Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 16:41, курсовая работа
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде заң ғылымы бір идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзілік ғылымымен қауышып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкіндік алып дамиды. Мемлекет және құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орнының бірінші курсында оқылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен кұқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең, шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-қүқықтық қүбылыстардың дамуының басымдықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жэрдемдеседі.
КІРІСПЕ 3
1 ЗАҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫҚША НОРМАТИВТІ—ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІСІ
Заң нышандары 4
Заңға - қосымша нормативтік-құқықтық актілер 13
І.3 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу 9
2 ЗАҢҒА БАҒЫНЫШТЫ НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР 13
« Номативтік құқықтық актілер » заңы
2.2 Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы…......................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................25
ҚОСЫМША….................................................................................26
Нормативтік құқықтық кесімдердің тұлғалар бойынша қолданылуы заңның 42-бабында нақтылы бекітілген. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің күші Қазақстан Республикасы азаматтары мен занды тұлғаларына, оның аумағында шетелдіктер мен азаматтықтары жоқ адамдарға қолданылады. Бүған заң кесімдеріне және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды. (Мысалы, дипломатиялық иммунитетке ие субъектілер).
Кейбір нормативтік құқықтық кесімдер тек Қазақстан Республикасы азаматтарының кейбір бөлігін, топтарын ғана қамтуы мүмкін, мысалы, мүгедектер, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, студенттер және т.б. азаматтар.
Нормативтік құқықтық кесімдерді жүйеге келтіру дегеніміз құқықтың қайнар көздерінің бір-бірімен қайшылықтағы жағдайларын жою, ескірген құқықтық нормалардың қолданыллуын тоқтатып, жаңа нормаларды гылыми жетістіктердің нәтижелерін пайдалану арқылы реттеудің тиімді құқықтық негізін жасау. Профессор С.АТабанов былай деп атап көрсетеді: «..зандарды жүйелеу» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Бір жағынан, бұл ұғым заңдарды ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегеңді білдіреді. Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни зандарды бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтары мен жинақтарын шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бойынша тиісінше қайта қараумен байланысты қалыпты материалдарды тәртіптеуге, яғни сұрыптауға бөлу заң әдебиетіңде кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалыпты реттеуді жинақтаушы, сондай-ақ белгілі бір өзгертулерді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты кесімдерді басып шығаруды білдіреді. Сонымен қатар, құқық теориясында заңдарды жүйелеудің әлдеқайда тар әрі арнайы ұғымы, атап айтқанда тек қана реттестіру белгілі. Ғылым мен тәжірибеде «зандарды сұрыптау және жүйелеу» деген тіркес қолданылады, бұл әрі орынды да. Өйткені реттестіру барысында қолданылып жүргсн қалыпты актілер мен жекелеген нұсқаулар нақ жүйеге түсіп, белгілі бір ішкі үйлесіммен орналасады.
Мемлекет және құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру негізіндс үш түрге бөлінеді:
Кодификация - нормативтік құқықтық кесімдердің бүкіл мазмұны өзгеріп, қалыптасқан қатынастарын реттеу барысында көптеген жаңа құқықтық нормалардың қабылдануы. Көшпелі қазақ қоғамында зандардың кодификациялары Есім, Қасым, Тәуке сияқты хандардың тұсында жасалынып, тарихқа «Есім ханнның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» деген атпен енді: 1804 жылы Францияда Наполеонның жаңа азаматтық кодексі қабылданды. Кеңес өкіметі 1918-22 жылдар аралығында кең.
Қазіргі Қазақстанда кодификация жұмыстары белсенді түрде 1993-1995 жылдарда іс жүзіне асырылды.
Кодификацияның мынандай ерекшеліктері бар:
а) Кең көлемде, барлық мемлекеттік органдардың
құқық жа-
саушылығы арқылы болды.
б) Ресми түрде мемлекет пен іс жүзіне асырылады.
в) Қоғамдық қатынастарды реттейтін ең
негізгі нормативтік
құқықтық кесімдер (заңдар, кодекстер,
жарлықтар және т.б.)
жаңа талаптарга сай мүлдем кайта өңделеді.
г) Мемлекеттің құқықтық нсгізін қалайтын
жаңа заңдар,
кодекстер қабылданды.
3. Консолидация — кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді біріктіру арқылы нормаларда кездесетін қайталауларды жоққа шыгарып, жаңа мәтінін қалыптастыру.
Заңнамалық техника. Заңдарды жүйелеу барысында көптеген қиындықтар пайда болады. Атап айтқанда ұйымдастырушылық, құқық жасаушылық барысында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіру жоне т.б., қызметтер. Бұл процестер негізінде заңнамалық техника арқылы іс жүзіне асырылады. Заңнамалық техника деп заң ғылымында нормативтік құқықтық кесімдерді сапалы дайындаудағы ережелердің жиынтығын айтады. Заңнаманың техникалық деңгейінен нормативтік кесімдердің сапалы болуы және тиімді пайдалануы байланысты. Сондықтан құқық жасаушылық барысында заңнамалық техникаға ерекше көңіл бөлінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Республикадағы мемлекеттік билік Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөлім (4 бабында) көрсетілгендей біртұтас, «ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады». Заңдылық, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының және азаматтардың тәртібі ретінде конституциялық талаптар дәрежесіне көтеріледі. Демократиялық мемлекет өзінің саясатын тек заңдылық тәсілдер арқылы жүргізеді, ең алдымен жүртты үйымдастыру жэне біріктіру бөлініп шығады, мемлекетті жэне қоғамды басқаруға шақырады, көпжақты іс жүзіндегі қызметке тартып, мэдени жэне түсіндіру сендіру, тэрбие жүмыстарын жүргізіп, азаматтарды қайта тэрбиелейді.
Әрбір халықтың өзінде ерекше бір бастау бар, ол оларды ерекшелендіреді және оның заңдарын оны тек өзіне ғана жарамды етеді. Мысалы, бір кездері еврейлер, арабтар үшін, ең бастысы - дін болды, афиндіктер үшін - эдебиет, Карфаген мен Тир үшін - сауда, Родос үшін - теңізде жүзу, Спарта үшін -соғыс, ал Рим үшін - ізгілік болды.
Мемлекеттің құрылысы, онда табиғи қарым-қатынастар мен заңдар үнемі бір тректерде дэл келіп отыратындай қалыптасқан эдет-ғүрыптар сақталса, шынында мықты бола бастайды, сондай-ақ соңғылары біріншісін, былайша айтқанда, нығайтады, ере жүреді, дүрыстайды. Бірақ Заң шығарушы өзінің мақсатын анықтауда қателесіп, нәрселердің табиғатынан туындайтын бөлек принципке жүгінсе; егер принциптердің бірі - құлдыққа, басқасы -бостандыққа; бірі - байлық жинауға, басқасы - түрғындардың көбеюіне; бірі - бейбітшілікке, өзгесі ~ жаулап алуға алып келсе, онда заңдар байқаусыз өз күшін жояды, ішкі қүрылым бүлініп, Мемлекеттегі қозғалыстар оны қиратуға немесе өзгертуге жеткізбейінше және дүлей табиғат өз күшіне қайтадан мінбейінше бэсеңдемейді.
Заң - мемлекеттің қан тамыры - деп бекер айтылмаған. Осыған орай белгілі адамдардың заң туралы ойлары мынадай болған:
Мемлекет басшысы - елді екі түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған заң жолымен, екіншісі - күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі -айуанға тэн. Егер тәртіп орнатайын десе, басшы осы екі тэсілді де тең үстағаны абзал. Түсінігі молдарға заңды қүрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ күш қолдан.
Никкола Макиавелли
Заң дегеніміз - адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамдық даналықтың жоғары көрінісі.
С. Джонсон:
Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады. Т. Фуллер
1. Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 264 б.
2.Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды: Болашақ -Баспа, 2002. - 320 б.
3.Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды 2002
Заң жүйесі түсінігі, оның құрылысының элементтері [Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «. Қарағанды 2006]
Заң жүйесі - заңмен-заңға тәуелді нормативтік актілер
жинағы
Вертикальдық жүйелері: норманың заңдық күшіне қарай жүйелеу
Горизонтальдық жүйелері: қоғамдық қатынасты реттеуіне сәйкес жүйелеу
Парламент бекіткен заң
Заң жүйесінің саласы:
-азаматтық құқық
-қылмыстық құқық
-қаржы құқығы
Мемлекет басшысының бекіткен нормативтік актісі
Үкімет бекіткен нормативтік акт
Заң, кодекс, жинақ, жарлық т.б.
Министрліктер, ведомстволар бекіткен норма
Жергілікті аппараттың бекіткен нормасы
Нормативтік актінің түрлері [Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «. Қарағанды 2006]
Заңдылық күшіне қарай нормативтік актілер екіге бөлінеді
Заңдар
Қоғамдық өмірдің күрделі мэселелері бойынша қабылданады
Заңнан туатын, заңды орындау барысында қабылданатын актілер
Айрықша заң шығару жолымен бекітіледі
Заңды парламентте немесе референдум арқылы бекітеді
Мемлекет басшысының нормативтік жарлығы
Үкіметтің нормативтік қаулысы
Заңды мемлекеттің басқа органдары өзгерте алмайды
Министрліктер және ведомстволардың норма-тивтік актілері
Заң - құқықтық жүйенің негізі болады
Жергілікті басқару мемлекеттік аппараттың нормативтік шешімдері
Заңның түрлері: -конституциялық -жай заңдар
Төтенше заңдар
Информация о работе Нормативтік құқық кесімдердің уақыт кеңістікте және тұлғаларға қолданылуы