіп түсіндіру.
Жұмыстың негізгі мақсаты заңның түсінігін, түрлерін және белгілерін анықтап корсету. Осы көздеген мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылады:
Жұмыстың қүрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан түрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ
ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША
1.1 Заңның нышандары
Заң - ең жоғарғы заңдылық күші бар, өте қатаң белгіленген ерекше тәртіппен қабылданған, барлық қүқық салаларындағы негізгі нормаларды белгілейтін жэне ең басты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативті -қүқықтық акт.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың «Атасы» - деуге болады.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тэртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен күқықтары демократияның басқа да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заң артықшылықтардың болатынын тағайындай алады, бірақ ол ешқандай да белгілі түлғаға оларды бере алмайды; Заң азаматтардың бірнеше топтарын қүруы мүмкін, тіпті осы топтардың эрқайсысына жату қүқығын беретін қасиеттерді де тағайындауы мүмкін; бірақ ол нақты осы таптардың біріне немесе басқасына мынадай түлғалар кіреді деп көрсете алмайды; ол корольдік басқаруды тағайындауы жэне тэжді мүраға қалатын етуі мүмкін; бірақ ол корольді сайлай да, белгілі отбасын патшалық қүрушы деп жариялай да алмайды, - бір сөзбен айтқанда, объектісі жеке сипатта болатын кез-келген әрекет заң шығарушы билікке жатпайды. [1 Өзбекүлы С, Қопабаев264 б.]
Егер заңдардың кез-келген жүйесінің мақсаты болып табылатын барлығы үшін ең жоғарғы игілік неде дегенді анықтауға тырысса, ол екі басты нәрсе: бостандық пен теңдікке келіп тіреледі. Бостандыққа - себебі, кез-келген жеке түлға тәуелдік шамасы мемлекеттің күшін соншама шамаға кемітеді; теңдікке - себебі, онсыз бостандықтың болуы мүмкін емес.
Заң - мемлекеттің ең басты және айрықша нормативті - қүқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын жэне мемлекет өмірін реттейтін қүқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін қүрастыруды ерекше заң жолымеы мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданатын нормативті - қүқықтық актіден бастауға болады. Ол ең жоғарғы заңдылық күшке ие жэне еліміздегі халықтардың мүдделеріне, қажеттіліктеріне сай, маңызды, қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осы берілген түсініктемелерден, негізгі заң белгілері шығады және ол ең жоғарғы заңдылық күші бар нормативті - қүқықтық актінің негізгі дерегі ретінде болады:
Мемлекеттің нормативтік - күқықтық жүйесіндегі заңдарды бастаушы жэне белгілеуші жагдайы, қоғамдық қатынастарды реттеудегі заңдылықтың, заңның үстемділігінің негізгі талаптарының бірі болып есептеледі. Ешқандай заңға қосымша актілер заңдылық реттеу аясына кіре алмайды. Заңдар екіге бөлінеді: конституциялық жэне жай заңдарға. Конституциялық заңдардың негізінде барлық нормативті - қүқықтық актілер қүрылады жэне талданады.
Конституция, басқа нормативті - қүқықтық актілерге жэне заңдарға қарағанда ең жоғарғы заңды күшінде болады. Жай заңдар конституциялық актілерге сай қабылданады жэне әрекетке келеді, қоғамдық өмірдегі белгілі жэне тежеулі аяларды реттейді.
1.2 Заңға - қосымша нормативтік - қүқықтық актілер
Бұл күзіретті органдардың құқықтық - шығармашылық актілері заңға негізделген және оған қарсылығы жоқ. Заңға - қосымша актілердің заңдылық күштері заңға қарағанда аздау болады, олар заңдардың заңдылық күшіне негізделгеніне байланысты қарсылық жасауға мүмкіндігі жоқ. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі тиімділікке тек сонда ғана жетуге болады, егер жалпылама мүдделер, жекелеген мүдделерге сай келсе. Қосымша актілер болса, негізгі принципиальді заңдардың жағдайларын эр түрлі жекелеген мүдделердің ерекшеліктеріне саи нақтылау үшш қажет. Өздерінің мазмүндарына байланысты заңға - қосымша актілер, әдеттегідей әр түрлі атқарушы биліктің актілеріне жатады және олар жалпылама, жергілікті, ведомстволық, ішкі үйымдастыру актілеріне бөлінеді.
1. Жалпы заңға - қосымша актілер. Бұл қүзіретті нормативті - құқықтық актілер, олардың эрекеті сол жердің барлық азаматтарына қатысты болады. Өзінің қүқықтық жүйедегі реттелуіне, заңдылық күшіне және маңызына байланысты заңның артынан жүреді. Заңға - қосымша актілерге байланысты қоғамдағы мемлекеттік басқару іске асырылады, қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және басқа мэселелері реттеледі.
Жалпылама заңға - қосымша актілерге жоғарғы атқарушы билік органдарының нормативті - гпығармашылық актілері жатады. Олар елдің президентінен не үкімет басшысынан шығады. Мемлекеттік басқару нысанына байланысты (президенттік не парламенттік республика) жоғарғы атқару билігінің нормативті - қүқықтық актілері екі түрлі заңға - қосымша актілерден түрады.
Президенттің нормативті жарлығы. Заңға - қосымша актілер жүйесінде, олар жоғарғы заңды күшке ие жэне заңдарды дамыту, жетілдіру негізінде шығарылады. Президенттің қүқықтық -шығармашылығы өкілдік қызметі, еліміздің Конституциясымен не арнайы конституциялық заңдармен белгіленеді. Олар әр түлі қоғам өмірінің мемлекетті басқаруға байланысты жақтарын реттейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 3 тарауының 21-бабындағы Республика Президентінің жарлықтарында:
а) Президенттің
Республика Президентінің актілерін шығаруды
талап
ететін конституциялық өкілеттігі жүзеге
асырылады;
ә) Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүмыс істеуін және өкімет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
б) Парламенттің заңдық қүзіретіне кірмейтін,
сондай-ақ Үкіметпен
басқа да мемлекеттік органдардың заңмен
белгіленген қүзіретіне
жатпайтын мәселелерді, күқықтық реттеу
жүзеге асырады;
в) Қазақстан
Республикасының экономикалвіқ жэне элеуметтік
-
саяси дамуының стратегиялық мэселелері
бойынша шешімдер
қабылданады деп анық көрсетілген. Сонымен
қатар, Конституцияның 22-бабында Республика
Президентінің
өкімдерімен:
- Әкімшілік - өкімдік, жедел жэне жеке сипаттағы шешім жүзеге
асырылады;
- Республика Президентінің қүзіретіне сэйкес конституциялық мәртебесі жоқ лауазымды түлғалар қызметке тағайындалады жэне босатылады.
Үкіметтің қаулысы. Бүл заңға - қосымша актілер, Президенттің жарлығына сай қабылданады жэне қажетті жағдайларда көбінесе, мемлекеттің экономикасын, элеуметтік қүрылымды, денсаулықты сақтау, білім туралы мәселелерін бөлшектеп реттеу үшін қабылданады. Конституцияның Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2 тарауының Республика Үкіметінің актілер туралы 10 бабында көрсетілгендей.
а) Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды;
ә) Республика Премьер-Министрі өкімдер шығарады. Премьер-Министрдің өкімдері - экімшілік - өкімдік, жедел жэне дара сипаттағы мэселелер бойынша шығарылады;
б) Өздерінің қүзіреті шегінде қабылданған
Үкімет қаулылары мен
Республика қаулылары, Республика Премьер-Министрі
өкімдерінің
Республиканың бүкіл аумағында міндетті
күші болады;
в) Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министрінің
өкімдері
Республика Үкіметінің регламентінде
белгіленген тэртіппен
эзірленеді және қабылданады;
г) Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкімет
жоя алады;
ғ) Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті, Үкімет жэне Премьер-Министр жоя алады.
Информация о работе Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы